Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

МАУ 03_01_04_каз

Астана

 

$$$001

Өңеш жыртылуының жиі себебі болып табылатын төмендегілердің қайсысы?

А) Эндоскопия

+ B) Бөгде денелер

C) Трахеостомия

D) Наркоз кезінде кеңірдекті интубациялау

E) Спонтанды жыртылу

 

$$$002

Өңештің күйігі көбіне ненің әсерінен жиі пайда болады?

+ А) Қышқылмен

B) Сілтімен

C) Спирт суррогаты

D) Фосфоорганикалық заттармен

E) Ыстық сумен

 

$$$003

Кеуде сарайының қандай жарақаты кезінде шұғыл көмек көрсетіледі?

А) Төс сынығында

B) Бұғана сынығында

+ C) Күшейген пневмоторакс кезінде

D) Жауырын сынығында

E) Қабырға сынығында

 

$$$004

Өңеш анықтамаған жарақатын дер кезінде қандай асқыну дамиды?

+ А) Медиастенит

B) Певрит

C) Перикардит

D) Бронхоплевральды жыланкөз

E) Плевра эмпиемасы

 

$$$005

Ұйыған (свернувшийся) гемоторакс қандай асқынуға әкелуі мүмкін?

А) Өкпе абсцессі

B) Фиброторакс

+ C) Плевра эмпиемасы

D) Медиастенит

E) Перикардит

 

$$$006

Мойынның терең флегмонасының ең қауіпті асқынуы:

А) Менингоэнцефалит

+ B) Іріңді медиастенит плевра қуысына іріңнің шығуымен

C) Тыныс жолдарының компрессиясы

D) Төменгі жақтың остеомиелиті

E) Өңеш зақымдануы

 

$$$007

Бронхқа ашылған абсцес кезінде ең жақсы емдеу әдісі:

А) Абсцес пункциясы

B) Радикалды операция

+ C) Бронхоскопиялық санация

D) Абсцесті дренаждау

E) Бронхты катетерлеу

 

$$$008

Жедел іріңді медиастинит диагнозы қойылғаннан кейін ең бірінші орындалады:

А) Кең көлемді антибиотикотерапия

B) Иммунотерапия

C) Дезинтоксикациялық терапия

+ D) Хирургиялық ем

E) Гемотрансфузия

 

$$$009

Науқаста өкпеден қан кету жөнінде қай кезде ойлауға болады?

А) Құсу кезінде қанның бөлінуі

+ B) Жөтелмен қанның бөлінуі

C) Қанның таңертең түкірік тәрізді шығуы

D) Науқас көпшікте қанның ізін анықтайды

E) Нәжіспен қан араласып шығу

 

$$$010

Спонтанды бейарнамалы пневмоторакс кезінде негізгі емдеу әдіс болып табылады:

А) Бақылау

+ B) Активті аспирация жасай отырып плевра қуысын IIқабырға аралықта дренаждау

C) Активті аспирация жасай отырып плевра қуысын VII қабырға аралықта дренаждау

D) Торакоскопия арқылы плевра қуысын дренаждау

E) Торакотомия

 

$$$011

Әйел, 29 жаста, аса ауыр дисфагияға (тек су өтеді), әлсіздікке, дене салмағының төмендеуіне, сілекейдің көп бөлінуіне шағымданады. Бір жыл бұрын суицидті жағдайда уксустың эссенциясын ішкен. Біріншілік көмек үй жағдайында көрсетілген, содан соң стационарда емделген. Стационардан шыққаннан соң 3 айдан кейін дисфагия пайда болып, үдей бастайды. 11 кг-ға дене салмағын жоғалтқан.

Сіздің осы көрніске анағұрлым сәйкес диагнозыңыз?

+ А) Өңештің созылмалы күйіктен болған стриктурасы

B) Ісікті түзілістің басуынан болған тарылу

C) Өңештің сырттан басылуынан

D) Кардиоспазм

E) Ахалазия

 

$$$012

Науқас 29 жаста, 2 сағат бұрын кеуде сарайының сол жақ бөлігіндегі қатты ауырғандық, ауа жетпеуі байқалған. Жарақат болмаған, өкпе ауруларымен ауырмаған. Дене қызуы қалыпты, сол жақ өкпе үстімен өкпе дыбысы естілмейді. Перкуссия кезінде сол жағында қорап тәрізді дыбыс және аралықтың оң жаққа ығысуы анықталады. Қандай патологияға күмән келтіруге болады?

А) Инфаркт миокард

+ B) Спонтанды бейарнамалы пневмоторакс

C) Фибринозды плеврит

D) Жаншылған диафрагмальды жарық

E) Туберкулез

 

$$$013

30 жастар ер кісі сол жақ кеуденің ортаңғы қолтық асты сызығы бойында оқ-дәрілік жарақатпен келіп түсті. АҚҚ 90/60 мм.сб.б, Ps 120 мин, ТАЖ 30 1 мин. Көктамыршілік 2 л тұзды ерітінділер құйылғаннан кейін орталық веноздық қысым 30 см су б. дейін көтерілді, бірақ гипотензия сақталған. Плевра қуысы таза, аускультацияда тыныс алуы қалыпты. Сіздің диагнозыңыз?

+ А) Жүрек тампонадасы

B) Өкпе артериясының жыртылуы

C) Қабырғалардың «терезе тәрізді» сынығы

D) Миокард инфарктісі

E) Клапанды пневмоторакс

 

$$$014

33 жастар науқас М, шұғыл түрде кеуде клеткасындағы ауырсынуға, ентігу, әлсіздікке шағымданып түсті. Жарақат жағдайы: 5 күн бұрын биіктен құлап кеудесін соққан. Медициналық көмекке жүгінбеген. Тексерген кезде үлкен ұйыған гемоторакс анықталды. Қандай әрекет жасау керек?

+ А) Кең торакотомия

B) Плевра қуысын дренаждау

C) Гемоторакс аймағына стрептаза немесе басқа ферменттер енгізу

D) Қайталамалы плевра пункциясы

E) Ұйыған гемоторакс аймағына антибиотик енгізу

 

$$$015

Науқас Ф., 54 жаста, ЖРВИ диагнозымен емхананың терапевт дәрігерінен 7 күн бойы амбулаторлық ем қабылдады. Жүргізіліп жатқан ем барысында науқаста әлсіздік, шаршағыштық күшейіп, қызба пайда болды, гектикалық температурамен көп мөлшерде терлеу қатар жүреді. Кеуде клеткасының оң жақ бөлігінде тыныс алғанда күшейетін ауыру сезімі, құрғақ жөтел қосылды. Науқастың жағдайының ауырлығын ескере отырып, кеуде клеткасының полипозициялық рентгенографиясы жасалды: оң жақ өкпенің ортаңғы бөлігінде дөңгеленген дұрыс пішінді перифокальды инфильтрациямен гомогенді қараю анықталды. Жалпыклиникалық бақылау қан анализінде лейкоцитоз, лейкоцитарлы формуланың нейтрофильді жылжуы, ЭТЖ 34 мм/сағ. анықталды.

Сіздің диагнозыңыз?

A) Қабырғааралық невралгия

B) Перикардит

C) Өкпе эхинококкозы

+ D) Өкпе абсцесі

E) Тимома

 

$$$016

Науқас оң жақ өкпесінің ортаңғы бөлігінде шектелген абсцестің клинико-рентгенологиялық белгілері анықталғанына байланысты ауруханаға жатқызылды. Кеуде хирургиясы бөлімшесінде алып жатқан ем барысында науқаста кеуде қуысының оң жақ жартысында кенеттен қатты ауыру сезімі, цианоз пайда болды, ентікпе күшейді. Кеуде клеткасының аускультациясында оң жақта тыныс естілмейді. Кеуде клеткасының жоғарғы бөліктерінде перкуторлы тимпанит, ал базальды бөліктерінде – перкуторлы дыбыстың қысқаруы анықталады. Аталған клиникалық көрініс науқас ауруының қандай асқынуына сәйкес келеді?

A) Қабырғааралық невралгия

B) Перикардит

+ C) Іріңді абсцестің плевра қуысына жарылуы

D) Жедел жайылған миокард инфарктісі

E) Өкпеден профузды қан кету

 

 

$$$017

Кеуде хирургиясы бөлімшесінде оң жақ өкпенің ортаңғы бөлігі абсцесі бойынша ем қабылдау барысында науқаста кеуде клеткасының оң жақ жартысында кенеттен қатты ауыру сезімі, цианоз пайда болды, ентікпе күшейді. Кеуде клеткасының аускультациясында оң жақта тыныс естілмейді. Перкуторлы кеуде клеткасының жоғарғы бөліктерінде тимпанит, ал базальды бөліктерінде – перкуторлы дыбыстың қысқаруы анықталады. Диагнозды нақтылау үшін қандай диагностикалық әдісті қолданған жөн?

A) Фибробронхоскопия

B) Эхокардиография

+ C) Кеуде клеткасының полипозициялық рентгенографиясы

D) Бронхиалды артериография

E) Диагностикалық торакоскопия

 

$$$018

Кеуде хирургиясы бөлімшесінде жедел өкпе абсцесі себебімен ем қабылдап жатқан науқаста қан қақыру басталды, динамикалық бақылауда оның күшеюі байқалды. Қандай диагностикалық әдіс қан кету себебін (ошағын) анықтайды?

A) Фибробронхоскопия

B) Кеуде сегментінің компьютерлі томографиясы

C) Кеуде клеткасының полипозициялық рентгенографиясы

+ D) Бронхиалды артериография

E) Диагностикалық торакоскопия

 


Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 92 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: СГМУ 03_01_01_қаз | АГМУ 03_01_01_каз | КРМУ 03_01_01_каз | КазНМУ 03_01_02_каз | МАУ 03_01_02_каз | Караганда | Шымкент | СГМУ 03_01_02_қаз | АГМУ03­_01_02_ каз | КРМУ 03­_01_02_ каз |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
КазНМУ 03­_01_04_ каз| Шымкент

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)