Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Лекция № 12

Лекция №3-4 | Кабель изоляциясы. | Кабель кабель кабель кабель | Глоссарий | Глоссарий | Глоссарий | Глоссарий | Монтаждау. |


Читайте также:
  1. В.О. Ключевский. Курс русской истории. Лекция 30.
  2. Каменная табличка с изображениями слонов, коллекция Сопера — Саважа
  3. Каменная табличка с изображениями сцен Великого потопа, коллекция Сопера — Саважа
  4. Каменная табличка с текстом и изображениями мирных взаимодействий пришельцев и индейцев, коллекция Сопера — Саважа
  5. Керамический реликварий, коллекция Сопера — Саважа
  6. Коллекция «Fels» 1150х450
  7. Коллекция: Змейки. Символ 2013 года.

Қауіпті және бөгет келтіретін әсер мөлшерлері

Байланыс құралдарын пайдаланатын адамдар мен қызмет көрсету персоналының қауіпсіздігі үшін, байланыс желілерін және аппаратураны бұзылыстан сақтандыру үшін және хабарды тарату сапасын қамтамасыз ету үшін қауіпті және бөгет келтіретін кернеу мен ток мөлшері белгіленген. Қауіпті кернеу мен токтың адамдар мен аппатаратураға әсер ететін уақыты мен жағдайы ескеріледі. Апатты режимнің әсері өткінші болады, себебі желідегі бұзылысты өшіргеннен кейін ол жоғалады. Сонымен қатар, жоғары кернеудегі желілерде апаттар сирек болады. Ұзақ әсер еткенде, яғни симметриялық және симметриялық емес желілердің мәжбүр етілген режимде жұмыс істегенде және симметриялық емес желілердің қалыпты режимінде қауіпті әсердің болуы ықтимал. Сондықтан, байланыс сымдарында мүмкін болатын кернеудің төменірек мөлшері белгіленеді.

Жоғарғывольтты желілердің әсерінен пайда болатын байланыс өткізгішінде жақындау жерінің басы мен аяғындағы нүктелердің арасындағы потенциалдардың айырмасы продольды ЭДС (Е) деп аталады. Гальваникалық бөлінбеген деп трансформаторы, күшейткіші, фильтры жоқ байланыс желісіндегі тізбектің жерін айтады. Байланыс желісінің гальваникалық бөлінбеген жеріндегі жоғарғы вольтты желілердің қауіпті әсеріндегі әртүрлі байланыс желісінің байланыс тізбектерінің сымдарындағы мүмкін болатын продольды ЭДС – тың мәндері 1 – кестеде көрсетілген.

1 – кесте

Байланыс желісінің түрі Мүмкін болатын продольды ЭДС
1,2 0,6 0,3 0,15
Темірбетонды тіреуіші бар ағаш тіректі ауадағы        
Темірбетонды және металл тіректі ауадағы        
ДП күшейткішсіз кабельді немесе «сым-сым» жүйесі бойынша   Uисп
«Сым-жер» жүйесі боынша ДП күшейткіші бар кабельді _ Uисп – Uдп /√2
ДП жоқ қалалық кабельді Uисп

Сынау кернеуі (Uисп) деп берілген кабель өткізгішінің изоляциясын экранға немесе металл қабықшасына қарағанда сынау кезіндегі бекітілген кернеуді айтады. Қазіргі кезде байланыс кабельдері үшін сынау кернеуінің (Uисп) келесі мәндері бекітілген: қалааралық симметриялық – 1800В; қалааралық коаксиалдық – 3000В; қалалық кабельдер – 1000; селолық кабельдер – 2000.

Байланыс желісінің гальваникалық бөлінбеген жеріндегі симметриялық емес ВЛ әсеріндегі байланыс желісінің байланыс сымдарындағы мүмкін болатын продольды ЭДС – тың мәндері қалыпты режимде 36В аспауы керек және 2 сағаттан аспайтын мәжбүр етілген режимде 70В болуы керек.

Электр тогының адамға тигізетін зияны әртүрлі факторларға байланысты:

1. Адамның денесінен өткен токтың көлемі;

2. Токтың әсер еткен уақыты;

3. Токтың денеден өткен жолы;

4. Организмның жеке қабілеті.

Мүмкін болатын норманы қабылдағанда адамның токөткізетін сымнан өзі босана алатын ток ескеріледі. ЛЭП – тың қауіпті әсерінен байланыс құралдарын қорғау ережесі бойынша нейтралды изоляцияланған желінің әсеріндегі болған байланыс сымын ұстаған адамның денесі арқылы өтетін разрядты токтың фазалық сымның жермен тұйықталған кезіндегі шамасы 10мА аспауы керек. Бұл сәтте байланыс сымдардың кернеуі жерге қатысты 200В аспауы керек.

Тізбектегі мүмкін болатын бөгет келтіретін кернеудің нормасы:

· ВЧ каналдар үшін күшейткіш кірісіндегі пайдалы сигналдың қатыстық деңгейі -7дБ (-0,8Нп) болатын нүктеде бір күшейткіш жері 1,1мВ.

· ТЧ телефон каналдары үшін оконечный және переприем станцияның зажимындағы пайдалы сигналдың қатыстық деңгейі – 7дБ (-0,8Нп) болатын жоғарғывольтты линияға жақындығы 400км байланыс каналының ұзындығына 2,1мВ.

Жоғарғывольтты ЛЭП пен электрленген темір жол бір уақытта әсер еткенде жалпы кедергі нормасы (Uш) квадрат заңымен есептеледі. Шу кернеуі ЛЭП үшін 0,6Uш , ал электрленген темір жол үшін 0,8Uш деп алынады.

U'ш =Uш /√N

мұндағы, N - әсер ететін желімен жақындаған ұзындығындағы күшейту жерінің саны.

Көрсетілген шу кернеуі толқын кедергісі 600Ом болатын желілік тізбек зажимына қатысты. Егер кіріс кедергі Zкір 600Ом болмаса мүмкін болатын шу кернеуі келесі формуламен қайта есептеледі:

_______

U''ш =U'ш /√ Zкір /600

Радиостанцияның әсерінен туындаған кедергі кернеуінің уақытша қабылданған мөлшері: қатыстық деңгейі 7дБ болатын нүктеде кабель желілерінде 0,5мВ және ауадағы байланыс желілерінже 1мВ.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Сынау кернеуінің мәні.

2. Магистралдық байланыс дегеніміз не?

3. Аймақтық байланыс деп қандай байланысты айтамыз?

4. Орташа өлшемді коаксиалды кабельге қандай кабельдерді жатқызуға

болады?

5. Кішіөлшемді коаксиалды кабельге қандай кабельдер жатады?

6. ЛЭП дегеніміз не?


Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 165 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Лекция № 11| Лекция № - 13

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)