Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Емтихан билеті. 1. Радиода теңеу, эпитет сөздерін не үшін қолданады?

Читайте также:
  1. Емтихан билеті
  2. Емтихан билеті
  3. Емтихан билеті
  4. Емтихан билеті
  5. Курс бойынша емтихан сұрақтары

 

1. Радиода теңеу, эпитет сөздерін не үшін қолданады?

2. Шнейдер: “радиода газет тілі емес, кітап тілі емес. Сөйлеу тілі қолданылады”, - деген сөзінің мәнісін түсіндіріңіз

3. Радиодағы монологтық хабарлардыңжанрлық формалары қандай?

1. Образ тар мағынасында - ойды образды жеткізу. Ол - радиожурналистер үшін аса қажетті қасиет. Тыңдаушыны жалықтырмай, қызықтыра, ынтықтыра түсу үшін сөздердің айқын, түсінікті болуы аз. Ол мейлінше әрі ықшамды, әрі суретті болғаны дұрыс. Фельетонист оқиға көрінісін, образдықұралдармен дәл баламалап берсе, тыңдаушы оқиғаны анық "көріп", фельетонист шеберлігіне шын тәнті болып, сүйсіне құлақ қояды. Сол сияқты теңеу, образ, гипербола, эпитеттер тура айтылғаннан гөрі бүркемеленіп, ишара түрінде жеткізілсе көп ұтады. Тыңдаушыны ойландыру, оның фантазиясын іске қосу фельетонистің үлкен ұтысы, жетістігі деп бағаланады.

Образды сөздер тура және баламалы түрде беріледі. Тыңдаушы оны қиялы, фантазиясы арқылы көз алдына елестетіп отырып үғынады. Адам санасының ондай образдарды, сөздерді қабылдау шегі, жылдамдығы болады. Сондықтан тіл байлығымызды, көп білетіндігімізді көрсетеміз деп сөзуарлыққа салып кетуге де болмайды. Немесе күлдіремін деп қисық тіркестерді тықпалай берудің зияндылығы бар екендігін де айтгық.

2. Кейіннен қызылордалық тілші «музыкамен көркемделген радиогазеттің 20 нөмірі әр жұма сайын жүйелі түрде беріліп тұрды. Оның шықпай қалған кезі болған емес» деп хабарлады.

Орынборда саяси радиохабардың басты тұтқасы «Рабочий полдень» (күн сайын шығарды), «Большевистские темпы» және «Жаппай коллективтендіру үшін» (күнара шығады) радиогазеттері болды. Егіс даласында 7 радиохабар беруші және 2 қысқа толқынды аппарат жұмыс істеді.

Осы кезде тағы да радиогазет қандай болу керек деген мәселе төңірегінде өткір пікірталас өрбіді. Біреулер «радио арқылы газет шығару керек» – деді. Басқа біреулер баспа станогында басылатын газеттерді бұқараға басқа да техникалық әдістермен баратын газетпен қосуға шақырды.

Радиогазеттің таралымының негізгі көрсеткіші деп тыңдаушылар бұқарасының қатысу деңгейін алуға тура келеді. Өйткені бұл көрсеткіш оның бұқара санасына қаншалықты жететінін немесе жетпейтінін, оның қаншалықты қабылдағанын және мойындағанын көрсетеді.

Орталық радиогазеттері қуатты радиостанциялар арқылы берілетіндіктен де үлкен аудиторияларға ие болып отырған сияқты болып көрінеді. Ал жергілікті радиогазеттер мұндай қуатты станцияларға қол жеткізе алмайды. Сондықтан олардың аудиториясы да шағын.

Алайда мәселе, ең алдымен, аудитория санында емес, оның сапасында және белсенділігінде. Себебі, қуатты радиостанциялар арқылы берілсе де көп пікір туғызбайтын хабарлар бар екені өтірік пе? Ал, керісінше, сол кездің өзінде белсенді аудиториясы бар «Еңбекші қазақ» және «Советская степь» сияқты да жергілікті хабарлар болды.

Міне, сондықтан да радиогазет өзі өмір сүрген алғашқы күндерден бастап, редакцияның алдында тыңдаушыға тартымды түрде қызғылықты, мазмұнды хабар беруге үйрену міндеті тұрды.

Бұдан кейін радиогазеттің тілі қандай болу керек деген де айтыстар жүрді. Осы тұрғыдан алғанда 1930 жылы «Радиофронт» журналының бетінде (1930, № 2, 48-бет) жарияланған «Радиогазет қалай ұйымдастырылуға тиіс» деген мақала жөніндегі пікірсайыс ынта туғызады. Оның авторы баспа газеттерін қайталауды, олардың тілін радиода пайдалануды айыптады. Мұндай құбылысқа жол беруге болмайды деп санады. «Радиогазет жанды сөйлеу тілінде жүру керек» деді.

Яғни, сол кезде-ақ көптеген адамдар радиода сөйлеу тілі басым болуға тиіс деп санаған. «Радионың тілі кітап тілі емес, газет тілі де емес, сөйлеу тілі болуға тиіс», – деп жазды профессор К.Я. Шнейдер. Радиода сөйлеу тілін қолданудың дұрыстығын Ф.Я.Кон былай деп негіздеді: «Оқырман қандай да бір ойды түсінбей қалса, өзіне түсініксіз үзіндіні қайталап оқи алады. Тыңдаушыда мұндай мүмкіндік жоқ».

3. Монолог – радионовелла, радиохат сияқты хабар түрлерінде қолданылады.

Ләззат Қапышева «Аңсау», «Жарығым-ай», «Алыстаған күндерім», «Өкінбе сен», «Жалған дүние», т.б. радионовеллаларында Ләззат Қапышева тек өмірлік деректер мен ситуацияларға сүйенеді.

Монологтың сөз сөйлеушінің өзінің көңіл – күйі мен ішкі толғаныстарынан басқаша келетін түрі де бар. Ол хабарлау, баяндау тұрғысындағы монолог. Мұнда оқиға сендіру мақсатында оның жай – күйін логикалық тұрғыда дамыта мазмұндау қажет. Яғни, үгіттік сипатта бар болуы мүмкін. Бұл орайд субьекті мен объекті бөлініп, сөйлеуші сөзі өзіне байланысты емес, керісінше басқа біреуге арналғандай болады. Оның өз адресі бар деген сөз. Монологты бір адам жүргізетін болғандықтан, көбіне – көп ол шешендікті, сөз тапқырлықты қажет етеді.

Радиоәңгіме – монологқа құрылатын деректі-көркем жанр. Оған да радиоочерктегі тәрізді өмірлік дерек өзек болады. Сондықтан да, радиоәңгіме деректік сипат алады. Ал көркемдік деңгейі тұрғысынан келетін болсақ, бұл жанр әдебиеттегі әңгіме жанрының белгілерін тұтас қамтиды да, радионың табиғатына тән көркемдік элементтерді бойына сіңіреді. Әңгіменің негізгі жанрлық элементі ең алдымен, жанды сөз, содан соң музыка, келесі кезекте дыбыс эффектілері. Радиоәңгіменің мазмұнымен қатар эфирден берілу тәсілі, естілу ерекшелігі де тыңдармандарды тартып, оның көңіл күйіне әсер етіп, дыбыс арқылы оқиға көрінісі, кейіпкер бейнесі сомдалуы қажет.

Радиожурналистика жанрларының өзіндік ерекшеліктері радионың бейнелеуші құралдарынан келіп туындайды. Олар: жанды сөз (оны пайдалану әдісі; монолог пен диалог), дыбыстық дерек (өмір шындығының дыбыстық көшірмесі), музыка (радиохабардың әуенмен әрленіп, сазбен көмкерілуі, монтаж) сөз, музыка, дыбыс эффектілерінің астастырылып, көркемдік деңгейге жетуі.

 

 


Дата добавления: 2015-09-03; просмотров: 165 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Кеңес дәуіріндегі радио жетістіктері | Радиожурналистің соз мәдениеті | Логиканың радиодағы рөлі | Радиогазет, оның құрлымы, атқаратын қызметі | Емтихан билеті | Емтихан билеті | Радиоөнер және әуе толқынындағы әрбір сөздің салмағы | Емтихан билеті | Шешендік өнерді меңгерудің кәсіби әдістері | Емтихан билеті |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Диктор, актер, журналист жүргізушіге байланысты тіл қолданыстары| Ж. радиода пайда болған жанрлар мен пішіндер радионың дамуына қандай үлес қосты?

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)