Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Хирургиялық инфекция 2 страница

Читайте также:
  1. BOSHI женские 1 страница
  2. BOSHI женские 2 страница
  3. BOSHI женские 3 страница
  4. BOSHI женские 4 страница
  5. BOSHI женские 5 страница
  6. ESTABLISHING A SINGLE EUROPEAN RAILWAY AREA 1 страница
  7. ESTABLISHING A SINGLE EUROPEAN RAILWAY AREA 2 страница

E) Зақымданған бөлікті резекциялау бір моментті анастомозбен бірге

 

Науқас К., 44 жаста қабылдау бөліміне хирургқа іштің жабық жарақатын алғаннан 10 сағаттан кейін түсті. Тексергеннен кейін дәрігер диафрагма үзілуін болжамдап, кеуде және құрсақ қуыс рентгенографиясын тағайындады. Қандай рентгенологиялық белгі диафрагманың жыртылуын дәлелдейді?

A) «Клойбера табақшаларының» болуы және тік ішекте газ болуы;

B) Тоқ және тік ішектің пневматизациясы;

C) Асқазанда ауа көпіршігінің болмауы;

+D) Асқазан түбінің плевра қуысына ығысуы;

E) Диафрагма оң күмбезінің астында бос газдың болуы

 

70 жастағы Е., науқасқа ректороманоскопия өту кезінде тік ішектің қабырғасы анальді жомнан 20 см қашықтықта зақымданған, зақымдану тереңдігі туралы мәлімет жоқ. Осы жағдайда қандай емдік тактика анағұрлым орынды?

А) Колоноскопия жасау;

В) Лапароскопия жасау;

+С) Лапаротомия жасау;

D) Ирригоскопия жасау;

E) Антибиотиктер тағайындау

 

Стационарға науқас Л., 37 жаста дисфагияға, төс артындағы ауру сезіміне, температураға, шөлдеуге, әлсіздікке шағымданып түсті. Анамнезінде: үш күн бұрын сүйек жұтқанда осы шағымдар пайда болған. Сүйекті эндоскопиялық жолмен алынған. Динамикада жағдайы нашарлаған. Қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

A) Жарақаттан кейінгі эзофагит;

B) Өңеш –трахеальді жыланкөз;

C) Аспирациялық пневмония;

+D) Өңеш перфорациясы;

E) Өңеш сызаты;

 

Науқас Ч., 26 жаста хирургиялық бөлімшеге кеуде торының оң бөлігіндегі ауру сезіміне, ентігуге, әлсіздікке шағымданып түсті. Бұл шағымдар физикалық жүктемеден кейін пайда болған. Жалпы жағдайы ауыр. Ортопное, тері жамылғыларының цианозы. Перкуссия кезінде кеуде торының оң бөлігінде қорап тәрізді дыбыс анықталады, аускультация кезінде оң өкпе үстінде тыныс естілмейді. ТАЖ 28 - 30 рет минутына. Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі бірінші кезекте жасалуы тиіс?

A) Кеуде торының ультрадыбыстық зерттеуі;

+B) Кеуде торының шолу рентгенографиясы;

C) Кеуде торының компьютерлі томографиясы;

D) Жедел бронхоскопия;

E) Жедел торокоскопия

 

Науқас Л., 34 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа іштің ауырғандығына, әлсіздікке, басының айналуына шағымданып түсті. Спортпен ацйналысып жатқан уақытында кенеттен ауырған. Қаралуға 1 сағатқа дейін жағдайының нашарлағандығын байқайды: әлсіздік ұлғайған, кіші дәретке жиі барған. Қарау кезінде: өңі бозғылт, пульс минутына 90 рет, АҚҚ100/60. Қан талдауында лейкоциттер 14,2х109, эритроциттер 3,2х1012, гемоглобин 90 г/л, гематокрит 30%. Іші жұмсақ, оң жақ мықын бөлігінде ауру сезімі бар. Науқасқа қандай диагноз тән болып табылады?

A) Пиелоцистит;

B) Жедел аппендицит;

+C) Жатырдан тыс жүктілік;

D) Аналық без жылауығының болуы;

E) Миоматозды түйіннің жарылуы;

 

Төмендегілердің қайсысы жедел аппендицит пен аналық без апоплексиясының ажырату диагностикасы үшін шешуші роль атқарады?

А) Қынаптық зерттеу

B) Тік ішекті саусақпен зерттеу

C) Воскресенский симптомын анықтау

D) Щеткин-Блюмберг симптомын анықтау

+E) Қынаптың артқы күмбезінің пункциясы

 

 

Төмендегілердің қайсысы жедел аппендицит пен аналық без апоплексиясының ажырату диагностикасы үшін шешуші роль атқарады?

А) Қынаптық зерттеу

B) Тік ішекті саусақпен зерттеу

C) Воскресенский симптомын анықтау

D) Щеткин-Блюмберг симптомын анықтау

+E) Қынаптың артқы күмбезінің пункциясы

 

Жедел аппендицит кезінде қабыну үрдісі қай қабаттан басталады?

А) Құрттәрізді өсіндінің сірлі қабатынан;

+B) Құрттәрізді өсіндінің шырышты қабатынан;

C) Құрттәрізді өсіндінің бұлшықетті қабатынан;

D) Құрттәрізді өсіндінің шырышасты қабатынан;

E) Құрттәрізді өсіндінің сірлі - бұлшықет қабатынан;

 

Төмендегілердің қайсысы құрсақ қуысының енген жарақатының абсолютті белгісіне жатады?

A) Науқастың мазасыз болуы

B) Жара шеттерінен белсенді қан кету

C) Жара аймағында айқын ауру сезімі

+D) Жарадан шарбымайдың немесе ішек ілмегінің түсуі

E) Алдыңғы құрсақ қабырғасында жараның үлкен өлшемдері

 

Науқас А. 31 жаста, қабылдау бөлімінің хирург дәрігеріне ішке жарақат алғаннан кейін 3 сағаттан кейін түсті. Науқас вертикальды отыра береді, жата алмайды. Қарап тексергенде «ванька-встанька» симптомы анықалды. Қандай ағзаланың зақымы кезінде бұл симптом анықталады?

А) Бүйрек

В) Асқазан

+С) Көкбауыр

D) Қуық

Е) Ұйқы безі

 

Науқас С., 34 жаста, қабылдау бөлімінің дәрігеріне әлсіздікке, жоғары температураға, қалтырау мен оң қабырға астындағы ауру сезіміне шағымданып келді. Ауырғанына 10 тәулік болған. Анамнезінен 1 бұрын кеуде торының сол жақтан соғылуын емдеген. Қарап тексергенде тері жамылғыларының сарғыштығы, дене температурасы - 390С анықталады. Қан талдауында: эритроциттер 3,0х1012, гемоглобин – 90 г/л, лейкоциттер – 16,0х109. Құрсақ қуысының УДЗ бауырдың оң бөлігінің 6 сегментінде ішінде сұйықтығы бар өлшемдері 6,0х7,0 см болатын түзіліс анықталады. Осы науқаста анағұрлым ықтимал диагноз қандай?

+А) Бауырдың іріңдеген гематомасы

В) Бауырдың эхинококкты торсылдағы

С) Бауырдың ретенционды торсылдағы

D) Бауырдың біріншілік рагі

E) Бауырдың гемангиомасы

Науқас С., 19 жаста хирургиялық бөлімшеге алғаннан соң 40 минуттан соң іштегі ауру сезіміне, әлсіздікке, бас айналуға шағымданып жеткізілді. Қарап тексергенде: Куленкамф симптомы оң. Науқастың диагнозын нақтылау үшін төменде көрсетілгеннің қайсысы инвазивті емес зерттеу әдісін жасау керек?

А) Ангиография

В) Лапароцентез

+С) Ультрадыбыстық зерттеу

D) Компьтерлі томография

Е) Іш қуысының рентгенографиясы

 

Төменде көрсетілгеннің қайсысы жедел панкреатиттің негізгі себебі болады?

A) Дұрыс тамақтанбау;

B) Іштің жабық жарақаты;

+C) Өт тас ауруы және алкоголь;

D) Ұйқы без тамырларының тромбозы;

E) 12 елі ішектің ойық жарасы.;

 

Науқас Г. 72 жаста, холецистомия бойынша Пиковского-Холстедт сыртқы дренажынан кейін 12 күннен кейін тәулігіне 1000 мл өт бөлінді. Осы жағдайда сіздің ары қарайғы іс әрекетіңіз?

А) Тәулігіне дренажды қысу;

В) Үйге дренажбен шығару;

+С) Фистулохолангиографияны жасау;

D) Қайталама операцияға алу;

E) РХПГ – ны жасау;

 

Науқас Г. 72 жаста, холецистэктомиядан кейін 2-тәуліктен бастап бауыр асты дренаждан күнделікті 200 мл өт бөлініп жатыр.Динамикада науқастың жағдайы нашарлаған жоқ, іште ауру сезімі жоқ. температура 370С, лейкоциттер – 8,6х109, А/Қ – 135/70, пульс – 82 рет 1 мин.Осы жағдайда қандай зерттеу жасау анағұрлым орынды?

А) Лапароскопия;

В) Фистулография;

С) Құрсақ қуыс КТ- сы;

+D) Құрсақ қуысының УДЗ;

E) Эндоскопиялық папиллотомия жасау;

 

Науқас В., 56 жаста қабылдау бөлімінің хирург дәрігеріне ауыр жағдайда жеткізілді. Төс артындағы вуру сезіміне, жұтынудың қиындауына, ентігуге шағымданады. Анамнезінен: жуырда шарап қабылдағаннан кейін бірнеше рет құсқан. Содан кейін төс артында күйдіру мен ауру сезімдері, ентігу пайда болған. Қарап тексергенде: цианоз, АҚ 90/60, пульс 100 рет 1 мин., ТЖ 22 рет 1 мин., бұғана үсті және асты аймақтарында теріасты эмфизема анықталады. Шолу рентгенографиясы кезінде сол плевра қуысында 1,5 литр сұйықтық анықталады. Өңештің конрасты зерттелуі кезінде өңештен тыс контрастың кішкене ұюуы байқалады. Осы жағдайдағы сіздің ары қарайғы емдік тактикаңыз қандай?

А) Сол жақтан Бюлау бойынша дренаж орнату;

B) Антибиотиктерді тағайындап, бақылау;

С) Плевра қуысын пункциялау;

+D) Сол жақтан шұғыл торакотомия жасау;

Е) Асқазанға тамақтануға зонд қою;

 

Ер адам 44 жаста, жоспарлы түрдле асқазан жарасына ота жасалған. Науқасқа Бильрот-1 бойынша асқазанның бөлігі кесіліп алынып тасталды. 3 тәулікте асқазаннан зондты алып тастағаннан кейін науқаста кенеттен ауру пайда болды және перитонит белгілері байқалды. Науқаста перитонит себебінің қайсысы тән болып табылады:

A) Жедел операциядан кейінгі панкреатит;

B) Тромбозмезентериальды тамырлар;

С) Жедел ішектің түйілуі;

+D) Анастомоз жібінің үзілуі;

E) Асқазанның жарасының тесілуі;

 

Науқас Н., 24 жаста қабылдау бөлімінің хирург дәрігеріне іштегі ауру сезіміне, жүрек айну, бір реттік құсуға, нәжістің сұйық болуына және жиі кіші дәретке баруына шағымданып түсті.Ауырғанына 8 сағат болды.Анамнезінен: 1 апта бұрын ЖРВИ – мен ауырған.Қаралғанда: жүрек соғысы 84 в 1 мин, дене температурасы 37,80С, іші жұмсақ, қасағадан жоғары мықым аймағында ауырсыну сезімі бар,бұлщықет бірқалыпты шиеленген.Анализінде: лейкоциттер 12,5х109, эритроциттер 4,0х1012, гемоглобин 119 г/л. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтмал?

А) Жедел пиелонефрит;

В) Жедел гастроэнтерит;

+С) Жедел аппендицит;

D) Жедел цистит;

Е) Мезаденит;

 

Науқас С., 48 жаста қабылдау бөлімінің хирург дәрігеріне іштің барлық аймағындағы ауырсыну сезіміне, қайталама құсуына, іштің кебуіне, әлсіздікке шағымданып түсті. Ауырғанына 2 сағат болды. Анамнезінен: осы жағдай қарсаңында дәрігерге қаралған.Қаралғанда:: тамыр соғысы 1 мин 100 рет, температура 38,50С, тілі құрғақ, іші кепкен, перистальтикасы тыңдалмайды, іштің асты бөлімдерінде бұлшықеттің күшейуімен қатты аурысыну сезімі бар. Ананезінде: лейкоциттер 17,0х109. Науқас перитонитпен жатөызылды. Осы жағдайда перитониттің анғұрлым ықтимал себебі қандай?

А) Іш өтімсіздігі;

+В) Жедел аппендицит;

С) Жедел панкреатит;

D) Тесілген жара;

Е) Жедел холецистит;

 

Науқас С., 48 жаста қабылдау бөлімінің хирург дәрігеріне іштің барлық аймағындағы ауырсыну сезіміне, қайталама құсуына, іштің кебуіне, әлсіздікке шағымданып түсті. Ауырғанына 28 сағат болды. Анамнезінен: осы жағдай қарсаңында дәрігерге қаралған. Қаралғанда:: тамыр соғысы 1 мин 100 рет, температура 38,50С, тілі құрғақ, іші кепкен, перистальтикасы тыңдалмайды, іштің асты бөлімдерінде бұлшықеттің күшейуімен қатты аурысыну сезімі бар. Ананезінде: лейкоциттер 17,0х109. Осы жағдайда сіздің әрі қарайғы іс- әрекетіңіз?

А) Перитонит себептерін анықтау;

В) Лапароскопияны тағайындау;

С) Құрсақ қуыс ультрадыбыстық зерттелуін өткізу;

D) Рентгенографияға жолдау;

+Е) Дайындықтан кейін операцияны жасау;

 

Іш қатумен ауыратын 70 жастағы науқас хирургияның қабылдау бөліміне бір күн түспес бұрын ішінің төменгі бөлігінде ауру сезімі пайда болды. Кейін ауру толғақ тәрізді сипат алды және іштің желі шықпады. Тексерісте: пульс 90 с/мин., ҚҚ – 110\70 с\б, тіл ақ жабындымен қапталған, құрғақ. Іштің оң жақ бөлігі үлкейген, сол жақ бөлігі төмен түсіп тұр. Іші жұмсақ, оң жақ бөлігінде 15*20см мөлшерлі тығыз эластикалық консистенциялы түзіліс пальпацияланады, перкуторлы тимпанит анықталады. Ауру сезімі бар. «Шылпыл шуы» симптомы оң. Құрсақтың тітіркену симптомы анықталмады. Құрсақ қуысы рентгеноскопиясында ашы және тоқ ішектің пневматозы, тоқ ішекте Клойбер табақшалары анықталды. Сіздің диагнозыңыз.

A) Ішек парезі;

+B) Сигма тәрізді ішектің бұралуы;

C) Жедел панкреатит;

D) Аппендикулярлы инфильтрат;

E) Соқыр ішек ісігі;

 

Іш қатумен ауыратын 70 жастағы науқас хирургияның қабылдау бөліміне бір күн түспес бұрын ішінің төменгі бөлігінде ауру сезімі пайда болды. Кейін ауру толғақ тәрізді сипат алды және іштің желі шықпады. Тексерісте: пульс 90 уд/мин., ҚҚ – 110\70 с\б, тіл ақ жабындымен қапталған, құрғақ. Іштің оң жақ бөлігі үлкейген, сол жақ бөлігі төмен түсіп тұр. Іші жұмсақ, оң жақ бөлігінде 15*20см мөлшерлі тығыз эластикалық консистенциялы түзіліс пальпацияланады, перкуторлы тимпанит анықталады. Ауру сезімі бар. «Шылпыл шуы» симптомы оң. Құрсақтың тітіркену симптомы анықталмады. Құрсақ қуысы рентгеноскопиясында аш және тоқ ішектің пневматозы, тоқ ішекте Клойбер табақшалары анықталды. Сигма тәрізді ішектің бұралуы диагнозы қойылды. Сіздің тактикаңыз.

A) Динамикалық бақылау;

B) Кейінге қалдырған түрде операция;

+C) Шұғыл түрде операция;

D) Асқазанға зонд қою;

E) Схема бойынша фортранс тағайындау;

 

Іш қатумен ауыратын 70 жастағы науқас хирургияның қабылдау бөліміне бір күн түспес бұрын ішінің төменгі бөлігінде ауру сезімі пайда болды. Кейін ауру толғақ тәрізді сипат алды және іштің желі шықпады. Тексерісте: пульс 90 уд/мин., ҚҚ – 110\70 с\б, тіл ақ жабындымен қапталған, құрғақ. Іштің оң жақ бөлігі улкейген, сол жақ бөлігі төмен түсіп тұр. Іші жұмсақ, оң жақ бөлігінде 15*20см мөлшерлі тығыз эластикалық консистенциялы түзіліс пальпацияланады, перкуторлы тимпанит анықталады. Ауру сезімі бар. «Шылпыл шуы» симптомы оң. Құрсақтың тітіркену симптомы анықталмады. Құрсақ қуысы рентгеноскопиясында ашы және тоқ ішектің пневматозы, тоқ ішекте Клойбер табақшалары анықталды. Сигма тәрізді ішектің бұралуы диагнозы қойылды. Қандай операция көрсетілген?

A) Сигма тәрізді ішектің резекциясы;

B) Құрсақ қуысын санациялау мен дренаждау;

C) Колэктомия;

+D) Сигма тәрізді ішектіңдеторзиясы, мезосигмопликация;

E) Сол жақтық гемиколэктомия;

 

Науқас 60 жаста, соңғы алты айда дефекация кезінде қиындықтар сезініп, нәжісінде қан мен шырыш байқады. Хирургиялық бөлімшеге түспес бұрын бір күн алдында толғақ тәрізді ауру сезімі пайда болуымен, газдың шықпауы мен дәреттің болмауына шағымданды. Тексерісте: тілі құрғақ, ақ жабындымен қапталған. Іші кепкен, ішектің перистальтикасы байқалады, пальпаторлы іші жұмсақ,ауру сезімі бар. Ішектің шуылы айқын естіледі. Құрсақтың тітіркену симптомы анықталмады. Ректальды тексерісте тік ішекте патология анықталмады. Құрсақ қуысы рентгеноскопиясында Клойбер табақшалары анықталды. Сіздің болжам диагнозыңыз.

A) Сигма тәрізді ішектің бұралуы;

+B) Ішек өтімсіздігімен асқынған ректосигмоидты бөлімнің ісігі;

C) Созылмалы спастикалық колит;

D) Тоқ ішек дискинезиясы;

E) Бейспецификалық ойық жаралы колит;

 

52 жастағы науқастың операциясы үстінде ішектік өтімсіздіктің себебі сигма тәрізді ішектің ісігі екені анықталды. Ісік түгелдей ішектің ішін обтурациялаған, көлденең және төменге бағытталған ішектер 12-15 см диаметрде үлкейген,ішектің іші нәжіспен толған. Ісіктен төмен ішек қалыпты диаметрде. Метастаз көрінбейді. Осы жағдайда оптимальды операция?

A) Сол жақты гемиколэктомия;

B) Тотальды колэктомия;

+C)Колостоманы шығарумен қатар сигма тәрізді ішектің резекциясы;

D) Екі өзектіколостоманы шығару;

E) Ішектің декомпрессиясы;

 

Науқас 57 жаста хирургтың қабылдауында соңғы айларда іштің оң жақ мықын аймағындаауру сезімі, іш кебу, ішектің шуылы, әлсіздік, субфебрильды температураны шағымданады. Соңғы уақытта іш қатудан кейін, нәжістің сұйықтануымен қан араласуы пайда болды. Үш күн бұрын іштің ауруы өршіп, толғақ тәрізді көрініс берді, газ шығуы тоқтаған. Тексерісте: ҚҚ – 110\70 с\б, пульс 94 уд/мин, тілі құрғақ, ақ жабындымен қапталған. Іші кепкен, пальпациядаоң жақ мықын аймағында ісік тәрізді түзіліс анықталған, ауру сезімі байқалады. Құрсақтың тітіркену симптомы анықталмады. Құрсақ қуысы рентгеноскопиясында көлденең деңгейлі сұйықтық анықталды. Сіздің диагнозыңыз?

A) Сигма тәрізді ішектің бұралуы;

B) Бейспецификалық ойық жаралы колит;

C) Тітіргенген ішек синдромы;

D) Аппендикулярля инфильтрат;

+E) Ішек өтімсіздігімен асқынған соқыр ішектің ісігі;

 

Науқас 50 жаста, ішек өтімсіздігімен асқынған соқыр ішек қатерлі ісігіне байланысты шұғыл түрде операцияға алынды. Ішек өтімсіздігі пайда болғанына бес сағат болды. Ісік метастазы жоқ. Осы жағдайда ең оптимальды операция?

A) Тотальды колэктомия;

B) Екі өзектіколостоманы шығару;

+C)Илеотрансверзоанастомоз салумен оң жақтыгемиколэктомия;

D) Илеостома салумен соқыр ішек резекциясы;

E) Илеостома салу;

 

Науқас 78 жаста, сигма тәрізді ішек ісігі себеп болған ішек өтімсіздігіне байланысты операция жасалған. Лапаротомияда жайылған серозды-фибринды перитонит анықталды. Хирургиялық тактика қандай?

A) Тотальды колэктомия;

B) Іш қуысының санациясы, дренаждау;

+C) Гартманн операциясы;

D) Тоқ ішек декомпрессиясы;

E) Илеостома салу;

 

Науқас 60 жаста, ішек өтімсіздігінің алғашқы белгілері пайда болғаннан кейін үшінші күні хирургияның қабылдау бөліміне түсті. Тексеріс барысында: іші кепкен, ішек перистальтикасы естілмейді, құрсақ қуысының тітіркенуі байқалады, тік ішекті толық обтурациялаған ісік анықталды. Хирургиялық тактика қандай?

A) Тотальды колэктомия;

+B) Екі өзектіколостоманы шығару;

C) Гартманн операциясы;

D) Сигма тәрізді ішектің резекциясы;

E) Илеостома салу;

 

80 жастағы науқаста ішек өтімсіздігіне байланысты операция барысында,гангренамен асқынған сигма тәрізді ішектің бұралуы анықталды. Құрсақ қуысында көп мөлшерде серозды сұйықтық анықталды. Хирургиялық тактика қандай?

A) Тотальды колэктомия;

+B) Екі өзекті колостоманы шығарумен сигма тәрізді ішектің резекциясы;

C) Іш қуысын санациялау, дренаждау;

D) Біріншілік анастомозбен сигма тәрізді ішектің резекциясы;

E) Илеостома салу;

 

Науқас 67 жаста хирург қабылдауында соңғы алты айда дефекация кезінде қиындықтар сезініп, нәжісінде қан мен шырыш байқады, әлсіздік, арасында қан аралас сұйық нәжіс болуына шағымданады. Іші кепкен, пальпаторлы іші жұмсақ, оң жақ мықын аймағында- ісік тәрізді түзіліс анықталды. Сол орында ауру сезімі бар. Науқасқа ирригоскопия жасалды. Тексеріс барысында ішекте қандай өзгеріс байқауы мүмкін:

A) Ішекте сұйықтық анықталуы мүмкін;

B) Ішектің ұлғаюы, Клойбер табақшалары анықталуы мүмкін;

C) Тоқ ішектің айқын пневматозы анықталуы мүмкін;

+D) Ішектің толу дефектісі, саңылаудың кішіреюі анықталуы мүмкін;

E) Созылмалы колит белгілері анықталуы мүмкін;

 

Науқас 80 жаста, іштің үнемі ауруы, жүрек айну мен іштен жел шығудың және дәреттің кідіруі 3 күн бойы жалғасып келе жатқанын айтып, шағымдармен хирургияның қабылдау бөліміне жеткізілді. Тексерісте: ішінің аздаған кепкендігі, ішек перистальтикасының әлсізденуі байқалды. Іштің пальпациясы ауру сезімді. Құрсақ қуысында тітіркену симптомы жоқ. Құрсақ қуысы рентгенограммасында тоқ ішек түйіндері аздап кепкен. Шұғыл түрде жасалған ирригоскопияда тоқ ішектің дистальды бөлімінен сигма тәрізді ішектің ортасына дейін ішектің толып тұрғаны байқалды. Барий контрасты ары қарай жүрмей қалды. Сіздің диагнозыңыз?

A) Жедел панкреатит, ішек парезі;

+B) Ішек өтімсіздігімен асқынған, сигма тәрізді ішектің ісігі;

C) Сигма тәрізді ішектің бұралуы;

D) Бейспецификалық ойық жаралы колит;

E) Іш қуысы инфильтратымен асқынған Крон ауруы;

 

Науқас 82 жаста, іштің үнемі ауруы, жүрек айну мен іштен жел шығудың және дәреттің кідіруі 3 күн бойы жалғасып келе жатқанын айтып, шағымдармен хирургияның қабылдау бөліміне жеткізілді. Тексерісте: ішінің аздаған кепкендігі, ішек перистальтикасының әлсізденуі байқалды. Іштің пальпациясы ауру сезімді. Құрсақ қуысында тітіркену симптомы жоқ. Құрсақ қуысы рентгенограммасында тоқ ішек түйіндері аздап кепкен. Шұғыл түрде жасалған ирригоскопияда тоқ ішектің дистальды бөлімінен сигма тәрізді ішектің ортасына дейін ішектің толып тұрғаны байқалды. Барий контрасты ары қарай жүрмей қалды. Ішек өтімсіздігімен асқынған, сигма тәрізді ішектің ісігі диагнозы қойылды. Сіздің тактикаңыз?

A) Тотальды колэктомия;

B) Сол жақты гемиколэктомия;

C) Екі өзекті сигмостоманы шығару;

+D) Бір өзекті стоманы шығарумен қатар сигма тәрізді ішектің резекциясы;

E) Ішектің ректосигмоидты бөлімінің резекциясы;

 

60 жастағы науқасқа шұғыл түрде ішек өтімсіздігіне байланысты операция жасалды. Операция барысында тік ішек қатерлі ісігі анықталды. Ісік ішек өтімсіздігіне себеп болды. Құрсақ қуысында серозды сұйықтық, бауырда метастаздық түйіндер анықталды. Операция көлемі қандай?

+A) Илеотрансверзоанастомоз жасау;

B) Оң жақты гемиколэктомия;

C) Екі өзекті сигмостоманы шығару;

D) Илеостома салумен тік ішек резекциясы;

E) Ішектің ректосигмалық бөлімінің резекциясы;

 

Науқас 50 жаста, сигма тәрізді ішек қатерлі ісігіне байланысты операция барысында бауырдың сол бөлігінде бір метастаздық түйін анықталды. Ішек ісігі оңай алынады. Операция көлемі қандай?

+A) Илеотрансверзоанастомоз жасау;

B) Сол жақты гемиколэктомия;

C) Екі өзекті сигмостоманы шығару, гемигепатэктомия;

+D) Сигма тәрізді ішектің резекциясы және бауырдың үш бұрыштырезекциясы;

E) Ішектің ректосигмалық бөлімінің резекциясы;


Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 160 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Хирургиялық инфекция 4 страница | Хирургиялық инфекция 5 страница | Хирургиялық инфекция 6 страница | Хирургиялық инфекция 7 страница | Хирургиялық инфекция 8 страница | Хирургиялық инфекция 9 страница | Торакальная хирургия 1 страница | Торакальная хирургия 2 страница | Торакальная хирургия 3 страница | Торакальная хирургия 4 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Хирургиялық инфекция 1 страница| Хирургиялық инфекция 3 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.035 сек.)