Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Радиоүндесу мен радиогазеттің айырмашылығы неде?

Қазақтың тұңғыш радиогазеті: «Еңбекші қазақ» осылайша бір жылға жуық шығып тұрды».

Көріп отырғанымыздай, бұл жерде көп тәжірибе баспа газеттерінен алынғанмен, тек қана радиоға тән өзіндік белгілер де біртіндеп қалыптаса бастағаны айқын аңғарылады. Бұлар: сөйлеу тілі, бірнеше дауыспен оқу, аудиторияға сөз тастау, автордың тыңдаушылармен тікелей әңгімесі, сұрақтарға жауаптардың тікелей берілуі, материалдардың барынша ұғынықтылығы және т.б.

Кеңес радиосы қалыптасу кезінде оның қоғамдық-саяси хабарларының негізін радиогазеттер құрады. Ал газет хабардың мазмұны, мәні болды. Хабардың өзі оның дыбыс арқылы бейнеленуінен тұрды. Осылайша қазақ радиогазеттері біршама уақыт өмір сүрді. Ол осы уақыт ішінде ақпарат және насихат хабарларының негізгі пішіні ретінде едәуір өзгеріске ұшырады. Бұл өзгерістер хабардың аса маңызды жанрларының эволюциясын бейнелейді, олар үшін радиогазет құнарлы орта болды. Радиогазеттер өткен жол өзінің соңында шығармашылық әдістерінің жиынтығын, ойдағыны эфирде бейнелеу әдістерін қалдырды. Радиогазеттердің даму ерекшеліктерін талдау қызғылықты, сондықтан тарихи жағынан ғана емес, сондай-ақ әдістемелік жағынан да құнды. Өйткені оларда ізденістердің, қателіктердің, жетістіктердің тағылымды тәжірибесі бар.

30-шы жылдар – радионың «алтын ғасыры». Радиожурналистикадағы "пішін" мен "жанр" ұғымы. Радиожурналистика пішіндері мен жанрлары эволюциясы. Қазақстандық радиогазеттер. Радиожурналистиканың жаңа пішіндерінің жетілуі мен радиогазеттердің жойылуы. Радиоға тән ерекшелігі бар хабарлардың көбеюі. Микрофон алдындағы көсемсөз, тікелей хабар тарату — радиожурналистиканың жаңа пішіндері. Алғашқы студиядан тыс хабарлар. Радиожиналыс, радиомитинг және басқа да кеңестік кезеңдегі радиохабар таратудың пішіндері мен жанрлары.

Радиоүндесу – бұрыннан қалыптасқан, қазіргі таңда жаңаша сипатқа ие болған пішін. Қалааралық тікелей телефон желісіндегі байланысқа меншікті тілшілердің шығуы арқылы, сондай-ақ, тонвагеннің және ұялы байланыстың көмегімен оқиға өтіп жатқан жердегі тілшімен тілдесу нәтижесінде жасалатын
пішін. Радиоүндесу айтулы оқиға, өзекті проблема болған жағдайда ғана ұйымдастырылуы тиіс. Өйткені, оның әрбір минуты қыруар ақша болып есептеледі. Радиоүндесу негізінен байланысқа шыққан екі журналистің әңгімесінен тұрады. Кейде тақырыпқа сәйкес лауазым иесі, жауапты қызметкер сөзге тартылуы мүмкін. Радиоүндесу кезінде тікелей телефон желісіндегі тыңдарманның сөзіне саналы түрде жол берілмейді. Себебі, бұл пішіннің тақырыбы нақты, уақыт мөлшері өлшеулі болып келеді. Радиоүндесу тікелей техникаға тәуелді пішін. Телефон желісіндегі байланыс іске қосылмаса, жүргізуші өзі әзірлеген басқа бір дыбыстық жазбаны беріп немесе жазбаны оқып шығуы мүмкін. Бірақ, оның ешқайсысы радиоүндесуді алмастыра алмайды. Ән немесе музыка радиоүндесу басталмас бұрын я болмаса, радиоүндесу аяқталғаннан кейін ғана беріледі.


Дата добавления: 2015-09-03; просмотров: 99 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Логиканың радиодағы рөлі | Радиогазет, оның құрлымы, атқаратын қызметі | Емтихан билеті | Емтихан билеті | Радиоөнер және әуе толқынындағы әрбір сөздің салмағы | Емтихан билеті | Шешендік өнерді меңгерудің кәсіби әдістері | Емтихан билеті | Диктор, актер, журналист жүргізушіге байланысты тіл қолданыстары | Емтихан билеті |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Ж. радиода пайда болған жанрлар мен пішіндер радионың дамуына қандай үлес қосты?| Радиохабардағы саз- бейнелеудің тиімді құралы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)