Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жоспарлы хирургия 1 страница

Читайте также:
  1. BOSHI женские 1 страница
  2. BOSHI женские 2 страница
  3. BOSHI женские 3 страница
  4. BOSHI женские 4 страница
  5. BOSHI женские 5 страница
  6. ESTABLISHING A SINGLE EUROPEAN RAILWAY AREA 1 страница
  7. ESTABLISHING A SINGLE EUROPEAN RAILWAY AREA 2 страница

 

Науқас Н. 48 жаста, жоспарлы қаралу кезінде УДЗ-де өт қабында диаметрі 0,7 см дейін бос жүрген 4 тастар анықталды. Өт қабы кедергісіз жиырылады. Науқасты еш нәрсе мазаламайды. Науқасқа осы жағдайда қандай ем түрі көрсетілген?

А) Тастарды еріту;

В) Холецистостомия;

С) Санаторлы-курортты ем;

D) Дәстүрлі холецистэктомия;

+Е) Лапароскопиялық холецистэктомия;

 

Науқас Н., 36 жаста, анамнезінде 4 жыл бұрын эхинококкэктомия операциясы болған. Құрсақ қуысының эхинококкозымен түсті. Операция кезінде торсылдақтар ішек ілмектері арасында орналасқан, оларға әлсіз жабысқан, өлшемдері 8х8см және 7х5см. Аурудың осылай таралу себебі неде?

А) Торсылдақтың қалдық қуысы өнделмеген;

+В) Операция кезіндегі диссеминация;

С) Торсылдақтың қалдық қуысын қалдыру;

D) Құрсақ қуысын ұзақ уақыт бойы дренаждау;

Е) Бауырдың толық алынбаған торсылдағы;

 

Науқас С. 58 жаста, құрсақ қуысының УДЗ-де бауырдың 5-сегментінде анық капсуласы бар гипонегативті түзіліс анықталды. Осы жағдайда қандай болжамды диагноз анағұрлым ықтимал?

А) Бауыр обыры;

В) Бауыр гемангиомасы;

С) Бауырдағы метастаздар;

+D) Бауырдың эхинококкты торсылдағы;

Е) Бауырдың орталық гематомасы;

 

Науқас А. 33 жаста, операция кезінде 6-7 сегментерде өлшемдері 3х4, 3х3, 4х5см жақын орналасқан көптеген эхинококкты торсылдақтар анықталды. Науқасақа осы жағдайда қандай ота түрін қолдану анағұрлым тиімді?

А) Торсылдақтардың ашық эхинококкэктомиясы;

В) Торсылдақтардың кенейтілген эхинококкэктомиясы;

+С) Оң бөліктің сегменттерін резекциялау;

D) Бауырдың оң бөлігінің резекциясы;

Е) Жартылай ашық эхинококкэктомия;

 

Науқас 46 жаста, асқазанның кардиальді бөлігінің сызатынан қан кету себебінен болған операция кезінде бауырдың тығыздалуы және оның бүкіл бетінде диаметрі әртүрлі түйіндер, спленомегалия, көкбауыр ұлғаюы анықталды. Асқазан веналары кеңейген. Науқаста қандай патология анағұрлым ықтимал?

А) Бауыр обыры;

В) Созылмалы гепатит;

С) Бауыр эхинококкозы;

D) Бауыр гемангиомасы;

+Е) Бауыр циррозы;

 

Науқас Ш. 46 жаста, емханадағы хирург дәрігерге оң қабырға астындағы ауырлық және ауру сезімі, тері жамылғысының кышуы, әлсіздік, тәбетінің болмауы мазалайды. Анамнезінде 1 ай бойын сарғаю. Жалпы билирубин 108 ммоль/л, тік – 89 ммоль/л. Дене салмағын жоғалтқан. Ұлғайған өт қабы пальпацияланады. Науқаста қандай дерт анағұрлым ықтимал?

А) Бауыр обыры;

В) Бауыр циррозы;

С) Калькулезді холецистит;

D) Склероздаушы холангит;

+Е) Ұйқы безі басының ісігі;

 

У науқас Н., 45 жаста емханадағы хирург дәрігерге эпигастрий аймағындағы белдемелі ауру сезімі, ағыл-тегіл саливация, іштің кебуі, сұйық нәжіс мазалап тұрады. Ауырғанына 2 жыл бодды. Анамнезінде салмақ тастаған. Науқаста қандай алдын – ала диагноз анағұрлым ықтимал?

А) Гипертрофиялық гастрит;

+B) Созылмалы панкреатит;

C) Өт-тас ауруы;

D) Асқазанның ойық жара ауруы;

E) Тітіркенген ішек синдромы;

 

Науқас Т. 39 жаста, емханадағы хирург дәрігерге он қабырға астындағы ауру сезімі, интермитті сарғаю, қалтырау мазалайды. Ретроградты холангиопанкреатографияда көптеген бауыр ішілік және тыс өзектердің кеңеюі байқалады. Науқаста осы жағдайдың анағұрлым себебі неде?

А) Холестатикалық гепатит;

+В) Іріңді холангит;

С) Бауыр абсцесстері;

D) Бауыр циррозы;

Е) Пилефлебит;

 

Науқас С., 59 жаста, эхинококк торсылдақ себебінен бауырдың торсылдақпен бірге шеттік резекциясы орындалды. Науқасқа қандай операция түрі жасалды?

А) Типті эхинококкэктомия;

+В) Мінсіз эхинококкэктомия;

С) Кеңейтілген эхинококкэктомия;

D) Ашық эхинококкэктомия;

C) Жабық эхинококкэктомия;

 

Науқас А. 42 жаста, хирургиялық бөлімшеге құсуға, жиі сұйық нәжіске, әлсіздікке, дене салмағының азаюына шағымданып түсті. Ауырғанына бір жыл, жағдайының нашарлағанына 5 күн болған. Анамнезінде: диета сақтамаған, алкогольді шектен тыс пайдаланаған. Қарап тексергенде ұлғайған бауыр мен көкбауыр. Төмендегі диагноздардың қайсысы науқаста анағұрлым ықтимал?

+A) Бауыр циррозы;

B) Токсикалық гепатит;

C) Созылмалы панкреатит;

D) Жедел гастроэнтерит;

E) Холедохолитиаз;

 

 

Науқас М. 35 жаста, созылмалы калькулезді холецистит себебінен болған лапароскопиялық холецистэктомиядан кейін 3-тәулікте сарғаю дамыған, өршу тенденциясы бар. Дамыған асқынудың себебі ретінде төмендегілердің қайсысы анағұрлым ықтимал?

A) Орнынан өт ағу;

B) Одди сфинктерінің спазмы;

C) Операциядан кейінгі панкреатит;

+D) Жалпы өт өзегін клипсалау;

E) Жалпы өт өзегінің операциядан кейінгі стриктурасы;

 

Науқас, 50 жаста, хирургиялық бөлімшеге жедел калькулезді холецистит клиникасымен түсті. Консервативті терапиядан кейін ауру сезімі басылған. Жағдайы қанағаттанарлық. Қант диабетімен ауырады. Анамнезінде 3 жыл бұрын миокард инфаркты болған. Осы науқасқа қандай емдеу әдісін қолданған анағұрлым тиімді?

A) Жедел операция;

B) Санаторлы-курортты ем;

+C) Жоспарлы хирургиялық ем;

D) Ұзартылған операция;

E) Шұғыл операция;

 

Науқас А., 67 жаста өт-тас ауру себебінен болған операция кезінде жасалған холангиограммада холедох 1,3 см дейін кеңейген, фатеров емізігінің стриктурасы 0,5-0,6 см. Осы жағдайда төменде көрсетілген оталар ішінде анағұрлым тиімдіі?

A) Холедоходуоденоанастомоз;

B) Холедохоеюноанастомоз;

+C) Папиллосфинктеротомия;

D) Өт жолдарын қос дренаждау;

E) Холедохты сыртқа дренаждау;

 

Науқас М., 62 жаста, өт тас ауруына байланыснты операция кезінде интаоперациялық холангиограммада холедохтың дистальді бөлігінің созылған тарылуы және бауырішілік өзектердің, жалпы өт өзегінің проксимальді бөлігінің кеңеюі анықталды. Осы жағдайда қандай операция анағұрлым орынды?

A) Папиллосфинктеротомия;

+B) Холедоходуоденанастомоз;

C) Холедохоеюноанастомоз;

D) Фатеров емізігінің резекциясы;

E) Өт жолдарын сыртқа дренаждау;

 

Науқас И., 65 жаста, операция кезінде пункциялық холангиографияда гепатикохоледохтың оң және сол бауыр өзектерінің сағасынан 2 см қашықтықта тарылуы және бауыр өзектерінің айқын гипертензиясы анықталды. Бұл жағдайда қандай операция анағұрлым орынды?

А) Гепатикодуоденоанастомоз;

В) Жалпы өт өзегін сыртқа дренаждау;

С) Тарылған бөліктің резекциясы;

D) Трансдуоденальді папиллосфинктеротомия;

+E) Гепатикоеюностомия басқарылатын дренаж қоюмен қатар;

 

Қабылдау бөліміне хирург дәрігеріне 65 жасар ер адам оң қабырға астындағы ауырлық сезіміне, тері жамылғысының сарғаюына, қышынуға, түссіз нәжіске шағымданып түсті. Ауырғанына 6 ай болды, соның ішінде 10 күн ішінде ағдайы нашарлады.Қарап тексергенде: ұлғайған ауру сезімсіз өт қабы пальпацияланады, қозғалмалы (Курвазье синдромы). Жалпы билирубин 68 ммоль/л, тік – 43 ммоль/л, тік емес – 25 ммоль/л. Осы науқаста сарғаюдың анағұрлым себебі қандай?

A) Холедохолитиаз;

B) Бауыр циррозы;

C) Бауыр өзегінің;

+D) Ұйқы безі басының обыры;

E) Склероздаушы холангит;

 

Науқас Я., 65 жаста механикалық сарғаю себебіне болған операция кезінде супрадуоденальді холедохотомия жасалып, оның қуысынан жалғыз конкремент алынды. Интраоперациялық холангиография кезінде контраст 12 елі ішекке еркін түседі. Осы жағдайда сіздің қандай әрекетіңіз орынды?

A) Холедоходуоденоанастомоз салу;

+B) Холедохотомиялық тесікті тігу;

С) Вишневский бойынша холедохты дренаждау;

D) Ру-ілмегінде холедохоеюноанастомоз салу;

E) Холедохты тігу және Пиковский-Холстедт бойынша дренаждау;

 

60-жасар әйелде созылмалы калькулезді холецистит себебінен жоспарлы түрде болған операциядан кейін 4-тәулікте жағдайының күрт нашарлағаны байқалды: кеуде торында ауру сезімі, ентігу, жөтел мен қан түкіру, бет пен мойын цианозы пайда болды. АҚ 100/70 мм.рт.ст. дейін төмендеді, пульс 100 рет мин, тыныс алу жиілігі 28-30 рет 1 мин, температура 37,80С. Науқастың жағдайының нашарлауының анағұрлым ықтимал себебі қандай?

A) Миокрад инфарктысы;

B) Холангиттің дамуы;

C) Жедел панкреатит;

D) Операциядан кейінгі пневмония;

+E) Өкпе артериясының тармақтарының эмболиясы;

 

Ер адам 69 жаста хирургия бөлімшесіне оң қабырға астындағы тұйық ауру сезіміне, тері жамылғысының сарғаюына шағымданып госпитализацияланды. Ауырғанына 2 ай болған. Ретроградты холангиопанкреатография кезінде науқаста холедохтың терминальді бөлігінің 3 см дейін стриктурасы анықталды. Осы жағдайда қандай араласу түрі анағұрлым орынды?

A) Эндоскопиялық папиллосфинктеротомия;

B) Холедохты сыртқа дренаждау;

+C) Холедоходуоденоанастомоз;

D) Гепатикоеюноанастомоз;

E) Панкреатодуоденальді резекция;

 

64 жасар әйелде жоспарлы түрде болған холецистэктомиядан 2 күннен кейін склер мен теріде сарғаю пайда болды. Осы науқаста сарғаюдың анағұрлым ықтимал себебі неде?

A) Гепатикохоледохтың интраоперациялық зақымдануы

B) Өт қабы өзегі тұқылының тұрақсыздығы;

C) Операциядан кейінгі панкреатиттің дамуы;

D) Холестатикалық гепатиттің белсенденуі;

+E) Холедохты байлау;

 

Ер адам 34 жаста, жоспарлы түрде холецистэктомия операциясынан 3 тәуліктен кейін дренаж түтігінен көп мөлшерде өт ағып жатыр. Науқаста өт ағудың анағұрлым ықтимал себебі қандай?

A) Операция кезінде өт жолдарын зақымдау;

B) Өт қабы орнынан өт ағу;

+C) Өт қабы өзегі тұқылының тұрақсыздығы;

D) Қалдырылған тастың холедох қабырғасы арқылы ойылуы;

E) Гипертензия әсерінен өт жолдарының қабырғасы арқылы өттің кетуі;

 

Ер адам 56 жаста, хирургия бөлімшесіне механикалық сарғаю клиникасымен түсті. Ананмнезінде 3 жыл бұрын холецистэктомия операциясы сыртқы дренаждаумен болған. Қосымша зерттегенде өт жолдарының жоғарғы стриктурасы анықталды. Осы жағдайда қандай операция түрі анағұрлым орынды?

A) Т-тәрізді дренажбен өзекті дренаждау;

B) Холедоходуоденоанастомоз салу;

C) Тарылған бөлікті резекциялау және анастомоз салу;

D) Гепатикодуоденоанастомоз және сфинктеротомия;

+E) Басқарылатын дренажбен гепатикоеюноанастомоз жасау;

 

Әйел 47 жаста, хирургия бөлімшесіне оң қабырға астындағы ауру сезіміне, жүрек айнуға, ауызындағы ашты дәмге шағымданып жатқызылды. Науқасақа консервативті ем жүргізілді, бірақ ауру сезімі басылған жоқ. Операция көрсетілген. Операция кезінде өт қабы өзегінде тығыз бекіген тас анықталды,тығыз, өт қабы ішіндегі өт түссіз. Осы жағдайда қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

+A) Өт қабының шемені;

B) Өт қабы эмпиемасы;

C) Өт қабының холестерозы;

D) Бауырдан тыс жолдардың торсылдағы;

E) Холецисто-холедохеальді жыланкөз;

 

Ер адам 68 жаста, хирургия бөлімшесіне тері жамылғысының сарғаюына, оң қабырға астындағы ауырлық сезіміне шағымданып жатқызылды. Қарап тексергенде үлкейген өт қабы анықталды. Компьютерлі томографияда ұйқы безі басының ісігі анықталды. Науқасқа операция жасалды.Операция кезінде экспресс-биопсия нәтижесінде аденокарцинома анықталды. Осы жағдайда төмендегі операциялардың қайсысы анағұрлым орынды?

A) Холедоходуоденостомия;

B) Холедохоеюностомия;

C) Холецистоеюностомия;

D) Корпокаудальді резекция;

+E) Панкреатодуоденальді резекция;

 

48 жастағы әйелге деструктивті холецистит себебінен жедел түрде холецистэктомия операциясы жасалды. 3 айдан кейін операциядан кейін сарғаюмен, қалтыраумен жүретін ауру сезім ұстамалары болып тұрады. Науқаста төмендегі көрсетілгеннің ішінде қайсысы анағұрлым ықтимал?

A) Ұйқы безі басының обыры;

B) Индуративті панкреатит;

+C) Резидуальді холедохолитиаз;

D) Бауыр асты абсцессі;

E) Созылмалы гепатиттің қозуы;

 

Науқас В., 43 жаста, тексергенде бауыр альвеококкозы анықталды. Оң жақ бауыр зақымдалған. Бұл жағдайда төменде көрсетілген қандай операция анағұрлым түбегейлі?

+A) Бауыр резекциясы;

B)Аальвеококкозды түйінді сылып тастау;

C) Торсылдақты ашу және дренаждау;

D) Өт жолдарын сыртқа дренаждау;

E) Өт жолдарын ішке дренаждау;

 

Әйел 52 жаста, хирургиялық бөлімде жиі құсуға, әлсіздікке, дене салмағының азаюына шағымданып түсті. Ауырғанына 6 ай болды. Емдәм сақтамаған, алькогольді шектен тыс пайдаланған. Қарап тексергенде: бауыр қабырға доғасы астынан 3-4 см шыққан, төмпешікті, ұлғайған көкбауыр пальпацияланады. Төмендегілердің қайсысы гепатоспленомегалияның анағұрлым ықтимал себебі болады?

A) Бауыр обыры;

+B) Бауыр циррозы;

C) Токсикалық гепатит;

D) Бауыр эхинококкозы;

E) Бадд-Киари ауруы;

 

56 жастағы ер адам, оң өкпенің төменгі бөлігінің эхинококкозымен хирургиялық бөлімге түсті. Торсылдақтың фазасын анықтау үшін рентгенологиялық зерттеу тағайындалды. Суреттерде жабық фазадағы оң өкпенің төменгі бөлігінің эхинококкозының белгілері анықталды. Бұл фазаға төменде көрсетілген белгілердің ішінде қайсысы анағұрлым тән?

A) Үш бұрышты гомогенді ағару;

B) Контуры анық емес гомогенді ағару;

C) Өкпенің бөлігінің жайылмалы қараюы;

D) Горизонтальді деңгейі бар біркелкі емес қараю;

+E) Пішіні анық домалақтанған гомогенді қараю;

 

Ер адам 45 жаста, бауырдың эхинококкты торсылдақпен отаға алынды. Операция кезінде хирург марсупиализация жасау керек деген шешім қабылдады. Төмендегілердің қайсысы бұл операцияға көрсеткіш болып табылады?

+A) Торсылдақтың іріңдеуі;

B) Көпкамералы торсылдақ;

C) Торсылдақтың үлкен өлшемдері;

D) Торсылдақтың киын орналасуы;

E) Өт жолымен қатынасатын торсылдақ;

 

48 жасар ер адамда зерттеп тексергенде өңеш веналарының варикозды кеңеюінің ІІІ сатысы анықталды. Анамнезінде сепсиспен ауырған. Қарап тексергенде: іш ұлғайған, шемен, кіндік аймағында тері астын веналар кеңейген, теріде телеангиэктазиялары бар. Төменде көрсетілгеннің қайсысы науқаста портальді гипертензияның анағұрлым ықтимал себебі болады?

A) Бауыр циррозы;

+B) Бадд-Киари синдромы;

C) Бауырдан тыс өт жолдарының обыры;

D) Жедел токсикалық гепатит;

E) Бауыр поликистозы;

 

Әйел 52 жаста, хирургиялық бөлімшеге әлсіздікке, тәбетінің болмауына шағымданып түсті. 2 айда 15 кг-ға азып кеткен. Объективті: кіндік айналасындағы аймақта алдыңғы құрсақ қабырғасының кеңейген веналары, спленомегалия. Науқасқа қандай зерттеу әдісі портальді гипертензия түрін анықтау үшін анағұрлым орынды?

+A) Целиакография;

B) Спленопортография;

C) Бауырды сканирлеу;

D) Компьютерлі томография;

E) Ультрадыбыстық зерттеу;

 

Ер адам 54 жаста, бауыр циррозы және портальді гипертензия клиникасымен түсті. Чайлд-Пью бойынша бауырдың қызметтік жағдайы А тобы (компенсация сатысы). Анамнезінде өңештің ВКВ- дан 2 қан кету окиғасы болған. Осы жағдайда төмендегі шунттаушы операциялардың қайсысы анағұрлым орынды?

A) Лимфо-веналық анастомоз;

B Кавакавальді анастомоз;

C) Портокавальді анастомоз;

+D) Спленоренальді анастомоз;

E) Оментогепатопексия;

 

Ер адам 32 жаста, терапия бөлімшесінде бауыр циррозы және портальді гипертензия себебінен ем қабылдаған. Шыққаннан кейін қан кету қаупі бар өңеш веналарының варикозды кеңеюінің III сатысы бар болғандықтан хирургке жіберілді. Осы жағдайда қандай эндоскопиялық араласу анағұрлым қауіпсіз және орынды?

A) Веналар электрокоагуляциясы;

B) Эндоскопиялық склеротерапия;

C) Аргон-плазмалық коагуляция;

+D) Эндоскопиялық лигирлеу;

E) Желімді заттарды енгізу;

 

50 жасар Д. науқасқа өкпенің эхинококкты торсылдағы себебінен операция жасалған. Операциядан кейін 4 сағаатан кейін хал – жағдайының нашарлауына байланысты реторакатомия жасалды. Қандай асқыну реторакатомияға абсолютті көрсеткіш болды?

A) Көптеген өкпе жыланкөздері нәтижесінде өкпе коллапсы;

B) Бронх тұқылының біріншілік тұрақсыздығы;

+C) Плевраішкілік қан кету;

D) Оң жақтағы кернелген пневмоторакс;

E) Операциядан кейінгі өкпе ателектазы;

 

Науқас Г. 72 жаста, холецистэктомиядан кейін 12 тәулік бойы Пиковский-Холстед сыртқы дренажы бойынша 1000 мл дейін өт бөлініп жатыр. Осы жағдайда өт ағудың анағұрлым ықтимал себебі қандай?

А) Бауыр өзегіне жіп байланған

В) Дренаж дұрыс орнатылмаған;

С) Дренаждың үлкен диаметрі таңдалған;

D) Холедохтың терминальді бөлімінде блок;

+E) Холедохтың проксимальді бөлімінде блок;

 

Науқас С. 65 жаста, 1 ай бұрын холецистэктомия болған.Қабылдау бөліміне хирург дәрігеріне белдемелі ауру сезіміне, 380С дейінгі жоғары температураға, тері жамылғысының сарғыштығына шағымданып келді. Осы жағдайда төмендегілердің қайсысы анағұрлым ықтимал?

А) Холедохтың тыртықты стриктурасы;

В) Перихоледохеальді лимфаденит;

+С) Жедел панкреатит;

D) Холедохқа байланған жіп;

E) Өзектің ұзын қалдырыған тұқылы;

 

Науқас С. 65 жаста, 1 ай бұрын холецистэктомия операциясы жасалған. Қабылдау бөліміне хирург дәрігеріне оң қабырға астындағы ауру сезіміне, 380С дейінгі жоғары температураға, қалтырауға, тері жамылғысының сарғаюына шағымданып келді. Осы жағдайда қандай асқыну анағұрлым ықтимал?

А) Холедохтың тыртықты стриктурасы;

В) Перихоледохеальді лимфаденит;

+С) Жедел іріңді холангит;

D)Холедохқа байланған жіп;

E) Өзектің ұзын қалдырыған тұқылы;

 

Науқас Г. 72 жаста, холецистэктомиядан кейін 12 күн бойы Пиковский-Холстед дренажы бойынша 300 мл өт бөлініп жатыр. Сіздің осы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым орынды?

А) Дренажды тез алып тастау;

В) Дренажды қысу және бақылау;

+С) Фистулохолангиографияны жасау;

D) Эндоскопиялық папиллотомия жасау;

E) Дренажды 1 айдан кем емес уақытан кейін алу;

 

Науқас Г. 72 жаста, холецистэктомиядан кейін 12 күн бойы сыртқы дренажбен 300 мл өт бөлініп жатыр. Фистулохолангиография жасалды, холедохта диаметрі 1 см болатын тас анықталды. Осы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым орынды?

А) Релапаротомия және холедохолитотомия жасау;

В) Эндоскопиялық папиллотомия жасау;

С) Холедохтың дренажын байлау және динамикада бақылау;

D) Релапаротомия және трансдуоденальді папиллосфинктеротомия;

+E) Эндоскопиялық папиллотомия жасау тас экстракциясымен бірге алу;

 

Науқас Г. 72 жаста, холецистэктомиядан кейін 2-тәуліктен бастап бауыр асты дренаждан күнделікті 200 мл өт бөлініп жатыр.Динамикада науқастың жағдайы нашарлаған жоқ, іште ауру сезімі жоқ. температура 370С, лейкоциттер – 8,6х109, А/Қ – 135/70, пульс – 82 рет 1 мин.Осы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым орынды?

А) Щұғыл релапаротомия;

В) Фистулография жасау;

+С) Динамикалық бақылау;

D) Дренажға элктроотсос қосу;

E) Эндоскопиялық папиллотомия жасау;

 

Науқас С. 54 жаста, холецистэктомия операциясынан кейін 2-тәулікте тері жамылғысының сарғаюы, әлсіздік, дене температурасының 38 дейін жоғарлауы пайда болды. Осы жағдайда сарғаюдың анағұрлым ықтимал себебі қандай?

+А) Холедохты операция кезінде байлау;

В) Созылмалы гепатиттің белсенденуі;

С) Созылмалы панкреатиттің қозуы;

D) Жарақаттан кейінгі холедох стриктурасы;

E) Өт қабы өзегінің тұқылын ұзын қалдыру;

 

Науқас С. 54 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа тері жамылғысының сарғыштығына, әлсіздікке шағымданып келді. Ауырғанына 10 күн болған. Анамнезінен: 6 ай бұрын холецистэктомия операциясы болған. Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі анағұрлым орынды?

А) Құрсақ қуысының компьютерлі томографиясы;

+В) Ретроградты холангиопанкреатография;

С) Үлкен дуоденальді емізікті эндоскопиялық зерттеу;

D) Диагностикалық лапароскопия;

E) Ультрадыбыстық зерттеу;

 

Науқас С. 54 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа тері жамылғысының сарғыштығына, әлсіздікке шағымданып келді. Ауырғанына 10 күн болған. Анамнезінен: 6 ай бұрын холецистэктомия операциясы болған. ЭРХПГ кезінде жалпы өт өзегінің 1,0 см ұзындықта тарылуы анықталды. Осы жағдайда жалпы өт өзегінің тарылуының анағұрлым ықтимал себебі қандай?

А) Склероздаушы холангит;

В) Бауырдан тыс өт жолдарының обыры;

С) Жалпы өт өзегінде қалдырылған тас;

D) Перихоледохеальді лимфаденит;

+E) Бауыр өзегінің жарақаттан кейінгі стриктурасы;

 

Науқас С. 54 жаста, тері жамылғысы сарғайған, 6 ай бұрын холецистэктомия операциясы болған, қосымша зерттеу әдістері жасалды. Сонда бауырдан тыс өзектер және жалпы өт өзегінің кеңейгені, бауыр өлшемдерінің үлкейгені, құрылымының бір келкі еместігі анықталды. Билирубин қөсреткіштері: жалпы – 127 ммоль/л, тік - 90 ммоль/л. Осы жағдайда әрі қарайғы анағұрлым орынды емдік тактика қандай?

+А) Лапаротомия жасау;

В) Форсирленген диурез өткізу;

С) Диагностикалық лапароскопия жасау;

D) Плазмаферез, гемосорбция, қанның УКТ өткізу;

E) Өзектердің бауыр арқылы дренаждауын жасау;

 

Науқас С. 54 жаста, операция кезінде бауыр өзегі 2 см дейін кеңейгені, холедох қабырғасы 1,5 см ұзындықта тығыз, тыртықты өзгерген. Осы жағдайда анағұрлым орынды хирургиялық тактика қандай?

А) Кер бойынша сыртқы дренаж қою;

В) Холедох пластикасын жасау;

С) Холедохқа стент қою;

D) Холедоходуоденоанастомоз салу;

+E) Гепатикоеюностомия жасау;

 

Үлкен дуоденальді емізік (ҮДЕ) стенозы кезінде қандай операция анағұрлым орынды?


Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 108 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Хирургиялық инфекция 5 страница | Хирургиялық инфекция 6 страница | Хирургиялық инфекция 7 страница | Хирургиялық инфекция 8 страница | Хирургиялық инфекция 9 страница | Торакальная хирургия 1 страница | Торакальная хирургия 2 страница | Торакальная хирургия 3 страница | Торакальная хирургия 4 страница | Торакальная хирургия 5 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Торакальная хирургия 6 страница| Жоспарлы хирургия 2 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.047 сек.)