Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оториноларингология_каз

 

$$$001

Ортаңғы құлақтың қабынулы ауруы кезінде науқаста бетінің қисаюы көрініс берді, ауыз қуысының төменгі салбырауы, ауыз-мұрын қосылысының жазықтануы, жағында көздің жабылмауы зақымдалғаны байқалды. Қандай асқынуды айтуға болады?

A) Үшкіл нервтің парезі

B) Қайтарма нервісінің парезі

C) Блокты нервтің парезі

+ D) Бет нервісінің парезі

Е) Көз қимылдатқыш

 

$$$002

Науқаста мұрын кіреберісінде инфильтрат тізілген. 2 күннен кейін науқаста дене қызуының көтерілуі, қалтырау пайда болған, екі жағынан қабақтардың ісінуі, хемоз экзофтальм және птоз байқалған. Қабақтарына мањдайда мұрын түбінде кеңейген веналық қан тамырлары байқалады. Мұрын шиқанының қандай асқынуын айтамыз?

A) Қабақтың іріңдігі

+ B) Кавернозды синус тромбоз

C) Орбита флегмонасы

D) Көз тіндерінің реактивті ісінуі

Е) Ретробульбарлы іріңдік

 

$$$003

Мұрыннан су аққаннан кейін науқаста сол жақ мұрында ісіңу, қызару және мұрын терісінің ауырсынуы болады. Ауырсыну тіске, самай аймағына, сол жақ көзге беріледі, температура – 380С

Объективті: сол жақ мұрын қанатында шектелген, ортасында іріңдігі бар ашық-қызыл түсті ісіңу көрінеді. Диагноз?

+ A) Мұрын шиқаны

B) Кавернозды синус тромбозы, риногенды сепсис

C) Полипозды риносинусит

D) Озена

E) Созылмалы гипертрофиялық ринит

 

$$$004

Науқас К., 40 жаста, ауданнан жедел жәрдем машинасымен жеткізілген, жұтынғанда қатты ауырсынуға, тыныс алудың қиындауын, дене қызуының 380С көтерілуіне шағымданады. Ауырғанына бір апта болған, жергілікті жерде антибиотиктермен емделген. Объективті: тікелей емес ларингоскопия: көмей үсті шеміршегі қызарған, ісіңген, тіл беткейінде іріңді жамылғы көрінеді. Дауыс қатпарлары сұр түсті, қозғалысы қалыпты. Мұрын, ауыз-жұтқыншақ, құлақта өзгерістер жоқ.

A) Көмей ісігі

+ B) Көмейүсті шеміршегі іріңдігі

C) Жедел катаральды ларингиті

D) Жедел қатпар асты ларингиті

E) Жедел ісікті-инфильтративті ларингит

 

$$$005

Науқас ОРЗ-мен ауырған, отит дамығаннан кейін бірден жағдайы нашарлаған, бас ауыру, құсу, лоқсу байқалған. Шөйде бұлшықеті тартылуы, Керниг және Брудзинский симптомдары оњ. Ликвор: бұлыңғыр, цитоз 900 кл. (нейтрофилдер), ақуыз жоғары, қант, хлорид төмен.

+ A) Отогенді менингит

B) Цереброспинальді менингококкты менингит

C) Вирусты менингит

D) Туберкулезді менингит

E) Жарақаттан кейінгі менингит

 

$$$006

Науқас 15 жаста, шағымдары: жұтынғанда ауырсыну, бастың ауыруы, дене қызуының көтерілуі кешке 39°С, таңертеңгілік 37,2°С. Ауырғанына 1 апта, 4-5 күн бұрын науқаста әлсіздік байқалды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, терісі және кілегей қабаты таза. Иек асты, мойын, қолтық асты, шап лимфатүйіндері ұлѓайған, ауырсынады. Бауыр қабырға шетінен 2 саусаққа шығынқы. Фарингоскопия: жұтқыншақтың кілегей қабаты айқын қызарған, таңдай бадамшасының бетінде іріңді фолликулалар. Жұтынғанда ауырсынады. Қан анализі: Эритроциттер-3,5*10 12/ л, лейкоциттер- 20*10 9/ л, лимфоциттер- 50%, моноциттер- 40%. Қандай диагноз?

A) Фолликулярлы баспа

+ B) Инфекциялық мононуклезді баспа

C) Лакунарлы баспа

D) Катаральді

E) Ойық жаралы қабыршақты баспа

 

$$$007

8 айлық баланың шешесі баланың мазасыздануына, қатты жылауына, ұйқысының бұзылуына, тамақ ішуден бас тартуға, дене қызуының көтерілуіне, мұрынмен тыныс алудың қиындауына шағымданады. Анамнезінде: 10 күн бұрын балада жоғарғы тыныс жолдарының қабынуы болған. Баланың жағдайы жақсармаған, мазасызданған, дене қызуы көтерілген. Қараған кезде: баланың жағдайы орташа дәрежеде, дене қызуы 380С, терісі бозарған, тыныс алуы шулы, иек асты лимфа түйіндері ұлѓайған, оң жағында ауырсынады. Фарингоскопия: жұтқыншақтың артқы қабырғасының кілегей қабаты ісінген, оң жағында томпаю байқалады.

A) Катаральды баспа

B) Жедел ринофарингит

+ C) Жұтқыншақ арты іріңдігі

D) Паратонзиллярлы іріңдік

E) Лакунарлы баспа

 

$$$008

Науқас 38 жаста, мамандығы рентгентехник, жұтынғанда қатты ауырсыну, дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, денесінің ауырлық сезіміне шағымданады. Науқас ауруын 2 күн бұрын суыққа шалдығумен байланыстырады. Науқастың жалпы жағдайы орташа деңгейде, теріде құрғау, сұр-сары түсті көрінеді, дене қызуы 390С, тамыр соғысы 1 минутта 88 рет. Фарингоскопия: жұтқыншақтың кілегей қабаты қызарған, аздап ісінген. Таңдай бадамшасында сұр-кірленген жамылғы байқалады. Жергілікті лимфа түйіндері ұлѓаймаған. Қанды тексерген кезде гранулоциттердіњ азаюы анықталады. Қандай диагноз?

A) Лакунарлы баспа

B) Фолликулярлы баспа

+ C) Агранулоцитарлы баспа

D) Ойық-жаралы қабыршақты баспа

E) Жұтқыншақ дифтериясы

 

 

МКТУ Шымкент

 

Аз

Хирургия 03_

Тақырып «Оториноларингология» 05_

$$$001

ЛОР дәрігерде қабылдауда еркек науқас 38 жастағы тамағының ауырғанын, көбінесе солжағы, ауызын аша алмағынына және дене қызуына шағымданады. Анамнезінен: жіті ауырған, 5 тәулік, мұздай су ішкеннен кейін, емделмеген. Анамнезінде баспалар жиі болады. Қарағанда: басы солға бұрылған, сөздері анық емес. Шайнау еттердің тризмы орташа. Фарингоскопияда: ауызжұтқыншақтың кілегей қабыға қызарған, сол жағында инильтрат артқы таңдай доғамен бадамша бездің аралығанда орналасқан, тілшік пен жұмсақ таңдай ісінген және инфильтрилленген. Болжамды диагнозы қандай?

A) Солжақты алдынғы паратонзиллит

B) Жұтқыншақ артының абсцессі

C) Солжақты бүйірлі паратонзиллит

+D) Солжақты артқы паратонзиллит

E) Солжақты төменгі паратонзиллит

 

$$$002

28 жастағы әйел мұрыннан тыныс алуының нашарлауына, иіс сезу қабылеті төмендеуіне, бас ауруына шағымданасы.Сөзіне қарағанда 6 жыл бойы мазалайды, сонғы жылдары тамыртарылтқыш тамшылары көмектеспейді. Риноскопияда: төменгі кеуілжірлер гипертрофияланған, беті бүдір, қанды, жалпы мұрын жолдары тар, мұрын пердесі ортаңғы сыуықта. Мұрын қосолқы қуысының Рентгенограммасында пневматизациясы қалыпты. Қандай хирургиялық ем кілегей қабағын қорғайды?

A) Аяншақ конхотомия

+ B) Шырышты асты конхотомия

C) Транмукозды электрокаустика

D) Конхоэктомия

E) Мұрын кеулжірлерді жартылай алу

 

$$$003

Бала 5 жаста ұйқысы бұзылған, жөтел ұстамалары мазалайды, жиі баспамен, ортаңғы отитпен ауырады. Қараған кезде аузы ашылған, бұрыс тістүйіс, бозарған. Қандай ауру туралы айтуға болады қандай ем тиімді?

A) Созылмалы ринит, консервативтік ем

B) Созылмалы тонзиллит, хирургиялық ем

C) Созылмалы ринит, хирургиялық ем

+ D) ІІІ дәрежелі аденоидтар, хирургиялық ем

E) Атрофиялық ринит, консервативті ем

$$$004

29 жастағы еркек ЛОР-дәрігердің қабылдауында тамағы жұтқанда ауруына, көбінесе сол жағы, ауызын толық аша алмайтынына, дене қызуының көтерілуіне шағымданады. Анамнезінен: жедел ауырған, екі тәулік бойы. Науқастың айтуынша мұздай су ішкен. Анамнезінде жиі баспамен ауырады. Емделмеген. Қарағанда: басы сол жағына бұрылған, сөздері анық емес. Шайнау еттерінің тризмы қатты байқалады. Фарингоскопияда: ауыз-жұтқыншақтың кілегей қабығы қызарған, сол жағында бадамша безінің жоғарғы полюсі ісінген және алдынғы таңдай доғасының үстінде домалаңған ісік, тілшік оң жаққа ысырылған. Болжамды диагноз: Алдыңғы-үстінгі паратонзиллярлы абсцесс. Қандай көмек көрсетесіз?

A) Бадамша бездердің лакуналарын жуу, кейін абсцессті ашу

+ B) Солжақты абсцессті ашу және «салқын» мезгілде тонзиллэктомия жасау

C) Солжақты абсцесстонзиллэктомия

D) Солжақты бадамша бездерге криодеструкция жасау

E) Солжақты абсцессті пункциялау, және іріңдікті аспирациялау

 

СЕМЕЙ

Каз

Хирургия 03_

Тақырып «Оториноларинология» 03_05_

$$$001

Науқас оң жақ құлағындағы тісі мен самайға берілетін қатты ауырсынуға, құлағының бітелуіне, бас ауруына, дене температурасының 37 – 38 С көтерілгеніне шағымданады. Ауырғанына 3 күн болған, оған тұмау қабаттасқан. Объективті: дабыл жарғағы гиперемияланған, инфильтрацияланған және томпайған, ажырататын белгілер анықталмайды. Диагноз қойыңыз:

+ A)Жедел іріңді ортаңғы отит (перфоративті емес стадия)

B) Жедел іріңді ортаңғы отит (перфоративті стадия)

C) Жедел катаральды ортаңғы отит

D) Созылмалы мезотимпанит

E) Адгезивті отит

 

$$$002

Науқас 50 жаста естудің төмендеуі, оң құлақтан жағымсыз иісі бар іріңді бөліністер, бірнеше тәулік ішінде дамыған бет асимметриясы шағымдарымен ЛОР-стационарға келді. Анамнезінде 20 жыл бойы оң құлақтан периодты түрде ірің ағу. Жүйелі түрде емделмеген. Объективті: оң көзі жабылмайды, оң жақта мұрынеріндік қатпар тегістелген, ауыздың оң бұрышы төмен түскен, беттің оң жақ жартысының мимикалық мускулатурасының әлсіздігі анықталады. Отоскопия: сыртқы есту жолында жағымсыз иісі бар іріңді бөліністер, дабыл жарғағының жиектік ақауы, дабыл қуысында ақ түсті ұнтақ тәрізді массалар. Есту қабілеті сыбырлаған сөздерге – 0,25 м, қалыпты айтылған сөздерге – 1,5 м. Дәрігерлік тактикасын анықтаңыз, диагноз қойыныз. Бет жүйесінің парезінің себебін анықтаныз.

+ A)Сол жақта созылмалы іріңді эпитимпанит, сигмавидті синустың тромбозы, шұғыл операция

B) Сол жақта созылмалы іріңді эпитимпанит, отогенді менингит, шұғыл операция

C)Сол жақта созылмалы іріңді эпитимпанит, мишық абсцессі, шұғыл операция

D) Сол жақта созылмалы іріңді эпитимпанит, мидың самайлық бөлігінің абсцессі, шұғыл операция

E)Сол жақта созылмалы іріңді эпитимпанит, отогенді сепсис, шұғыл операция

 

$$$003

Науқас жүйелі бас айналуына және жүру кезінде оңға ауытқуына шағымданады. Қарап тексеру кезінде солға қарай спонтанды нистагм анықталады; қолдың сілтеуіш сынақтары кезінде үйлесімді оңға ауытқиды; Ромберг қалпында науқас оңға ауытқиды, басты бұру кезінде ауытқу бағыты өзгереді; түзу бойымен жүру кезінде науқас оңға ауытқиды; бүйірлік жүрісі бұзылмаған; адиадохокинез жоқ. Жоғарыда көрсетілген симптоматика қай ағзаның патологиясы үшін тән?

+ A)Мишық, бас миының КТ

B) Самайлық бөлік, бас миының КТ

C)Қалташалар, жартылай сақиналы өзекшелер, вестибулярлы сынақ

D) Ұлу және қалташалар, есту анализаторларын зерттеу.

E)Ұлу және қалташалар, аудиометрия

 

$$$004

Науқас 35 жаста. 3 күн аралығында мұрнымен демалуының қиындауына шағымданады. Анамнезінен: 10 күн бұрын жаттығу кезінде мұрнынан жарақат алған (бокс). Объективті:Мұрынның оңға девиациялануы әсерінен мұрын пішіні өзгерген. Алдыңғы риноскопияда: мұрынның арлығы оңға қарай қисайған. Мұрынның оң жақ бөлігінің аралығында 1х1,5 см сәл ісіну анықталады, мұрын аймағы саңылауының обтурациясы, зондпен шымшылауда жұмсақ. Шырышты қабаты қызарған, ісінген,бөлініс жоқ. Мұрынмен дем алу оң жақта қиындаған. Емдеу тағайындаңыз.

A)Мұрын сүйектерінің саусақты-инструментальды репозициясы

B) Мұрын сүйектерінің репозициясы және гематома пункциясы

C)Мұрын сүйектерінің репозициясы, гематоманы кең ашу.

+ D) Мұрын сүйектерінің репозициясы және аспирациясы

E)Мұрын сүйектерінің репозициясы, мұрынның алдынғы тампонадасы

 

$$$005

Науқас 65 жаста сол жақ мұрын жартысынан қан кетуге шағымданады. Анамнезінен: жоғары АҚ фонында периодты түрде қан кетуді және олардың мұрын кіреберісіне сутегінің асқын тотығының 3% ерітіндісіне сіңдірілген мақталы тампон енгізгеннен кейінгі өздігінен тоқтауын белгілейді. Объективті: мұрындық қан кету мұрынның сол жақ жартысынан, мұрын пішіні өзгермеген. Арқасы ортаңғы сызық бойымен. Науқасқа көмек көрсетіңіз.

+ A)Мұрын кіреберісіне сутегінің асқын тотығына сіңдірілген тампонды енгізу.

B) Гипотензивті терапия, басын дұрыс ұстау

C)Қанап тұрған тамырды күйдіру, гипотензивті терапия

D) Алдыңғы тампонада, гипотензивті терапия

E)Артқы тампонада, гипотензивті терапия

 

$$$006

Науқаста өткерген гриптен кейін көз ұясының жоғарғы жиегінде ауырсынатын домбығу, жоғарғы қабақтың ісінуі пайда болды. Бірмезетте еңкейгенде бас ауырсынуы, жоғары температура, мұрындық тыныс алудың қиындауы мазалайды. Риноскопия кезінде: оң жақта мұрын шырышты қабатының ісінуі мен гиперемиясы, ортаңғы мұрын жолында іріңді сызық. Диагнозды қойыңыз:

+ A)Жедел ринит

B) Жедел іріңді этмоидит

C)Жедел одонтогенді гайморит

D) Жедел іріңді фронтит

E)Жедел іріңді гайморит

 

$$$007

Науқас 21 жаста тамағында қатты ауырсынуға, t=38°С, әлсіздікке шағымданады. Салқын тиюден кейін, ауырғанына екінші күн болды. Жалпы жағдайы орташа ауырлықты, t=38,1°С, тері жабындылары бозғылт, жұтқыншақтың ұлғайған жергілікті лимфа бездері пальпацияланады. Фарингоскопия: жұмсақ таңдайдың, таңдай доғаларының гиперемиясы мен инфильтрациясы, таңдай бадамшаларының ісінуі мен гиперемиясы, олардың беткейінде көптеген домалақ, сәл көтеріңкі сары дақтар анықталады. Қандай диагнозбен және қай бөлімшеге науқасты госпитализациялайсыз?

+ А) Фолликулярлы баспа, ЛОР бөлімшесі

В) Лакунарлы баспа, терапевттік бөлімше.

С) Фолликулярлы баспа, инфекциялық бөлімше.

D) Лакунарлы баспа, ЛОР бөлімше.

Е) Катаральды баспа, амбулаторлы ем.

 

$$$008

Науқас 9 жаста. Тамағының, әсіресе, оң жағында ауруына,ауырсынуына. 5 күн аурумын деп санайды, дене қызуы 38,6*С, тері жабындылары бозғылт. Фарингоскопияда тризм, оң бадамша ортаңғыға және алдыға жылжыған, гиперемия жән жұмсақ таңдайдың алдыңғы доғасында инфильтрация. Оң жақтан жақ асты лимфа түйіндер ұлғайған. Диагноз қойыңыз және диагнозды анықтау үшін тактикаңыз:

A)Жұтқыншақ артындағы абсцесс, пальпация

+ B) Паратонзилярлы абсцесс, пункция

C)Интратонзиллярлы абсцесс, мезофарингоскопия, бадамша бездің ротациясымен.

D) Лакунарлы ангина, мезофарингоскопия

E)Парафренгиальді абсцесс, компьютерлі томаграфия

 

АКТОБЕ

 

Каз

Хирургия 03_

Тақырыбы «Оториноларингология» 05_

 

$$$001

26 жасар науқастың шағымдары: оң жақ мұрын жартысымен тыныс ала алмайды. Бұл жағдай 2 жылдан бері мазалайды. Алғашқысында оң жақ мұрынның тыныс алуы, кейін тыныс шығаруы қиындаған.

Қарағанда: мұрын қуысының кілегейі ісінген, мұрын пердесі сүйек-шеміршек бөлігі оңға қарай ығысқан және іріңді бөлініс бар.

Рентгенограммада: оң жақ гаймор қуысы және торлы сүйектің клеткалары қарайған.

Қарағанда: мұрын-жұтқыншақта оң жақ хоанада орналасқан бозғылт-сұр түзіліс байқалады. Науқастың алғашқы диагнозы қандай?

А) полипозды іріңді гемисинусит

В) созылмалы іріңді гайморит

С) оң жоғарғы жақ қуысының ісігі. Созылмалы іріңді фронтит

D) созылмалы іріңді фронтит

+ Е) созылмалы іріңді гайморит, этмоидит. Хоанальды полип

 

$$$002

35 жастағы науқастың шағымдары: кенеттен ұстамалы түшкіру, мұрынмен тыныс алудың қиындауы, көп мөлшерде шырышты-сулы бөліністер. Ауырғаннына 5 жыл. Үнемі мұрын тамшысын қолданады.

Риноскопия: мұрынның төменгі қойнауының кілегей қабаты ісінген, көгерген, көгілдір-ақ дақтар көрінеді. 0,1% адреналин ертіндісін жаққаннан кейін, мұрын кеуілжерлерінің көлемі кішірейеді. Науқастың алғашқы диагнозы қандай?

А) жедел ринит

В) созылмалы іріңді гайморит.

+ С) вазомотор риниті

D) созылмалы іріңді фронтит

Е) созылмалы іріңді этмоидит

 

$$$003

25 жасар науқас: маңдай аймағының қатты ауырсынуына, құсу, тәбеттің төмендеуі, жалпы әлсіздік, мұрынның сол жақ жартысынан іріңнің ағуына, мұрын арқылы тыныс алудың қиындауы, иіс сезудің төмендеуіне шағымданады. Мұрыннан сұйықтық ағуы және маңдай тұсының ауырсынуы 5 жыл бойы мазалайды. Соңғы өршуі 2 апта бұрын, тұмаудан кейін басталған. Соңғы 2-і күнде науқастың жалпы жағдайы нашарлап, бас ауруы, құсу, жалпы әлсіздік үдей түскен. Объективті: жағдайы – орташа ауырлықта. Пульс 48 рет минутына. Дене температурасы – 38,6ºС, тері жамылғысы бозарған. Тілі ақ жамылғымен жабылған. Психикасы өзгерген: эйфория, көп сөйлейді, сөйлегенде әзілдеп сөйлейді. Риноскопияда: мұрын қуысының кілегей қабаты инфильтрацияланған. Оң жақ мұрын жартысында көп мөлшерде іріңді бөлініс. Сол жақ қас үстін пальпациялағанда ауырсынады. Басқа ЛОР мүшелерінде өзгерістер анықталмайды. Мұрын қосалқы қуыстарының рентгенограммасында сол жақ маңдай қойнауының гомогенді қараюы және қабырғасының деструкциясы бар-ау деген күмән бар. Науқастың алғашқы диагнозы қандай?

А) полипозды-іріңді гемисинусит. Самай бөлігінің абсцессі.

В) созылмалы іріңді гайморит. Маңдай бөлігінің абсцессі.

+ С) сол жақты, созылмалы іріңді фронтит. Маңдай бөлігінің абсцессі.

D) созылмалы іріңді фронтит. созылмалы гайморит.

Е) созылмалы іріңді этмоидит

 

$$$004

14 жасар науқаста тұмаудан кейін оң жақты іріңді синусит дамыған. Жүргізілген емге қарамастан науқастың жағдайы нашарлаған, бас ауруы күшейіп, дене температурасы – 39,4ºС, дейін көтеріліп, жалпы әлсіздік пайда болған. Объективті: науқас әлсіз, тері жамылғылары ылғалды. Пульс минутына 98 рет, ритмді. Экзофтальм, оң жақ жоғарғы қабақ тканының инфильтрациясы анықталады. Оң жақ көз алмасының қозғалысы шктелген. Пальпацияланғанда оң жақ қас үсті аймағы ауырсынады. Синуситтің қай асқынуы туралы ойлауға болады?

А) қабақтың абсцессі Абсцесс века

В) орбитаның флегмонасы Тромбоз поперечного синуса

С) вазомотор риниті Вазомоторный ринит

+ D) кавернозды синустың тромбозы

Е) менингит

 

 

КРМУ

 


Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 353 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Балалар хирургиясы 8 страница | Балалар хирургиясы 9 страница | Балалар хирургиясы 10 страница | Балалар хирургиясы 11 страница | Балалар хирургиясы 12 страница | Балалар хирургиясы 13 страница | Балалар хирургиясы 14 страница | Балалар хирургиясы 15 страница | Балалар хирургиясы 16 страница | Балалар хирургиясы 17 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Тақырып «Оториноларингология» 05_| Оториноларингология

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.031 сек.)