Читайте также:
|
|
2. Радиоөнер ешбір елде бірден қалыптасып, бірден толысып кеткен жоқ. Бұның ашылар қойнауы мен құпиясы, сыры мен қыры әлі көп. Сондықтан да болар, радиоөнердің тәжірибелерін жинақтаған толық бір теориялық негіз әлі күнге жасалмай келеді.
1979 жылы В.В. Егоров пен В.Н.Ружников былай деп жазады: “...радио мен телевизия өнері ерекше жаңа түр ретінде барған сайын өзінің мол мүмкіндіктерін ашты. Олар өзге де өнер салаларымен бірге, халқымыздың рухани мәдениетінің молшылығы үшін белсенді араласып келеді. Газет, журналдардан айырмашылығы - телевизия мен радиохабары телефильмдер мен радиоспектакльдер - өнер шығармаларын жасау мүмкіндігі бар”.
Радиоөнердің сипатын радиотехниканың мүмкіндігіне байланыстырып, немесе радиожурналистиканың ерекшелігіне жатқызып айтылатын кейбір пікірлер бұл өнер табиғатына толық үңіле алмай келеді. Ол әлі де болса зерттеу аясын кеңітіп, тыныс алғыза түсуді керек ететін, болашағы зор, сипаты сырлы ерекшеленер өзіндік негізі, бұтақ жаяр кеңістігі бар үлкен өнердің бір саласы деуге әбден болады.
Өнертану ғылымының кандидаты Т. Марченко бір мақаласында: “Соңғы жылдары радиодраматургияның жетістігі ерекше сезіле бастады. Ол театрдағы пьеса, киносценариймен бірдей кәдімгі әдебиеттер құрамына енді. «Әлемдік радиопьесалар» сериясы бойынша “Млечный путь” деп аталатын жаңа жинақ шықты. Радиоқабылдағыштың құлағын қосар болсақ, акустикалық театр мәдениетінің өскендігіне, шығарманы радиоөнердің айқын да әсерлі тілмен жеткізетіндігіне сенеміз” деп жазды.
Радиоөнері туралы айтпас бұрын, әуелі мына бір екі мәселенің басын ашып алу керек сияқты. Радиохабарларын көркемдеу бар да, радиоөнер бар. Бұл екеуі әсте шатастыруға болмайтын өз алдарына мүлдем жеке-дара ұғым. Кино, театр өнері сияқты радионың да өзіне тән, табиғатына лайық көркемдеу тәсілдері бар. Ол ең алдымен сөз мәнерінен, музыка өнерінен, композициялық стилінен көрінеді.
3. Микрофондар – акустикалық тербелісті электрлі тербеліске айналдыратын құрал. Ол телефон және радиобайланысында, теледидарлар мен радио хабарларын таратуда, дыбыс жазу орындарында және күшейту жүйелерінде қолданылады. «Микрофон» сөзі – гректің «mikro» - аз, шағын, «phone» - дыбыс деген сөзінен шыққаны этимологияда дәлелденген. Дыбыстық тербелістерді қабылдап, бірден электрлі сигналға айналдыратын бірден - бір құрал. Яғни, микрофон алдында сөйленген сөз төменгі жиіліктегі электр тогына өзгертіледі. Дыбыс ауа толқындарының әсерінен тербеліске түсетін жұқа диафрагма катушкаға тиеді. Катушкаға диафрагма тиген кезде магнит өрісі пайда болады. Оның әсер етуі арқылы ток индукцияланады. Индукцияланған ток жіңішке сым арқылы күшейткішке жіберіледі де дыбыс жазғыш тетікке беріледі. Ол өзінше жанасып қозғалатын магниттік үнтаспаға түсіріледі.
Микрофондардың басты сипаты бағытталуында болып табылады. Әр микрофон түрлі бағыттардан келетін дыбыстарға сезімталдығы да әр түрлі болып келеді. Сондықтан микрофондарды екі топқа бөлуге болады: бағытталған және бағытталмаған деп. Ал, атқаратын функцияларына қарай, микрофондар электродинамикалық (катушкалы, ленталы), конденсаторлы, пьезоэлектрлі, электромагнитті, көмірұнтақты болып бөлінеді. Сонымен бірге, стерефониялық, тік бағытты, көп бағытты, шағын көлемді радиомикрофондар болып та сараланады. Радиода, теледидарда катушкалы, конденсаторлы, ленталы микрофондар көп қолданылады. Электродинамикалық катушкалы микрофондардың теледидар орталықтарында және радиоүйінде қолданылуы тиімді болып отырғандығы тәжірибеде дәлелденген. Заман талабына орай, электронды дәуірдің жаңалықтары күннен күнге жаңартылып, өндіріске қолданылу үстінде. Пішіндері өзгертілгенмен де, қолданылу аясы кеңейгенімен де, дизайндық сапасы жақсарғанымен қызмет көрсету функциясы, дыбыс жазу технологиясы бұрынғы негізде сақталған. Микрофон құралдарының бәріне ортақ элемент - диафрагма болып табылады. Ол пластинка, мембрана, лента түрінде болады. Металдан, диэлектриктен, пьезоэлементтен жасалуы мүмкін. Ең алғашқы микрофондардың түріне көмірұнтақты микрофондар жатады. Көмір ұнтағының ауа тербелісінен қозғалысқа түсуі арқылы жұмыс істейтін микрофондар қазіргі кезде өндірісте қолданылмайды. Пьозоэлектрлі микрофондар сапасы жағынан аса жақсы болмағанымен қарапайым жұмыс жазуда немесе дыбыстық эффект беру үшін қолданылады. Ал, ленталы микрофондардың дүниежүзілік радиобайланысында ұзақ жылдар пайдаланылып, өз сапалылығын тәжірибеде көрсеткен микрофондар қатарына жатады, әрі табысты қолданылу үстінде. Олар сыртқы әсерге аса сезімтал келеді, сондықтан сыртқы жағдайдан сақтауды қолдайды. Ленталы микрофонның ішіне полюстері көрсетілген таспа сияқты магнит орналастырылып, арасына фольгадан жасалған осы тәрізді жұқа пленка бекітілген. Дыбыстың әсерінен лента қозғалысқа түсіп, магнит өрісіне әсер ету арқылы электр қуаты пайда болады. Ал, электродинамикалық микрофондарда полюстердің арасына катушка орналастырылған. Диафрагманың тербелісі кезінде катушка бірге тербеліп, сол арқылы электр тогы пайда болады..
Конденсаторлы микрофон – сапалы, қызмет көрсету мерзімі ұзақ микрофондар типіне жатады. Бұлар өздігінен электр қуатын шығармайды, сондықтан жұмыс барысында қосымша ток күші қозғалмалы электродқа әсер ететін полимер пленкадан жасалынған. «Дөңгелек үстел» өткізгенде, немесе шағын топ қатысқан хабарларды жазған кезде осы конденсаторлы микрофон ыңғайлы болып табылады. Конденсаторлық микрофондардың конденсаторына тұрақты электр заряды қосылған, яғни қосымша ток күшінің қажеті жоқ.
Конденсаторлы микрофондардың жетілдірілген электредті түрі МКЭ – 4М. Бұл дыбыс жазу құралы телерадиохабарлар жасауға, студияларда музыканың, сөздің жазылуына, театрларда, концерт залдарында пайдалануға арналған. Электретті микрофондардың тағы бір түрі – МКЭ – 5. Бағытталмаған, орындаушының кеудесіне қысқыш арқылы бекітілетін шағын микрофон. Арнайы ток көзі қолда немесе қалтада сақталады.
Қоршаған ортадан түсетін дыбыс толқындары микрофон диафрагмасына әсер еткен уақытта әр түрлі тербелісте болады. Әртүрлі болуы дыбыс толқынының қай жақтан әсер етуіне қарай өзгереді. Сол себепті, микрофон диаграммасын негізі үш типке бөлуге болады: дөңгелек, жүрекше тәрізді және сегіз санының пішіні түрінде. Бағытталу диаграммасының формалары микрофондардың жұмыс принциптеріне байланысты. Микрофонның сезімталдығы деген ұғым түскен сигналмен шығатын дыбыс қысымының бірлігімен айқындалады. Ол бірлік децибелмен өлшенеді. Сонымен, микрофонның сезімталдығы ең төменгі электрлі сигнал арқылы анықталады, күшейткіштен дыбыстың шығуы арқылы байқалады. Кейбір бағытталған микрофондардың сезімталдығы аса нәзік, егер микрофон өз осінен сәл ауытқитын болса қабылдағыштық қасиеті азаяды. Микрофонға қойылатын өзіндік талаптар бар: берілетін дыбыс деңгейінен электрлі сигнал жасалуы қажет және ол құралдың өзіндік электрлі шуларының деңгейінен аспауы керек; шыққан сигналға кедергілер болмауы тиіс; аппаратқа қосылған соң жиіліктегі дыбыстардың біркелкі берілуі қажет.
Динамикалық микрофондар қолдануға ыңғайлы, сапалы мықты болып табылады. Ал, конденсаторлық дыбыс қабылдағыштар керісінше осал келеді. Мысалы, қатты қозғалыста жүретін өнер көрсетушілердің қимыл- әрекеттерінен микрофон құрылымы өзгеріске түсіп қалуы мүмкін. Мұндай сәттерде – электродинамикалық микрофондар қолайлы. Тек қана кабельдердің жалғанбай немесе ажырап қалмауын қадағалаған жөн. Кейбір табиғат өзгерістері кезінде, мысалы, далада, жел өтінде т.б жағдайларда журналистерге жұмыс істеу сәті тууы мүмкін. Ондайда, төзімді болып табылатын ленталы микрофондар. Яғни, студиядан тыс жұмыс кезінде осындай құралдармен жарақталған абзал. Микрофондарды қолдану кезінде формасына, түріне, салмағына көңіл бөлу қажет. Қажетті жағдайларда микрофондарды таңдау тәжірибелі дыбыс режиссерлеріне тапсырылады. Аудиториясының көлеміне, жазылатын хабарлардың барысына орай микрофондар үстелдік, едендік, аспалы және кеудеге тағылатын болып бөлінеді. Әр түрлі жағдайда микрофонмен жұмыс істеу әр қалай болып келеді. Егер орындықта отырған адамның сөзі жазылатын болса оның аузынан 30 –40 см. жерге микрофон қойылуы тиіс. Қағаздан оқылуға тиісті сөз болса, онда қағаз столда жатуы керек, қолға ұстап тұрған болса сыбдыры жазылып қалады. Парақтарды ауыстыру қажет болған жағдайда жұмсақ, сықырламайтын қағаздарды пайдаланған жөн. Немесе, парақты аудармай-ақ баспалдақ тәріздес етіп жылжытып отыру керек. Сонан соң сөйлеушінің қолы арқылы қозғалып кетпеуін бақылау қажет. Мұндай жағдайларда көбінесе кеудеге тағылатын «петличка» микрофоны ыңғайлы болып табылады.
Егер хабарға қатысушы екі адамның сөзін жазу керек болған жағдайда үстелдің бұрышын орталарына қалдырып не болмаса бір жағына жақын етіп отырғызып, олардың әрқайсысынан микрофонды 40 – 50 см. жерге орналастыру керек. Егер көп адам қатысатындай болса доға тәріздес етіп орналастырған жөн. Ал, музыкалық ансамбльдер болса, онда тік тіреуге дыбыс қабылдағышты бекіту керек.
Үй жағдайында дыбыс жазу қажеттігі болған кезде үй ішінде артық шу беретін заттардан (сағаттың тықылы, телефонның шылдыры, су ағардың дыбысы т.б.) босатып, неғұрлым дыбыстың өшуі процесіне қатысты заттармен (кілем, қалың төсеніштер, жұмсақ мебельдер т.б.) қамтылғаны дұрыс. Әрине бұл айтылғандар микрофонды пайдаланудың шағын ғана түрлері. Оның әр түрлі жағдайларда қолданылатын көптеген әдіс-тәсілдері бар. Тәжірибелі инженерлер дыбыс режиссерлері жазылуға тиісті хабардың пішінін, жанрын, маңызын т.б. жағдайларын алдын-ала зерттеп барып орналастыруы тиіс, немесе озық технология үлгілерін пайдаланулары мүмкін.
Электронды журналистиканың өнімдері ұжымдық болып саналатындықтан техникалық немесе шығармашылық топтар бірлесе еңбек еткенінің нәтижесінде жақсы хабарлар өмірге келеді. Сондықтан, хабардың көркемдік жағына шығармашылық топ жауапты болса, техникалық жарақтандырылуына техникалық топ мүдделі.
Бағытталу диаграммасының формалары микрофондардың жұмыс приципіне байланысты. Микрофон құралына қатысты өзіндік талаптар бар: берілетін дыбыс деңгейінен электрлі сигнал жасауы және ол микрофонның өзіндік электрлі шуларының деңгейінен аспауы қажет, шыққан сигналға кедергілер болмауы керек, барлық жиіліктегі дыбыстар аппаратқа қосылған соң біркелкі берілуі қажет. Сонда дыбыс деңгейі бірқалыпты болып, жазылған дыбыс сапасы жақсарады.
Микрофондар қолданылу қызметіне қарай үш түрге бөлінеді: су асты тербелісін жазатын құралдар - гидрофон, жер қабатындағы дыбысты - геофон, ал ауадағы дыбысты жазатын құрал - микрофон деп аталады. Электрониканың дамуы күннен-күнге қарқын алуда. Бұл құралдардың тек дизайны ғана емес, атқаратын функциялары да жетілдірілуде. Дыбысты сезгіштік қасиеттері артып, дыбыстың жазылу сапасы да жақсара түсуде. Ең сапалы микрофондар қатарынан электретті микрофондар көрінуде. Жартылай кәсіби немесе тұрмыстық жағдайда қолданылатын шағын, бағытталмаған МКЭ – 3, кардиоидты, бір бағытты МКЭ – 9; бір бағытты МКЭ – 271 (бұрынғы МКЭ – 100) маркалы магнитофондар музыканы жазуда табысты қолданылуда. Әр түрлі радиомикрофондар өте кең таралып, қолданыс табуда. Аса озық технологияларда қолданылатын С414XLS, CGN321E, CGN523 және СНМ – 21 сияқты микрофондар дүниежүзілік масштабта өзіндік орын алуда. Ал, AS – SP8 800P, AJSDG 615 маркалы видиокамералар және олардың микрофондары озық үлгідегі құралдар болып саналуда. Бұл құралдарды өндірушілер әлемге әйгілі SONY, Panasonic, JVC, Thomson секілді фирмалар.
Аудиовидеоқұралдардың жетілдірілуіне байланысты технология да жаңарды. Болашақ журналистердің жауапкершіліктері сын кезінде. Шығармашылықпен қоса техниканың озық үлгілерін меңгеру талабы да арт
Дата добавления: 2015-09-03; просмотров: 307 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Емтихан билеті | | | Емтихан билеті |