Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Хіх ғасыр әдебиетіне ислам дінінің әсер-ықпалы.

Еспембет” дастанының құрылысы | Абайтану ғылымының қалыптасуы, даму тарихы. | Ақылбай Абайұлының шығармашылығы. | Ыбырай өлеңдері. | Шоқан өлімін Шыңғыс пен Зейнепке естірту”. | Шоқанның Жетісу қазақтары мен Ыстықкөл экспедициясы туралы очерктері. | Айтыстың түрлері. Жанрлық ерекшеліктері. | АБАЙ АУДАРМАШЫ | Ескендір” поэмасына шығыс әдебиетінің әсері. | Ақылбай Абайұлының шығармашылығы. |


Читайте также:
  1. Азіргі қай елді мекен ортағасырларда Құлан деп аталған ?
  2. Действия над приближенными числами
  3. ИСЛАМОВ ВЛАДИСЛАВ ВАЛИРОВИЧ
  4. Исламское искусство в архитектуре Иерусалима.
  5. Между двумя равными двузначными числами вставили вдвое большее число, и полученное (шестизначное) число оказалось точным квадратом. Найдите такие числа (не менее двух).
  6. Моғолстан тарихын баяндайтын ортағасырлық шығарма және оны” авторы ?
  7. Мухаммед. Первые памятники Ислама. Мечеть. Общая характеристика.

Тек ХІХ ғасырда ғана бұл әдеби үрдіс жандана бастады. Сонау өткен ғасырлардан бастау алатын рухани байланыстар өз арналарын тауып басқа желіге түсті.Бұл кезеңде, әсіресе, ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ әдебиетінде шығыс әдебиетінің, оның ішінде шағатай және осман түріктері тілдеріндегі діни әдебиеттің біршама ықпал еткендігін айтқан жөн. Мысалы, мұны Мәделі, Ақмолла, Майлықожа мен Әбубәкір Кердері сияқты шайырлардың шығармаларынан байқауға болады. Бұл үрдіс сол ғасыр соңы мен жаңа ғасыр басында өз жалғасын тапты. Осы туралы кеңес тұсында С.Сейфуллин: «Қазаққа хат үйреткен Мұхаммед діншіндері шеттеп келген мұсылман саудагерлері, ноғай молдалары, өзбек 10имандары. Сондықтан қазақтың көркем жазба әдебиеті туғанда, нұсқасы сол үйретушілерінен - таратушы молдалардан имандардан тараған. «Сопы Алдияр», «Сыпатым Ғажизин», «Хикмет» тәрізді өлең кітаптар барлық қазақ ауылдарында әптиектен соң оқылатын «үлгі», «ғибрат» кітаптары болды» [1], - деп жазды. Шынында да, бұл тұста шығыс елдерінде діни ағартушылыққа шақыру, исламның рухани құндылықтарын уағыздау кең етек алды. Өйткені діні мен ділі бір, тілі жақын туысқан халықтардың тағдырлары да ұқсас еді. Екіншіден, Орта Азия мен Қазақстан Ресей империясына қарасты болса, басқа шығыс елдері батыс мемлекеттерінің отарына айнала бастады. Патша үкіметі өзіне қарасты бұратана халықты қанауда, бұғауда ұстап, өз саясатын жүргізе бастады. Отарлау екі түрлі әдіспен жүргізілді, бірі - басқарудың жаңа жүйесін енгізу болса, екіншісі - бағынышты халық арасына христиан дінін тарату еді.Әрине, бұл көзі ашық көкірегі ояу зиялы қауым арасында алаңдаушылық туғызбай қоймады. Олар тал қарманған адамдай жан жағына жіті көз жіберіп, өздерімен тумысы бір туысқан халықтармен тығыз байланыс жасады. Патша үкіметінің езгісіндегі бұл отар елдердің мақсат-мұраты да, арман- аңсары да бір еді. Осы халықтардың сүт бетіндегі қаймағындай кайраткер ұлдары ортақтасып, тіл табыса білді. Сөйтіп, халықтың рухани оянуы жолында оянбай еңбек етіп, бірінің жоғын бірінен тапты.Терең тамырластықтың бір арнасы дінде жатыр десек, осы желінің үзбей жалғасуы жолында түркі халықтарың текті ұлдары тер төкті. Олар шығыс елдерінде үзіліп қалған рухани алмасуларды жандандырды.Жалпы, рухтың қуат көзі-Құранда десек, ислам дегеніміз шынайылық, шындық деп білген жөн. Ал халық пен халықты жақындастыруда діннің орны ерекше. Демек екі ғасыр аралығындағы шығыс халықтары зиялы қауымының ислам әлемініне ықласының аууы орынды да. Шығыс халықтарын бір-бірімен байланыстыратын ортақ 11факторлар аз емес. Олардың негізгі бөлігін түркілер құрайды десек, барша түркілер бір-бірімен етене жақын тілде сөйлейді. Сондай-ақ, мәдениеті мен әдебиетіндегі ұқсастықтарды байқау қиын емес. Бұл халықтарың бәрінің бір түптен тарағаны, олардың тарихының ортақ болуы да оларды онан әрмен біріктіре түседі. Сонымен бірге, бұлардың діні де ортақ –ислам болды. Олардың бәрі бірдей ислам дінін барынша беріле қабылдамаса да, анық -қағидаларын өздерінің салт–дәстүрлеріне үйлестіріп жіберсе де, шығыс елдерін жақындастыратын негізгі факторлардың қатарында ислам тұратыны анық. Ислам бұл елдердің дәстүрі мен мәдениетінің негізіне айналған ортақ бір мәдени құндылығы болып қалыптасты.


Дата добавления: 2015-11-14; просмотров: 189 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Абай поэмаларының фольклорлық-мифологиялық негізі және көркемдік шешім.| Біржан салдың өмірі мен шығармашылығы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)