Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кабель изоляциясы.

Глоссарий | Глоссарий | Лекция № 11 | Лекция № 12 | Лекция № - 13 | Глоссарий | Глоссарий | Монтаждау. |


Читайте также:
  1. Вибор сечения кабельных линий
  2. Горизонтальная кабельная система
  3. Запрещается тянуть кабель за муфту удлинителя.
  4. Кабель кабель кабель кабель
  5. Кабель последовательного интерфейса
  6. Кабельные линии связи

Изоляция мынадай параметрлермен анықталады: U - электр төзімділігі, ρ - меншікті электр кедергісі, ε – диэлектрикалық өтімділігі.

Өткізгіштер өзара тимеу үшін оларды ток өткізбейтін материалдармен изоляциялайды. Егер ертеде негізгі изоляциялық материал ретінде арнайы майланған қағаздар қолданған болса, қазіргі кезде полимеризациондық пластмасса қолданылады:полиэтилен, фторопласт, поливинилхлорид.

Сымдардың изоляциясы үшін қолданылатын қағаз сульфат целлюлозасынан жасалады.

Қалааралық кабельдер үшін қалыңдығы 0,12; 0,17 мм қағаздал қолданылады. Қағаз корделі немесе жіп қағаздан жасалып, оратылған изоляция диаметрі 0,6; 0,76; 0,85 мм – ге тең.

Полистирол мұнай немесе тас көмірден алынған сұйық стиролдан жасалынады. Бұлардан қалыңдығы 0,045 мм, ені 10 – 12 мм ленталар жасалынады. Полистиролдың негізгі кемшілігі жылуға төзімсіздігі (65 – 80°С).

Полиэтилен – сүт түстес материал, парафин тәріздес. Тез жанбайды және көкшіл жалын шығарады. Полиэтиленге бір қалыпты температурада қышқылдар мен негіздер әсер етпейді.

Осы көрсетілген диэлектриктердан әр түрлі құрылысты изоляция қабаттары жасалынады: негізінен кабель байланысында мына түрлі изоляциялар қолданылады:

1. Труба тәріздес – қағаз және пластмасса лента түрінде жасалынады.

2. Кордельді – кордель жіптерінен тұрады.

3. Тегіс изоляциялы – тегіс пластмассалардан жасалынады.

4. Кеуекті – пенопласт қабатынан тұрады.

5.Баллонды – қабырғасы жұқа болып келген пластмасса трубкасы.

6.Шайбалы – шайба құсап жасалынған, қатты диэлектриктерден тұрады.

Қалалық және селолық байланыстарда – полиэтиленді, кеуекті, қағазды, полистиролды изоляция қолданылады.

Қалааралық байланыстың симметриялық кабельдерінде кордельді – стирофлексті, баллонды, кеуекті изоляция қолданылады.

Коаксиалдық кабельдер үшін – шайбалы, баллонды, кеуекті изоляциялары қолданылады.

 

Қорғау қабаты.

Кабель өндірісінде мынадай қорғау қабаты қолданылады: темірден жасалған, пластмассадан жасалынған, темірпластмассадан жасалынған. Темірден жасалған қабатқа: қорғасынды, алюминийлі, құрышты қабаттар жатады.Қорғасынды қабықшаны пресстеу әдісімен ыстық күйінде кабельге жабады.Алюминийден жасалған қабықшалар қазіргі кезде кеңінен қолданылады. Алюминийден жасалған қабат жеңіл және арзан, экрандық қасиеті жоғары. Алюминий электрохимиялық коррозияға түседі, сондықтан ол полиэтилен шлангасын кигізу арқылы қорғайды.

Құрыштан жасалған 0,3 – 0,5 мм, трубка тәрізді. Жұмсақ болу үшін құрыш қабаты жұқартылады. (гофрированный). Коррозиядан қорғау үшін полиэтиленді шланг кигізіледі. Пластмассалық қабаттан полиэтилен, поливинилхлорид және полиизобутилен композициялары қолданылуда.Пластмассалық қабаты коррозияға ұшырамайды, ылғал өткізбейді, кабель жеңіл болады.

Бронь қабаты:

Механикалық бұзылыстардан кабельді транспортпен әкелу, оны төсеу, қосу кезінде кабель үзіліп, майысып кетпеу үшін 2 түрлі материалдан жасалған бронь қойылады:

1. Екі құрыш сымды бронь

2. Дөңгелектелген құрыш сымды бронь

Бронь қабатының әріптері нені көрсетіндігін мына кестеден көруге болады.

Тип    
Г Свинцовая оболочка (голый) БлГ – слой пластика из двух ст.
Б Джут, стальные ленты, подушка, свин оболочка. БлШп – полиэтилен қабығы, құрыш лент. Полиэтилен шланг, битум (смола) АL қабырш.
Бг Стальн ленты, подушка (брон без наружн покровы). Свинцовая оболочка. Шп – полиэтилен шланг, клей қабат. Тофрир құрыш немесе АL оболочка.
Бв Джут, стальн лента ПВХ лента, битум оболочка. К – (тоже с усиленной подушкой) Джут, дөңгелек сым, подушка оболочка. (кабельная пряжа)
Бл Слой пластика (броня из двух стальных лент) Кл – джут, круглая проволока, подушка, ПВХ лента, оболочка.
Шп Полиэтиленовый шланг с подклеювающим слоем  
К Броня из круглых проволок  

Бақылау сұрақтары:

1. Кабель өткізгіші қандай материалдан жасалады, себебі?

2. Кабель изоляциясы қандай материалдан жасалады?

3. Изоляцияның құрылысы қандай түрлері болады?

4. Қағаз изоляцияның негізгі қасиеттері, дайындалу жолы.

5. Полиэтилен изоляцияның негізгі қасиеттері, дайындалу жолы.

6. Полистирол изоляцияның негізгі қасиеттері, дайындалу жолы.

Тест сұрақтары:

1. Қалалық кабельдердің мыс өткізгішінің диаметрлері:

А. 0,4; 0,5; 0,6; 0,7 мм Д.1,3; 1,4 мм

В. 0,8; 0,9 мм Е.1,15; 1,55; 1,8 мм

С. 1,0; 1,1; 1,2 мм

2. Кабель байланысында қолданылатын алюминий өткізгішінің диаметрі:

А. 0,4; 0,5; 0,6; 0,7 мм Д.1,3; 1,4 мм

В. 0,8; 0,9 мм Е.1,15; 1,55; 1,8 мм

С. 1,0; 1,1; 1,2 мм

3. Кабель өткізгішінің мыстан жасалу себебі:

А. Мыстың арзандығы Д. Электр өткізгішінің төмен болуы

В. Мыстың көптігі С. Электр өткізгішінің жоғары болуы

Е. Мыстың жеңіл болуы

4. Смолаға батырылған тоқыма жіптен жасалған қабат:

А. Қорғасын қабаты Д. Изоляция

В. Джут Е. Кордель

С. Төсеніш

5. Кабель таңбалануындағы «Б» әрпі нені білдіреді?

А. Кабельдің бронь қабаты жоқ

В. Кабельдің екі құрыш лентасы бар

С. Кабель дөңгелек құрыш сымдарымен жабылған.

6. «К» - әрпімен белгіленген кабельдің броны бронның қай түріне

жатады?

А. Екі құрыш ленталы Д. Бронсыз

В. Жалпақ құрыш сымды Е. Полиэтиленді қабат

С. Дөңгелек құрыш сымды


Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 288 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Лекция №3-4| Кабель кабель кабель кабель

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)