Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Емтихан билеті. 1.Радиодағы ақпарат әлемі және жедеғабыл жаңалықтар

Читайте также:
  1. Емтихан билеті
  2. Емтихан билеті
  3. Емтихан билеті
  4. Емтихан билеті
  5. Курс бойынша емтихан сұрақтары

1.Радиодағы ақпарат әлемі және жедеғабыл жаңалықтар

2. Тікелей репортаж. Жүргізуші шеберлігі

3. Қазақ радиосынан берілетін әдеби хабарларды талдаңыз

 

1. Қазақстанның әуе толқынында қызмет атқаратын радиоарналар жұмыс мазмұнына қарай ақпараттық-музыкалық, музыкалық-ақпараттық, қоғамдық-саяси радиолар болып сараланады. Радиолардың ішкі жұмыс жүйесінің ұйымдастырылуына байланысты ақпарат орталығы, эфирлік студия, деректік қор, концерттік студия болып бөлінеді. Қандай редакцияда болмасын, ақпарат бөлімі жұмыс істейді. Небір шұғыл ақпарат алдымен радиодан күтіледі, сондықтан да радиодағы ақпарат қызметінің рөлі ерекше. Ақпараттық қызмет аясының өзіндік ерекшеліктері, хабар тарату тәсілдері бар. Өмірдегі болып жататын жаңалықтар қаншалықты сан түрлі болғанымен ондағы еңбек етуші ұжым бір құрамда. Сондықтан да ондағы еңбек етуші журналистерден жан-жақты білімділік талап етіледі. Көптеген жайлармен бетпе-бет келеді. Кез келген ақпаратты алу үшін төзімділік, қайсарлық қажет. Мысалы, Ішкі істер министрлігінен алынған журналистердің хабарларында ашықтық, еркіндік, толыққанды ақпарат беруге ұмтылушылық бар. Ал, керісінше Қорғаныс министрлігінен көп ақпарат беруден, сұхбатқа келуден бастартушылық көбірек байқалады. Сондықтан ол хабарларда тұжырым көбінесе "былай көрінеді, осындай сияқты т.б." деген сөздермен жасалады. Ақпараттық қызмет журналистерінің басты міндеті:

Біріншіден, ең алдыңғы, алғашқы болу. Кез келген оқиғаны алдымен хабарлау барысында журналистік әдептен ауытқымау, кәсіби этика сақталуы керек.

Екіншіден, сөйлеушінің уақытын шектеп, оқиға не туралы, не мақсатта, түйіні неде деген сияқты детальдарды ғана ықшамдап алу.

Үшіншіден, "меніңше", "сөйткенге ұқсайды", "шамасы солай" т.б. деген тіркестерді қолданбау, бұл оқиғаның нақтылығынан гөрі дүдәмалдыққа апарады.

Төртіншіден, жан-жақты білім, жеткілікті машық керек.

2. Тікелей эфирде негізінен, сұхбат жанры жиі қолданылады.Тек, оның жанрлық ерекшкеліктері толық ескерілмегендіктен, бәрі бірдей сәтті шыға бермейді. Тікелей эфирдің төл жанры болып есептелетін репортаж қазіргі таңдағы техникалық мүмкіндіктер аясында жаңаша сипатқа еніп, толыға түсті. Тонвагенмен де, ұялы байланыс телефонымен де оқиға ортасынан репортаж жүргізуге болады. Бірақ, тікелей репортаж аса маңызды айтулы оқиғалардан жүргізілетіні белгілі. Сондай, ел өміріндегі елеулі оқиғаның бірі-1991 жылдың қазан айының 2-жұлдызында қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтің Байқоңырдан ғарышқа самғау сәтінен Қазақ радиосының “Тәулік тынысы”- “Панорама дня” бағдарламасы тікелей репортаж жүргізген болатын. Сондықтан да, осындай аса маңызды айтулы оқиғалар кезінде тікелей эфирден репортаж жанрын өз деңгейінде қолдану электронды журналистиканың ұшқырлығын танытпақ.

Тікелей эфирге арналып алдын-ала жазылған мәтін-сценарийлік нұсқа. Енді соған жан бітіріп, хабардың реңін ашу үшін не істеу керек? Әлбетте, ең алдымен хабардың шақыру белгісін әзірлеген жөн. Оны мынадай төрт түрлі жолмен жасауға болады.

  1. Музыкалық шақыру белгісі.
  2. Арнайы мәтін жазылған шақыру белгісі.
  3. Ресми атауын айтып хабарды немесе бағдарламаны ашу.
  4. Әуенмен айтылатын шақыру белгісі.

Бұл, әрине, әрбір радиостанцияда өз имиджіне сәйкес, жаңалықтар оқыларда, уақыт айтыларда беріліп жатады. Ол қазіргідей ақпарат ғасырының талғамы жоғары тыңдарманы үшін аздық етеді. Шақыру белгісін тыңдарманды баурап алудың алғашқы қадамы ретінде тікелей эфирді жүргізетін журналист ұтқыр қолдана білуі тиіс. Келесі кезекте тыңдарман назарын аударатын роликтер мен тақырып мазмұнын ашатын джинглдар жасап оны бағдарлама барысында пайдалану жүргізуші-журналистің аудитория алдындағы сенімін күшейтсе, екінші жағынан тыңдарманды жалықтырып алмауға мүмкіндік береді.

Негізінде, шақыру белгілерін тыңдарман құлағына сіңіру үшін тұрақты түрде берген дұрыс. Ал роликтер мен джинглдарды әр хабар сайын мың құбылтып ұсыну журналист шеберлігінің бір қыры болмақ.

3. Қазақ радиосы өз кезеңінің озат идеяларын бейнелей отырып, радиопішіндерде жинақталған бейнелеудің пәрменді, тиімді құралын табанды түрде іздестірді. Бұл, біз атап өткендей радиохабардың тәжірибесінде радиоүндесулерді, радиомитингілерді, радиожиналыстарды кеңінен пайдалануға жеткізді және радиорепортажды, радиоочеркті, радиофильмді, радиокомпозицияны, радиоақпаратты одан әрі дамыта бастады.

Қазақ радиосы хабарларында радиожанрлардың қалыптасу кезеңі осындай құбылыстарды бастан кешірді.

Ал соңғы он - он бес жылдың аумағында радиожурналистикадағы жұмыс тәсілі өзгерді. Сонымен қатар, бұрын әуе толқынындағы ақпарат кеңістігінде Қазақ радиосы ғана үн қатқан болса, ендігі жерде көптеген тәуелсіз радиоарналар ашылды. Солардың басым көпшілігі тікелей эфир әдісімен хабар таратады. Қазақ радиосының да негізгі жұмыс әдісі – тікелей эфир. Ең алғаш, Қазақ радиосы тікелей әуе толқынындағы жұмысын "Тәулік тынысы" – "Понарама дня" ақпаратты-сазды бағдарламасымен 1989 жылдың 9 қаңтарында бастаған болатын. Бұл ретте, жаңаша жұмыс тәсілін тәжірибе жүзінде іске асырып, күнделікті кәсіби дағдыға айналдырған Қазақ радиосы екенін атап айтқан жөн.

Тікелей эфир радиожурналистикадағы жанрлар мен пішіндердің қолданыс аясына да өзгерістер алып келді. Сондықтан да тікелей эфирдің жанрлық ерекшеліктеріне талдау жасап, оған тән белгілерді топтастыру қажеттігі туындайды. Негізінен, тікелей эфирден ақпаратты және талдамалы жанрлар кең қолданыс тапқан. Оның есесіне деректі көркем жанрлар тікелей эфирде мүлдем ұшыраспайды. Дегенмен, айтулы күндерде берілетін тақырыптық роликтерде, джинглдарда, сондай-ақ, авторлық бағдарламаларда деректі көркем жанрларға тән кейбір белгілер кездеседі. Ал ақпаратты-талдамалы жанрлардың өзі бір радиохабардың өн бойында немесе журналистің тікелей эфирден ұсынған хабарында ауыспалы, аралас сипат алады. Өйткені, шығармашылық-техникалық сипаттағы технологиялық процесс болып табылатын тікелей эфир кезінде жанрлық белгілерді сақтап

 


Дата добавления: 2015-09-03; просмотров: 151 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Радиодағы талдамалы жанр | Радиожурналистикадағы деректі көркем жанрлар | Кеңес дәуіріндегі радио жетістіктері | Радиожурналистің соз мәдениеті | Логиканың радиодағы рөлі | Радиогазет, оның құрлымы, атқаратын қызметі | Емтихан билеті | Емтихан билеті | Радиоөнер және әуе толқынындағы әрбір сөздің салмағы | Емтихан билеті |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Шешендік өнерді меңгерудің кәсіби әдістері| Диктор, актер, журналист жүргізушіге байланысты тіл қолданыстары

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)