Читайте также: |
|
$$$001
Науқас И. 49 жаста 1 тәулік бұрын оң жақ кеуде торының пышақталған жарақатын алған. Түскен кезде жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Боз, АҚ – 110/70 мм.рт.ст., пульс – 88 соғу минутына, қасиеттері қанағаттанарлық. Оң өкпе үстінде тыныс әлсіреген. Кеуде торының рентгенограммасында 7 қабырғааралыққа жететін сұйықтық деңгейі анықталады. Бақылау пункциясы кезінде сұйық қан алынды. Рувиула-Грегуар сынамасы теріс. Қан шприцта ұйымайды.Бұл жағдай нені сипаттайды?
+ A) Тоқталған қанкету
B) Қайталанбалы қанкету
C) Плевра қуысының іріңдеуі
D) Оң жақтан ұйыған гемотораксы
E) Өкпе мен бронхтың зақымдануы
$$$002
Науқас еркек Ф., 17 жаста хирургиялық бөлімшеге оң жақ кеуде торындағы ауру сезіміне, ентігуге, әлсіздікке шағымданып түсті. Бұл көрініс спорт жаттығуларынан кейін пайда болған. Объективті: ортоп байқалады, тері жамылғысының цианозы. Перкуссия кезінде оң жақ кеуде торында қорап тәрізді дыбыс, аускультация кезінде оң өкпе үстінде тыныс естілмейді. ТЖ 28 рет минутына. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?
A) Буллезді эмфизема
B) Бронхоэктазды ауру
C) Кеуде аралық эмфиземасы
D) Оң жақтан кеуде торының соғылуы
+ E) Оң жақтан спонтанды пенвмоторакс
$$$003
Науқас ер адам Д., 35 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа жарақаттан кейін кеуде торларының сол жартысы ауруына,ауаның жетіспеушілігіне, әлсіздікке шағымданып жеткізілді. Тексеріс кезінде 3 қабырғааралық кеуде шеті 1,0 см тегіс бөлік жарақаттанған, цианоз, мойын веналары ісінген,ентігу.Жіп тәрізді пульс, АҚ – 80/40 мм.рт.ст. Аускультация кезінде кеуденің төменгі бөліктерінде сол жақ тынысы біршама әлсіреген, жүрек тондары тұйық. Дәрігер жүрек тампонадасына күдіктеніп, науқас ота жасау бөлімшесіне жеткізілді. Осы жағдайда науқасқа қандай бiрiншi кезектегi манипуляция көрсетілген?
A) Торакотомия;
+ B) Перикард пункциясы;
C) Плевралдық қуыс пункциясы;
D) Қан компоненттерiнiң құйылуы;
E) Орталық көк тамырдың катетер енгiзуi;
$$$004
Ер адам 37 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа пышақталған жарақатынан 1 сағаттан кейін ауыр жағдайда жеткізілді. Анамнезінен ес-түсін жоғалтқан. Қарап тексергенде: жара кеуде торында сол жақтан бұғана ортаңғы сызық бойымен 3-қабырғааралықта, өлшемдері 1,5х1,0 см. Науқас мазасыз, тері жамылғылары боз. Тынысы сол жақтан әлсіреген, жүрек тондары тұйық, АҚ 80/40, пульс 110 соғу минутына. Осы жағдайда сіздің әрі қарай жасайтын іс-әрекетіңіз қандай?
A) Шұғыл торакоскопия
B) Шокқа қарсы ем бастау
C) Міндетті түрде ЭКГ өткізу
+ D) Шұғыл сол жақтық торакотомия
E) Кеуде торының рентгенографиясын жасау
$$$005
Ер адам 29 жаста, хирургиялық бөлімшесіне жедел түрде кеуде торындағы ауру сезіміне, әлсіздікке, ентігуге, 37,50С дейін температураның жоғарлауына шағымданып түсті. Анамнезінен: 1 апта бұрын төбелес кезінде кеуде торы аймағына соққы алған. Ауырсыздандырғыштар қабылдаған. Қан анализінде эритроциттер 2,9х1012, гемоглобин 90 г/л, гематокрит 28%, лейкоциттер 9,8х109. Рентгенограммада оң жақтан ұйыған гемоторакс анықталды. Осы жағдайда анағұрлым тиімді тактика қандай?
A) Плевра қуысын дренаждау
B) Плевра қуысының пункциясы
C) Плевраішілік ферменттерді енгізу
D) Қосарланған антибиотикотерапия жүргізу
+ E) Торакоскопия санация және дренаждаумен бірге
$$$006
Хирургке 34 жасар ер адам қабылдау бөлімінің хирург дәрігеріне 5 күн бұрын тұрмыстық ұрыс кезінде пышақпен мойын аймағына алған жарақатымен келіп түсті. Мойын қозғалысының қиындауына және температураның 38,60С дейін жоғарлауына шағымданады. Рентгенографияда мойынның жұмсақ тіндеріндегі газ қабаты, омыртқа алды кеңістіктің ұлғаюы және трахеяның алдыға қарай ығысуы анықталады. Дәрігер өңештің мойын бөлігінің жарақаты деп шешті. Осы жағдайда әрі қарайғы анағұрлым орынды тактика қандай?
A) Асқазанға зонд қою;
+ B) Операция тағайындау;
C) Мойынға компресс қою;
D) Антибиотиктер тағайындау;
E) Динамикада бақылау;
Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 99 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
КРМУ 03_01_02_ каз | | | МАУ 03_01_04_каз |