Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Салық қызметі органдарының хабарламаларымен жұмыс істеуге арналған орталықтар

Читайте также:
  1. Бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
  2. Бап. Қайта құрылымдалатын ұйымның салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мерзімдерін өзгерту тәртібі
  3. Бап. Қате төленген салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің сомаларын есепке жатқызу, қайтару
  4. Бап. Қосылған құн салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері
  5. Бап. Қызметiн «Ақтау теңiз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  6. Бап. Қызметiн «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу
  7. Бап. Қызметiн «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында жүзеге асыратын ұйымдарға салық салу

 

1. Салық қызметі органдары осы Кодекстің 607-бабы 2-тармағының 1) және 5) тармақшаларында көзделген салық қызметі органдарының хабарламаларымен жұмыс істеуге арналған орталықтар желісін құруды және дамытуды қамтамасыз етеді.
2. Аталған орталықтардың көмек көрсетуі бөлінген телефон желілері арқылы, сондай-ақ салық төлеуші (салық агенті) салық органына келіп жүгінген кезде тікелей көрсетіледі.
3. Орталықтарға ақпарат алу үшін телефон желісі бойынша қоңырау соғу тегін негізде жүргізіледі.
4. Орталықтар жұмыс күндері жұмыс істейді.
Ескерту. 662-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 100-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

Бап. Салық қызметі органдары сайттарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету

 

1. Салық қызметі органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне) сайт арқылы ақпаратты тегін негізде алуына көмектеседі.
2. Салық төлеушілердің (салық агенттерінің) салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша көмек көрсету салық қызметі органдарының сайттарында ақпараттық және нұсқаулық материалдарын орналастыру жолымен жүргізіледі.
3. Салық қызметі органдарының сайттары тәулік бойына демалыс және мереке күндерінде де жұмыс істейді.

 

Бап. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аудару үшін банкоматтар желісі мен өзге де электрондық құрылғылар желілерін дамытуға көмек (материалдық көмектен басқа) көрсету

 

Ескерту. 664-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 21.06.2013 № 106-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз).

 

1. Салық қызметі органдары мынадай операцияларды жасауға:
1) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуді, әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын аударуды;
2) бюджетке төлеуге жататын салық сомасы туралы ақпарат алуды;
3) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу үшін деректемелерімен бірге төлем құжатын алуға мүмкіндік беретін банкоматтар желісі мен өзге де электрондық құрылғылар желілерін дамытуға көмек (материалдық көмектен басқа) көрсетеді.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген операциялар қоғамдық жерлерде орналастырылған және салық қызметі органдарымен, банктермен және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдармен байланысы бар банкоматтар және өзге де электрондық құрылғылар арқылы жүргізіледі.
Ескерту. 664-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 100-IV (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 106-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. 1-т. қараңыз) Заңдарымен.

 

Бап. Салық қызметі органдарының салық төлеушілерге (салық агенттеріне) олардың салықтық міндеттемелерін орындауы бойынша берілетін көмек туралы ақпаратты тарату тәртібі

 

Салық қызметі органдары салық төлеушілерге (салық агенттеріне) көрсетілетін көмек туралы ақпаратты:
1) салық органдарының офистерінде;
2) бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат орналастыру жолымен таратады.

 

БӨЛІМ. САЛЫҚТЫҚ ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ЖӘНЕ САЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ ОРГАНДАРЫ ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРЫНЫҢ ӘРЕКЕТІНЕ (ӘРЕКЕТСІЗДІГІНЕ) ШАҒЫМ ЖАСАУ

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 105 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Салықтық тексеру нәтижелерi бойынша шешiм | Бап. Ақпарат көздері | Бап. Салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты объектілерді айқындау тәртібі | Бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар | Бап. Жалпы ережелер | Бап. Бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою | Бап. Салық органында бақылау-касса машинасын есептен шығару | Бап. Бақылау-касса машинасын пайдалану | Бап. Мемлекеттік тізілім | Бап. Қазақстан Республикасында өндірілген немесе оған импортталған акцизделетін тауарларды бақылау |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау| Бап. Салық төлеушiнің (салық агентінің) шағым беру тәртiбi

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)