Читайте также: |
|
A) Гастростомияны жасап, ойық жараны тігу;
B) Бағаналы ваготомия жасау;
+C) Лапаротомия және асқазан резекциясы;
D) консервативті терапияны жалғастыру;
E) Айналмалы гастроэнтероанастомоз салу;
Ер адам И., 24 жаста хирургиялық бөлімшеге 5 сағат бұрын іштің жабық жарақатымен госпитализацияланған. Жедел түрде диагностикалық лапароскопия жасалды. Бауырдың диафрагмальді бетінде висцеральді бетіне өтетін кернелген субкапсулярлы гематома 12х10 см анықталды. Құрсақ қуысында қан жоқ. Тиянақты зерттеу нәтижесінде басқа зақымданылар жоқ. Осы жағдайда қандай әрі қарайғы тактика анағұрлым орынды?
A) Гемостатикалық тігіс салув;
+B) Гематоманы пункциялап босату;
C) Капсуланы ашып гематоманы босату;
D) Бауыр асты кеңістікті босату;
E) Диатермокоагуляциялау және тахокомб салу
42 жастағы науқаста диагностикалық лапароскопия кезінде іштің оң бөлігінде серозды перитонит және 12 елі ішек буылтығының алдыңғы қабырғасында 0,2 см тесік анықталды. Науқас 42 жаста, ойық жара анамнезі жоқ. Осы жағдайда қандай әрі қарайғы тактика анағұрлым орынды?
A) Жоғарғы ортаңғы лапаротомия және асқазанның 2/3 резекцисы;
B) Лапаротомия және тесікті екі қатар тігіспен тігу;
C) Жоғарғы ортаңғы лапаротомия, ваготомия пилоропластикамен бірге;
D) Лапароскопиялық бағаналы ваготомия және тесікті тігу;
+E) Лапароскопиялық тігу, құрсақ қуысының санациясы және дренаждау
Науқас С., 46 жаста хирургиялық бөлімшеге ойық жара этиологиялы асқазан-ішек жолынан қан кетудің жеңіл дәрежесімен жатқызылды. 3-тәулікте бөлімшеде: қайталамалы қан аралас құсу, сұйық қара нәжіс, гемоглобин 80 г/л, эритроциттер 2,0х1012, гематокрит 22%, пульс 110 рет мин., АҚ 100/60 мм с.б.б. Жедел ЭФГДС кезінде 12 елі ішектің созылмалы ойық жарасы борпылдақ тромбпен жабылған, қуысында кқп мөлшерде «кофе тұнбасы» анықталды. Осы жағдайда қандай әрі қарайғы тактика анағұрлым орынды?
+A) Жедел операция жасау;
B) Консервативті терапия жасау;
C) Асқазан тамырларын эмболизациясын жасау;
D) Ұзартылған тәртіпте операция;
E) Зонд қойып, жергілікті гемостаз жасау;
Науқаста С., 56 жаста диагностикалық лапароскопия кезінде аралас панкреонекроз белгілері: асқазан-тоқ ішек бойламында, ұйқы безінде және шарбымайда стеатонекроздар және геморрагиялық дақтар анықталды. Құрсақ қуысында серозды-геморрагиялық сұйықтық 500-700 мл дейін. Осы жағдайда қандай әрі қарайғы тактика анағұрлым орынды?
A) Бағдарламаланған лапаростома салу;
B) Құрсақ қуысын эксудатын ғана алып тастау;
C) Лапаротомия, шарбымай қалтасын ашу;
D) Лапаростомия, шарбымай қалтасын және құрсақ қуысын дренаждау;
+E) Шарбымай қалтасын және құрсақ қуысын лапароскопиялық дренаждау;
38 жастағы Ч., науқаста құрсақ қуысына енген жарақаты бар ревизия кезінде жіңішке ішектің бірнеше жерден зақымданғаны (20 см қашықтықта 6 жара бар, өлшемдері 2х1, 0,5х1см) анықталды. Осы жағдайда операцияның қандай көлемі анағұрлым орынды?
A) Ішек жарақаттарын сына тәрізді кесіп алу;
B) Ішек жараларын бөлек-бөлек тігу;
C) Жараларды тігіп жіңішке ішек интубациясын жасау;
D) Зақымданған ішек бөлігін құрсақ қабырғасына шығару;
+E) Ішек сегменті резекциялау және ұшпа-ұш анастомоз жасау;
70 жастағы науқаста Д., перитонит себебінен жасалған операция барысында төменгі шажырқай артериясының тpомбоэмболиясының фонында тоқ ішектің төмендеген бөлігінің некрозы анықталды. Осы жағдайда операцияның қандай көлемі анағұрлым көрсетілген?
A) Сол жақты гемиколэктомия анастомозбен бірге;
+B) Сол жақты гемиколэктомия колостомиямен бірге;
C) Эмболэктомия және бағдарламаланған лапаростомия;
D) Ішектің некрозданған бөліктерін тампонмен шектеу;
E) Ішектің некрозданған бөлігін алдыңғы құрсақ қабырғасына шығару;
Науқас 26 жаста, хирургиялық бөлімшеге аппендикулярлы инфильтрат көрінісімен жатты. Шыққаннан кейін денсаулықтың нашарлауы байқалды, дене температурасы 390С дейін көтерілді, іште ауырсыну сезімі және әлсіздік байқалды, 3 тәулікте инфильтраттың абсцесстенуі белгілерімен түсті. Осы жағдайда Сіздің емдік тактикасы қандай?
A) Қор (резерв) антибиотиктерін көктамыр ішілік тағайындау;
B) Дезинтоксикациялық терапия жүргізу;
C) Плазмаферез және физиоем тағайындау;
+D) Абсцессті ашу және дренаждау;
E) Диагностикалық лапароскопия жасау;
Жедел түрде 53 жастағы науқас хирургиялық бөлімшеге түсті. Диагнозы ауырған күннен бастап 3 апта бойы жұқпалы панкреонекроз ауруы іріңді-некроздық асқыну кезеңінде. Дәрігер науқасқа операция жасауды ұйғарды. Осы науқасқа операцияның қандай түрі тиімді болып табылады?
A) Сальникті сөмкені дренаждаудың жабық әдісін қолдану;
+B) Сальникті сөмкені дренаждаудың үйлестірілген әдісін қолдану;
C) Холецистостома салу және сальникті сөмкені дренаждаудың сыртқы әдісін
D) Сальникті сөмкені дренаждау және лапороскопия жасау;
E) УДЗ арқылы бақылай отырып, барлық іріңдік ошақтарды сорып алып тастау және дренаждау;
Қабылдау бөліміне хирургқа 44 жастағы еркек адам жедел жәрдем көмегімен асқазан-ішек жолынан қан кетумен, геморрагиялық шок 1 дәрежесінде жеткізілді. Осы жағдайда қандай ем анағұрлым бірінші кезекте болуы тиіс?
A) Эритромасса құю;
B) Бүтін донорлық қан құю;
C) Тек кристаллоид ерітінділерді құю;
+D) Кристаллоид және коллоид ерітінділерді құю;
E) Жаңа мұздалған плазманы құю
Науқас Л. 37 жаста, аудандық ауруханаға асқазанның тесілген жарасы белгілерімен түсті. Клиникадағы орын алған жағдайларға байланысты, анестезиолог болмады. Санавиацияны шақырды, анестезиолог келгенге дейін хирург тейлор әдісі бойынша тесілген жараны консервативті емдеу түрін жүргізуге бел буды. Осы тәсіл бойынша төменде аталғандардың қайсыс сәйкес келеді?
A) Асқазанның жиырылуын төмендететін заттарды қолдану;
+B) Асқазанға зондты өткізу, ішіндегі сұйықтықты үнемі аспирациялау;
C) Асқазанға зондты өткізіп, салқындатылған ертіндімен жуу;
D) Жергілікті гипотермия және тұз ерітінділерін көк тамыр ішіне жіберу;
E) Тұзды ерітінділерді және антибиотиктерді енгізу;
Науқас Н, 56 жаста стационарға қысылған шап жарығына күмәнмен жеткізілді. Ауыр көтергеннен кейін шап аймағында ауру сезімі пайда болды, Ауру сезімі тұрақты, орташа. Науқас семіздіктен зардап шегеді. Бұрын жарықтар болмаған. Кезекші дәрігер қарап тексергенде дәлелдейтін белгілерді анықтамады. Осы жағдайда анағұрлым орынды әрі қарайғы тактика қандай?
A) Жедел операция жасай;
+B) Госпитализациялау және бақылау;
C) Емханаға зерттелуге жіберу;
D) Диагностикалық лапароскопияны тағайындау;
E) Салмақ түсіру бойынша ұсыныстар беру;
Науқас И., 40 жаста хирургиялық бөлімшеге жедел холецистит көрінісімен түсті. 3 тәулік бұрын емдәм бұзғаннан кейін ауырған. Медициналық көмекке жүгінбеген, емделмеген. Стационарда науқасқа адекватты консервативті ем жүргізілді, бірақ одан тек уақытша оң нәтиже болды. Ауру сезімі сақталуда, перитонит белгілері пайда болды. Осы жағдайда анағұрлым орынды әрі қарайғы тактика қандай?
A) Диагностикалық лапароскопия жасау;
B) Лапароскопиялық холецистостома салу;
C) Консервативті емді жалғастыру, қор антибиотиктерін қосу;
D) Лапаротомия, холецистостомия, құрсақ қуысын санациялау және дренаждау;
+E) Лапаротомия, холецистэктомияны жасау;
Науқас Г., 58 жаста хирургиялық бөлімшеге механикалық сарғаю көрінісімен түсті. Ауырғанына 1 апта болған. Механикалық сарғаюдың себебін анықтау үшін науқас зерттелді. Үлкен дуоденальді емізік аймағында қысылған тас анықталды. Осы жағдайда анағұрлым орынды әрі қарайғы тактика қандай?
A) Холедоходуоденоанастомоз салу
B) Супрадуоденальді холедоходуоденоанастомоз салу
C) Холедохотомия, тасты алу, Пиковский бойынша дренаждау
+D) Эндоскопиялық папиллотомия және тасты алу;
E) Ру ілмегінде холедохоэнтероанастомоз салу.
Науқас Н., 37 жаста хирургиялық бөлімшеге оң қабырға астындағы ауру сезіміне, дене температурасының 39,0 С дейін жоғарлауына, қалтырауға, қатты терлеуге, тәбетінің тқменеуіне, шөлдеуге шағымданып түсті. Ауырғанына 1 апта болған. Анамнезінде: 1 ай бұрын гангренозды холецистит себебінен операция жасалған. Жүргізілген емнен кейін науқас шыққан. Қарап тексергенде: бауыры үлкейген, терісінің сарғаюы бар. Қан аналізінде: лейкоциттер 13,0х109, гемоглобин 127 г/л, эритроциттер 4,7х1012, СОЭ 43 мм/ч Қандай диагноз анағұрлым ықтимал?
+A) Холангит;
B) Бауыр абсцессі;
C) Вирусты гепатит;
D) Хрониосепсистің асқынуы
E) Созылмалы гепатиттің асқынуы
Науқас Ж., 34 жаста хирургиялық бөлімшеге өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кетумен түсті. Науқас вирусты гепатиттен кейін бауыр циррозымен ауырғанына 10 жыл болған. Шемен себебімен бірнеше рет ауруханада жатқан. Науқасқа Блейкмор зонды қойылды, консервативті ем тағайындалды, жүргізілген емге қарамастан қан кету жалғасуда. Науқасқа операция көрсетілген. Осы жағдайда қандай кең таралған операция түрі көрсетілген?
A) Спленэктомия және гепатофренопексия;
B) Портокавальді анастомоз бүйір бүйіріне;
C) Портокавальді анастомоз ұшы бүйіріне
D) Спленоренальді анастомоз ұшы бүйіріне;
+E) Гастротомия, варикозды веналарды тігу
Науқас Л., 20 жаста хирургиялық бөлімшеге жедел аппендицит клиникасымен түсті. Анамнезінен ауырғаны 3 тәулік болған, медициналық көмекке жүгінбеген. Іштегі ауру сезімі басылмағандықтан, дәрігерге келген. Қарап тексергенде: оң мықын аймағында жергілікті ауру сезімі. Ровзинг, Бартомье-Михельсон, Образцов симптомдары оң. Қандағы лейкоциттер - 10,4х109. Науқасқа операция жасалды. Операция барысында аппендикулярлы инфильтрат анықталды. Осы жағдайда әрі қарайғы қандай хирургиялық тактика анағұрлым орынды?
+A) Өсіндіні бөліп алу және аппендэктомия жасау
B) Инфильтратқа дәкелі тампон қою
C) Резенке шығарғыш қалтыру және жараны тігу;
D) Инфильтратқа микроирригатор қою жеткілікті
E) Дренаж қою және антибиотиктер тағайындау, физиоем
Науқас Е., 30 жаста хирургиялық бөлімшеге сегізкөз аймағындағы ауру сезіміне, дене температурасының 37,8 С дейін көтерілуіне шағымданып түсті. Суықтаумен байланыстырады. 2 жыл бұрын науқасқа эпителиальді құймышақ жол қойылған, ұсынған операциядан бас тартқан. Қарап тексергенде ауру сезімді ісік тәрізді түзіліс анықталады, тері гиперемиясы және бөксеаралық қабат пен сегізкөз аймағында оң флюктуация симптомы анықталады. Осы жағдайда қандай тактика анағұрлым орынды?
A) Абсцессті ашу және іріңді қуысты дренаждау
B) Эпителиальді жолды кесіп алу және жараны бітеу тігу;
C) Асцесс пункциясы, оны жуу және антибиотиктер енгізу
D) Абсцессті ашу эпителиальді жолды кесумен бірге және жараны дренаждау
+E) Абсцессті ашу эпителиальді жолды кесумен бірге және жара шеттерін түбіне қарай тігу
Науқас Д., 45 жаста хирургиялық бөлімшеге іштің жоғарғы бқлігіндегі ауру сезіміне, жүрек айнуға, асқазан ішіндегісімен екі рет құсуға, әлсіздікке, 37,6 С дейін дене температурасының жоғарлауына шағымданып түсті. Ауырғанына 5 тәулік, емдәм бұзғаннан кейін болған. Жалпы жағдайы ауыр. Іші кернелген, жоғарғы бөлімдерінде ауру сезімді. Ортнер, Мерфи, Керр және Щеткин- Блюмберг симптомдары оң. УДЗ: өт қабы көлемі үлкейген, екі контуры бар. Оң бүйір каналында бос сұйықтық. Осы жағдайда қандай тактика анағұрлым орынды?
A) Қосарланған антибиотикотерапия тағайындау
+B) Жедел оперативті ем дайындықтан кейін
C) Консервативті терапия, новокаинді блокада жасау
D) Жедел түрде құрсақ қуысының лапароскопиясын жасау
E) Жоспарлы оперативті ем, ауру сезімі басылғаннан кейін
Науқас П., 75 жаста, хирургиялық бөлімшеге ішінің ауырғандығына, әлсіздігіне шағымданып жедел түрде ауруханаға түсті. Осы ауруханаға келгенге дейін 7 сағат бұрын соққыға түскен. Ішіне және бел аймағына қатты соққы тиген. Анамнезінде: ЖИА, қант диабеті бар. Қарау кезінде іші кернелген, барлық бөліктері қатты ауырады. Тамыр соғысы минутына 100 рет. АҚҚ 90/70, Іш қуысының рентгенографиясында көптеген кішкентай деңгейлер бар. Осы науқаста асқынудың қандай түрі тән болып табылады?
A) Жедел миокард инфаркті;
B) Постравматикалық панкреатит;
C) Бұлшықет аралық қан ұю;
D) Іш қуысынан қан кету;
+E) Жайылған перитонит;
Науқас Ж., 20 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа ішке тұйықталған соққы алғаннан кейін 1 сағаттан соң түскен. Қысқа уақытқа есі жоғалған. Көбіне ігшіне соққы алған. Қарау барысында: өңі бозғылттанған, АҚҚ– 80\60 мм с.б., пульс – минутына 100 рет. Іші жұмсақ, кейбір жерлерде перкуторлы жыбыстың тұйықталғандығы білінеді. Осы клиникалық көрініс немен байланысты?
A) Ішектің жыртылуы мен нәжістік перитонитом;
B) Паренхиматозды мүшенің қапшық асты жарылуы;
C) Өт қапшығының жарылуы және өт перитониты
D) Қуықтың жарылуы және қуықтың перитониты;
+E) Паренхиматозы мүшенің жарылуы және қан кету;
Қабылдау бөліміне хирургқа 18 жасар науқас Б. іш жарақатын алғаннан 1,5 сағаттан кейін жеткізілді. Лапаротомия кезінде өт бауыр асты аймағында, оң бүйір каналында, кіші жамбаста. Осы жағдайда өт ағудың анағұрлым ықтимал себебі қандай?
A) Бауырдың жыртылуы;
B) Асқазанның жыртылуы;
C) 12 елі ішектің жыртылуы;
+D) Өт қабының жыртылуы
E) Ұйқы безінің жыртылуы
Хирургиялық бөлімшеге іштің тұйық жарақаты себебінен операция барысында асқазанның 3,0х1,0 см өлшемде жыртылуы және бауырдың оң бөлігіндегі 5 сегментте 2 см дейін, шеттерінен оррташа қанкетуі бар тереңдігі 1 см жара анықталды. Осы жағдайда төмендегілердің қайсысы көрсетілген?
A) Асқазан резекциясы және бауырдың атипті резекциясы;
B) Жара шеттерін жаңартып бір қатар тігіс салу;
C) Гастроэнтероанастомоз және бауырдың жыртылуын тігу
D) Асқазан жарасын кесіп алу және бауырдың жыртылуын тігу;
+E) Бауырдың жыртылуын тігу және асқазанға екі қатар тігіс салу
59 жастағы науқас Л., құрсақ қуысының енген жарақаты себебінен жасалған операциясы кезінде ащы ішектің сірлі қабатының Трейц байламынан 70 см қашықтықта өлшемі 0,5х1,0 жыртылуы анықталды. Осы жағдайда хирургтың тактикасы қандай болуы тиіс?
А) Ішек қабырғасын кесіп алу
+B) Серо-серозды тігіс салу
C) Новокаинді шажырқай түбіріне енгізу
D) Зақымдалған бөлікті резекциялау анастомозбен бірге;
E) Зақымдалған бөлікті резекциялау стома шығарумен бірге;
43 жастағы А., науқаста іш жарақатын алғаннан кейін 5-тәулікте таңертең сол қабырға астында қатты ауру сезімі, артериялық қысымның түсуі пайда болған. Қандай диагноз анағұрлым ықтимал?
A) Жуан ішектің жыртылуы
B) Сигма тәрізді ішектің жыртылуы
C) Ұйқы бездің жыртылуы
+D) Көкбауырдың екі мезгілде жыртылуы
E) Бүйректің жыртылуы, құрсақ арты гематома
49 жастағы П., ер адам қабылдау бөліміне хирургқа жарақат алуынан 1 сағаттан кейін оқ жарақатымен түсті. Науқас жедел түрде операцияға алынды. Операция кезінде құрсақ қуысында нәжіс аралас қан байқалды.Тоқ ішектің төмендеген бөлігінде тесіп өтетін жарақат анықталды. Осы жағдайда қандай хирургиялық тактикасы анағұрлым орынды?
A) Анастамозбен ол жақты гемиколэктомия жасау;
B) Жара шеттерін жаңарту және екі қатар тігіс салу;
C) Жара шеттерін жаңарту және үздіксіз тігіс салу;
+D) Зақымданған бөлікті резекциялау стома шығарумен бірге;
E) Зақымданған бөлікті резекциялау бір моментті анастомозбен бірге
Науқас К., 44 жаста қабылдау бөліміне хирургқа іштің жабық жарақатын алғаннан 10 сағаттан кейін түсті. Тексергеннен кейін дәрігер диафрагма үзілуін болжамдап, кеуде және құрсақ қуыс рентгенографиясын тағайындады. Қандай рентгенологиялық белгі диафрагманың жыртылуын дәлелдейді?
A) «Клойбера табақшаларының» болуы және тік ішекте газ болуы;
B) Тоқ және тік ішектің пневматизациясы;
C) Асқазанда ауа көпіршігінің болмауы;
+D) Асқазан түбінің плевра қуысына ығысуы;
E) Диафрагма оң күмбезінің астында бос газдың болуы
70 жастағы Е., науқасқа ректороманоскопия өту кезінде тік ішектің қабырғасы анальді жомнан 20 см қашықтықта зақымданған, зақымдану тереңдігі туралы мәлімет жоқ. Осы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым орынды?
А) Колоноскопия жасау;
В) Лапароскопия жасау;
+С) Лапаротомия жасау;
D) Ирригоскопия жасау;
E) Антибиотиктер тағайындау
Стационарға науқас Л., 37 жаста дисфагияға, төс артындағы ауру сезіміне, температураға, шөлдеуге, әлсіздікке шағымданып түсті. Анамнезінде: үш күн бұрын сүйек жұтқанда осы шағымдар пайда болған. Сүйекті эндоскопиялық жолмен алынған. Динамикада жағдайы нашарлаған. Қандай диагноз анағұрлым ықтимал?
A) Жарақаттан кейінгі эзофагит;
B) Өңеш –трахеальді жыланкөз;
C) Аспирациялық пневмония;
+D) Өңеш перфорациясы;
E) Өңеш сызаты;
Науқас Ч., 26 жаста хирургиялық бөлімшеге кеуде торының оң бөлігіндегі ауру сезіміне, ентігуге, әлсіздікке шағымданып түсті. Бұл шағымдар физикалық жүктемеден кейін пайда болған. Жалпы жағдайы ауыр. Ортопное, тері жамылғыларының цианозы. Перкуссия кезінде кеуде торының оң бөлігінде қорап тәрізді дыбыс анықталады, аускультация кезінде оң өкпе үстінде тыныс естілмейді. ТАЖ 28 - 30 рет минутына. Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі бірінші кезекте жасалуы тиіс?
A) Кеуде торының ультрадыбыстық зерттеуі;
+B) Кеуде торының шолу рентгенографиясы;
C) Кеуде торының компьютерлі томографиясы;
D) Жедел бронхоскопия;
E) Жедел торокоскопия
Науқас Л., 34 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа іштің ауырғандығына, әлсіздікке, басының айналуына шағымданып түсті. Спортпен ацйналысып жатқан уақытында кенеттен ауырған. Қаралуға 1 сағатқа дейін жағдайының нашарлағандығын байқайды: әлсіздік ұлғайған, кіші дәретке жиі барған. Қарау кезінде: өңі бозғылт, пульс минутына 90 рет, АҚҚ100/60. Қан талдауында лейкоциттер 14,2х109, эритроциттер 3,2х1012, гемоглобин 90 г/л, гематокрит 30%. Іші жұмсақ, оң жақ мықын бөлігінде ауру сезімі бар. Науқасқа қандай диагноз тән болып табылады?
A) Пиелоцистит;
B) Жедел аппендицит;
+C) Жатырдан тыс жүктілік;
D) Аналық без жылауығының болуы;
E) Миоматозды түйіннің жарылуы;
Төмендегілердің қайсысы жедел аппендицит пен аналық без апоплексиясының ажырату диагностикасы үшін шешуші роль атқарады?
А) Қынаптық зерттеу
B) Тік ішекті саусақпен зерттеу
C) Воскресенский симптомын анықтау
D) Щеткин-Блюмберг симптомын анықтау
+E) Қынаптың артқы күмбезінің пункциясы
Төмендегілердің қайсысы жедел аппендицит пен аналық без апоплексиясының ажырату диагностикасы үшін шешуші роль атқарады?
А) Қынаптық зерттеу
B) Тік ішекті саусақпен зерттеу
C) Воскресенский симптомын анықтау
D) Щеткин-Блюмберг симптомын анықтау
+E) Қынаптың артқы күмбезінің пункциясы
Жедел аппендицит кезінде қабыну үрдісі қай қабаттан басталады?
А) Құрттәрізді өсіндінің сірлі қабатынан;
+B) Құрттәрізді өсіндінің шырышты қабатынан;
C) Құрттәрізді өсіндінің бұлшықетті қабатынан;
D) Құрттәрізді өсіндінің шырышасты қабатынан;
E) Құрттәрізді өсіндінің сірлі - бұлшықет қабатынан;
Төмендегілердің қайсысы құрсақ қуысының енген жарақатының абсолютті белгісіне жатады?
A) Науқастың мазасыз болуы
B) Жара шеттерінен белсенді қан кету
C) Жара аймағында айқын ауру сезімі
+D) Жарадан шарбымайдың немесе ішек ілмегінің түсуі
E) Алдыңғы құрсақ қабырғасында жараның үлкен өлшемдері
Науқас А. 31 жаста, қабылдау бөлімінің хирург дәрігеріне ішке жарақат алғаннан кейін 3 сағаттан кейін түсті. Науқас вертикальды отыра береді, жата алмайды. Қарап тексергенде «ванька-встанька» симптомы анықалды. Қандай ағзаланың зақымы кезінде бұл симптом анықталады?
А) Бүйрек
В) Асқазан
+С) Көкбауыр
D) Қуық
Е) Ұйқы безі
Науқас С., 34 жаста, қабылдау бөлімінің дәрігеріне әлсіздікке, жоғары температураға, қалтырау мен оң қабырға астындағы ауру сезіміне шағымданып келді. Ауырғанына 10 тәулік болған. Анамнезінен 1 бұрын кеуде торының сол жақтан соғылуын емдеген. Қарап тексергенде тері жамылғыларының сарғыштығы, дене температурасы - 390С анықталады. Қан талдауында: эритроциттер 3,0х1012, гемоглобин – 90 г/л, лейкоциттер – 16,0х109. Құрсақ қуысының УДЗ бауырдың оң бөлігінің 6 сегментінде ішінде сұйықтығы бар өлшемдері 6,0х7,0 см болатын түзіліс анықталады. Осы науқаста анағұрлым ықтимал диагноз қандай?
+А) Бауырдың іріңдеген гематомасы
В) Бауырдың эхинококкты торсылдағы
С) Бауырдың ретенционды торсылдағы
D) Бауырдың біріншілік рагі
Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 82 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Алматы 2014 жыл 6 страница | | | Алматы 2014 жыл 8 страница |