Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру

Читайте также:
  1. Бап. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салық міндеттемесін орындау
  2. Бап. Қызметін тоқтататын жекеше нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың салық міндеттемесін орындау
  3. Бап. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері
  4. Бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру
  5. Бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) салық есептілігін табыс етуін тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) тәртібі

 

Уәкілетті органға жіберілген шағымды қарау мерзімі осы Кодекстің 672-бабында белгіленген жағдайларда және тәртіппен тоқтатыла тұрады.

 

Бап. Уәкiлеттi орган шешiмiнің нысаны мен мазмұны

 

Уәкілеттi органның шешiмiнде:
1) шешiмнiң қабылданған күні;
2) шағым берген салық төлеушiнiң (салық агентінің) тегі, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда) не толық атауы;
3) сәйкестендіру нөмірі;
4) жоғары тұрған салық қызметі органының шағым жасалып отырған шешiмiнің қысқаша мазмұны;
5) шағымның мәнi;
6) Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сiлтеме жасалған негiздеме мен қорытындылар көрсетiлуге тиiс.

 

Бап. Уәкiлеттi органға шағым берудiң салдары

 

1. Уәкiлеттi органға шағым беру жазбаша шешiм шығарылғанға дейiн салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның орындалуын шағым жасалған бөлігінде тоқтата тұрады.
2. Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күші жойылған жағдайда салықтық тексеру актісінің салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаның шағым жасалған бөлігінде ғана күші жойылады.

 

Бап. Тақырыптық тексеру тағайындау және жүргізу тәртібі

 

1. Уәкілетті орган салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау кезінде, қажет болған жағдайда тақырыптық тексеру тағайындауға құқылы.
2. Тақырыптық тексеруді тағайындау және жүргізу осы баптың ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 675-бабында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Уәкілетті орган нәтижелеріне шағым жасалған салықтық тексеруді жүргізген салық органына, сондай-ақ салық төлеушінің салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымын қараған салық органына тақырыптық тексеру жүргізуді тапсырмауға тиіс.
4. Уәкілетті органға жіберілген шағым бойынша шешім тақырыптық тексеру және (немесе) қайта тақырыптық тексеру нәтижелері ескеріле отырып шығарылады. Бұл ретте уәкілетті орган осындай тексерулердің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, ол шағым бойынша шешім қабылдау кезінде оларды ескермеуге құқылы, алайда мұндай келіспеушілік дәлелді болуға тиіс.
Ескерту. 685-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

 

Тарау. САЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ОРГАНДАРЫ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫНЫҢ ӘРЕКЕТІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ШАҒЫМ ЖАСАУ ТӘРТІБІ

 

Бап. Шағым жасау құқығы

 

Салық төлеушiнің немесе оның уәкілетті өкілінің жоғары тұрған салық қызметi органына немесе сотқа салық қызметi органдары лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасауға құқығы бар.

 

Бап. Шағым жасау тәртiбi

 

Салық қызметi органдары лауазымды адамдарының әрекетiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының Заңдарында көзделген тәртiппен шағым жасалады.

 

Бап. Салық қызметi органдары лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзғаны үшiн жауаптылығы

 

Салық қызметi органдарының Қазақстан Республикасы салық заңнамасының бұзылуына кiнәлi лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауаптылықта болады.

 

Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев

 


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 148 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Жалпы ережелер | Бап. Бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою | Бап. Салық органында бақылау-касса машинасын есептен шығару | Бап. Бақылау-касса машинасын пайдалану | Бап. Мемлекеттік тізілім | Бап. Қазақстан Республикасында өндірілген немесе оған импортталған акцизделетін тауарларды бақылау | Бап. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау | Бап. Салық қызметі органдарының хабарламаларымен жұмыс істеуге арналған орталықтар | Бап. Салық төлеушiнің (салық агентінің) шағым беру тәртiбi | Бап. Уәкiлеттi органға шағым берудің тәртiбi |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Уәкiлеттi органға жiберiлетiн шағымның нысаны мен мазмұны| Ориентированный граф

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)