Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Логиканың радиодағы рөлі

Читайте также:
  1. Радиодағы талдамалы жанр
  2. Стандартты актерға (науқас) сценарий тексті және оның рөлін суреттеу.

радиохабарының бастан-аяқ ойдағыдай тыңдалуы үшін тек мазмұнды болу жеткіліксіз. Себебі маңызды деген материалдың өзін бірқалыпты дауыспен /монотонды/ оқу адамның логикалық ойлау жүйесін іске қосқанымен, сезіміне әсер етпейді. Яғни, хабардың эмоциялық ықпалы нольге тең деген сөз. Мұндай хабардың тыңдалуы ауыр болғандықтан тез шаршатады, жалықтырып жібереді. Сондықтан оның мазмұнымен бірге эфирден берілу формасы, естілу ерекшелігі де тыңдаушысын тартып, сезімін үйіріп, көңіл-күйін жетелеп отыруы тиіс. Бұл радиоаудитория ықыласын игерудің үшінші кезеңінде іске асатын процесс.

Сонымен екінші кезеңнен үшінші кезеңге ауысу негізінен микрофон алдында сөйлеушінің шығармашылық мүмкіншілігіне, дайындығына, шеберлігіне байланысты. Дәлірек айтсақ, негізгі жүкті көтеретін, басты қызметті атқаратын нәрсе - сөйлеуші интонациясы.

Адам даусының ырғақтарын, үн реңдерін текстіге толық түсіру мүмкін болмайды. Немесе қағазға жазылған сөз өзінің қосымша бейнелеуші құралы - үннен айырылады, сол арқылы оның мазмұны да кемиді дейді З. Цаперный. Мәселен, сценарийді біз жүргізушінің сөзі, шешеннің әңгімесі күйінде естісек, онда одан алатын ақпарат арта түседі. Біріншіден, жүргізушінің сөйлеу мәнерімен, дикциясымен, шешендік қабілетімен танысамыз. Екіншіден, оның кейбір текстерге, сөздерге ерекше екпін тастауы, интонация жасауы негізінде автор ойын анық түсінеміз, мол мағлұмат аламыз. Әрі адамның логикалық пайымына, сезіміне жазбадан гөрі сөз күшімен, үн “тілімен” әсер ету оңайырақ та, мүмкіндік те мол. Өйткені, сөз бен дыбыс адамға шексіз әсер етуге, көңіл-қошын жасауға болатын өте нәзік құралдар дейді зерттеуші Т. Евгеньева.

Ең алдымен сөзбен жұмыс істегенде журналистің алдында тұратын үш міндетті жүйелеп өтейік:

Біріншісі – журналист көңіл қойып, назар аударған оқиғаны және оның барлық болмысын сөзбен дәл әрі нақты мазмұнда суреттеп тыңдаушыға жеткізе білуі қажет.

Екінші міндет – сөздің оқу мақамын дәл табу, кез-келген мәтінді нақышына келтіріп оқи білу шеберлігі. “Бар” немесе “жоқ” сөздерін жазудың бір ғана тәсілі бар, ал айтудың 50 түрі бар, көп жағдайда кері мағынада, яғни айтылу мақамын таппасаңыз кез-келген сөздің өзіндік мәні, берер мазмұны жойылады.

Үшінші міндет – журналист логикалық және экспрессивті акценттерді, екпіндерді іздеуі қажет.

Сөздің әсер ету күші, сөздің әсерлі, әрі бейнелі шығуы үшін журналист дауыстың күшіне емес оқу мақамының (интонация) деңгейіне (жоғарлату немесе төмендету), екпіндердің дұрыс қойылуына (фонетикалық акценттер), тыныс алудың реттілігіне көңіл қоюы керек. Дауыс күшімен әсер етем деу қате, бұл жағдайда қажетті көңіл-күй туғызу қиын болмақ, бұл тәжірибеде дәлелденген қағида.

Екпін – сөз мәнінің көрсеткіші, сөздегі ой дәлдігінің көрсеткіші. Екпінді дұрыс қолдану дегеніміз оны қай сөзге қою керектігін таба білу ғана емес, оны қай сөздің арасында қолданбау керек екенін сезіну.

2. Қазақ радиосындағы –«Алтын қор»

Дауыстар музейі саналатын Қазақ радиосының «Алтын қорында», негізінен, 1948 жылдан бері жинақталған материалдар бар. Өте сапалы жазылған, тыңдасаң кеше ғана жазғандай, тап-таза. Қазіргі кезде мұнда 111 мыңнан астам шығарма мен жеке хабарлар сандық тәсілмен /оцифровкаға/ СD-дискілерге түсуде. Бүгінде 30 мыңнан астамы дайын. Осылайша біз «Алтын қордағы» фономатериалдарды сандық жүйеге түсіруді одан әрі жалғастырып жатырмыз.

Бүгінде одан да қынжылтатын үлкен мәселе бар. Анығырақ айтсақ, 1948 жылдан өз дербестігін сақтап тұрған «Алтын қор» бөлімі жабылып қалды. Қазіргі уақытта «Алтын қор» бөлімі жоқ, бұл қор - фонотека деп қана аталады. Бұрынғы дербес «Алтын қор» бөлімі Қазақ радиосы бағдарламалармен қамтамасыз ету бөлімінің «Алтын қор» фонотекасы деген қосымша тарамына айналды. Қазір бұл қор иесіз қалды деп айтуға болады. Меніңше, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптастырған асыл қазынасы, баға жетпес құнды дүниелері, зиялы қауымының тірнектеп жинаған асыл мұрасын басшылықтың иесіз қалдыруы үлкен қателік. Мемлекеттік мұрағат қалай өз дербестігін сақтаса, біз де Қазақ радиосының қан тамыры болып келген «Алтын қорымыздың» дербестігін сақтауымыз қажет. 90 жылдық тарихы бар Қазақ радиосы Қазақстан халқына қызмет етіп тұрғанда «Алтын қор» бөлімі тұрақты жұмыс істеуі керек. Алтын қорды түп орнымен құрытқанша, бұл бөлімді ғылыми-зерттеу лабораториясына айналдырып, қордағы зерттелмей жатқан құнды қазынаны жарыққа шығаруға атсалысуымыз қажет. Электронды тәсілмен көшірілетін фономатериалдарды сапалы да, сауатты көшіру үшін қызметкердің біразын қысқартып жібергенше, кемінде 8-10 адамды осыларды оцифровка жасауға, яғни сандық тәсілге көшіруге жанталасуымыз керек еді. Өйткені қордағы фономатериалдар ылғалдылығы мен температурасы сақталмағандықтан істен шыққалы тұр, сытырлап кеуіп, ішкі жағылған магниттік сапасы істен шығып, үгіліп төгіліп жатыр. Сөрелер алюминийден жасалған, пленка қоятын орын картоннан жасалған. Еш талапқа сай емес. Негізі фономатериалдардың бәрі нефферомагниттік стилаждар мен шкафтарда температурасы +16 - +18 градуста, ылғалдығы 50 пайызда сақталуы керек. Осылардың бәрі сақталмағаннан кейін ленталар кеуіп жатыр. Өрт қауіпсіздігі сақталмаған. Осы мәселені айтып, басшылар тарапынан да, өкімет тарапынан да қолдау таба алмай отырмын. 90 жылдық тарихы бар Қазақ радиосы Қазақстан халқына қызмет етіп тұрғанда «Алтын қор» бөлімі тұрақты жұмыс істеп, қымбат қазынамызды көздің қарашығындай сақтауға аянбай еңбек ету қажет. Қазақ радиосы тұрғанда халқымыздың қан тамырындай «Алтын қор» бөлімі мемлекет тарапынан заңдылықпен қорғалуы қажет, әрдайым дербестігін сақтау керек деп санаймын. Қазақ радиосы екінші жанұям болғандықтан, "Алтын дауыстар мұражайының" бүгінгі халін көре отырғандықтан, 1948 жылдан бері сақталынып келе жатқан таспалар құрып бара жатқанда бұған көз жұма қарай алмаймын. Сондықтан бүгінде Алтын қордағы мәселе мені қатты қынжылтады. Бұлай құртпай, ғылыми зерттеу лабараториясы ретінде кеңейту керек деп санаймын. Бұл жерде зерттейтін дүниелер көп, пәленбай ғылым кандидатын, докторларын шығаратын құнды материалдар, қорлар бар.


Дата добавления: 2015-09-03; просмотров: 345 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Азақстанда радиохабар тарату ісінің тарихы | Радиожурналистика жаныры мен пішіндерінің эвалюциясы | Радиожурналистиканың ақпараттық жанры | Радиохабардың тілі мен стиль ерекшелігі | Шалқар»ақпаратты-сазды бағдарламасы,оның тарихы, өзгешелігі | Радиодағы талдамалы жанр | Радиожурналистикадағы деректі көркем жанрлар | Кеңес дәуіріндегі радио жетістіктері | Емтихан билеті | Емтихан билеті |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Радиожурналистің соз мәдениеті| Радиогазет, оның құрлымы, атқаратын қызметі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)