Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Хирургиялық инфекция 7 страница

Читайте также:
  1. BOSHI женские 1 страница
  2. BOSHI женские 2 страница
  3. BOSHI женские 3 страница
  4. BOSHI женские 4 страница
  5. BOSHI женские 5 страница
  6. ESTABLISHING A SINGLE EUROPEAN RAILWAY AREA 1 страница
  7. ESTABLISHING A SINGLE EUROPEAN RAILWAY AREA 2 страница

А) Науқас ағзасының төмендеген реактивтілігі

В) Физиоем мен витаминотерапия жасалмаған

С) Антибактериальді терапия тағайындалмаған

+D) Жараның біріншілік хирургиялық өндеуінің ережесі бұзылған

E) Басынан-ақ микрофлораның жоғары вируленттілігі

 

Науқас А., 45 жаста, оң санының ауырсынуы мен ісіну шағымдарымен хирургияның қабылдау бөліміне түсті. Бір апта бұрын жұмысында оң сан жарақатын алды. Тоғызыншы тәулікте температураның 38,70С ға дейін көтерілуін және сан ісініуін байқады. Тексергенде: оң санның с/3 және н/3 ісінуі, жайылған гиперемия, ауру сезімі бар. АҚ 100/60, пульс 94 /мин., ЧД 22 / мин.,қандағы лейкоциттер саны 14,0х109 . Науқаста ең ықтимал диагноз?

+А) Сан флегмонасы;

В) Жұмсақ тіндердің жарақаты;

С) Тілмелі қабыну;

D) Жедел тромбофлебит;

E) Іріңдеген сан гематомасы;

 

Төменде аталғандардың қайсысы науқаста іріңді қабынулық асқынудың дамып жатқанын көрсетеді?

А) Лимфангит көріністеріның қосылуы;

В) Терең веналар тромбофлебитының қосылуы;

С) Инфильтраттың тығыздалуы, ауырсыну мен температура;

D) Лейкоцитоздың көтерілуі және инфильтраттың тығыздалуы;

+E) Инфильтраттың жұмсаруы, ауырсынудың күшеюі және температура;

 

Әйел адам И., 58 жаста емханаға сол жақ қолтық асты аймағында ауру сезімі және тығыздалған түзіліс пайда болғанын және температураның 37,90С ға дейін көтерілгенін байқап, шағымданып келді.Төрт күн бойы ауырып келе жатыр. Тексергенде: гиперемия, 2,0х1,5 см көлемді тығыз ауру сезімді түзіліс. Ең ықтимал диагноз?

А) Абсцесс;

В) Туберкулез;

+С) Гидраденит;

D) Карбункул;

E) Флегмона;

 

Ер адам А., 65 жаста, қабылдау бөліміне оң сан аймағындағы ауру сезіміне, әлсіздік, температураның 38-390С дейін көтерілуі, кешкілік дененің қалтырауы. Аптаа бойына жағдайының нашарлауы. Анамнезінен: үш апта бұрын жұмыста оң сан жарақатын алды. Тексергенде: оң санның с/3 және н/3 аймағының айқын ісінуі, гиперемия, ауру сезімі. АД 100/60, пульс 98/1 мин., ЧД 24/1 мин., қандағы лейкоциттер саны 19,7х109, ПТИ 89 %, МНО 1,2. Оң санның флегмонасы диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Қандай асқыну науқастағы клиникалық көріністерге сәйкес келеді?

А) Ауыр сепсис;

В) Септикалық шок;

С) Гемокоагуляциялық синдром;

D) Полиорганды жетіспеушілік;

+E) Жүйелі қабыну жауабы синдромы;

 

Науқас В., 49 жаста, қабылдау бөліміне сол сан флегмонасы жамбас бөліміне жайылған, сепсиспен асқынған, ауыр жағдайда түсті. Анамнезіндеүш апта бұрын жұмысында жарақат алған. Медициналық көмекке жүгінбеген. Науқаста хирургиялық сепсистың қандай түрі?

+А) Постравматикалық;

В) Қабынулық;

С) Ангиогенды;

D) Аралас;

E) Жаралық;

 

Ауыр сепсисте науқастың летальды жағдайға ұшырауына жиі әсер ететін себеп?Какова наиболее частая причина летального исхода при тяжелом сепсисе?

А) Жүрек-қан тамырлық жетіспеушілік;

В) Гепато-церебральды жетіспеушілік;

+С) Полиорганды жетіспеушілік;

D) Гепаторенальды синдром;

E) Интоксикациялық синдром;

 

Ер адам 57 жаста реанимация бөлімшесіне ауыр жағдайда ауыстырылды. Бес күн бұрын науқас ашы ішек жыртылуы мен жайылған фибринозды-іріңді перитонитке байланысты операция жасалған. Тексергенде: АҚ 70/40, пульс 128/1 мин, тыныс алу жиілігі 36/1 мин., дененің жоғарғы бөлімінде айқын цианоз. Науқастың жағдайы неге байланысты ауыр?

+A) Септикалық шок;

B) Респираторлы синдром;

C) Интоксикациялық синдром;

D) Ішектің операциядан кейінгі парезі;

E) Жүйелі қабыну жауабы синдромы;

 

Науқас Е., 76 жаста, реанимация бөлімшесінде 11 тәулік жатыр. Науқас сигма тәрізді ішектің ісігіне байланысты операция жасалған. Қазіргі уақытта науқастың клиникасы абдоминальды сепсисты көрсетеді. Науқас цефепим, амикацин және метрогил алған. Антибиотиктерді ауыстыру керек. Осы жағдайда ең тиімді қандай антибактериальды ем қолдану керек?

A) Цефепима дозасын максималды көтеру;

B) Цефтриаксон және метрогил тағайындау;

C) Цефазолин және гентамицинге ауыстыру;

D) Монотерапияда цифлоксацин тағайындау;

+E) Монотерапияда меропенем тағайындау;

 

Науқас Н., 43 жаста реанимация бөлімшесінде ауыр жағдайда жатыр. Науқасқа сигма тәрізді ішектің перфорациясына және жайылған іріңді перитонитке байланысты бір апта бұрын операция жасалған. Тексергенде: склера мен тері жабындыларының сарғыштануы, қозғалыс қозымдылығы, кеңістікте дағдыланбаған,сөзі байланыссыз. Науқастың осы жағдайы неге байланысты?

A) Бас миында метастаздар бар;

B) Гепато-ренальды синдром;

+C) Токсикалық энцефалопатия;

D) Жүрек-қан тамырлық жетіспеушілік;

E) Ми қан айналымының бұзылуы;

 

Науқас Н., 56 жаста әлсіздікке, бір ай бойы қалтыраумен температура көтерілуіне, салмақ жоғалтуға шағымданып ауыр жағдайда реанимация бөлімшесіне түсті. Анамнезінен: үш ай бұрын инъекциядан кейінгі абцесске байланысты ем алған. Тексергенде: температура 39,60С, АҚ 90/60, пульс 120/1 мин., ЧД 20/1 мин., қан анализінде эритроциттер - 2,7х1012, Hb – 76 г/л, Ht – 29%, лейкоциттер – 27,0х109, ЭТЖ – 56 мм/сағ. Оң жақ жамбас бөлімінде операциядан кейінгі тыртық бар. Ең ықтимал диагноз?

+A) Ауыр сепсис;

B) Іріңді холангит;

C) Жедел сарысулық гепатит;

D) Іріңді-резорбциялық қалтырау;

E) Жүйелі қабыну жауабы синдромы;

 

Ер адам Л., 56 жаста, бір ай бойы қалтыраумен температура көтерілуіне, салмақ жоғалтуға шағымданып ауыр жағдайда реанимация бөлімшесіне түсті. Анамнезінен: үш ай бұрын инъекциядан кейінгі абцесске байланысты ем алған. Тексергенде: температура 39,60С, АҚ 90/60, пульс 120/1 мин., ЧД 20/1 мин., қан анализінде эритроциттер - 2,7х1012, Hb – 76 г/л, Ht – 29%, лейкоциттер – 27,0х109, ЭТЖ – 56 мм/сағ. Оң жақ жамбас бөлімінде операциядан кейінгі тыртық бар. Дәрігер сепсиске күмәнданды. Қандай тексеру алдыңғы қатарда жасалынады?

A) Компьютерлі томография;

B) Иммунно-ферментті сараптама;

+C) Қанды тазалыққа егу;

D) Ашылған қан сараптмасы;

E) Кеуде клеткасының рентгенография;

 

 

Науқас Н., 46 жаста әлсіздікке, бір ай бойы қалтыраумен температура көтерілуіне, салмақ жоғалтуға шағымданып ауыр жағдайда реанимация бөлімшесіне түсті. Анамнезінен: үш ай бұрын инъекциядан кейінгі абцесске байланысты ем алған. Тексергенде: температура 39,60С, АҚ 90/60, пульс 120/1 мин., ЧД 20/1 мин., қан анализінде эритроциттер - 2,7х1012, Hb – 76 г/л, Ht – 29%, лейкоциттер – 27,0х109, ЭТЖ – 56 мм/сағ. Оң жақ жамбас бөлімінде операциядан кейінгі тыртық бар. Науқасқа сепсис диагнозы қойылды. Осы жағдайда сепсистың кіру қақпасы не болды?

A) Криптогенды сепсис;

+B) Постинъекциялық абсцесс;

C) Ұйқы безінің кистасы;

D) Жедл панкреатит;

E) Оң санның созылмалы остеомиелиты;

 

Әйел адам Е., 48 жаста реанимация бөлімшесінде ауыр жағдайда алдыңғы құрсақ қабырғасының флегмонасы және ауыр сепсиспен жатыр. Науқасқа үш апта бұрын абдоминопластикаға байланысты операция жасалды. Шұғыл түрде науқасқа іріңдерді ашу, некрэктомия, жараны Каншин бойынша дренаждап, антисептиктермен санациялау жүргізілді. Науқас дезинтоксикациялық антибактериальды ем қабылдап жатыр. Осыған қарамастан интоксикация сақталып тұр. Науқасқа осы жағдайда төменде аталғандардың қайсы детоксикациялық әдісі қолданғаны дұрыс?

A) Плазмаферез;

B) Ксеносорбция;

C) Лазерлә терапия;

+D) Ультрафильтрация;

E) Форсирленген диурез;

 

Құрт тәрізді өсіндінің қандай орналасуы псоас-абцесс дамуына алып келеді?

A) Қалыпты орналасу;

B) Таздық орналасу;

C) Медиалды орналасу;

+D) Құрсақтан тыс орналасу;

E) Бауырастылық орналасу;

 

Дуглас кеңістігінің абцессін диагностикалау үшін, төменде көрсетілген қандай зерттеу әдістері мағлұматты болып келеді?

А) Құрсақ қуысының рентгенографиясы;

+В) Ультрадыбыстық зерттеу;

С) Ректороманоскопия;

D) Колоноскопия;

Е) Ирригоскопия;

 

Аппендикулярлы текті жайылған перитонитте, төменде аталған қай ену жолы дұрыс?

А) Оң жақты параректалды тілу;

В) Волкович-Дьяконов бойынша тілу;

+ С) Орталық лапаротомия;

D) Лапаротомия по Федоров бойынша;

E) Көлденең лапаротомия;

 

Науқас Х., 48 жаста, хирургиялық инфекция бөлімшесіне оң иығының үлкеюіне, ауру сезіміне, температураның 380С дейін көтерілуіне шағымданып келді. Тексергенде: аускультацияда дем алысы «қатты», төменгі бөлімінде әлсіз, ТАЖ 20, АҚ 130/80 мм рт. ст. Локалды: үлкен ісіну, оң иықтың гиперемиясы, пальпацияда ауру сезімді. Ең ықтимал диагноз?

A) Абсцесс;

+B) Флегмона;

C) Лимфангит

D) Карбункул;

E) Тілмелі қабыну;

 

Ер адам, 40 жаста қабылдау бөліміне кеуде клеткасындағы ауру сезімінежәне қақырықты жөтелге шағымданып келді. Анамнезінде: үш апта бұрын алкогольды масаю кезінде далада 4-5 сағат ұйықтап қалыпты. Екі күннен кейін температурасы көтеріліп, кеуде клеткасында ауру сезімін байқады. Содан кейін температурасының 390С дейін көтерілуін байқады. Екі аптадан соң жөтелгенде сасық иісті 200.0 мл-дей ірің шықты. Болжама диагноз қандай болуы мүмкін?

+А) Өкпе абсцессі;
Б) Крупозды пневмония;
В) Экссудациялық плеврит;
Г) Жедел трахеобронхит;
Д) Бронхоэктазиялық ауру;

 

Ер адам, 45 жаста, он екі елі ішектің тесілген ойық жарасы және жайылған фибринозды-іріңді перитонитке байланысты операция жасалған. Стационардан шыққаннан кейін науқас емханаға көрінді. Бұл науқастың еңбекке жарамсыздық мерзімі шамамен қандай?

A) 20-30 тәулік;

+B) 30-40 тәулік;

C) 50-60 тәулік;

D) 60-90 тәулік;

E) 100-120тәулік

 

Ер адам 48 жаста, емханадағы хирургке еңбекке жарамсыздық қағазын созуына сұрап келді, себебі ол жүргізуші жұмысын жасалған операцияға байланысты атқара алмайды. Науқасқа асқазанның субтотальды резекция операциясы жаслған. Дәрігердің осы жағдайға байланысты іс әрекеті қандай болуы тиіс?

A) Еңбекке жарамсыздық қағазын жабу;

B) Санитарлы курортты емге жолдама беру;

C) Науқасқа жұмысын өзгертуді тағайындау;

D) Еңбекке жарамсыздық қағазын алты айға дейін созу;

+E) Дәрігерлік-еңбектік экспертиза комиссиясына жолдау;

 

Ер адам Т., 40 жаста, емханаға ентікпеге шағымданып келді. Науқас жедел түрде ауырды, жұмыста суықтануымен байланыстырады. Тексергенде: оң жақтағы қабырға аралық кеңейген, аускультацияда оң жақта демалыс тыңдалмайды. Дәрігер рентгенологиялық зерттеу тағайындады. Төменде аталған қандай рентгенологиялық көрініс көруіміз мүмкін?

А) Ортаңғы үлестің шектелген көлеңкеленуі;

В) Өкпе аймағының тотальды көлеңкеленуі;

+С) Өкпе аймағының тотальды айқындалуы;

D) Тік айқын контурлы дөңгелектенген көлеңке;

Е) Бүкіл өкпе аймағындағы диффузды ошақтар;

 

Ер адам 30 жаста, он күн бойы мазалап жүрген ентікпе мен жөтелге шағымданып келді. Ауруды үш апта бұрын сол кеуде бөліміне алған жарақатпен байланыстырып отыр. Тексергенде: кеуденің сол бөлігі дем алғанда қалып тұр, аускультацияда сол өкпеде дем алыс тыңдалмайды. Дәрігер жұмырланған гематораксқа күмәнданды. Дәрігер рентгенологиялық зерттеу тағайындады. Төменде аталған қандай рентгенологиялық көрініс көруіміз мүмкін?

А) Диффузды ошақтық көлеңке;

В) Өкпе аймағының субтотальды көлеңкеленуі;

С) Сол өкпе ұшындағы ошақтық көлеңке;

D) Өкпе аймағының средостенийға ауысуымен тотальды көлеңкеленуі;

+Е) Өкпенің төменгі бөліміндегі субтотальды көлеңкелену мен айқындалу;

 

Ер адам Е., 47 жаста, хирургқа бет фурункулы диагнозымен жолданды. Хирург тексергеннен кейін науқаста тері рагына күмәнданды. Гистологиялық формасы сары-ақ түсті, тығыз консистенциялы, тері үстіне өскен, ауырсынусыз түйіні бар қандай тері рагы болуы мүмкін?

А) Альвеолярлы рак;

В) Ұсақ жасушалы рак;

С) Эпидермоидты рак;

+D) Базальды жасушалы рак;

Е) Ірі жасушалы рак;

 

Төменде аталған қайсы дифференциалды көрініс перифериялық лимфогранулематозды лимфадениттен ажыратады?

А) Температурның көтерілуі;

В) Инфекцияланған жараның бары;

С) Лимфа түйіндерінің ауырсынуы;

D) Үлкейген түйін үстінде тері гиперемиясы;

+Е) Қабынуға қарсы емнің көмектеспеуі;

 

Қабылдау бөліміне 79 жасар науқас С. ауыр жағдайда, жағдайы нашарлағаннан 2 апта өткеннен кейін оң аяғындағы ауру сезіміне, әлсіздікке, шөлдеуге, жоғары температураға шағымданып түсті. Анамнезінен ЖИА, артериялық гипертензиямен, қант диабетімен ауырады. Қарап тексергенде: сан артериясының пульсациясы әлсіреген, ауру сезімді сезу жоғалған, балтырдың ортаңғы 1/3-не дейін аяқ басының ісігі, шіріген иісті жайылмалы некроз, аяқ басы түгел қара түсті. Осы науқаста анағұрлым ықтимал диагноз қандай?

А) Тілмелік қабыну

В) Оң аяқ басының флегмонасы

С) Тізе арты артериясының жедел эмболиясы

D) Оң жақтық посттромбофлебиттік синдром

+Е) Диабеттік табанның Нейро-ишемиялық түрі

 

Хирургиялық инфекцияның қабылдау бөліміне 79 жасар науқас С. ауыр жағдайда, айқын интоксикация белгілерімен, жағдайы нашарлағаннан 2 апта өткеннен кейін түсті. Диагнозы: Қант диабеті, 2 тип, ауыр ағымы. Диабеттік табан, нейроишемиялық түрі, зақымдану деңгейі 5 ылғалды ган грена түрінде. Кезекші дәрігер оң аяқ басы мен балтырдың ортаңғы 1/3-нің ылғалды ганренасын анықтады. Осы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым орынды?

А) Гемосорбция сеансын жүргізу

+В) Аяқтың біріншілік ампутациясын жасау

С) Қосарланған антибактериальді терапия тағайындау

D) Некрэктомия жасау және лазеротерапия сеансын жүргізу

Е) Озонотерапия сеансын жүргізіп және антисептикпен өндеу

 

Хирургиялық инфекцияның қабылдау бөліміне 89 жасар науқас А. ауыр жағдайда, сан артериясының эмболиясы, аяқ контрактурасы бар ишемияның III В дәрежесі клиникасымен ауру басталғаннан 2 тәулік өткеннен кейін түсті. Осы жағдайда қандай емдеу әдісі анағұрлым оңтайлы?

+А) Аяқ ампутациясын жасау

В) Жедел тромбэмболэктомияны жасау

С) Тромболитикалық терапияны тағайындау

D) Аорто-сан шунттаушы операциясын жасау

Е) Дезинтоксикациялық терапияны тағайындау

 

Төмендегілердің қайсысы газды гангренаның арнайы емес алдын-алу шарасы болып табылады?

А) Жараны біріншілік хирургиялық өңдеу

В) Массивті антибактериальді ем

+С) Гангрена қарсы сарысу енгізу

D) Иммуномодуляторлар енгізу

Е) Дезинтоксикациялық ем

 

Төмендегілердің қайсысы газды гангрена кезінде анағұрлым маңызды шара болып табылады?

А) Шокқа қарсы терапия

В) Десенсибилизациялаушы ем

С) Сіреспеге қарсы сарысу енгізу

D) Антибиотиктерді артерия ішіне енгізу

+Е) Некрэктомия және оксигенотерапия орындау

 

Төмендегілердің қайсысы жұмсақ тіндердің клостридиялы емес инфекциясына тән белгі болып табылады?

А) Тері жамылғысының шекарасы анық гиперемиясы

В) Бұлшықет пен дәнекер тіннің некрозы, газдың түзілуі

С) Ісіну, тері жамылғысының мәрмәр суреті, газдың түзілуі

+D) Шіріген иісті іріңді-геморрагиялық бөлінісі бар абсцестену

Е) Анемия, лейкоцитоз, қабну аймағында бұлшықеттердің тартылуы

Сіреспенің патогенезінде қандай фермент маңызды роль атқарады?

A) Стрептокиназа

+B) Тетаногемолизин

C) Гиалуронидаза

D) Лейкоцидин

E) Тетаноспазмин

 

Науқас С. 32 жаста, көлігін жөндеп жатқанда оң иығын жаралап алған. Травмпунктке шағымданып келді. Қарап тексергенде: иығының ортаңғы 1/3-де өлшемі 4,0x3,5 см болатын, шеттері тегіс емес, кең көлемді жара бар. Кезекші дәрігер біріншілік хирургиялық өндеу жүргізді. Сіреспенің алдын-алу мақсатында осы жағдайда дәрігер нені тағайындау керек еді?

A) 1 мл гангренаға қарсы сарысу

В) 3000 АБ сіреспеге қарсы сарысу

C) 1 мл сіреспелік анатоксин және антибиотиктер

+D)1 мл сіреспелік анатоксин, 3000 АБ сіреспеге қарсы сарысу

E) 3000 сіреспеге қарсы сарысу, антибиотиктер, γ-глобулин

 

Біріншілік хирургиялық өндеу екіншілік хирургиялық өндеуден немен ерекшеленеді?

A) Операция техникасымен

+В) Операция мезгіл дерімен

C) Алдында болған таңғыш санымен

D) Біріншілік хирургиялық өндеудің болмауымен

E) Дренаждауды қолдану немесе одан бас тартумен

 

Қандай заттардың бөлінуімен жара үрдісінің бірінші фазасында тамырлардың өткізгіштігінің бұзылуымен жүретін олардың кеңеюі байланысты?

A) Лактатдегидрогеназа;

B) Сілтілі фосфатаза;

C) Қышқыл фосфатаза;

+D) Гистамин, серотонин;

E) Қышқыл РНКаза;

 

Аппендикулярлы этиологиялы жайылған перитониттың ауыр ағымы неге байланысты?

A) Құрт тәрізді өсіндінің атипті орналасуы;

+B) Аэробты-анаэробты микрофлоралардың араласуы;

C) Перитониттегі екіншілік иммунодефицит;

D) Перитониттың тез басталуы;

E) Ағзаның ақуызды көп жоғалтуы;

Емізетін әйелдерге төменде аталған қандай антибиотиктер қарсы көрсетілген?

A) Феноксиметилпенициллин;

B) Бензилпенициллин;

+C) Тетрациклин;

D) Цефуроксим;

E) Цефазолин;

 

Ер адам 38жаста, деструктивті панкреатит диагнозымен хирургиялық бөлімшеде ем қабылдап жатыр. Аурудың 14 күнінде гектикалық температура, қалтырау, тахикардия, формуланың солға жылжуымен лейкоцитоз пайда болады. Алдында эпигастрии аймағында ауру сезімді инфильтрат пальпацияланды, инфильтраттың көлемі үлкейіп жатыр. Науқаста қандай асқыну дамыды?

A) Перитонит;

B) Іріңді холангит;

C) Іріңді перитонит;

+D) Іріңді оментобурсит;

E) Бауырасты абсцесс;

 

Ер адам Н., 23 жаста аппендэктомиядан кейін хирургиялық бөлімшеде жатыр. Операциядан алты күннен кейін іштің төменгі жағындағы ауру сезіміне, тенезм мен дизуриялық көріністер, температура 39,5, гектикалық өзгерістермен, қалтырау. Тексергенде: тәлә ылғал, іші жұмсақ, қасаға сүйегі үстінде ауру сезімді. Ректальды тексерісте: тік ішектің алдыңғы қабырғасы арқылы ауру сезімді жұмсарған инфильтрат анықталды. Науқаста ең ықтимал қандай асқыну дамыды?

A) Пилефлебит;

+B) Кіші жамбастың абсцессі;

C) Жедел парапроктит;

D) Түйінаралық абсцесс;

E) Абдоминальды cепсис;

 

Ер адам У., 48 жаста деструктивті панкреатит диагнозымен хирургиялық бөлімшеде ем қабылдап жатыр. Аурудың 16 күнінде гектикалық температура, қалтырау, тахикардия, формуланың солға жылжуымен лейкоцитоз пайда болады. Эпигастрии аймағында 15х20 см көлемді айқын емес инфильтрат пальпацияланды. Төменде аталған кандай зерттеу әдісін жүргізу қажет?

A) Құрсақ қуысының КТ;

+B) Құрсақ қуысының УЗИ;

C) Құрсақ қуысының ЯМРТ;

D) Эндоскопиялық зерттеу;

E) Позитронды-эмиссионды томография;

 

Ер адам Д., 45 жаста хирургиялық бөлімшеде гангренозды аппендицитке байланысты жасалған аппендэктомия операциясынан кейін ем қабылдап жатыр. Науқаста операциядан кейін 7-ші күні операциялық жара аймағында, шап аралығында ауру сезімі пайда болды. Дәреті ауру сезімді, температураның 390С дейін көтерілуі байқалды. Тексергенде: операциялық жара аймағында үлкен ісіну және гиперемия анықталды. Гиперемия мен ісіну шап аралығына, ұмаға таралған. Науқаста қандай асқыну дамыды?

+A) Операциялық жараның іріңдеуі;

B) Жараның лигатурлы абцессі;

C) Некротикалық цистит;

D) Ішекаралық абсцесс;

E) Жамбас абсцессі;

 

Науқас Ц., 24 жаста қабылдау бөліміне кеуде клеткасының алдыңғы бетінің ауру сезіміне, температураның 38,20С дейін көтерілуіне шағымымен түсті. Жергілікті: кеуде клеткасының алдыңғы беті ісінген, гиперемияланған, пальпациялағанда ауру сезімді. Науқас операцияға алынды. Операцияда ірің субпекторальды аймақта орналасқаны анықталды. Субпекторальды аймаққа өту үшін іріңнің ең ықтимал орналасуы?

+A) Қолтық астында;

B) Жауырын аймағында;

C) Иық аймағында;

D) Мойын аймағында;

E) Қабырғаның остеомиелиті;

 

Науқас В 43жаста, оң қабырға астындағы ауру сезіміне, дене температурасының 38,0С дейін жоғарлауына шағымданады. Анамнезінен: 2 ай бұрын бауыр зақымымен өткен құрсақ қуысының шаншылып-кесілген жарақаты бойынша операция болған. Осы жағдайының нашарлауына 1 апта болған. Бөлімшеде науқас зерттелген. Алдыңда орналасқан диафрагма асты абсцессі анықталды. Осы жағдайда қандай тілікпен абсцессті ашу анағұрлым орынды?

A) Черни

B) Троянов

+C) Клермон

D) Федоров

E) Мельников

 

Науқас В. 43 жаста, оң қабырға астындағы ауру сезіміне, дене температурасының 38,0С дейін жоғарлауына шағымданады. Анамнезінен: 2 ай бұрын бауыр зақымымен өткен құрсақ қуысының шаншылып-кесілген жарақаты бойынша операция болған.. Осы жағдайының нашарлауына 1 апта болған. Бөлімшеде науқас зерттелген. Артқы жаққа қарай орналасқан диафрагма асты абсцессі анықталды. Осы жағдайда қандай тілікпен абсцессті ашу анағұрлым орынды?

A) Торакофренолапаротомия

B) Троянов

C) Клермон

D) Федоров

+E) Мельников

Ер адам С., 47 жаста қабылдау бөліміне кеуде клеткасының оң жақ бөлігіндегі және қабырғаастындағы аймақтағы ауру сезіміне шағымданып келді. Анамнезінде бір ай бұрын жұмысында жарақат алған. Объективті тексерісте ауру сезімді үлкейген бауыр, оң жақ бұғана үстінде ауру сезімі байқалды. Оң жақ көкеттіңкуполының жоғары тұруы және гектикалық қалтырау. Дәрігерге қаралмады. Сіздің ең ықтимал диагнозыңыз?

A) Пневмонияның абцесстік түрі;

+B) Көкетасты абсцессі;

C) Іріңді паранефрит;

D) Плевра эмпиемасы;


Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 124 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Хирургиялық инфекция 1 страница | Хирургиялық инфекция 2 страница | Хирургиялық инфекция 3 страница | Хирургиялық инфекция 4 страница | Хирургиялық инфекция 5 страница | Хирургиялық инфекция 9 страница | Торакальная хирургия 1 страница | Торакальная хирургия 2 страница | Торакальная хирургия 3 страница | Торакальная хирургия 4 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Хирургиялық инфекция 6 страница| Хирургиялық инфекция 8 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.046 сек.)