Читайте также: |
|
A) Үйлестірілген антибактериалды терапияны тағайындау қажет
+B) Инфузионды терапияны жүргізу қажет және жедел операция жасау керек.
C) Спазмолгонды көк тамыр ішіне енгізіп, операцияны асықпай жасау
D) Суық қою, антибиотиктер тағайындау, УДЗ бақылау жүргізіп тұру керек;
E) Перитонит белгілері пайда болған жағдайда операция жасау;
Холекцестомиядан кейін жалпы өт өзегін қай кезде міндетті түрде дренаждау керек?
+А) Холангит
В) Жергілікті перитонит
С) Реактивті панкреатит
D) Холедохтың стриктурасы
D) Деструктивті холецистит
Дәрігер жедел аппендицитке күдіктенген науқастың ішін сипап тұрып, қолыңды дереу тартып қалғанда, іштің алдынғы бетінде ауру сезімнің күшеюі болды. Дәрігер науқаста қандай симптом анықталды?
А) Розвинг
В) Ситковский
С) Воскресенский
+D) Щеткин-Блюнберг
Е) Раздолский
Науқас А., 69 жаста, хирургиялық бөлімшеге жауырын астына берілген оң жақ қабырға астының және эпигастрия аймағында ұстамалы ауру сезіміне, құсқандығына, дене температурасының 380С дейін көтерілгендігіне шағымданып түсті. Қарау кезінде эпигастрия аймағында оң жақ қабырға астының ауру сезімі бар, бұлшық еттері кернелген. Қан талдауында лейкоцитоз 13,5х109, жалпы билирубин 29 ммоль/л. Науқаста қандай диагноз болуы мүмкін?
+A) Жедел холецистит;
B) Жедел панкреатит;
C) Перфоративті жара;
D) Төменгі бөліктік пневмония;
E) Ішектің тарылуы;
Науқас С., 31 жаста, хирургиялық бөлімшеге ішектің тарылуы мен перитонит белгілерімен 19 сағаттан кейін түсті. Операцияға дайындықтан кейін науқас операцияға алынды. Операция барысында аш ішектің қуысы шажырқаймен қоса ілмек тәрізді жабысып қалған. Ішектің ілмегі 15см ге дейінқып қызыл болып кеткен, перистальтикасы жоқ, шажырқай тамырының соғысы білінбейді. Сіздің одан ары қарайғы тәсіліңіз?
А) Шажырқай тамырына новокаиннің 0,5% ерітіндісін енгізу керек;
В) Шажырқай түбіне гепарин енгізіп, ішекті жылыту қажет;
+С) Ішектің өзгерген бөлігін кесіп алып тастау керек;
D) Жабысқан жерін кесіп тастап, ішекті жылыту қажет;
E) Жабысқан жерді тіліп, шальков зондын ішекке өткізу керек;
Науқас С., 53 жаста, қабылдау бөлімінің хирургына ауырғанына 3 сағат өткеннен кейін ауруханаға эпигастрия аймағында қатты ауру сезімі бар екендігіне, есі қысқа уақытқа жоғалып кетендігіне, суық тер, бір рет құсқандығына шағынып түсті. Анамнезінде: жара ауруы бар, ЖИА, 2 жыл бұрын аппендэктомия болған. Қарау кезінде тері жабындысының бозғылттанғандығы байқалады, тамыр соғысының жиілігіминутына 100 рет соғады. АҚҚ 100/70 ммс.б. бұлшық еттерінің кернелгендігі байқалады. Шолулық рентгенографияда оң жақ диафрагма үстінде ауаның аздаған жолағы табылды. Осы жағдайда сіздің тәсіліңіз?
A) Антибиотик тағайындап ішіне суық басу керек;
B) Асқазанға зонд енгізіп, ауырсыздандыру керек;
C) Емдеуден кейін ЭФГДС жасау керек;
D) Инфузионды терапия жүргізу қажет;
+E) Жедел операция жасау керек;
Науқас С., 53 жаста, өабылдау бөлімінің хирургына ауырғанына 3 сағат өткенннен кейін эпигастрия аймағында жедел ауру сезімінің пайда болғандығына, есі қысқа уақытқа жоғалғандығына, бір рет құсқандығына шағымданып ауруханаға түсті. Анамнезінде: жара ауруы бар, ЖИА, 2 жыл бұрын аппендэктомия жасалынған, қарау кезінде тері жабындысының бозғыллттанғандығы анықталды, тамыр соғысының жиілігі минутына 100, АҚҚ 100/70 с.б., бұлшық еттерінің кернелгендігі байқалады. Қан талдауында лейкоциттер – 14,4х109, гемоглобин – 100 г/л, эритроциттер – 3,2х1012. Осы жағдайда қандай зерттеуді бірінші жасау қажет?
A) Эндоскопиялық зерттеу жүргізу;
B) Ультрадыбыстық зерттеу жүргізу;
C) Диагностикалық лапароскопия;
+D) Шолулық рентгенография;
E) Бариймен рентгеноскопия жасау қажет;
Инфицирленген панкреатит кезінде қандай операция кезінде қандай жол анағұрлым тиімді?
А) Асқазан-диафрагмальді байламды кесіп бару
В) Асқазан-көкбауырлық байламды кесіп бару
С) Бауыр-асқазандық байламды кесіп бару
+D) Асқазан-тоқ ішектік байламды кесіп бару
Е) Бауыр-бүйректі байламды кесіп бару
43 жастағы ер кісі қабылдау бөліміне хирургқа оң жақтағы бел аймағындағы ауру сезіміне, шөлдеу, ішінің кебуіне, 400С дейін температураның жоғарлауына шағымданып түсті. Анамнезінде жарақат алған. Денсаулық нашарлауы 3 тәулік ішінде. Науқасты қарап тексергеннен кейін бел аймағындағы ауру сезімі көбірек. Қанның аналізінде: лейкоциттер – 23000х109, СОЭ 32 мм/сағ. эритроциттер – 3,2х1012. гемоглобин 101 г/л.Төмендегілердің қайсысы науқастағы болжамды диагноз анағұрлым ықтимал?
А) Бүйрек карбункулы
В) Жедел іріңді паранефрит
+С) Гематоманың іріңдеуі
D) Гематоманың жарылуы
Е) Гематоманың инкапсуляциясы
Әйел 49 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа жедел түрде іштегі ауру сезіміне, әлсіздікке шағымданып түсті. 1 сағат бұрын ұрып кеткен. Ішіне соққы алған. Объективті: іші ауру сезімді, кернелген. Дәрігер шат мүшесінің жыртылуына күмәнданып, құрсақ қуысының рентгенографиясын тағайындады. Осы жағдайда қандай рентгенологиялық симптом анағұрлым сипатты болып табылады?
A) Іштің жатық аймақтарында тұйықталу
B) Құрсақ қуысында сұйықтықтың болуы
C) Ішек перистальтикасының әлсіреуі
D) Ішекте сұйықтық деңгейлерінің болуы
+E) Құрсақ қуысында бос газдың болуы
Науқаста бауыр циррозымен асқазан-ішек жолынан 2 рет қан кету болған. Төменде келтірілгендердің қайсысы, осы науқаста қан кету себебі бола табылады?
А) Жедел эрозиялы гастрит
В) Асқазан созылмалы ойық жарасы
С) Ойық жаралы рефлюкс-эзофагит
D) Асқазанның шырышты қабатының жарылуы
+Е) Өңештің венасының варикозды кеңеюі
Іш қуысының рентегнографиясында диафрагма күмбезі астында бос газдың болуы, «орақ» симптомы төменде келтірілгендердің аурулардың қайсысында байқалады?
А) Жедел панкреатит
+В) Асқазанның тесілген жарасы
С) Жедел тесілген аппендицит
D) Жедел тесілген холецистит
Е) Жедел ішек өтімсіздігі
Науқас С., 53 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа ауырғанына 3 сағат өткенннен кейін эпигастрия аймағында жедел ауыру сезімінің пайда болғандығына, есі қысқа уақытқа жоғалғандығына, бір рет күңгірт түсті құсқандығына шағымданып түсті. анамнезінде: жара ауруы бар, ЖИА, 2 жыл бұрын аппендэктомия жасалынған. қарау кезінде тері жабындысының бозғыллттанғандығы анықталды, тамыр соғысының жиілігі минутына 100, АҚҚ 100/70 с.б., бұлшық еттерінің кернелгендігі байқаладыҚан талдауында лейкоциттер – 14,4х109, гемоглобин – 100 г/л, эритроциттер – 3,2х1012.Науқаста қандай диагнозды алдын ала қояға болады?
A) Жедел панкреатит;
+B) Перфоративті жара;
C) Ішектің тарылуы;
D) Гастродуоденальды қан кету;
E) Мезентериальды тамырлардың тромбозы;
Ер адам 69 жаста, абылдау бөліміне хирургқа оң жақтағы бел аймағындағы ауру сезіміне, әлсіздікке, шөлдеуге, ішінің кебуіне шағымданы түсті. 2 күн бұрын өз үйінің алдында ұрып кеткен. Көмекке жүгіньеген. Қарап тексергенде: оң жақ бел аймағында, оң бүйір өзегінің бойымен ауру сезімді, іші орташа кепкен, перистальтика әлсіз. Науқаста қандай болжамды диагноз анағұрлым ықтимал?
A) Омыртқаның соғылуы
+B) Құрсақ арты гематомасы
C) Іштің жабық жарақаты
D) Құрсақішілік қан кету
E) Алдыңғы құрсақ қабырғасының соғылуы
Блейкмор-Санстегкен зондын қоюға көрсеткіш не болады?
А) Қанмен тоқтаусыз құсу
В) Асқазан жарасынан қан кету
С) Асқазан жедел эрозияларынан қан кету
D) 12-елі ішектің шырышты қабатының жыртылуы
+Е) Өңештің варикозды тамырларынан қан кету
Өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кетуі бар науқастарда портальды қысымды төмендету үшін төмендегілердің қайсысы анағұрлым орынды?
А) Викасолды қолдану
В) Гептралды қолдану
+С) Пропранололды қолдану
D) Окситоцинді қолдану
E) Дицинонды қолдану
Қысылған сан жарығында төменде көрсетілген операцияларлың қайсысы анағұрлым орынды?
А) Мейо операциясы
В) Сапежко операциясы
С) Греков операциясы
+D) Руджи-Парлавеччио операциясы
Е) Жирара-Спасокукоцкого операциясы
49 жастағы ер кісі хирургиялық бөлімшеге түсіп, асқазан-ішек жолдарынан ауыр дәрежеде қан кетуі себепінен инфузионды-трансфузионды терапия жүргізілді. Қандай көрсеткіш науқасқа адекватты ем жүргізілгенін дәлелдемейді?
А) Тахикардияның төмендеуі
В) Тамыр соғысының қалыптасуы
+С) Лейкоцитоз бен ЭТЖ жоғарлауы
D) ОВҚ-мен 1 сағаттағы диурездің жоғарылауы
Е) Науқастың жалпы жағдайының жақсаруы
35-жасар К. науқаста аппендэктомиядан кейін 3-ші сағатта қатты әлсіздік, бас айналу, қатты тершеңдік, терісінің бозаруы пайда болса қандай асқыну анағұрлым ықтимал?
A) Пилефлебит
B) Төменгі бөліктік пневмония
C) Өкпе артериясының тромбоэмболиясы
+D) Өсіндінің шажырқайынан қан кету
E) Бауыр асты абсцесс
Науқас А. 78 жаста, хирургиялық қабылдау бөліміне іштегі қатты ауру сезімі деген шағымдармен жеткізді. Артериялық гипертензиясы бар. Дауырғанына 6 сағат болған. Қарап тексергенде: АҚ 160/90, пульс 100 рет 1 мин. Іші пальпация кезінде жұмсақ, перистальтика әлсіз. Қан анализінде: эритроциттер-3,9х1012 , гемоглобин - 110 г/л, лейкоциттер-27,0х109. Осы жағдайда қандай болжамды диагноз анағұрлым ықтимал?
А) Асқазанның тесілген ойық жарасы
В) Жедел деструктивті панкреатит
С) Жедел ішек өтімсіздігі
+D) Мезентериальді тамырлардың жедел тромбозы
E) Құрсақ аортасы аневризмасының жыртылуы
Науқас А. 78 жаста, қабылдау бөліміне іштегі қатты ауру сезімі деген шағымдармен жеткізді. Артериялық гипертензиясы бар. Ауырғанына 6 сағат болған. Қарап тексергенде: АҚ 160/90, пульс 100 рет 1 мин. Іші пальпация кезінде жұмсақ, перистальтика әлсіз. Қан анализінде: эритроциттер-3,9х1012 , гемоглобин - 110 г/л, лейкоциттер-27,0х109. Дәрігер мезентериальды көктамыр тромбозын барына күмәнданды.Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі анағұрлым орынды?
А) Диагностикалық лапаротомия
В) Диагностикалық лапароскопия
С) Ангиомезентерикография
+D) Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы
E) Құрсақ қуысының ультрадыбыстық зерттеуі
Науқас А. 78 жаста, лапаротомия кезінде сасыған бөлініс, мықын ішек 70 см ұзындықта жасыл түсті екені, қабырғасының жұқарғаны анықталды. Осы операциялық көріністің анағұрлым ықтимал себебі қандай?
А) Ішек флегмонасы
В) Терминальді илиит
+С) Ішектің ишемиялық инфаркты
D) Ішектің Геморрагиялық инфаркты
E) Бейспецификалық жаралы колит
Науқас А. 78 жаста, лапаротомия кезінде сасыған бөлініс, мықын ішек 70 см ұзындықта жасыл түсті екені, қабырғасының жұқарғаны анықталды. Осы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым орынды?
А) Аспалы илеостома салу
+В) Ішек резекциясы және анастомоз салу
С) Ішек шажырқайының түбіріне гепарин салу
D) Ішек шажырқайы түбіріне дренаж орнату
E) Резекция және ішектің екі ұшын да шығару
Төмендегілердің қайсысы шажырқай тамырлары эмболиясының себебі болуы мүмкін?
А) Қант диабеті, ауыр ағымы
В) Жедел энтеровирусты инфекция
С) Созылмалы алкогольді кардиомиопатия
D) Абсцесстеуші екі жақты пневмония
+E) Сүйелді ревматикалық эндокардит
Науқастың жалпы жағдайы, іштегі айқын ауру сезімі және перитонеальді симптомдардың болмауы арасындағы сәйкессіздік қандай патологияға тән?
А) Жедел миокард инфарктының абдоминальді түріне
В) Асқазанның ойық жарасының тесілуінің атипті түріне
+С) Мезентериальді тамырлардың жедел тромбозына
D) Аортаның қабатталған аневризмасына
E) Сигма тәрізді ішектің бұралуына
Науқас К. 73 жаста, аяқ асты іштегі қатты ауру сезімін сезді. Бірнеше реттік құсу, жиі қан аралас сұйық нәжіс, айқын әлсіздік болған. Анамнезінде: арериальді гипертензиясы бар. Тексергенде іші жұмсақ, бұлшықет тырысуы байқалмаған.Жедел жәрдем дәрігері іші жағынан жедел патологияны анықтамағандықтан, үйіне тастап кеткен. Жалпы жағдайы нашарлап, қайта дәрігер шақырған, сонда 12 сағаттық перитонит анықталған. Осы науқаста перитониттің анағұрлым ықтимал себебі қандай?
А) Ішек инвагинациясы
В) Асқазан тесілген ойық жарасы
С) Сигма тәрізді ішектің бұралуы
D) Жедел перфоративті аппендицит
+E) Мезентериальді тамырлардың жедел тромбозы
Науқас К. 53 жаста, операция кезінде мықын ішектің 1 см ұзындықта жайылған геморрагиялық некрозы анықталған. Құрсақ қуысында геморрагиялық бөлініс фибринмен. Осы жағдайда қандай операция көлемі анағұрлым орынды?
+А) Ішек резекциясын жасап, біріншілік анастомоз салу
В) Ішектің өзгерген бөлігінің резекциясын жасап, стома шығару
С) Шажырқай түбіріне гепарин енгізіп, дренаж қалдыру
D) Бағдарламаланған лапаросанация жасау
E) Жоғарғы шажырқай артериясынан тромбэмболэктомия жасау
Операция кезінде 78 жастағы науқаста сигма тәрізді ішектің геморрагиялық некрозы анықталды. Ішектегі осы өзгерістердің анағұрлым ықтимал себебі қандай?
+A) Төменгі шажырқай артериясының тромбозы
B) Жоғарғы шажырқай артериясының I сегмент деңгейінде тромбозы
C) Жоғарғы шажырқай артериясының II сегмент деңгейінде тромбозы
D) Жоғарғы шажырқай артериясының III сегмент деңгейінде тромбозы
E) Төменгі тік ішек артериясының тромбозы
Науқас К. 38 жаста, қабылдау бөлімінің хирург дәрігеріне іштегі айқын ауру сезіміне, ауыздың кебуі мен шөлдеуге, температураға, қан аралас сұйық нәжіске шағымданып жеткізілді. Ауырғаннанына 3 күн болды.Анамнезінен: 1 ай бұрын вирусты инфекциядан емделген, 5 жыл бойы үнемі контрацептивтерді қабылдайды. Зерттеп тексергеннен кейін науқас шұғыл түрде операцияға алынды. Лапаротмия кезінде жіңішке ішектің 90 см ұзындықта геморрагиялық некрозы анықталды. Ішектегі некроздың анағұрлым ықтимал себебі қандай?
А) Дамыған гиповолемия
В) Жедел гастроэнтероколит
С) Жедел гастроэнтерит
D) Жиі физикалық жүктеменің болуы
+E) Ұзақ уақыт бойы контрацептивті қабылдау
Науқас 25 жаста, қабылдау бөлімінің хирург дәрігеріне оң жақтағы ауру сезіміне шағымданып түсті. 1 сағат бұрын жарақаттанды. Жараның біріншілік хирургиялық өңдеуі жасалынды. Жарақат құрсақ қуысына дейін. Лапаратомия жасалған. Операция кезінде диафрагманың 4х0,5 см өлшемде ақауы анықталды. Көрсетілген диафрагма ақауын қандай тігістермен тіккен орынды?
A) Кузнецов-Пенский тігісімен
B) Үзіліссіз қаптап тігу
+C) П-тәрізді тігістермен
D) Z-тәрізді тігістермен
E) Шмиден тігісімен
Төмендегілердің қайсысы құрт тәрізді өсіндінің бауыр асты орналасуына анағұрлым тән емес?
А) Жұрек айну және
В) Оң қабырға астында тұрақты ауру сезімі
+С) Оң жауырынға ауру сезімінің берілуі
D) Дене температурасының көтерілуі
E) Оң қабырға астында бұлшықеттердің қатаюы
Науқас С., 34 жаста, емханадағы хирургқа әлсіздікке, жоғары температураға, қалтырау мен оң қабырға астындағы ауру сезіміне шағымданып келді. Жағдайының нашарлағанына 10 тәулік болған. Анамнезінен 1 бұрын іштің жабық жарақаты себебінен емделген. Қарап тексергенде тері жамылғыларының сарғыштығы, дене температурасы - 390С анықталады. Қан талдауында: эритроциттер 3,0х1012, гемоглобин – 90 г/л, лейкоциттер – 16,0х109. Науқасқа қандай зерттеу әдісі көрсетілген?
А) Лапароскопия
+В) Құрсақ қуысының УДЗ
С) Кеуде торының ренгенографиясы
D) Ретроградты холангиопанкреатография
E) Құрсақ қуысының шолу ренгенографиясы
28 жастағы еркек кісі қабылдау бөліміне хирургқа оі жақтағы ауру сезіміне шағымданып түсті. Түскенге дейін 1 сағат бұрын ішіне пышақталған жарақат алды. Іштегі жараны біріншілік хирургиялық өңдегенде оның құрсақ қуысына енетіні анықталды. Осы жағдайда араласудың қай түрі анағұрлым дұрыс болады?
A) Шұғыл лапароскопия жасау
B) Бар жараны кеңйту және ревизия жасау
C) Жараны тігу және динамикалық бақылау
+D) Шұғыл лапаротомия және мүшелерді ревизиялау
E) Жара арқылы құрсақ қуысына дренажды түтік орнату
Науқас М., 18 жаста жедел гангренозды аппендицит, диффузды іріңді перионит себебінен операция жасалған. Операциядан 5 сағат өткеннен кейін әлсіздікке, шөлдеуге, басының айналуына шағымданды. Кезекші дәрігер науқасты қарап шықты. Тері жабындылары боз, суық термен жабылған, пульс 90 рет 1 мин., АҚ 90/70. Дәрігер 2 мл кетонал бұлшықетке тағайындады. Науқастың жағдайы жақсарған жоқ. Орнынан тұра бергенде ес-түсін жоғалтқан. Науқастың жағдайының нашарлауы немен байланысты?
А) Өсінді тұқылының тігістерінің тұрақсыздығымен
В) Операциядан кейінгі ауру сезіммен
С) Ортостатикалық коллапспен
+D) Құрсақішілік қан кетумен
Е) Перитониттің өршуімен
Төмендегілердің қайсысы жүктіліктің екінші жартысындағы әйелдерде жедел аппендицит кезінде тән?
А) Донелли
+В) Михельсон
С) Ситковский
D) Воскресенский
Е) Щеткин-Блюмберг
Науқас Е., 48 жаста жедел аппендицит көрінісімен ауырғаннан 1 тәулік өткеннен кейін хирургиялық бөлімшеге жатқызылды. Анамнезінен семіздіктің 4 дәрежесімен, созылмалы бронхитпен, артериялық гипертензиямен ауырады. Науқасқа қандай жансыздандыру түрі анағұрлым оңтайлы?
А) Жергілікті анестезия
+В) Эндотрахеальді наркоз
С) Маскалы фторотаноды наркоз
D) Перидуральді жансыздандыру
Е) Көктамырішілік жансыздандыру
29-жасар С. науқаста хирург операция кезінде тығыз аппендикулярлы инфильтратты анықтады. Осы жағдайда хирургтың әрі қарайғы іс-әрекеті қандай болуы тиіс?
А) Соқыр ішекті бөліп алып, стома қою
В) Құрттәрізді өсіндіні тауып, алып тастау
С) Ілінбелі илеостома қою
D) Инфильтраттың арасын ашу және дренаждау
+Е) Дренаж соған қарай қойып, жараны тігіп тастау
Төмендегілердің қайсысы пилефлебит диагностикасында анағұрлым ақпаратты зерттеу әдісі табылады?
А) Диагностикалық лапароскопия
В) Компьютерлі томография
+С) Бауыр мен қақпа венасының УДЗ
D) Құрсақ қуысының ядролы-магнитті резонансты томографиясы
Е) Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы
Науқас А. 46 жаста, жайылмалы іріңді перитонитпен асқынған гангренозды-перфоративті аппендицит себебінен операция жасалған. Хирург перитонит көзін алып тастап, құрсақ қуысының санациясы мен дренаждауынан кейін, жіңішке ішектің назоинтестинальді интубациясын жасады. Осы жағдайда осы манипуляция қандай мақсатта жасалды?
А) Асқазан-ішек жолы арқылы жоғалтқан сұйықтық монитроингі үшін
+В) Ішек парезін емдеу және өршуінің алдын алу үшін
С) Науқасты зонд арқылы үнемі тамақтандыру үшін
D) Асқазан-ішек жолын ағынды жуу үшін
Е) Дәрілік заттарды тікелей енгізу үшін
Науқас 29 жаста, 2 сағат бұрын аяқ асты кеуде торының сол бөлігінде қатты ауру сезімі, ауа жетпеу сезімі пайда болған. Жарақат алмаған, өкпе ауруларын өзі жоққа шығарады. Дене температурасы қалыпты. Сол өкпе тұсында тынысы естілмейді. Перкуссия кезінде сол жақтан қорап тәрізді дыбыс және өкпеаралықтың солға ығысуы анықталады. Науқаста қандай зақым анағұрлым ықтимал?
B) Жедел миокард инфаркты;
+B) Спонтанды пневмоторакс;
C) Фибринозды плеврит;
D) Қысылған көкет жарығы;
E) Сол жақтағы пневмония.
Науқаста алкоголь қабылдағаннан кейін көп реттік құсу пайда болған, соңғысы алқызыл қан аралас болған. Осы жағдайда қанда болжам диагноз анағұрлым ықтимал?
+A) Мэллори-Вейсс синдромы;
B) Асқазанның ойық жара ауруы;
C) Жедел эрозивті эзофагит;
D) Өңеш тамырларының варикозы;
E) Жедел эрозивті гастрит
Науқас 66 жаста, жедел жуан ішек өтімсіздігімен жедел операцияға алынды. Лапаротомия кезінде сигма тәрізді ішектің циркулярлы стеноздаушы ісігі, үлкейген парааортальді лимфа түйіндері, бауырдағы метастаздар анықталды. Гартман операциясы жасалды. Төмендегілердің қайсысы көрсетілген операция қай топқа жатады.
A) Симультанды;
+B) Паллиативті;
C) Радикальді;
D) Қосарланған
E) Кеңейтілген.
Науқас 70 жаста, өабылдау бөліміне хирургқа ішінің кепкендігіне, ұстамалы ауру сезіміне, құсуына шағымданып түсті. УДЗ өт қапшығында 3 см мөлшерінде тастың бар екендігі анықталынды. Шолулық рентгенограммада Клойбер остағаншасы мен ішек аркасы бар екендігі көрінді, сонымен бірге өт қапшығы мен өт өзектерінде газдың жиналғандығы байқалды. Бауырдан тыс өт өзегінде анықталынған ауаның себебі қандай болуы мүмкін?
А) Ішектің тарылуы аясында ауаның тасталуы;
В) Биллиарлы жүйеде гипертензияның болуы себепті;
С) Ішек қабырғасының кенеттен кеңейуі;
+D) Үрмелі –ішек жылан көзінің болуы;
Е) Ішперде қысымының жоғарылауы;
36 жасар науқасқа жайылмалы перитонит себебінен тесілген ойық жараны тігу операциясы жасалған. Бесінші тәулікте іштегі толғақ тәрізді ауру сезімі, жүрек айну, қайталамалы құсу пайда болған. Дәрілік емнен кейін аз мөлшерде жел шығарған, бірақ аз уақыттан кейін ауру сезімі қайта пайда болған, өтпен құсқан. Қарағанда: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, пульс 100, тілі құрғақ. Іші орташа кепкен, барлық бөлімдері жұмсақ, сирек, бірақ күшейген ішек перистальтикасы анықталады, «шылпыл шуылы». Науқаста қандай асқыну анағұрлым ықтимал?
Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 82 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Алматы 2014 жыл 3 страница | | | Алматы 2014 жыл 5 страница |