Читайте также:
|
|
Радионың тілі мен стилі туралы ХХ ғасырдың 20-30 жылдары алғашқы зерттеулер пайда бола бастады. Бұл кезде жекелеген шағын еңбектер, мақалалар жарияланды. Бірақ мұндай зерттеулерде көбіне алғашқы бауқаулар мен тұжырымдар жасалады. Сондай –ақ, сол кездегі зерттеулерде көбінесе мәселені терең әрі жан – жақты қамтиалмаушылық кездеседі. Алайда сол кездің өзінде – ақ қайсі бір проблемалардың көтерілуі құптарлық еді. Алғашқы еңбектер «Говорит СССР», «Советское радио и телевидение» деген басылымдары жарияланды. Ой – пікірлер айтылды. Бұл – алғашқы ізденістер еді. Әлі аныықталмаған мәселелерді қозғау, жаңадан теория мен тәжірбие жайын жолға қою ісі қолға алынды. Сөйтіп біріншілердің қатарына Бернштейн сияқты ғалымдар зерттеу жұмыстарымен айналысты. Сонымен бірге, М.Зарва, В.Вакуров, В.Ружнеков, И.Андроников сияқты ғалымдар шықты. Бұлардың еңбектерінде радиодағы хабарға байланысты тақырыптар зерттелді. Одан соң да зерттеу аясы бірте – бірте кеңейіп, басқа да тақырыптар бойынша концепциялар қарастырылды. Бұл орайда радио тілі біржақты қарастырылмай, әдеби тілге және жалпы тіл заңдылықтарына байланысты алынды.
Сондай- ақ «Стил – өнер ерекшелігі» деген еңбегінде, тіл, стилге орай ғылыми пікірлер айтқан. Сондай ғалымдар қатарына С.Аманжоловты, Н.Сауранбековты, І. Кеңесбаевты, Ә.Хайдаровты, Р. Сыздықоваларды атауға болады. Осы секілді ғалымдар қазақ тілінің көптеген проблемаларын зерттеді. Сондықтан олардың еңбектерін де радионың тіоі, стиліне қатысты түрде пайдалану керек. Журналистика саласында қазақша арнайы, дербес зерттелген еңбек жоқ деуге болды. Бірақ арғы- берге зерттеушілер: Х. Бекхожиннің, Т.Амандосовтың, Т.Қожакеевтың, Н.Омашеваның, Р.Сағымбековтың еңбектерінде қосымша тіл – стилге байланысты айтылатын мәселелерді пайдаланған жөн. Бір айта кететін нәрсе – радионың тілі, стилі туралы қазақша еңбектер жазып, зерттеу алдағы уақыттың ісі. [1.53б]
Радионың тілі – қарапайым, түсінікті, тапқыр, бейнелі, мәнерлі, әуезді болуы керек. Сонымен бірге, радио тілі зерттеушілердің пікірлеріне назар аударсақ, қосымша мына жайларды аңғаруға болады. Мәселен, ғалым А.Шнейдер өз еңбегіне: «кітаптың тілі емес, газеттің тілі емес, сөйлеу тілі ғана радио тілі болуы керек», - деді. Ал зерттеуші Ю.Гальперин болса: «Радионың табиғатының өзі сөйлеу тілін қажет етеді»,- деген. Сондай – ақ, Б.Михайлов: «Радио хабар тілі – әдеби тілдіңсөйлеу түрлеріне жатады», - дейді. Тағы бір пікірді А.Фриш былай деп түйеді: «Оның (яғни, радионың (сапасы сөйлеуге байланысты».[1,53.б]
Демек осы пікірлердің бәрін қорыта келгенде, үлген ұғымдағы «радио тілі» дегеніміз – сөзден, сөйлеуден, әнгімелесуден келіп құралады. Сол сөйлеудің бәрі жай ғана айтыла салмай, радионың, яғни, ақпарат құралының мақсатын орындауы керек. Сонда ғана сөйлеген сөздер «радио тіліне» айнала алады.
Тіл қолданудың өзіндік сырлары, жұмбақтары жетерлік. Радионың ерекшелігіне байланысты дыбыс айрықша рөл атқарады. Радиодағы ауызша сөз бен сөйлеу тілінің мәні бар.
Сондықтан сөйлеген дауысты жоғарылату мен төмендетудің және екпіннің, үн ырғағының радиода сөйлеу үшін орны бөлек. Дауыстың қандай дәрежеде болуының өзі адамға әртүрлі әсер етеді. Дыбыс акцентпен айтылған өз көңңілге қонымды шығады. Естугеде жағымды.
Немесе тез сөйлеу мен баяу сөйлеудің де әсері өзгеше.
Оның бәрі сөздің бейнелілігін, мәнерін, ұғымды жақсартатын құралдар. Тілді радиохабарларда орнымен, өзінің заңдылығымен қолдану тыңдаушыға оңды әсер етсе, керісінше дұрыс қолдана білмеу көңіл – күйге ыңғайсыз әсер беретіні белгілі.
Дауыс тербелісі сөз бояуын арттырады. Осылайша радиодан берілетін материалдар мен хабарларда белгілі бір ырғақпен сөйлеуші адамның ақпараты тыңдарманға әсерлі де, сенімді жеткізіледі. Радио пайда бола бастаған уақыттардан бері радио тілі өз орнын иелену үстінде. Радио сөз сөйлеу монолог, диолог келуі мүмкі. Ал монолог дегеніміз не және ол радиода қалай беріледі?
Мысалы, монолог түрінде микрафон алдындағы әңгіменің, комментаридің, сөз сөйлеудің жіне корреспондент әңгімесінің көп бөлігі өтеді. Тіпті, кейде репортаждың өзі монолог түрінде беріледі. Монолог – жеке адамның өз сөзі, ойы болып табылады. Ол ешкіммен әңгімелеспей, көз алдында көрінбейтін, өзімен бірге отырмайтын адамға тіл қатқандай әсер қалдырады. Оның өзі етіп отырған ішкі ойларына қасында қолма – қол жауап беріп, сөзге араласушы немесе жауап беруші болмайды. Сондықтан монологды сұрау салу, жауап беру сияқты нәрселер бір адамның өз сөзімен ғана шектеліп, тиісті ой мақсатын орындап барып аяқталып отыруға тиіс.
Дата добавления: 2015-09-03; просмотров: 709 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Радиожурналистиканың ақпараттық жанры | | | Смотри пункт первый |