Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Глоссарий. Курстық жобалауды орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Лекция №3-4 | Кабель изоляциясы. | Кабель кабель кабель кабель | Глоссарий | Глоссарий | Лекция № 11 | Лекция № 12 | Лекция № - 13 |


Читайте также:
  1. VI. ГЛОССАРИЙ
  2. Глоссарий
  3. Глоссарий
  4. Глоссарий
  5. Глоссарий
  6. Глоссарий
  7. Глоссарий
Қазақша Орысша Ағылшынша
Қалалық желі Городская сеть   Metropolitan area network (MAN)
Кабельді тарту Протягивания кабеля  
Кабельді төсеу Прокладка кабеля  
Децибел Децибел   Decibel (dB)
Өшу Затухание Attenuation

 

 

Курстық жобалауды орындауға арналған әдістемелік нұсқау

 

КУРСТЫҚ ЖОБАЛАУҒА ТАПСЫРМА:

 

Параметрлері Берілген
  Трасса  
  Каналдар саны  
  Топырақтың орташа температурасы t[oC]  
  Топырақтың меншікті кедергісі ρ [Ом·м]  
  Найзағайдың орташа ұзақтығы Торт [сағ]  
  Есептеу жиіліктері f1 [кГц]  
  Есептеу жиіліктері f2 [кГц]  
  Есептеу жиіліктері f3[кГц]  
  Сенімділік есебінің мәндері K  
  Сенімділік есебінің мәндері N  
  Сенімділік өлшемінің мәндері tв  

 

Берілген уақыты:

Жобаны өткізу уақыты:

 

 

Мазмұны

Кіріспе.

1.Трассаны таңдау......................................................................

 

2. Беру жүйесін таңдап алу және оның негізгі техникалық сипаттамасын көрсету...............................................…………

 

3. Кабель түрін таңдап алу және оның құрылысын келтіру.....

 

4. Кабельдің электрлік беру параметрлерін есептеу…………

 

5. Трасса бойына кұшейту регенерация пунктерін

орналастыру…………………………………………………….

 

6. Күшейту пунктеріне қондырғыны кіргізу………………….

 

7. Кабельді төсеу және монтаждау…………………………...

 

8. Бөгеулер арқылы құрылғыларды өткізу……………………

 

9. Кабельдерді тұрақты артық қысымда ұстау……………....

 

10. Кабельдерді найзағай соққысынан қорғауды есептеу…

 

11. Жерге қосу құрылғысын есептеу………………………….

 

12. Жобаланатын кабельдің сенімділігін есептеу…………....

 

13. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы……………...

 

Қолданылған әдебиеттер.

 

Жобаның графикалық бөлімі.

1. Жобаланатын трассаның картасы.

 

2. Таңдап алынған кабель қимасы.

 

3. Күшейту регенерациясын орналастыру схемасы.

 

4. Бірінші реттік параметрлерінің жиілікке тәуелділік графигі.

Кіріспе.

Қазіргі заман информация көлемінің толассыз өсуімен сипатталады. Информация жүйеленуге, бөлініп таратылуға және қашықтықта жеткізілуге тиіс. Информацияны айыру мен тарату байланыс құралдарының көмегімен атқарылады. Линиядан және оған қосылған шеткі қондырғылардан, комутациялық құралдан тұратын күрделі жабдықтар жиынтығы байланыс желісі деп аталады. байланыс желімінің шеткі абонент тік қондырғысында ауыздан шыққан сөз эл.сигналға айналып, линия арқылы бір жерден екінші беріледі. Коммутациялық жабдықтардың көмегімен хабарды Жан – жаққа таратып үлестіруін байланыс трактілері құралады.

Шеткі қондырғылар АТС – термен жалғайтын линияны - абоненттік линия деп атайды. АТС – пен АТС арасын жалғайтын линияны – жалғастырушы линия (СЛ) деп атайды. АТС – термен қалааралық станция (АМТС) – тарды жалғайтын линияны заказды жалғастырушы линия деп атайды. Телефон арқылы берілетін информациялық үлес салмағы хабар жеткізудің басқа тәсілдеріне қарағанда күннен – күнге аса түсуде. Сондықтан байланыстың осы түрін дамытуға еліміз ерекше көңіл бөлуде.

Байланыс желілері электрлік телеграфия байланысымен бір уақытта пайда болды. Бірінші байланыс желілері кабельді болды.

Кабельді байланыстың даму тарихын негізгі төрт периодқа бөлуге болады:

- телеграфты кабель периоды, ХІХ ғасырдың 30-ыншы жылдарынан 80 –інші жылдарына дейін шамамен 50 жылға созылды.

- қалалық телефон кабельдер периоды, ХІХ ғасырдың 80-інші жылдарында басталған.

- үлкен қашықтықтағы байланыстың төменгіжиілікті кабельдер периоды, ХХ ғасырдың бірінші үш онжылдығын құрайды.

- үлкен қашықтықтағы жоғарғыжиілікті симметриялық және коаксиалды кабельдер периоды, ХХ ғасырдың 30-ыншы жылдар ортасында басталған.

Телефон трактісіне қойылатын талаптар:

1. Сөздің айқындығы

2. Қаттылығы (громкость)

3. Қабылдау. Қабылдау пунктерінде естілетін сөздің шыққан тегіне неғұрлым сай болуы.

4. Ақаулар мен бөгеулерден таза болуы.

Электр байланысының негізгі түрлері.

Қазіргі заманда электрлік байланысы мынадай түрлері қолдануда:

1. Радиобайланыс.

2. Спутникті байланыс.

3. Сымдық байланыс.

4. Волоконды оптикалық байланыс.

Радиобайланыс линиясы ДВ, СВ, КВ, УКВ толқындары қолданылуда, ДВ – длинная волна (1 – 100км) оның жиілігі f=103 - 105 Гц

СВ – орташа толқын (средняя волна). Радиус =0,1 – 1км: f=105 – 106 Гц

КВ – қысқа толқын (короткая волна) 106 – 107 Гц

УКВ – ультра қысқа толқын (УКВ) 108 – 1012 Гц (дм,см, мм) болады.

Спутникті байланыс ультра қысқа толқындар қолданылады. Спутник линиясы қолдан жасалынған жер серігімен шағылысу принципі арқылы атқарылады (ИСЗ). Негізінде ИСЗ ретінде өте биікке көтеріоіп қойылған радирелелік ретрансляторлар болып табылады. 3600 км қашықтықта геостанционарлық орбитада спутник жердің жылдамдығымен айналады.

Сымдық байланыс арқылы симметриялық және коаксиалдық құрылысты кабельдер және ауалы байланыс линиясы қолданылады.

 

I. Трассаны таңдап алу.

 

Трассаны таңдап алу араларына желі орнатылатын пунктілерінің орналасуына қарай анықталады. Трассаны таңдауда төменгі талаптарды ескеру керек:

 

1. Трассаның ең қысқа жолын таңдау керек.

2. Желіні құруды күрделендіретін, сонымен қатар қымбатқа түсетін бөгеулері аз болу керек.

3. Механиканы максималді түрде қолдана алу керек.

 

Кабель байланысының трассасының басқа құрылысқа дейінгі минимальдық рұқсат етілген арақашықтығы мынадай болу керек:

 

ЛЭП тіректерінен және темір жол контакт желілерінен (топырақтың меншікті кедергісіне байланысты).

Меншікті кедергісі:

100 Ом·м-ге дейін болса,онда арақашықтығы 8,3 м-ге болу керек. 500 Ом·м-ге дейін, онда 10 м болу керек.

1000 Ом·м-ге дейін, онда 11м болу керек.

 

Газ құбырларынан және жылу құбырынан 1м қашықтықта.Су құбырынан 1,5-1м арақашықтықта болу керек. Ал телефон канализация блоктарынан 0,25 метр қашықтықта болу керек.

 

Трассаны таңдау 2 этаптан жүргізіледі.

 

1. Картаграфикалық материалдар жиналады, трасса өтетін аймақтың табиғи жағдайы тексеріледі. темір жолдардың труба құбырларының басқада инженерлік құрылыстардың бар немесе жоқтығы анықталады.

 

2. Күшейту пунктерінің орналасу орындары анықталады. Жоба бойынша трасса өтетін жер асты металдық қондырғылар болса сол мекемелермен келісіледі.

Мысалы, Алматы – Талдықорған трассасы берілген болса:

Менің жобалау тапсырмам бойынша Алматы – Талдықорған берілген бұл трассаның орналасуы 1 – ші суреттегі картада көрсетілген. Осы трасса бүкілімен Алматы облысында жатыр. Алматы облысының климаты, негізінен, қатаң континенттік.

Қысы қоңыржай салқын. Қаңтар айындағы орташа температура солтүстік жазық бөлігінде – 10 – 160 С, оңтүстікте – 4 – 9 0С. Жазы ыстық және қуаң. Шілде айының орташа температурасы солтүстігінде 250С, оңтүстігінде 270С. Бұл жазық өңірлерде жауын – шашынның жылдық орташа мөлшері 110 – 250 мм. Тау бөктерінің климаттық жағдайы жұмсақ. Қаңтар айының орташа температурасы – 5 – 9 0 С, жылымық жиі болып тұрады. Шілде айының орташа температурасы тау бөктерінде 21 – 230 С, тау аңғарларында 19 – 220С. Жауын – шашын тау бөктерінде 400 – 600 мм, тау аңғарларында 700 – 1000 мм. Облыс жерлерінде жауын – шашын, негізінен көктем мен жаз айының басында жауады. Солтүстік өңірдің жазығы мен тау бөктерлерінде қар жамылғысының орташа қалыңдығы 10 – 30 см, тау беткейлерінде 40 – 100 см. Алакөл жағалауларында бриз желі соғады. Ірі өзендері:Іле бөлігінде шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған.

 

ІІ. Беру жүйесін таңдап алу және оның техникалық

сипаттамасына көрсету.

Ақпаратты таратудың аналогты және сандық жүйелері белгілі. Аналогты жүйе сигналды жиілікпен бөлуге негізделген. Электрлік фильтрдің көмегімен барлық жіберілетін спектр жиілік жолақтарына бөлінеді. Жиілік жолағы неғұрлым кең болса, сол ғұрлым канал санын көп алуға болады.

Сандық тарату жүйесі каналдардың уақыт бойынша бөлуге негізделген бұл жерде түрлі хабарлы сигналдары желіге тарату кезекпен, яғни уақытпен жүргізіледі. Қазіргі кезде ЦСП-да ИКМ қолданылады. Олардағы импульс ұзақтығы микросекунд және нанасекундпен өлшенеді.

Коаксиалдық кабельдермен берудің аналогты жүйесі К1920, К3600 кеңінен қолданылады. Кіші өлшемді коаксиалды кабелдер үшін К300 беру жүйесі қолданылады. Қала аралық симметриялық кабелдермен берудің негізгі жүйесі К1020, К60 болып саналады. Аймақтық кабель желілерінде симметриялық кабель бойынша 60 каналдық канал жүйесі 1 коаксиалды кабель бойынша 120-420 канал қолданылады. Аналогты беру жүйелерімен қатар сандық беру жүйелеріде дамуда. Коаксиалдық кабельдермен берілетін магистральдық байланысты ИКМ 480, ИКМ 1920 жүйелері қолданылады. Аймақтық байланысты ИКМ 120, село байланысында ИКМ 15, қалада ИКМ 30 қондырғылар қолданылады.

III-бөлім

 

Кабель түрін тандап алу және оның құрылысын келтіру.

 

2,6/9,5 типті магистральды коаксиалды кабель 4 коаксиалды жұптан және 5 төртік жұлдызшалардан тұрады. (Суретте көрсетілген) Әрбір коаксиалды жұп диаметрі 2,6 мм ішкі мыс өткізгішінен құрылады. Коаксиалды жұптың ара-қашықтығы бір-бірінен 25 мм болатын, қалындығы 2,2 мм полиэтиленді шайбалы изолляциясы бар. Сыртқы өткізгіштің үстіне қондырғы 0,15÷0,2 мм 2 жұмсақ құрыш лента тәріздес экран орнатылған. Ол бір немесе екі қабат кабель қағазбен жабылады. Кабель сырты қорғасын қабатынан және бронь қабатынан тұрады. Сыртқы қабаты қандай матералдан жасалғанына байланысты КМБ, КМГ, КМК болып бөлінеді.

2,9/9,5 типті кабель, негізінен, бір кабельді жүйеде қолданылады.

Алюминий қабатындағы коаксиалды кабельдер КМА-4 және КМЭ-4 КМ4 кабелінен тек қабатының типіне байланысты ажыратылады. КМА-4 кабелінде қалындығы 1,5 мм аллюминий қабатын қолданылады, ал КМЭ-4 кабельдерінде араласқан екі қабат, яғни қалындығы 1мм аллюминий қабатынан және оның үстіне қойлатын қалындығы 1,3 мм қорғасын қабатынан тұрады. Мұндай кабельдердің экрандық қасиеті жоғоры болғандықтан, найзағай қаупі жоғары аудандарда қолданады, яғни төселеді.

 

 

IV –бөлім

Коаксиалды кабельдің электрлік параметрлерін есептеу.

4.1 Коаксиалды КМ-4 кабельдің бірінші реттік параметрлерін есептеу:

1.Егер өткізгіш мыстан жасалса, онда активті кедергі былай есептелінеді:

Мұндағы:ra, rb – ішкі және сыртқы өткізгіш радиусы.

ra=1.3 rb=4.75

2. Коаксиалды кабельдің индуктивтілігі материалы мыс сымы үшін мына формуламен анықталады:

3.Кабель сыйымдылығы диэлектрикалық өтімділікке байланысты.

Мұндағы:ε – диэлектрикалық өткізгіш

4.Изоляция өткізгіштігі.

 

4.2 КМ-4 коаксиалды кабельдің екінші реттік параметрлерін есептеу.

 

1.Өшу коэффицентін α металдық және изоляциялық жоғалудан тұрады және жиілікке тура пропорционал болып табылады:

2.Толқын кедергісін есептеу.

 

3.Тарату жылдамдығын есептеу.

4.Фаза коэффицентін есептеу.

 

 

 

V-бөлім

Трасса бойынша күшейту регенерация пунктерін таңдап алу.

Көптеген қалааралық кабельдік желілерде күшейткіш станциялар қызмет көрсетілмейтін күшейткіш пунктерде орналастырылады(НУП). Екі қызмет көрсететін күшейткіш пунктердің (ОУП) арасына қондырғы пайдалануы автоматты түрде жүргізілетін 60-қа дейін НУП орнатылуы мүмкін.НУП-тың күшейткіш қондырғысы қоректендіру тогын ОУП-тан алады.

Қоректендіру тогы негізгі ақпаратты жіберу арнасымен жіберіледі. Күшейткіш қондырғыларының жұмысын бақылау кабельді тұрақты қысымда ұстау, НУП-ты тұрақты режиммен қамтамасыз ету автоматты түрде арнайы сигналдау және басқару жүйесінің көмегімен атқарылады.Сонымен қатар бұл жүйе НУП-тан ОУП-қа есігі ашылғаны туралы сигнал күшейткіштің бұзылыстары туралы, кабельдің қысымын төмендегенін хабарлайды.НУП-тың құрылысы магистральдық кабельдің және тарату жүйесінің түріне қарай анықталады.жалпы НУП металлдық жер асты бөлігінен тұрады.(оны цистерна немесе контейнер деп атайды).Оған кіріс коммутация және күшейткіш қондырғылар орналастырылған. НУП-тың кейбір түрлерінде жер үсті бөлігі кабельді қысыммен қамтамасыз ететін қондырғыны изоляциялық муфталарды және сигналдау қондырғыларын орналастыру үшін қолданылады.

Күшейткіш бөлім санын есептеу үшін байланыс желісінің ұзындығын анықтау керек:

 

Мұндағы:

Lлс- байланыс желісінің ұзындығы, яғни кабель ұзындығы.

L - трасса ұзындығы.

1,02 - кабель артық бөлігін көрсететін коэффицент.

 

Коаксиалдық кабель үшін топырақтың орташа есептеу температурасына байланысты оның номиналды күшейткіш бөлігінің ұзындығы мына формуламен анықталады:

 

Мұндағы: lуу – күшейткіш бөлігінің ұзындығы.

α = α 21°

α =α

 

Мұндағы: α 20° =10,465 дБ/км

α α =1,955·10-3[1/град]

 

Күшейткіш бөлігінің саны:

 

n= Lлс / lууt°

Күшейткіш бөлігінің санын есептеп болған соң бөлім ұзындығын мына формуламен тексереміз:

 

lууфакт= Lлс / n

 

ОУП -ОУП арасындағы НУП-тың санын мына формуламен анықтаймыз:

k=n-1

Бұл бөлімді есептеп болған соң ОУП және НУП схемасының орналасуын көрсету керек, ол трасса ұзындығына байланысты және тұрғылықты пунктің орналасуына байланысты анықталады.

 

 

VI. Кабельді төсеу және монтаждау.

Кабельді төсеу үшін алдымен жобалау құжаттарды және трасса жолдарын зерттейді. Бұл жерде ең алдымен трасса бойында өзендер, темір жол барма-жоқпа анықталады. Олардың өту жолдары зерттеледі. Сонымен қатар кабельдерді қою орнына кабельді қойған жерге транспорттың келе алуы. Жұмысшылардың дем-алатын тамақтанатын орны анықталады.Су мен санитарлық медициналық жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Одан соң жұмыс проектісі құрылады (ППР). Онда бұл проектіде мынандай сұрақтар қаралады: 1.Механикалық калонна саны және құрамы.

2.Материалды техникалық қамтамасыз ету.

3.Өлшеу қондырғыларының керектігі анықталады.

4.Жұмысшылардың саны анықталады.

5.Өндірістік бөлімдерің құрамы және оларды орналастыру.

Өндірістік бөлімшелерді ұйымдастыру.

Өндірістік бөлімшелерді мынандай бөлімдерге бөлінеді:

1. Құрылыс мантажды участок бригадасы.

2. Кабель алаңдарында кабельдерді тексеру және

дайындау бригадалары.

3. Траншеяны жасау және кабельдерді төсеу

бригадасы.

4. Темір жол транспортын қиып өтетін жолдарды зерттеу бригадасы.

5. Телефон канализациясын құру бригадасы.

6. Мантаждау және өлшеу бригадасы.

Кабельді төсеуге дайындау.

Кабель қойылатын алаң трассаға мүмкіндігінше жақын орналасу керек. Алаң тегіс құрғақ болу керек. Алаң ауданы кабель оралған барабан санына транспорттың келе алуына қарай анықталады. Алаң өрт сөндіргіш құралдармен жабдықталады. Кабельді тасымалдау кезінде машинаның кузовында барабандар қозғалмайтын және қозғалатын тіректермен тіреліп қойылады.

Кабельдерді сынау.

Кабельдерді алаңға әкелінген барлық кабельдер трассаға жіберуден бұрын толық және жартылай тексеріледі. Толық тексеру кезінде барабанның сырты тексеріледі, ауа өткізілмейтіні тексеріледі(герметичность), электірлік изоляция кедергісі өлшенеді,

сыртқы қабатының экранының бүтіндігі тексеріледі. Кабельдің тексерілгені туралы протокол жазылады және адамдар қол қояды.

Кабельді төсеу алдында құрылыстық жұмыс көлемі аз болатын механизімді толық қолдана алатын кабельді коррозиядан қорғауға жұмсалатын, шығынның аз болатынын қамтамасыз ететін трассаға бөлінеді. Кабельді төсеу трассасы мүмкіндігінше түзу болу керек. Коррозиялық жағдайына қарай қауіпті болып келетін жолдарды айналып өту керек. Жер асты қондырғылары орналасқан жерлерді анықтау үшін техникалық құжаттар қолданылады.

Кабель төсеудің екі әдісі бар:

1) Арнайы кабель төсегіш механизімдер. Олардың көмегімен комплексті түрде бір уақытта траншея жасайды, кабельді тарқатады және төсейді.

2) Алдын-ала қазылып тұрған траншеяға кабельдер төселеді.


Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 1582 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Глоссарий| Монтаждау.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.031 сек.)