Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

АГМУ03­_01_02_ каз

Актобе

$$$001

Кәдiмгi жағдайда өт қабының артериясы қай жерден басталады:

A) жалпы бауырлық артериядан

+ B) оң жақ бауырлық артериядан

C) сол жақ бауырлық артериядан

D) құрсақ бағанасы

E) жоғарғы панкреатодуоденальды артериясынан

 

$$$002

Нарата операциясы дегеніміз не:

A) сан және балтыр аймағына лампастық кесулер жасап тері асты веналарын алу

+ B) тері асты веналарын кішігірім кесулер жасап алу

C) тері асты веналарын зондтың көмегімен алу

D) варикозды веналарды тері арқылы тігу

E) коммуниканттық веналарды субфасциальды тігу


$$$003

Науқас лапароскопиялық холецистэктомиядан 48 сағаттан кейін ішінің ауырсынуына, кебуіне, жүрегінің айнуына шағымданады. Қандай емдік диагностикалық іс-әрекеттер жүргізген жөн?

A) қан анализін қадағалап, динамикалық бақылау

B) релапароскопия

+ C) перистальтиканы күшейтетін комплексті стимуляция жүргізу

D) антибактериальды терапия

E) лапаротомия, іш қуыс мүшелеріне ревизия жасау

 

$$$004

Өт тас ауруына байланысты жасалынып жатқан операция кезінде тасқа толы бүріскен өт қабы және 2,5 см-ге дейін кеңіген жалпы өт өзегі анықталды. Науқасқа қандай операция жасау керек:

A) холецистэктомия жүргізу

B) холецистэктомия және холангиография жүргізу

+ C) бірден өт өзегіне ревизия жасау

D) холецистостома салу

E) үлкен дуоденальды үрпекті ревизия жасаумен қатар дуоденоотомия жасау

 

$$$005

Лапароскопиялық холецистэктомия жасау кезінде өт қабының қуысы тесіліп кетті, не жасау керек?

A) лапаротомияға көшу

B) іш қуысынан конкременттерді алып, санациялау

+ C) өт қабын бөліп алуды жалғастыру

D) өт қабы тесігін тігу

E) тесілген тесікті поролон немесе дәкелі турундамен тампондау

 

$$$006

30 жастағы науқаста кенеттен дисфагия, тағамды жұтқаннан кейін төс артының ауырсынуы пайда болды. Сіздің болжамалы диагнозыңыз қандай?

A) өңештің қатерлі ісігі

B) халазия

+ C) ахалазия

D) өңештің полиптері

E) көк еттік жарық

 

$$$007

Науқас шап аймағындағы жарықтың болуына және оның жиі қысылуына шағымданады. Қысылған сәтте қасаға үсті аймағына тартылып ауырсыну, кіші дәретке жиі баруы анықталады. Науқаста не болуы мүмкін?

A) жапқыш тілігінің жарығы

B) шаптың тіке жарығы

C) сан жарығы

D) шаптың қиғаш жарығы

+ E) жылжымалы жарық

 

$$$008

Эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатографияға негізгі көрсеткішті атаңыз?

A) іріңді холангит

B) паренхиматозды сарғаю

C) өт қабының перфорациясына күмән

D) жедел панкреатит

+ E) механикалық сарғаю, холедохтың терминальді бөлігінің тасы

 

$$$009

Науқас К. 55 жаста, екі ай бұрын холецистэктомия операциясы жасалған, операция кезінде қателікпен холедох тілініп, қайта тігілген. Орташа ауырлық дәрежесінде келіп түсті. Тері жамылғысы сарғыш. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға доғасының астында ауырсыну, іш қуысының тітіркену симптомы жоқ. Қандай асқыну туралы ойлауға болады?

A) резидуальді холедохолитиаз

+ B) холедохтың стриктурасы

C) өт өзегінің тұқылының ұзын болуы

D) Одди сфинктерінің тарылуы

E) холецистэктомиядан кейінгі холедохтың кеңеюі

 

$$$010

Портальді гипертензиямен асқынған бауыр циррозы бар науқастарға қандай радикальді хирургиялық ем жүргізу қажет?

A) порто-кавальді анастомоз салу

+ B) бауыр трансплантациясы

C) экстраперитонизация жасау арқылы бауырдың электрокоагуляциясы

D) лимфовенозды анастомоздар салу

E) спленэктомия

 

$$$011

Бауырдың 5-6 сегментiнде орналасқан, көлемi 15-20 см кистасы анықталған, эхинококкэктомия жасалды, хитиндi қабығы алып тасталды. Фиброзды қабығы жартылай алынды. Қалдық қуысты қалай жабу керек?

A) қуысты тампондап дренаж қою

B) оментопластика, дренаж

+ C) капитонаж

D)диафрагмапексия

E) марсупиализация

$$$012

Науқас Т., әлсіздік, тамақтан ішкеннен соң 30 минуттан кейін үдемелі болатын құсыққа шағымданады. 20 күн бойына науқастанады. 10-15 кг жүдеген. Анамнезінде 8 жыл бойына 12 елі ішек жара ауруымен науқастанады. Қандай зерттеу әдісі диагностика мақсатында ең тиімді?

А) іш қуысының УДЗ

B) іш қуысының жалпы шолу рентгенограммасы

С) ФГДС

D) диагностикалық лапароскопия

+ Е) асқазанның контрасты рентгеноскопиясы

 

$$$013

88 жастағы науқас хирургиялық стационарға түсті, диагнозы: холедохолитиаз, механикалық сарғаю. Операция алдылық дайындаудан кейін науқас операцияға алынды, осы кезде науқасқа қандай операция керек екені туралы сұрақ туды. Қандай операциялық әдіс бұл науқасқа тиімді?

A) лапароскопиялық холецистэктомия

B) лапаротомия операциясы, холедохолитотомия

+ C) ретроградты эндоскопиялық папиллотомия

D) лапароцентез

E) лапароскоптың бақылауымен микрохолецистостомия

 

$$$014

39 жасар науқас Р, қалтқының (привратник) субкомпенсация сатысындағы тарылуымен асқынған асқазанның созылмалы ойық жарасы клиникасымен түсті. Асқазан ойық жарасына тиімді жоспарлы операцияны атаңыз?

A) ваготамия және пилоропластика

B) антрумрезекция

C)селективті проксималды ваготомия

+ D) асқазан резекциясы

E) ойық жараны кесу

 

$$$015

Қан диабетінің I түрімен ауыратын 30 жастағы науқас инсулин жібергеннен 3 сағаттан кейін комотоздық жағдайға түсті. Ең алдымен қандай шара қолдану қажет?

А) ЭКГ түсіру

В) 5%- глюкоза ерітіндісін жіберу

С) 10-20 бірлік инсулин жіберу

D) қандағы креатининнің, элетролиттің және глюкозаның деңгейін анықтау

+ Е)20 мл 40% глюкоза ерітіндісін жіберу

 

$$$016

25 жасар науқас П,стационарға үнемі шуыл естілетін екіншілік варикозды кеңейген көктамыр, аяқ көлемінің ұзаруы мен ұлғаюы клиникасымен түсті. Аталған белгілер қандай ауруға тән?

A) Паркс-Вебер ауруы

B) Педжет-Шреттер синдромы

+ C) Мондер ауруы

D) Бюргер ауруы

E) Клиппель-Треноне синдромы

 

 

$$$017

52 жасар науқасқа, жоспарлы түрде созылмалы тасты холециститке лапароскопиялық холецистэктомия жасалды. Операциядан кейін екінші күні сарғаю пайда болды. Қандай асқыну болып тұр?

A) өт өзегі тұқылының ашылуы

B) гепатикохоледохтың интраоперациялық зақымдануы

C)операциядан кейінгі панкреатит

D)гепатит

+ E) холедохтың клеммамен бітелуі

 

$$$018

Науқас 60 жаста, өт-тас ауруымен бірнеше жыл ауырады, қазіргі ұстамасы түгелімен басылған жоқ, оң жақ қабырға тұсының ауырсынуы әлі мазалайды, 3 күннен кейін тері жамылғысының және склераның сарғаюы пайда болды.

Бауырдан тыс өт жолдарының қай бөлімінде тас болуы мүмкін?

А) өт қабында

В) ұйқы безінде

+ С) тас жалпы өт жолында болуы мүмкін

D) жалпы бауыр жолында

Е) қап жолында

 

 


Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 113 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: МАУ03_01_01_­каз | Караганда | Шымкент | СГМУ 03_01_01_қаз | АГМУ 03_01_01_каз | КРМУ 03_01_01_каз | КазНМУ 03_01_02_каз | МАУ 03_01_02_каз | Караганда | Шымкент |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
СГМУ 03_01_02_қаз| КРМУ 03­_01_02_ каз

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)