Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ж. радиода пайда болған жанрлар мен пішіндер радионың дамуына қандай үлес қосты?

Читайте также:
  1. АИВ жұқтырған науқасты емдеген аспаппен жарақаттанғанда қандай шара қолдану керек?
  2. Естің тиімділігі қандай жағдайларға байланысты емес?
  3. Журналистің кәсіби санасының құрылымы қандай сипат алады?
  4. Логиканың радиодағы рөлі
  5. Радиодағы талдамалы жанр
  6. Радиожурналистика жаныры мен пішіндерінің эвалюциясы

Тарихи дамуды ескере отырып, радиожурналистика жанрларын мынадай үш топқа бөлуге болады.

а)Газеттен келген жанрлар (қысқаша ақпараттар).

ә)Радионың ерекшелігіне бейімделген газет жанрлары (радиолекциялар).

б)Радионың өзіне тән ерекше жанрлар (репортаж, сұхбат, әңгіме).

Радиожурналистика жанрларының өзіндік ерекшеліктері радионың бейнелеуші құралдарынан келіп туындайды. Олар: жанды сөз (оны пайдалану әдісі; монолог пен диалог), дыбыстық дерек (өмір шындығының дыбыстық көшірмесі), музыка (радиохабардың әуенмен әрленіп, сазбен көмкерілуі, монтаж) сөз, музыка, дыбыс эффектілерінің астастырылып, көркемдік деңгейге жетуі.

Радиожурналистика жанрларының негізгі өзегі – радиодерек. Радиодерек 1930 жылы Днепрогэс құрылысынан жүргізілген репортаждан бастау алды. Ешбір дайындықсыз, қағаз-қаламсыз, инцинировкасыз оқиға орнынан тікелей жүргізілген бұл репортаж радиожурналистикадағы деректің дәйектілігін, шынайылығын, нақтылығын дәлелдеп бергендей болды. Днепрогэс құрылысына 6 микрофон, 11 дыбыс күшейткіш орнатылды. Оқиға бастан-аяқ ешбір ақаусыз екі сағат көлемінде эфирге берілді. Біріншіден, осы тектес тікелей эфирден берілген өзекті, яғни, актуалды хабарлар 30-жылдардағы радиожурналистиканың ең үлкен жетістігі болды. Екіншіден, аяқ астынан тауып айту, суырып салып сөйлеу радиохабарға шынайылық сипат берді. Үшіншіден, репортердің сөйлеу өнеріндегі шеберлікті көрсетті. 30-жылдардың бас кезіндегі хабарларды тек қана радиожурналистикаға тән жанрлар мен пішіндер пайда болды дедік. Олардың арасында бірінші орынды, сөз жоқ радиорепортаж иеленді.

Зерттеушілердің көпшілігі алғашқы радиорепортаж 1925 жылғы қарашада эфирге шықты деп санайды. Әрине, ол эксперимент болды және сапасы жөнінен 1928 жылғы радиорепортаждан нашар еді.

Бұл жанрдың алғашқы анықтамасы былайша тұжырымдалды: "Радиорепортпаж дегеніміз – уақиға болып жатқан жерден берілген хабар, немесе репортердің микрофон алдында болып жатқан уақиға туралы алған әсерін баяндауы". Бұл анықтаманың өте дәл және ықшамды екенін айта кету керек.

Репортаж радиожурналистиканың неғұрлым ерекше жанрларының бірі болды. Ол әртүрлі жағдайда оқиға болып жатқан жерден хабар беруге, сол сәтте әңгімелесуге радионың барлық бейнелеуші құралдарын: сөзді, шуды, музыканы пайдалануға мүмкіндік берді.

30-жылдары респубикалық радиохабарда интервью жанрының көп орын алмағаны белгілі. Өйткені, әр жанрдың өзіндік орны бар. Олардың әрқайсысы қайталанбас дәстүрге, тұрақты белгіге ие болған. Әлбетте, жанр өмір шындығын әр қырынан көрсетуге, оған әртүрлі дәрежеде әсер етуге байланысты туындаған үлгі болып табылады.

"Очерктің радиода өзіндік "бейімделуі" біртіндеп жүрді. Очерк жанрының Қазақ радиосынан ресми түрде аталуы 30-жылдардың соңына қарай болды. Осылайша радиоочерктің 30-жылдары радиожанры ретінде Қазақстан эфиріне шыққаны ақиқат.

20-жылдардың аяғында сатиралық жанрлар, ең алдымен, фельетон дамыды. Радиожурналистер оның газет фельетонынан өзгешелігін жақсы түсінді. "Радиодағы фельетон өзінің алғашқы қадамдарынан бастап өзіне лайық пішіндерді іздестіріп тапты. Оның көмегімен кемшілікті, қырсықты, жағымсыз қылмысты неғұрлым дөп басып, жоюға болатын еді", - деп жазды Ю. Бараневич.


Дата добавления: 2015-09-03; просмотров: 189 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Радиожурналистің соз мәдениеті | Логиканың радиодағы рөлі | Радиогазет, оның құрлымы, атқаратын қызметі | Емтихан билеті | Емтихан билеті | Радиоөнер және әуе толқынындағы әрбір сөздің салмағы | Емтихан билеті | Шешендік өнерді меңгерудің кәсіби әдістері | Емтихан билеті | Диктор, актер, журналист жүргізушіге байланысты тіл қолданыстары |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Емтихан билеті| Радиоүндесу мен радиогазеттің айырмашылығы неде?

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)