Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Глоссарий. Коррозия және оның түрлері

Лекция №3-4 | Кабель изоляциясы. | Кабель кабель кабель кабель | Лекция № 12 | Лекция № - 13 | Глоссарий | Глоссарий | Монтаждау. |


Читайте также:
  1. VI. ГЛОССАРИЙ
  2. Глоссарий
  3. Глоссарий
  4. Глоссарий
  5. Глоссарий
  6. Глоссарий
  7. Глоссарий
Қазақша Орысша Ағылшынша
Арналық арақашықтық Канальный интервал   Channel spacing
Жүйе Система  
Жалғағыш шнур Соединительный шнур Patchcord
Қашықтық мүмкіндік Удаленный доступ -   Remote Access

Лекция 9 – 10

Коррозия және оның түрлері

 

Коррозия деп қоршаған ортаның химиялық және электрлік әсерінен кабельдің металлдық қабықшасының және қорғаушы,экрандаушы қабықтарының бөліну процессін айтамыз.

Коррозияның мынадай түрлері болады: химиялық, кристаллитаралық, электрлік коррозия.

Коррозия кабель қабықшасының герметикалық қасиетін жоғалтады, электрлік қасиетін төментеді, кейбір жағдайда кабельді істен шығарады. Жердегі 1А адасқан тоқ бір жыл ішінде 12 кг құрыштың, 100 кг алюминийдің бүлінуіне әкеп соқтырады. Химиялық коррозия деп қоршаған ортаның топырағы мен металлдың бөлігінің арасындағы электрохимиялық әсерінен металдық қабықшаның бүлінуін айтамыз. Электрохимиялық коррозияның пайда болуының негізгі себептері топырақтың ылғалды болуы, топырақ құрамындағы органикалық заттардың тұз қышқылдардың әсері.

Химиялық коррозияға түсу жиілігі ортаның агрессивті көрсеткіштігіне байланысты болады:

1. Топырақтың меншікті кедергісі.

2. Топырақтың құрамындағы қышқыл шамасы – рН

Топырақтың меншікті кедергісі бойынша топырақ 3 категорияға бөлінеді:

1. Төмен агрессивті ρ≥110 Ом*м

2. Орташа агрессивті ρ=20 – 100 Ом*м

3. Жоғарғы агрессивті ρ≤10 Ом*м

Үшінші категориялық жерлерде коррозияға көп ұшырайды.Топырақтың химиялық құрамына байланысты да

3 түрі болады:

1. рН=5 Қышқылды топырақ

Бұл топырақтың құрамында күкірт,азот және тұз қышқылдар ерітіндісі болады.

2. рН=5 – 10 Нейтралды топырақ

3. рН=10 – 15 Негізді (щелочь) топырақ

Бұл топырақтың құрамында кальций, натрий, калий және фосфор. Әртүрлі металлдарға бұл химиялық құрамдар әртүрлі әсер етеді.

Кристаллитаралық коррозия

Кристаллитаралық коррозия – негізінен кабельдің вибрациясы әсерінен пайда болады.Яғни алыс қашықтықтарға транспортпен тасу кезінде жүктік қозғалысы көп темір жолдарға жақын төселсе, автомобиль көпірлеріндегі ауыр жүк машина қозғалысынан пайда болған вибрация әсерінен

кабельдер кристаллитаралық коррозияға ұшырайды.

Электрлік коррозия

Электрлік коррозия ол металлдық қабықшаның адасқан

тоқ әсерінен бүліну процессін айтамыз. Адасқан тоқ көздері болып трамвай рельстері,электрленген темір жолдар, метрополитен болады.

Электрленген темір жолдарда,трамвай желілерінде қоректендіру тоғы қоректендіру подстанциясына қайта

келгенде кейбір бөлігі жерге беріледі. Жерден өте отырып,

кабельдің металлдық бөлігіне таралады.

Тест сұрақтары:

1. Химиялық коррозиядан кабельді қалай қорғауға болады?

А. Кабельге экран салынады. С. Кабельге төсеніш салынады.

В. Кабельге джут кигізіледі. Д. Кабельдің белдік изоляциясы

Е. Кабельдің изоляциясы қорғауға қолданылады.

2. Криссталит аралық коррозия қандай жағдайда пайда болады?

А. Кабельдің металлдық қабықшасының ортаның топырағы

арасындағы өзара әсерінен

В. Адасқан токтардың кабельге әсер етуінен

C. Кабельдің қызуынан

Д. Кабельдің вибрациясы әсерінен

Е. Кабельдің үзілуінен.

3. Топырақтың меншікті кедергісі бойынша r> 100 Ом хм болса, онда...

А. Топырақ төмен агрессивті болады. Д. Қышқылдық топырақ

В. Топырақ жоғары агрессивті болады. Е. Нейтралды топырақ

С. Топырақ орташа агрессивті болады.

4. Кабельді криссталит аралық коррозиядан қорғау жолы:

А. Өткізгішті экрандау. Д. Өткізгішті изоляциялау.

В. Кабель сыртын джутпен қаптау. Е. Қорғау қабаты қорғайды.

С. Кабельде төсеніш қолдану

5. Электрхимиялық коррозиядан қорғау әдісі:

А. Өткізгішті экрандау. Д. Өткізгішті изоляциялау.

В. Кабель сыртын джутпен қаптау. Е. Қорғау қабаты қорғайды.

С. Кабельде төсеніш қолдану

 


Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 859 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Глоссарий| Лекция № 11

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)