Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

КазНМУ 03_01_03_каз

Читайте также:
  1. КазНМУ 03_ 03_ қаз
  2. КазНМУ 03_ 03_ рус Детская хирургия
  3. КазНМУ 03_01_01_рус.
  4. КазНМУ 03_01_02_каз
  5. КазНМУ 03_01_02_рус.
  6. КазНМУ 03_01_03_рус.

$$$001

Төменде аталғандардың қайсысы қабыну үрдісінің париетальды ішпердеге жайылғандығы жөнінде мәлімет береді?

А) Температураның жоғарылауы;

В) Жергілікті ауру сезімінің болуы;

С) Аурудың ұзақ уақытқа созылуы;

D) Қандағы лейкоцитоздың жоғарылауы;

+ Е) Бұлшық ет кернелуінің пайда болуы

$$$002

Төменде көрсетілген симптомдардың қайсысы жедел панкреатит кезінде сол қабырға-омыртқа бұрышының пальпациясы кезінде ауру сезімін туғызады?

A) Мондор

B) Грей-Тернер

C) Грюнвальд

+ D) Мейо-Робсон

E) Воскресенский

$$$003

Ауру сезімінің асқазан аймағында пайда болып, бірнеше сағаттан кейін оң жақ мықын аймағына ығысуы қандай симптом деп аталады?

+ А) Кохер;

В) Ровзинг;

С) Ситковский

D) Воскресенский;

Е) Бартомье-Михельсон

$$$004

Қабылдау бөлімінде дәрігер науқасты қарау барысында оң жақ бел аймағында оң бүйірлі каналда ауру сезімі бар екендігін анықтады. Құрт тәрізді өсінді қалай орналасқан жағдайда осы ауру тән болып табылады?

А) Құрт тәрізді өсінді жамбастық бөлікте орналасқан жағдайда;

В) Құрт тәрізді өсіндінің типтік орналасуы жағдайында;

С) Құрт тәрізді өсіндінің медиальды орналасуы жағдайында;

D) Құр тәрізді өсіндінің бауыр астында орналасқаны жағдайында;

+ Е) Құр тәрізді өсіндінің ретроцекальды орналасуы жағдайында;

$$$005

34 жасар С. науқаста қысылған шап жарығы себебінен болған операция кезінде жарық қабының жалпы қынаптық қабықтан тыс және шап байламының элементтерінен медиальді орналасқаны анықталды. Осы жағдайда төменде көрсетілгеннің қайсысы сипатталған интраоперациондық суретіне сәйкес?

A) Сан жарығы

+ B) Тік шап жарығы

C) Бүйір жарығы

D) Спигельді сызығының жарығы

E) Туа біткен шап жарығы

$$$006

Науқас А., 26 жаста, қысылған шап жарығы себебінен болған операция кезінде жарық қабының жалпы қынаптық қабықтың ішінде, шап байламының элементтерімен бірге орналасқаны анықталды. Осы жағдайда төменде көрсетілгеннің қайсысы сипатталған интраоперациондық суретіне сәйкес?

A) Сан жарығы

B) Тік шап жарығы

+ C) Қиғаш шап жарығы

D) Спигельді сызығының жарығы

E) Туа біткен шап жарығы

$$$007

Науқас К., 72 жаста, хирургиялық бөлімшеге іштегі толғақ тәрізді ауру сезіміне, іштің кебуіне, газ мен нәжістің шықпауына шағымданып түсті. Ауырғанына 3 тәулік болды. Анамнезінде: МҚЖБ болған. Соңғы уақытта іш қату мазалаған және салмақ жоғалтқан. Қаралмаған. Қарап тексергенде: іші кепкен, ассиметриялы, шылпыл шуылы естіледі, барлық бөлімдерде тимпанит, ішек перистальтикасы естілмейді. Науқастағы өтімсіздіктің анағұрлым ықтимал себебі қандай?

+ A) Айналма ішектің қабынуы

B) Аппендикулярлы инфильтрат

C) Тік ішектің ұстама процессі

D) Тік ішектің фитобезоаромен абтурациялау

E) Нейрогенді сипаты бар ішек жұмысының бұзылысы

$$$008

67 жасар әйелде оң жақ қабырға астындағы ауру сезімінен кейін 4-тәулікте тері мен көздің шырышты қабатының сарғаюы, кешке қарай қалтыраумен жоғарғы температура, әлсіздік пайда болды. Анамнезінде өт-тас ауруы. Қан анализінде лейкоциттер 11,4х109, жалпы билирубин 68 ммоль/л,тік билирубин – 43 ммоль/л, тік емес билирубин – 25 ммоль/л, зәрде өт пигменттері оң. Осы науқаста қандай асқыну анағұрлым ықтимал?

A) Жедел панкреатит

B) Жедел холангит

C) Өттік перитонит

+ D) Перивезикальді абсцесс

E) Өт қабының перфорациясы

$$$009

Науқас Ж., 63 жаста, хирургиялық бөлімшеге ішінің ұстамалы түрде ауруына, іштің кебуіне, үлкен дәретінің болмауына шағымданды. Ауырғанына 4 тәулік болған. Өзінің ауырғандығын сүт өнімдерін пайдаланғандығымен байланыстырады. Қарау барысында: іші кепкен, ассиметриялы, перкуторлы дыбыста тимпанит жоғары, ішінде көкшіл таңбалар байқалады, ішектің перситальтикасы естілмейді. Науқаста қандай алдын ала диагноз анағұрлым тән болып табылады?

A) Жедел аппендицит;

B) Жедел панкреатит;

C) Асқазанның тесілген жарасы;

D) Тағамдық токсикоинфекция;

+ E) Ішектің тарылуы;

$$$0010

34 жасар ер адам хирургияның қабылдау бөліміне жайылмалы перитонит клиникасымен ауыр жағдайда жеткізілді. 1 тәулік бұрын эпигастрий аймағында қатты ауру сезімі, суық тер болған, бірақ бірнеше сағаттан кейін ауру сезімі басылған. Дәрігерге бармаған. Осы науқаста перитониттің анағұрлым ықтимал себебі қандай?

A) Жедел аппендицит

+ B) Тесілген ойық жара

C) Жедел панкреатит

D) Қысылған жарық

E) Ішек өтімсіздігі

$$$0011

Әйел адам Е.; 65 жаста хирургиялық бөлімшеге ауырғанына 2 тәулік өткеннен соң перитонит клиникасымен жатқызылды. Лапаротомия кезінде науқаста бүкіл құрсақ қуысында серозды бөлініс, үлкен шарбыда, шарбы қалтасында, ұйқы безі денесінде стеатонекроздар анықталды. Ұйқы безі ісінген, көлемі үлкейген. Ұйқы безінің осы патоморфологиялық өзгерістері немен байланысты?

A) Жедел панкреатиттің ісінген түрімен

B) Инфицирленген панкреонекрозбен

C) Геморрагиялық панкреонекрозбен

D) Панкреатогенді абсцесспен

+ E) Майлы панкреонекрозбен

$$$0012

76 жасар әйел қабылдау бөліміне хирургқа ауырғанына 10 сағаттан кейін іштегі қатты ауру сезіміне, шөлдеуге, әлсіздікке, бір рет болған іш өтуге шағымданып түсті. Анамнезінде: ЖИА және АГ. Қарап тексергенде: тілі кепкен, науқас мазасыз, акроцианоз бар, пульс 110 рет 1 мин., АҚ 90/60. Қан талдауында: лейкоциттер 29,0х109. Құрсақ қуысының рентгенограммасында жіңіщке ішекте газ. Төмендегі диагноздардың қайсысы анағұрлым ықтимал?

A) Тамақтық токсикоинфекциясы

+ B) Мезентериалды тамыр тромбозы

C) Асқазанның ойық жарасы

D) Жедел панкреатит

E) Жедел ішек өтімсіздігі

$$$0013

46 жасар ер адамға жедел гангренозды аппендицит себебінен операция жасалған. Операциядан кейінгі 6 тәуліктен соң іштің төменгі жағындағы ауру сезімі, іш өту, қалтыраумен жоғарғы температура мазалай бастады, қандағы лейкоциттер 14,0х109. Науқаста қандай асқынудың дамығаны анағұрлым ықтимал?

A) Жедел пилефлебит

B) Диафрагма асты абсцесс

C) Жедел ішек өтімсіздігі

+ D) Жамбастық абсцесс

E) Өсіндінің тұқылы тігістерінің тұрақсыздығы

$$$0014

Қабылдау бөлімшесіне хирургқа 45 жастағы науқас Н. оң жақ қабырға астының ауру сезімен, жүрегінің айнуына, және құсуға шағымданды түсті. Жедел ауырған. 3 жыл бойына калькулезды холециститтен зардап шегуде. Қарау барысында тері жабындысы қалыпты түсінде, дәрігер пальпациялау барысында өт қапшығының ұлғайғандығын анықтады. Төменде аталғандардың қайсысы өт қабының ұлғайуына әкеп соққан?

A) Холецисто және холедохолитиаз;

B) Гепатикохоледохтың жедел топтамасы;

+ C) Өт қапшығының жедел топтамасы;

D) Оң жақ бауыр өзегінің жедел топтамасы;

E) Сол жақ бауыр өзегінің жедел топтамасы

 

$$$0015

35 жасар ер адам хирургияның қабылдау бөліміне әлсіздікке, бас айналуға, қара нәжіске шағымданып келді. Жағдайы нашарлағаннан 1 апта бұрын науқасты эпигастрий аймағындағы ауру сезімі мазалаған, алмагель ішкен. Осы жағдайда төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы анағұрлым мәліметті?

A) Асқазанды зондтау

B) Диагностикалық лапароскопия

C) Құрсақ қуысының рентгенографиясы

+ D) Фиброэзофагогастродуоденоскопия

E) Өңеш, асқазан және он 12 елі ішек рентгеноскопиясы

$$$0016

28 жасар ер адам жуықта хирургияның қабылдау бөліміне іштің ауру сезіміне шағымданып келгенде үйіне қайтарылған.18 сағаттан кейін тесілген ойық жара, перитонит клиникасымен қайта түсті. Дәрігер ойық жарақатты тұжырымдап, бос газы бар, құрсақ қуыс рентгенографиясын тағайындады. Осы жағдайда диагностикада қателіктер неден туындайды?

A) Бос құрсақ қуысына перфорациясы

+ B) Аузы жабылған және шарбы қалтасына тесілгенде

C) Перфорацияның қан кетумен қосарланғанда

D) Перфорацияның қалтқы стенозбен қосарланғанда

E) Ойық жара перфорациясы мен малигнизациясы қосарланғанда

$$$0017

Науқас К. 45 жаста емхананың хирург дәрігеріне эпигастрий аймағындағы сыздаған ауру сезіміне, ауырлық сезіміне, тамқтанудан кейінгі құсуға шағымданды. Анамнезінен: 5 жыл бұрын 12 елі ішектің артқы қабырғасындағы тесілген ойық жара тігу себебінен операция болған. ЭФГДС кезінде пилородуоденальді стенозбен (субкомпенсация сатысы) асқынған 12 елі ішектің созылмалы каллезді ойық жарасы анықталды. Осы жағдайда операцияның қай түрі анағұрлым оңтайлы ретінде көрсетілген?

+ A) Асқазан резекциясы

B) Бағаналық ваготомия

C) Гастроэнтероанастомоз

D) Джадд бойынша пилоропластика

E) Антрумэктомия ваготомиямен бірге

$$$0018

Науқас А., 25 жаста, хирургиялық бөлімшеге жүктілігі 37-38 апта, клиникаға жедел аппендицитпен 5 сағаттан кейін түсті. 1 сағаттан кейін науқаста толғақ басталды. Осы жағдайда сіздің ары қарайғы іс тәсіліңіз қандай?

A) Антибиотикті көк тамыр ішіне енгізіп, кесарь тілігін жасау;

+ B) Алдымен босандырып, содан кейін аппендэктомия жасау

C) Босанғаннан соң 2 күн өткеннен кейін аппендэктомия жасау;

D) Туу үрдісін тоқтатып, аппендэктомия жасау

E) Толғаққа қарамастан аппендэктомия жасау;

$$$0019

Ер адам 36 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа асқазан ішек жолынан қан кету белгісімен ауыр жағдайда түсті. Анамнезінде бауыр циррозы 5 жыл бойы болған. Эндоскопиялық зерттеу кезінде өңештің төменгі жағының үштен бір бөлігінде қан кету анықталды. Науқасқа Сенстакен-Блейкмор зонды қойылды, қан кету тоқталды, бірақ қауіптілік әлі төніп тұрды. Төменде аталғандардың қайсысын қан кету рецидивінің алдын алу үшін науқасқа тағайындау қажет?

A) Гемостатикалық және алмастырылатын терапияны күшейту;

B) Сенстакен-Блейкмор зондын тез арада алып тастау қажет;

C) Портокавальды анастомозды тез арада қою қажет;

+ D) Өңеш тамырын эндоскопиялық түрде тығындау;

E) Торакотомия жасау өңеш тамырын тігу;

$$$0020

38 жастағы Ч., науқаста құрсақ қуысына енген жарақаты бар ревизия кезінде жіңішке ішектің бірнеше жерден зақымданғаны (20 см қашықтықта 3 жара бар, өлшемдері 2х1, 1х1, 0,9х0,6 см) анықталды. Осы жағдайда операцияның қандай көлемі анағұрлым орынды?

A) Ішек жараларын бөлек-бөлек тігу;

B) Ішек жарақаттарын сына тәрізді кесіп алу;

C) Жараларды тігіп жіңішке ішек интубациясын жасау;

D) Зақымданған ішек бөлігін құрсақ қабырғасына шығару;

+ E) Ішек сегменті резекциялау және ұшпа-ұш анастомоз жасау;

$$$0021

Науқас 26 жаста, хирургиялық бөлімшеге аппендикулярлы инфильтрат көрінісімен жатты. Шыққаннан кейін денсаулықтың нашарлауы байқалды, дене температурасы 390С дейін көтерілді, іште ауырсыну сезімі және әлсіздік байқалды, 3 тәулікте инфильтраттың абсцесстенуі белгілерімен түсті. Осы жағдайда Сіздің емдік тактикаңыз қандай?

A) Қор антибиотиктерін көктамырға тағайындау;

B) Дезинтоксикациялық терапия жүргізу;

C) Плазмаферез және физиоем тағайындау;

+ D) Абсцессті ашу және дренаждау;

E) Диагностикалық лапароскопия жасау;

$$$0022

Науқас Ж., 34 жаста хирургиялық бөлімшеге өңештің варикозды кеңейген веналарынан қан кетумен түсті. Науқас вирусты гепатиттен кейін бауыр циррозымен ауырғанына 10 жыл болған. Шемен себебімен бірнеше рет ауруханада жатқан. Науқасқа Блейкмор зонды қойылды, консервативті ем тағайындалды, жүргізілген емге қарамастан қан кету жалғасуда. Науқасқа операция көрсетілген. Осы жағдайда қандай кең таралған операция түрі көрсетілген?

A) Спленэктомия және гепатофренопексия;

B) Портокавальді анастомоз бүйір бүйіріне;

C) Портокавальді анастомоз ұшы бүйіріне

D) Спленоренальді анастомоз ұшы бүйіріне;

+ E) Гастротомия, варикозды веналарды тігу

$$$0023

Науқас В., 56 жаста қабылдау бөлімінің хирург дәрігеріне ауыр жағдайда жеткізілді. Төс артындағы вуру сезіміне, жұтынудың қиындауына, ентігуге шағымданады. Анамнезінен: жуырда шарап қабылдағаннан кейін бірнеше рет құсқан. Содан кейін төс артында күйдіру мен ауру сезімдері, ентігу пайда болған. Қарап тексергенде: цианоз, АҚ 90/60, пульс 100 рет 1 мин., ТЖ 22 рет 1 мин., бұғана үсті және асты аймақтарында теріасты эмфизема анықталады. Шолу рентгенографиясы кезінде сол плевра қуысында 1,5 литр сұйықтық анықталады. Өңештің конрасты зерттелуі кезінде өңештен тыс контрастың кішкене ұюуы байқалады. Осы жағдайдағы сіздің ары қарайғы емдік тактикаңыз қандай?

А) Сол жақтан Бюлау бойынша дренаж орнату;

B) Антибиотиктерді тағайындап, бақылау;

С) Плевра қуысын пункциясын жасау керек;

+ D) Сол жақтан шұғыл торакотомия жасау;

Е) Асқазанға тамақтануға зонд қою керек;

$$$0024

Науқас Д., 45 жаста хирургиялық бөлімшеге іштің жоғарғы бөлігіндегі ауру сезіміне, жүрек айнуға, асқазан ішіндегісімен екі рет құсуға, әлсіздікке, 37,6 С дейін дене температурасының жоғарлауына шағымданып түсті. Ауырғанына 5 тәулік, емдәм бұзғаннан кейін болған. Жалпы жағдайы ауыр. Іші кернелген, жоғарғы бөлімдерінде ауру сезімді. Ортнер, Мерфи, Керр және Щеткин- Блюмберг симптомдары оң. УДЗ: өт қабы көлемі үлкейген, екі контуры бар. Оң бүйір каналында бос сұйықтық. Осы жағдайда қандай тактика анағұрлым орынды?

A) Қосарланған антибиотикотерапия тағайындау

+ B) Жедел оперативті ем дайындықтан кейін жасау

C) Консервативті терапия, новокаинді блокада жасау

D) Жедел түрде құрсақ қуысының лапароскопиясын жасау

E) Жоспарлы оперативті ем, ауру сезімі басылғаннан кейін

$$$0025

Ер адам 38 жаста, хирургиялық бөлімшеге жаралық этиологиялы декомпенсация сатысында пилородуоденальды тарылу клиникасымен түсті. Жүргізілген тексерулерден кейін және операцияға дайындық жүргізілген соң науқасқа операция тағайындалды. Төменде аталған операциялардың қайсысы науқас үшін тиімді болып табылады?

A) Асқазанды субтотальды кесу;

B) Антрумэктомия және бағандық ваготомия;

C) Гейнек-Микулич операциясы және бағандық ваготомия;

+ D) Финне операциясы және селективті проксималды ваготомия;

E) Айналмалы гастроэнтероанастомоз және бағандық ваготомия;

$$$0026

Науқас К., 23 жаста, хъирургиялық бөліміне оң жақ шатының кенеттен ауырғандығына шағымданып түсті. Осыған қоса науқаста жүрегінің айнуы, құсу, жоғарғы температура болған. Ауырғандығына 18 сағат болған. Дәрігер қарау барасында іштің кепкендігін, шат аймағында басқан кезде ауру сезімі бар, жайылған ісік, қызарған, жері айқындалды. Осы жағдайда төменде аталғандардың қайсысы сәйкес келеді?

A) Ішектің жедел тарылуы;

B) Оң жақ бөлігінде іріңдеген шат лимфадениті;

C) Оң жақ бөлігінде жедел іріңді паранефрит;

D) Оң жақта іріңдеген жедел эпидидимит;

+ E) Жарық мүшегінің флегмонасы және қысылған шат жарығы;

$$$0027

Науқас Л., 68 жаста қысылған шат жарығы бар науқасты оталау кезінде хирург жарық мүшегін ашқан уақытта шажырқайға қарсы шеті бойынша аш ішектің азғантай ғана бөлігінің қысылғандығын анықтады. Хирург осы жағдайда қысылудың қандай түрімен соқтығысты?

A) Сырғанаған қысылу;

B) Ішектің іш жағынан қысылуы;

C) Ішектің шажырқай бөлігінің қысылуы;

+ D) Ішектің Рихтерлік қысылуы;

E) Меккелев дивертикулының қысылуы;

 

$$$0028

Науқас К., 72 жаста, хирургиялық бөліміне оң жақ шап аймағындағы ісік тәрізді түзіліс, ауру сезімі, 37,30С шамасындағы температура деген шағымдармен жатқызылды. Кезекші хирург шап лимфаденитіне күмәнданды және қысылған шап жарығын да жоққа шығармады. Осы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым дұрыс?

A) Жоспарлы операцияны жасау

B) Құрсақ қуысына УДЗ жасау

+ C) Шұғыл операцияны жасау

D) Салқын қойып, спазмолитиктерді енгізу

E) Антибиотиктерді тағайындап, бақылау

$$$0029

Науқас А., 26 жаста, қысылған шап жарығы себебінен болған операция кезінде жарық қабының жалпы қынаптық қабықтың ішінде шап байламының элементтерімен бірге орналасқаны анықталды. Осы жағдайда шап өзегінің қай қабырғасын қатайту керек?

A) Бүйір

B) Артқы

C) Медиальді

D) Жоғарғы

+ E) Алдыңғы

$$$0030

Науқас Н., 44 жас панкреонекроз және перитонит қатысты ота кезінде, Пиковский бойынша холедохты дренаждаумен холецистэктомия жасалды. Бұл жағдайда қандай мақсатпен осы ота түрі жасалды?

A) Детоксикациялау мақсатында өтті алу

B) Холангит дамудың алдын-алу

+ C) Панкреато-билиарлы жүйенің декомпрессиясы

D) Жедел холангиттің дамуының алдын-алу

E) Өт қабы қабырғасының ферментативті лизисін алдын-алу

$$$0031

34 жастағы науқаста 12 елі ішектің ойық жарасы себебінен болған лапаротомия барысында үлкен көлемді перфоративті тесік және айқын перифокальді қабыну бар екені анықталды. Төменде көрсетілгеннің қайсысы осы жағдайда перфорациялық тесікті тігудің әдісі анағұрлым тиімді?

A) Түйінді тігіспен тігу

B) 2 қатар тігіспен тігу

C) "П" тәрізді тігіспен тігу

D) Ойық жараны кесіп алып тігу

+ E) Оппель-Поликарпов бойынша тігу

$$$0032

Науқас Д., 47 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа бірнеше реттік қан аралас құсу, қара нәжіс, ес-түсін жоғалту, қатты әлсіздік, бас айналу деген шағымдармен жеткізілді. Ойық жара анамнезі 5 жыл. Түскен кезде жағдайы ауыр: пульс 100 соғу минутына, АҚ 80/40 мм рт. ст., боз. Қан анализінде: эритроциттер 2,2х1012, Hb 80 г/л, гематокрит 20%. Шұғыл ЭФГДС кезінде – асқазанның созылмалы каллезді ойық жарасы 3 см дейін, қызыл жұмсақ тромбпен жабылған. Осы жағдайда анағұрлым дұрыс емдік тактика қандай?

A) Динамикалық бақылау жүргізу

B) Реанимациялық бөлімшеге аудару

+ C) Дайындықтан кейін шұғыл операция жасау

D) Асқазанға жергілікті гемостатиктер енгізу

E) Дайындықсыз бірден операция жасау

$$$0033

Науқас Ч., 65 жаста оң шап аймағындағы жиі қысылатын жарықтың барына шағымданады. 1 сағат бұрын қысылу сезімі пайда болды. Жедел көмекті шақырды. Қысылғанда шат үстіндегі аймақта тартып ауырады және жиі зәр шығарғысы келеді. Осы науқаста анағұрлым ықтимал жарық түрі қандай?

A) Сан жарығы

+ B) Жылжымалы жарық

C) Қиғаш шап жарығы

D) Жапқыш тесік жарығы

E) Спигелий сызығының жарығы

$$$0034

Науқас Б., 43 жаста, холецистэктомия болған. Жалпы өт өзегінен 2 конкрементті алғаннан кейін Т-тәрізді дренаж қойылған. Операциядан кейін 7-тәулікте қан сары суындаға билирубин деңгейі әлі де жоғары, арқа берілетін ауру сезім ұстамасы болған. Осы жағдайда сіздің қолданатын іс шараныз қандай?

A) Дренажға қысқыш салу

B) Т-тәрізді дренажды алып тастау

C) Консервативті емді жалғастыру

+ D) Фистулохолангиография жасау

E) Қайталанбалы операция жасау

$$$0035

45 жастағы науқас И. Бильрот II бойынша асқазан резекциясынан 1 сағаттан кейін назогастральді зонд арқылы 500 мл қан бөлінді. Өткізіліп жатқан гемостатикалық және орын басушы терапия нәтижесіз. Қандай емдік тактика анағұрлым тиімді?

A) Асқазанды суық сумен тазалау

+ B) Науқасқа қайталама операция жасау

C) Орын басушы терапия жүргізу

D) Асқазан тұқылына зонд өткізіп, жергілікті ем жүргізу

E) Жергілікті гемостатикалық терапияны жалғастыру

$$$0036

Науқас С., 31 жаста, хирургиялық бөлімшеге ішектің тарылуы мен перитонит белгілерімен 19 сағаттан кейін түсті. Операцияға дайындықтан кейін науқас операцияға алынды. Операция барысында аш ішектің қуысы шажырқаймен қоса ілмек тәрізді жабысып қалған. Ішектің ілмегі 15см ге дейінқып қызыл болып кеткен, перистальтикасы жоқ, шажырқай тамырының соғысы білінбейді. Осы жағдайда сіздің ары қарайғы тәсіліңіз қандай?

А) Жабысқан жерін кесіп тастап, ішекті жылыту қажет;

В) Шажырқай түбіне гепарин енгізіп, ішекті жылыту қажет;

+ С) Ішектің өзгерген бөлігін кесіп алып тастау керек;

D) Жабысқан жерді тіліп, шальков зондын ішекке өткізу керек;

E) Шажырқай тамырына новокаиннің 0,5% ерітіндісін енгізу керек;

 


Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 171 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Балалар хирургиясы 12 страница | Балалар хирургиясы 13 страница | Балалар хирургиясы 14 страница | Балалар хирургиясы 15 страница | Балалар хирургиясы 16 страница | Балалар хирургиясы 17 страница | Тақырып «Оториноларингология» 05_ | Оториноларингология_каз | Оториноларингология | Офтальмология_каз |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Офтальмология| МАУ Астана 03_01_03_каз

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.04 сек.)