Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Бап. Уәкiлеттi органға жiберiлетiн шағымның нысаны мен мазмұны

Читайте также:
  1. Бап. Талап етудi беру нысаны
  2. Бап. Уәкiлеттi органға шағым берудің тәртiбi
  3. Дидактикалық бірліктегі білім беру мазмұнының құрылымы

 

1. Уәкiлеттi органға жiберiлетiн шағым нысаны мен мазмұны бойынша осы Кодекстің 668-бабында белгiленген талаптарға жауап беруге тиiс.
2. Уәкiлеттi органға жiберiлетiн шағымға салық төлеушiнің (салық агентінің) шағымын қараған жоғары тұрған салық қызметі органы шешiмiнің көшiрмесi қоса тiркелуге тиiс.

 

Бап. Шағымды қараудан бас тарту

 

1. Уәкілетті органның шешімді қараудан бас тартуы, осы баптың ережелері ескеріле отырып, осы Кодекстің 669-бабында белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Уәкілетті органның осы Кодекстің 669-бабының 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда шешімді қараудан бас тартуы, егер салық төлеуші (салық агенті) жол берілген бұзушылықтарды жойса, оны осы Кодекстің 677-бабының 1-тармағында белгіленген мерзім шегінде қайтадан шағым беру құқығынан айырмайды.
Осы Кодекстің 669-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда салық төлеуші (салық агенті) уәкілетті органға қайтадан шағым беруге құқылы емес.
Ескерту. 679-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.11.16 N 200-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

Бап. Уәкiлеттi органға жiберiлген шағымды қарау тәртiбi

 

1. Осы Кодексте белгiленген тәртiппен берiлген, уәкiлеттi органға жіберiлген шағымды уәкiлеттi орган - оның тiркелген күнiнен бастап отыз жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде, ал мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің шағымдарын, осы Кодекстiң 670-бабының 2-тармағында және 6-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, тiркелген күнiнен бастап қырық бес жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде қарайды.
2. Уәкілетті орган шағымды қарауды осы баптың ережелерін ескере отырып, осы Кодекстің 670-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырады.
3. Уәкілетті орган шағымды қарау бойынша өз өкілеттіктерін жүзеге асырған кезде оның қызметіне араласуға және шағымды қарауға қатысатын лауазымды адамдарға қандай да бір ықпал етуге тыйым салынады.

 

Бап. Уәкiлеттi органға жiберiлген шағым бойынша шешiм шығару

 

1. Уәкілетті орган шағымды мәнi бойынша қарау аяқталған соң жазбаша түрде дәлелдi шешiм шығарады және оны салық төлеушiге (салық агентіне) хабарламасы бар тапсырыс хатпен пошта арқылы жiбередi немесе қолын қойғызып тапсырады, ал көшiрмесiн салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қараған салық органына жібередi.
2. Шағымды қарау қорытындысы бойынша уәкілетті орган:
1) шағымды қанағаттандырусыз қалдыруға;
2) салық органының шағым жасалған шешімінің күшін жоюға;
3) шешімді өзгертуге немесе жаңа шешім шығаруға құқылы.
3. Осы Кодексте белгіленген негізде және тәртіппен шығарылған уәкілетті органның шешімі салық органдарының орындауы үшін міндетті.
Ескерту. 681-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.12.2013 № 152-V Заңымен (01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі).

 


Дата добавления: 2015-10-13; просмотров: 83 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар | Бап. Жалпы ережелер | Бап. Бақылау-касса машиналарын салық органында есепке қою | Бап. Салық органында бақылау-касса машинасын есептен шығару | Бап. Бақылау-касса машинасын пайдалану | Бап. Мемлекеттік тізілім | Бап. Қазақстан Республикасында өндірілген немесе оған импортталған акцизделетін тауарларды бақылау | Бап. Уәкілетті мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау | Бап. Салық қызметі органдарының хабарламаларымен жұмыс істеуге арналған орталықтар | Бап. Салық төлеушiнің (салық агентінің) шағым беру тәртiбi |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Бап. Уәкiлеттi органға шағым берудің тәртiбi| бап. Шағымды қарау мерзімін тоқтата тұру

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)