Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Глоссарий. Кабельдерді төсеу

Лекция №3-4 | Кабель изоляциясы. | Кабель кабель кабель кабель | Глоссарий | Глоссарий | Лекция № 11 | Лекция № 12 | Монтаждау. |


Читайте также:
  1. VI. ГЛОССАРИЙ
  2. Глоссарий
  3. Глоссарий
  4. Глоссарий
  5. Глоссарий
  6. Глоссарий
  7. Глоссарий
Қазақша Орысша Ағылшынша
Градиентті талшық Волокно, градиентное Graded index fiber
Көпмодты талшық Волокно, многомодовое   Multimode fiber (MM)
Бірмодты талшық Волокно, одномодовое   Singlemode fiber (SM)
Оптикалық талшық Волокно, оптическое   Optical fiber
Сатылы талшық Волокно, ступенчатое Step-index fiber

Лекция №14 – 15

Кабельдерді төсеу әдістері.

Кабель канализациясында бронь қабаттары жоқ кабельдер төселеді, яғни қорғасындалған голый немесе пластмассалық қорғау қабатты.

Кабельді төсеу жұмыстар алдында дайындау жұмыстары жүргізіледі, олардың мақсаты кабель құдықтарын судан және батпақтан, құдықтарда жиналатын вентиляциядағы газдардан тазалау, соған қоса канализация каналын кабель созуына дайындау.

Кабель құрыш тросқа бекітіліп, каналға жұқа трос, канат немесе капронды жіп арқылы енгізіледі. Трубопровод каналына енгізуді «заготовка» деп атайды. Заготовка түрлі әдістермен орындалады. Соңғы жылдарда бұл бағытта түрлі конструкциялы пневматикалық және электрлік каналөткізгіштері қолданады.

Пневматикалық каналөткізгіштері жалпы құрыш оське жиналған екі резиналық конустан 1 және 2 – ден тұрады. Капронды жіпті 3 өткізу үшін ол канализация каналына тығыз орнатылады, одан кейін 0,4 – 0,6 МПа – ге дейін қысылған ауа қозғалмалы компрессордан арнайы штуцер арқылы каналға беріледі. Ауа қысымынан резиналық конустар 1 мен 2 канал арқылы өтіп, артынан капронды жіп 3 – ті тартады.

Электрлік каналөткізгіштері электродвигательден және қозғалмалы механизмнен тұрады. Айнымалы ток желісінен қоректенетін электродвигательдің айналмалы қозғалысы қозғалмалы механизмнің екі жүріс остеріне беріледі.

Осьтерге зубчатый дөңгелектер бекітілген, олар арқылы аспап каналдан өтеді. Сонымен қоса электрлік каналөткізгіштер белгілі, олар электроприводы бар резиналық жүрісті арнайы арбаға ұқсайды. Арбада екі кішігабаритті двигатель болады. Олар кернеуі 4 – 6 В құрғақ батареялардан немесе аккамулятордан қоректенеді. Каналдан өту кезінде арба өз артынан мықты жұқа перлоннан жасалған жіпті тартады. Арба дөңгелектерінде қатты профилирлейтін шиналары болады. Ось бойынша дөңгелектер арасындағы қашықтық 70 мм. – ге тең, осыған байланысты арба кірленген каналда өте алады. Механикалық каналқткізгіштер тросты немесе жіпті 10 – 15 мин. 100 – 150 метрге соза алады.

Каналдың жұмысқа жарайтынын тексеру үшін кабельді созу алдында каналға диаметрі 5 – 8 мм каналдың ішкі диаметрінен кіші сынау цилиндірінің өткізеді, ал оның артынан каналды тазалау үшін құрыш щетка (ерш) жіберіледі.

Кабель төсеу орнында кабельдің қорғау қабатын тексереді. Көбінесе кабельдер заводтан ішкі ауа қысымымен келеді, сол жағдайда кабель қабатында тесік жасап шығып жатқан ауа дыбысынан бүтіндігін тексереді.

Кабельдің троспен қосылуын қамтамасыз ету үшін оның соңына құрыш чулок кигізіледі. Созу кезінде чулоктың диаметрі кішірейіп кабельді тығыз ұстайды. Кабельдерді массасы 7,5 – 8 кг/м созу кезінде троспен кабельдік клемма арқылы байланыстырады. Кабельді өткізгіш чулок арқылы шығарады. Канат пен чулок арасында айналдыру компенсаторын орнатады, ол кабельдің айналмауын қамтамасыз етеді.

Кабель қабатын қорғау үшін канал шетіне трубопровод тесігіне сақтандырғыш втулканы немесе арнайы бағыттаушы шаблон орнатады. Қорғасын қабатты кабельдің және канал қабаттары арасында үйкелісті азайту үшін кабельді техникалық вазелинмен жағады.

КМ – 1 машинасы ГАЗ – 63А автомобиль базасында құрылған, онда тарту күші 2000 кг – ға дейін кабельді тарту үшін лебедка, кран және құдықтардан суды тарту үшін насос орнатылған. КМ – 2 машинасы КМ – 1 машинасының модернизацуияланған түрі, онда кран, қосымша құдықтарды дегаздау үшін вентилятор, пневматикалық кабельөткізгіш және электроинструменттердің қозғалуын қамтамсыз ету үшін электрогенератор орнатылған.

 

 

Бақылау сұрақтары:

1. Қандай кабельді пневматикалық әдіспен төсейді?

2. Магистралдық байланыс дегеніміз не?

3. Аймақтық байланыс деп қандай байланысты айтамыз?

4. Кабельді төсеуге қойылатын талаптар.

5. Кабельді төсеу мен монтаждауда қандай құралдар қолданылады?

6. Кабельдің қабықшасын зақымдалудан қалай қорғауға болады?


Дата добавления: 2015-08-20; просмотров: 803 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Лекция № - 13| Глоссарий

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)