Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Радиогазет, оның құрлымы, атқаратын қызметі

Читайте также:
  1. Ж. радиода пайда болған жанрлар мен пішіндер радионың дамуына қандай үлес қосты?
  2. Стандартты актерға (науқас) сценарий тексті және оның рөлін суреттеу.
  3. Шалқар»ақпаратты-сазды бағдарламасы,оның тарихы, өзгешелігі

Қазақтың тұңғыш радиогазеті: «Еңбекші қазақ» осылайша бір жылға жуық шығып тұрды».

Көріп отырғанымыздай, бұл жерде көп тәжірибе баспа газеттерінен алынғанмен, тек қана радиоға тән өзіндік белгілер де біртіндеп қалыптаса бастағаны айқын аңғарылады. Бұлар: сөйлеу тілі, бірнеше дауыспен оқу, аудиторияға сөз тастау, автордың тыңдаушылармен тікелей әңгімесі, сұрақтарға жауаптардың тікелей берілуі, материалдардың барынша ұғынықтылығы және т.б.

1932 жылы «Говорит СССР» журналы Қарағандының радиосы туралы мәліметтер басады. Онда желтоқсан айынан бастап «Рабочий полдень» радиогазеті және қазақ тілінде хабар ұдайы беріле бастайтындығы айтылған.

«Лениншіл жас» радиогазетінің 19 қазандағы санында 15 қазанға қарай өлкедегі астық дайындау жоспары 39,5 процентке ғана және жоспар 26,6 процентке орындалғандығы туралы хабар берілді. Радиогазет: «қатардан қалмайтындар», «артта қалғандар», «мүлдем артта қалып қойғандар» және «артта қалып, масқара болғандар» деген ұғымдарды енгізіп, астық дайындау бойынша артта қалған аудандардың комсомол комитеттерін кемшіліктерді жылдам жоюға шакырады.

Сонымен барлық радиогазеттер тәжірибесі қоғамдық-саяси хабарларының алғашқы даму кезеңіндегі өзегі болды. Олардың жұмысы жауапты орындардың ұдайы назарында болды және сол кездегі аса маңызды міндеттерді шешуге бағытталды.

Кеңес радиосы қалыптасу кезінде оның қоғамдық-саяси хабарларының негізін радиогазеттер құрады. Ал газет хабардың мазмұны, мәні болды. Хабардың өзі оның дыбыс арқылы бейнеленуінен тұрды. Осылайша қазақ радиогазеттері біршама уақыт өмір сүрді. Ол осы уақыт ішінде ақпарат және насихат хабарларының негізгі пішіні ретінде едәуір өзгеріске ұшырады. Бұл өзгерістер хабардың аса маңызды жанрларының эволюциясын бейнелейді, олар үшін радиогазет құнарлы орта болды. Радиогазеттер өткен жол өзінің соңында шығармашылық әдістерінің жиынтығын, ойдағыны эфирде бейнелеу әдістерін қалдырды. Радиогазеттердің даму ерекшеліктерін талдау қызғылықты, сондықтан тарихи жағынан ғана емес, сондай-ақ әдістемелік жағынан да құнды. Өйткені оларда ізденістердің, қателіктердің, жетістіктердің тағылымды тәжірибесі бар.

1927 жылдың басында «Жұмысшы радиогазетінде» берілген алғашқы радиомитингілер шағын редакциялық мақалалар сипатында болды. Оларда редакция тыңдаушылардың талқылауына белгілі бір мәселені қойып отырды. Ал тыңдаушылар бұқарасы газеттің бұл бөлімінен өзінің пікірі, көзқарасы мен ұсынысы үшін орын табатынын сезінді.

Радиодағы жанрлар радиогазет шеңберінде дамыды. Оған газет жанрлары өзінің бастапқы күйінде емес, бірқатар аралық буындар арқылы келді. Радиогазетте жанрлар радиоға бейімделу процесін бастап, интенсивті түрде жүрді. Бұл процестің бағытын былай көрсетуге болады: газет жанрлары – радиогазет арқылы қазіргі радиожурналистика жанрларына жетті. Радиогазет шеңберінде бұл процесс аяқталған жоқ. Ол радиогазет жойылғаннан кейін де жалғаса берді. Бұл – өте қызғылықты және әлі күнге дейін зерттеушілердің назарын аудармай отырған факт.

30-шы жылдар – радионың «алтын ғасыры». Радиожурналистикадағы "пішін" мен "жанр" ұғымы. Радиожурналистика пішіндері мен жанрлары эволюциясы. Қазақстандық радиогазеттер. Радиожурналистиканың жаңа пішіндерінің жетілуі мен радиогазеттердің жойылуы. Радиоға тән ерекшелігі бар хабарлардың көбеюі. Микрофон алдындағы көсемсөз, тікелей хабар тарату — радиожурналистиканың жаңа пішіндері. Алғашқы студиядан тыс хабарлар. Радиожиналыс, радиомитинг және басқа да кеңестік кезеңдегі радиохабар таратудың пішіндері мен жанрлары.


Дата добавления: 2015-09-03; просмотров: 324 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Азақстанда радиохабар тарату ісінің тарихы | Радиожурналистика жаныры мен пішіндерінің эвалюциясы | Радиожурналистиканың ақпараттық жанры | Радиохабардың тілі мен стиль ерекшелігі | Шалқар»ақпаратты-сазды бағдарламасы,оның тарихы, өзгешелігі | Радиодағы талдамалы жанр | Радиожурналистикадағы деректі көркем жанрлар | Кеңес дәуіріндегі радио жетістіктері | Радиожурналистің соз мәдениеті | Емтихан билеті |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Логиканың радиодағы рөлі| Емтихан билеті

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)