Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Радиожурналистика жаныры мен пішіндерінің эвалюциясы

Читайте также:
  1. Радиожурналистикадағы деректі көркем жанрлар
  2. Радиожурналистиканың ақпараттық жанры

Жанрлардың эволюциясын бәрінен бұрын мынадан: коммуникациялық техниканың дамуынан, аудиторияның әлеуметтік құрамының өзгеруінен, жаңа қоғамдық қажеттердің пайда болуынан, каналдар функциясының өзгеруінен, өмір шындығын неғұрлым тиімді көрсету үшін журналистердің жеке-жеке ізденістерінен көру керек. Тарихи дамуды ескере отырып, радиожанрларының негізгі үш тобын ажыратуға болады: а) газеттен келген жанрлар (қысқаша ақпарат формалары); б) радионың ерекшелігіне бейімделген газет жанрлары (радиодағы мақаланың ерекше формасы ретінде лекциялар); в) радионың өзіндік ерекше жанрлары: репортаж, интервью, әңгіме). Радиожанрдың өзіне ғана тән ерекшеліктері каналдық бейнелеуші құралдарынан туындайды. Олар: а) деректі сөз, жанды сөзді пайдалану әдісі (монолог, диалог); б) оқиғаның дыбыстық сипаттамасы және әрекет болған жер мен осы негізде пайда болған қатысу елесі; в) материалды радиоға сай көркем-публицистикалық өңдеу деңгейі (сөздің, музыканың және синтездің көмегімен көркемдік сапаға қол жеткізу).

Жанрды құрайтын элементтер дегеніміз – радиожанрлардың негізгі компоненттері болып табылады. Оларға: репортердің әңгімесі, диалог түріндегі әңгіме, өмір шындығының дыбыстық көшірмесі, материалды әдеби-көркем өңдеу (стиль мен композиция) жатады.

Радиожурналистиканың жанрлары радиогазет шеңберінде дамыды. Жалпы газет жанрлары радиоға өзінің бастапқы күйінде емес, бірқатар аралық буындар арқылы келді. Жанрлар радиогазетте радиоға бейімделу процесін бастап, қарқынды түрде дамыды. Сөйтіп, газет жанрлары дыбыстық сипат алып радиожурналистика жанрларына айналды.

Эфирден тараған күрделі қосындыда журналистиканың, әдебиет пен өнердің әртүрлі пішіндері мен жанрларын біріктірген радиогазетте бұл элементтер бірімен-бірі қақтығысты, бірімен-бірі өзара қарым-қатынасқа түсті. Бұл процестердің бәрі радиохабар шеңберінде болғандықтан дыбысталу сапасына, ұзақтық мөлшеріне қарай бір-бірімен өзара байланыста болды.

Қазақ радиохабарларындағы радиогазеттер біршама уақыт өмір сүрді, сол кезде олар хабарламалық және насихаттық хабарлардың негізгі түрі болып есептелді. Сол уакыт аралығында көптеген өзгерістерге ұшырай отырып, радиожурналистика жанрларының эволюциясын бейнеледі. Радиогазеттер уақыт өте келе қолданыс аясынан шығып қалды, бірақ, радиожурналистика жанрларының бастауы болып табылатын бұл пішін фактілер мен оқиғаларды, өмір шындығын эфирден берудегі шығармашылық әдіс-тәсілдердің мол арсеналын қалдырды. Тек бұл процесс радиогазет шеңберінде аяқталған жоқ, одан кейін де жалғаса берді.

 

Орфаграфия мен орфаепия, фонетика заңдылықтары

 

Емтихан билеті


Дата добавления: 2015-09-03; просмотров: 262 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Радиохабардың тілі мен стиль ерекшелігі | Шалқар»ақпаратты-сазды бағдарламасы,оның тарихы, өзгешелігі | Радиодағы талдамалы жанр | Радиожурналистикадағы деректі көркем жанрлар | Кеңес дәуіріндегі радио жетістіктері | Радиожурналистің соз мәдениеті | Логиканың радиодағы рөлі | Радиогазет, оның құрлымы, атқаратын қызметі | Емтихан билеті | Емтихан билеті |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Азақстанда радиохабар тарату ісінің тарихы| Радиожурналистиканың ақпараттық жанры

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)