Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Жоспарлы хирургия 2 страница

Читайте также:
  1. BOSHI женские 1 страница
  2. BOSHI женские 2 страница
  3. BOSHI женские 3 страница
  4. BOSHI женские 4 страница
  5. BOSHI женские 5 страница
  6. ESTABLISHING A SINGLE EUROPEAN RAILWAY AREA 1 страница
  7. ESTABLISHING A SINGLE EUROPEAN RAILWAY AREA 2 страница

А) Холедохқа сыртықы дренаж қою;

В) Лапаротомия, трансдуоденальді папиллотомия;

С) Холедоходуоденоанастомоз салу;

+D) Эндоскопиялық ретроградты папиллотомия;

E) Гепатикоеюностомия салу;

 

Науқас А. 59 жаста, қабылдау бөлімінің хирург дәрігеріне тері мен көздің шырышты қабатының сарғаюы, кышыну дамыған. Ауру сезімі жоқ. Анамнезінде: 6 жыл бұрын холецистэктомия операциясы болған. Соңғы үш айда 7 кг-ға азып кеткен. Науқаста жоғарыда айтылған симптомдардың анағұрлым ықтимал себебі қандай?

А) Асқазан обыры;

В) Пилородуоденальді стеноз;

С) Холедохтың тыртықты стриктурасы;

+D) Ұйқы безі басының обыры;

E) Созылмалы гепатиттің белсенденуі;

 

Науқас Б. 49 жаста, емханаға хирург дәрігеріне 7 жыл бұрын холецистэктомия операциясы жасалған. Операциядан кейін эпигастрий аймағында ауру сезімі, іш кебу, сұйық нәжіс, саливацияның жоғарлауы мазалап тұратын болды. Осы уақыт ішінде 12 кг-ға азып кеткен. Науқаста осы айтылған симптомдардың анағұрлым ықтимал себебі қандай?

А) Асқазан обыры;

В) Созылмалы гастрит;

С) Созылмалы гепатит;

+D) Созылмалы панкреатит;

E) Асқазанның ойық жара ауруы;

 

Науқас С. 54 жаста, қабылдау бөлімінің хирург дәрігеріне тері жамылғысының сарғайғанына, әлсіздікке, шағымданып келді. Ауырғанына 10 күн болған. 6 ай бұрын холецистэктомия операциясы болған. Науқасқа РХПГ жасалды. 3 сағаттан кейін эпигастрий мен оң қабырға астында бел аймағына берілетін ауру сезімі, жоғары температура, іштің кебуі пайда болды. Осы жағдайда жоғарыда айтылған симптомдардың анағұрлым ықтимал себебі қандай?

А) Созылмалы гепатиттің қозуы;

В) Іріңді холангиттің дамуы;

С) Жедел пиелонефрит оң жақтан;

+D) Жарақаттан кейінгі панкреатит;

E) 12 елі ішектің тесілген ойық жарасы;

 

Науқас С. 54 жаста, ЭРХПГ жасалғаннан 3 сағаттан кейін белдемелі ауру сезімі, 37,9 дейінгі жоғары температура, қалтырау, құсу пайда болды. Қарап тексергенде іштің бүйір беттерінде цианозды дақтар, Мейо-Робсон симптомы оң. Осы жағдайда сіздің іс-әрекетіңіз қандай?

А) Ішке суық басу және бақылау;

В) Ыстыққа қарсы дәрілер тағайындау;

С) Асқазанға зонд қою және антибиотиктер тағайындау;

+D) Жедел панкреатиті бар науқас ретінде жүргізу;

E) УДЗ жасау және спазмолитиктер енгізу;

 

Операциядан кейінгі холецистоэктомиялық синдромның даму себебі қандай?

А) Түбінен жасалған холецистэктомия;

В) Жалпы өт өзегінің тар болуы;

С) Өт өзегінің аномалиясы;

+ D) Жалпы өт өзегіндегі резидуальді тасы;

Е) Холецистэктомия кезіде өт өзегін тігіп тастау;

 

Курвуазье синдромы қай ауруға тән?

А) Жедел холецистит;

В) Бауыр гемангиомасы;

С) Созылмалы панкреатит;

D) Ұйқы безінің кистасы;

+Е) Ұйқы безі басының ісігі;

 

Науқас А., 48 жаста бауырдың оң бөлігінің эхинококкты торсылдағы себебінен операцияға алынды. Операция жасау барысында торсылдақ 5 сегментте бауырдың төменгі шеті бойынша орналасқан, өлшемдері 3,5х4,0 см екені анықталды. Осы жағдайда операцияның қандай түрі көрсетілген?

А) Аралас эхинококкэктомия;

+В) Идеальді эхинококкэктомия;

С) Кеңейтілген эхинококкэктомия;

D) Ашық эхинококкэктомия;

Е) Жабық эхинококкэктомия;

 

Бадд-Киари синдромы кезінде қандай вена тромбозы дамиды?

А) Жоғарғы шажырқай венасының;

В) Көкбауыр венасының;

С) Кіндік венасының;

+D) Бауыр венасының;

Е) Қақпа венасының;

 

Науқас У., 48 жаста емханадағы хирургқа әлсіздікке, тәбеті болмуына, аяқ ісінуіне шағымданып түсті.Анамнезінде панкреонекроз бойынша операция жасалынған.. Қарап тексергенде: асцит, кіндік маңындағы көк тамырлар кеңеюі, телеангиоэктозиялар, дененің бүйір беттерінде және аяқтарда ісіну анықталды. ЭФГДС барысында өңештің көк тамырларының варикозды III-сатыдағы кеңеюі анықталды. Төмендегілердің қайсысы науқаста портальді гипертензияның дамуына алып келген?

+A) Көкбауыр венасының тромбозы;

B) Шарбымай қалтасында жабысқақ тық үрдіс;

C) Созылмалы рецидивті панкреатит;

D) Созылмалы аутоимунды гепатит;

E) Бауыр-бүйрек жетіспеушілігі;

 

Бауыр эхинококкозы бар жоспарлы түрде жатқызылған 30 жастағы науқаста операция алдында кенеттен ішінің ауырсынуы, перитонеальді белгілер, температурасының көтерілуі және теріде бөртпелер пайда болды. Науқаста анағұрлым ықтимал диагноз қандай?

А) Асқазанның ойық жарасының тесілуі;

В) Жедел паразитарлы гепатит;

С) Торсылдақтың іріңдеуі;

+D) Торсылдақтың жарылуы;

Е) Пирогенді реакциясы;

 

Портальді гипертензиямен асқынған бауыр циррозы бар науқастарға хирургиялық емінің радикальді түрі қандай?

А) Спленэктомия;

+В) Бауыр трансплантациясы;

С) Порто-кавальді анастомоз жасау;

D) Лимфавенозды анастомоз жасау;

Е) Бауырға электрокоагуляция жасау;

 

Науқас М. 47 жаста, емханадағы хирург дәрігерге әлсіздікке, дене салмағының азаюына, тәбетінің төмендеуіне шағымданып келді. Анамнезінен: ауырғанына 1 жыл болған. Қарап тексергенде: Науқас жүдеген, іші үлкейген, перкуторлы жатық орындарда тұйықталу, склералары сарғайған, терісінде телеангиоэктазиялар бар. Науқаста қандай болжам диагноз анағұрлым ықтимал?

A) Асқазан обыры;

+B) Бауыр циррозы;

C) Ойық жара ауруы;

D) Ұйқы безі обыры;

E) Созылмалы панкреатит;

 

Науқас Ш. 65 жаста, хирург дәрігеріне кеңес алуға жіберілді.Қарап тексергенде дәрігер көздің шырышты қабаты мен терісінің сарғыштығын, іш көлемінің ұлғаюын, бауырының қабырға доғасынан 4 см шығып тұрғанын, іштің бүйір беттерінде тері асты веналарының кеңйгенін анықтады. Осы жағдай төмендегілердің клиникалық сипатына сәйкес келеді?

A) Созылмалы гепатит;

B) Бауыр эхинококкозы;

C) Геморрагиялық синдром;

D) Төменгі қуыс көктамыр синдромы;

+E) Портальді гипертензия синдромы;

 

Төмендегілердің қайсысы портальді гипертензияның бауырдан тыс формасының себебі болады?

A) Көкбауыр артериясының тромбозы;

B) Бауыр артериясының тромбозы;

+C) Қақпа көктамыр тромбозы;

D) Бүйректік көктамыр тромбозы;

E) Бүйректік артерия тромбозы;

 

Төмендегілердің қайсысы бауыр ішкілік портальді гипертензияға себеп болады?

+A) Бауыр циррозы;

B) Токсикалық гепатит;

C) Қақпа көктамырының тромбозы;

D) Бүйректік көктамыр тромбозы;

E) Көкбауыр көктамыр тромбозы;

 

Науқас У. 30 жаста дәрігер қарпа тексергенде шеменді, іштің бүйір беттеріндегі және аяқтарындағы көктамырлардың кеңеюін анықтады. Температураның жоғарлауы, буындардағы ауру сезімі болып тұратынын, салмақ тастағанын айтады. Төмендегілердің қайсы клиникалық сипаты осы жағдайға анағұрлым сәйкес?

A) Бауыр циррозы;

B) Гоше ауруы;

C) Верльгоф ауруы;

+D) Бадд-Киари синдромы;

E) Рондю-Ослер ауруы;

 

Науқас У. 43 жаста, симптомдар үштігі мазалайды: төс артындағы күйдіретін ауру сезіміне, ұзақ уакыт бойы қыжылдау, кекіру мазалайды. Науқаста төменде көрсетілгеннің ішінде клиникалық сипатының қайсысы анағұрлым ықтимал?

A) Кардиоспазм;

+B) Рефлюкс-эзофагит;

C) Эпифренальді дивертикулы;

D) Өңештің тыртықты стриктурасы;

E) Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы;

 

 

Науқас К., 42 жаста, қабылдау бөліміндегі хирургқа 39 С0 дене температурасының жоғарлауына, артқы тесік аймағындағы ыңғайсыздық сезіміне шағымданып келді. Қарап тексергенде перианальді аймақтың ассиметриясы. Саусақпен тексергенде ішектің сол бүйір бетінде қабырғасы инфильтрацияланған, жедел ауырсыну сезімі байқалады. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

А) Шатаралық теріасты абсцесс;

+B) Шонданай-тік ішектік абсцесс;

С) Жамбас-тік ішектік абсцесс;

D) Ретроанальді абсцесс;

E) Шырышасты абсцесс;

 

Тік ішекті саусақпен тексергенде сағат 11 тұсында артқы тесіктен 3 см қашықтықта өлшемдері 1,5х2см болатын, жұмсақ эластикалық консистенциялы, тигенде ауру сезімді түзіліс анықталады, аздап ішек қуысына шыққан. Науқаста суреттелген сипатына сәйкес төменде көрсетілгеннің қайсысы анағұрлым ықтимал?

А) Шырыш асты парапроктит;

В) Негізі кең полип;

+С) Геморрой түйіні;

D) Бүртікті ісік;

E) Тік ішек обыры;

 

Науқас В. 32 жаста, қабылдау бөлімінің хирург дәрігеріне тәулігіне 20 ретке дейін қан аралас сұйық нәжіске, іштегі толғақ тәріңзді ауру сезіміне, дене температурасының 380С дейін жоғарлауына, сондай-ақ жалпы жағдайының нашарлауына, дене салмағының азаюына шағымданады. Анамнезінен: ауырғанына 3 апта болды. Науқаста қандай анағұрлым ықтимал диагноз қандай?

А) Гастроэнтерит;

В) Жуан ішек обыры;

С) Жуан ішек дискинезиясы;

+D) Спецификалық емес жаралы колит;

E) Созылмалы спастикалық колит;

 

Науқас Л. 67 жаста, емханадағы хирургқа іштің кебуіне, дефекацияның қиындауына, үлкен дәреттен кейін ауру сезімі мен алқызыл қан мен шырыштың болуына шағымданды. Саусақпен тік ішекті тексергенде сфинктерден 8 см қашықтықта қуыстың тарылуымен түзіліс және анальді тесікте ауру сезімі анықталады. Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі бірінші кезекте?

А) Аноскопия;

В) Колоноскопия;

С) Ирригоскопия;

D) Рентгенография;

+Е) Ректороманоскопия;

 

Науқас М. 32 жаста, емханадағы хирургқа эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне, қыжылдауға шағымданып келді. Ауырғанына 3 ай болды. Тамақ ішкеннен кейін ауру сезімі біршама басылады. Дәрігер эндоскопиялық зерттеу жүргізіп, 12 елі ішектің буылтығында өлшемдері 0,5х0,7 см ойық жара анықтады. Осы жағдайда анағұрлым орынды емдік тәсілі қандай?

А) Динамикада бақылау;

В) Санаторлы-курортты ем;

+С) Ойық жараға қарсы ем;

D) Сәйкес емдәмді ұстану;

Е) Оперативті ем;

 

Науқас И., 72 жаста емханадағы хирургқа іштің кебуіне, дефекация кезінде ауру сезіміне, үлкен дәреттен кейін ауру сезімі мен алқызыл қан мен шырыштың болуына шағымданады. Саусақпен тік ішекті тексергенде сфинктерден 5 см қашықтықта қуыстың тарылуымен түзіліс және анальді тесікте ауру сезімі анықталады. Науқаста қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

А) Көтеу;

B) Тік ішек полипі;

+C) Тік ішек обыры;

D) Артқы тесік сызаты;

E) Параректальді жыланкөз;

 

Науқас А., 56 жаста, емханадағы хирургқа тамақ ішкеннен кейін ауырлық сезімі мазалғанына, жеген тамақпен құсы болып тұрады, дене салмағын жоғалтқан. Анамнезінен 3 жыл бұрын эндоскопиялық зерттеу кезінде 12 елі ішектің ойық жарасы анықталған. Науқаста қандай асқынудың дамығаны анағұрлым ықтимал?

А) Тесілген ойық жара;

В) Ойық жара пенетрациясы;

С) Малигнизация;

+D) Қалтқы стенозы;

Е) Пилороспазм;

 

Науқас Е., 76 жаста хирургиялық бөлімшеге іштегі ауырсыну сезімімен жатқызылды. Хирург диагностикалық лапароскопияны тағайындады. Диагностикалық лапароскопия кезінде жуан ішектің ректосигмоидты бөлімінің аймағында ішек қабырғасында өлшемдері 2х3см болатын қапшық тәрізді түзіліс анықталды, сырт көзге өзгеріссіз. Осы жағдайда қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

А) Полип;

B) Ішек ісігі;

+C) Ішек дивертикулы;

D) Бөгде зат;

E) Долихосигма;

 

Науқас 67 жаста, қабылдай бөлімінің хирург дәрігеріне асқазандағы ауру сезіміне, тамақ ішкеннен күйдіру сезіміне, тамақтан кейін болып тұратын құсуына шағымданып келді. Эндоскопиялық зерттеу кезінде асқазанның пилороантральді бөлімінде диаметрі 5,0 см мүшенің қуысына қарай шығып тұрған түзіліс анықталады. Науқаста анағұрлым ықтимал ауруы қандай?

А) Асқазан ойық жарасы;

В) Асқазан обыры;

С) Менетрие ауруы;

D) Асқазан полипі;

+Е) Лейомиома;

 

Науқас К., 78 жаста колоноскопия кезінде дивертикулдер байқалды. Эндоскопиялық зерттеу кезінде жуан ішектің дивертикулдары анықталды. Тоқ ішектің қай бөлімінде жиі орналасады?

А) Соқыр ішек;

+В) Сигма тәрізді ішек;

С) Көлденең тоқ ішек;

D) Тоқ ішектің төмендеген бөлігі;

E) Тоқ ішектің жоғарлаған бөлігі;

 

Науқас М. 76 жаста, қабылдау бөлімінің хирург дәрігеріне әлсіздікке, бас айналуға, оң мықын аймағындағы болып тұратын ауру сезіміне, 37,60С дейінгі температураға шағымданды. Анамнезінен ауырғанына 4 ай, жағдайының нашарлағанына 6 тәулік болды. Қарап тексергенде оң мықын аймағында ауру сезімді, шекаралары анық емес инфильтрат пальпацияланады. Қан анализінде: эритроциттер 3,0х1012, лейкоциттер 9,0х109, гемоглобин – 87 г/л, гематокрит – 29%. Науқаста қандай болжам диагнозы анағұрлым ықтимал?

А) Аппендикулярлы инфильтрат;

В) Меккел дивертикулының қабынуы;

С) Тоқ ішектің бұралуы;

D) Ішек инвагинациясы;

+Е) Соқыр ішек обыры;

 

Науқас М., 57 жаста, емхандағы хирург дәрігеріне әлсіздікке, бас айналуға, тәбетінің төмендеуіне шағымданды. Анамнезінен дене салмағының 7 кг-ға азайғанын байқаған. Қан анализдерінде: Нb-78 г/л, эритроциттер – 2,7х1012. Осы жағдайда қандай зерттеу әдісі бірінші кезекте жасалуы тиіс?

А) Асқазан мен өңеш рентгеноскопиясы;

В) Қанның биохимиялық талдауы;

+С) Эзофагогастродуоденоскопия;

D) Асқазан сөлінің талдауы;

Е) Құрсақ уысының УДЗ;

 

Науқас Ч., 69 жаста ирригоскопия кезінде жуан ішектің ректосигмоидты бөлімінде анальді сфинктерден 32 см қашықтықта тарылған бөлік және одан жоғары орналасқан бөліктердің кеңеюі анықталды. Диагнозды нақтылау үшін науқасқа қандай зерттеу әдісін жасау қажет?

А) Ректороманоскопия;

+В) Колоноскопия;

С) Ультрадыбыстық зерттеу;

D) Компьютерлі томография;

E) Диагностикалық лапароскопия;

 

Науқас Н. 55 жаста, хирургиялық бөлімшеге он екі елі шіектің ойық жара ауруы клиникасымен жатқызылды. ЭФГДС кезінде: іштің антральді бөлімінде диаметрі 1,8 см болатын жарасы бар,жуасының айқын девормациясы байқалады, 12 елі ішекке эндоскопы өтпей жатыр. Осы жағдайда қандай операция анағұрлым орынды?

A) Гастродуоденоанастомоз;

B) Артқы гастроеюноанастомоз;

C) Проксимальді ваготомия;

D) Бағаналы ваготомия;

+E) Асқазан резекциясы;

 

Науқас Д., 62 жаста, асқазанның кардиальді бөлімінің созылмалы каллезді ойық жарасы анықталды. Осы жағдайда қандай операция түрі анағұрлым тиімді?

A) Гастрэктомия;

B) Асқазанның субтотальді резекциясы;

C) Асқазанды өшіруге бағытталған резекция;

D) Үнемді асқазан резекциясы;

+E) Проксимальді асқазан резекциясы;

 

Әйел 34 жаста, хирургия бөлімшесіне өңештің күйіктен кейінгі стриктура (сірке қышқылын ішкен) көрінісімен жатқызылды. Анамнезінде 1 жыл бұрын суицид оқиғасы болған. Ертеректе науқасқа өңешті буждау жасаған. Түскен кезде дене салмағы 18 кг төмендеген, жүдеп кеткен, сусызданған. Осы науқасқа қандай ем тактикасы бірінші кезекте жасалуы тиіс?

A) Инфузиялық терапия өткізу;

B) Өңешті резекциялап, пластика жасау;

+C) Тамақтандыру үшін гастростома салу;

D) Өңешті қайталап буждау;

E) Мойын эзофагостомасын салу;

 

Ер адам 62 жаста, қалтқының субкомпенсацияланған стенозымен асқынған 12 елі ішектің созылмалы ойық жарасы көрінісімен түскен. Осы жағдайда науқасқа қандай ота түрі анағұрлым орынды?

A) Антрумэктомия;

B) Ойық жараларды кесіп алу;

+C) Асқазан резекциясы;

D) Пилоропластикамен бірге бағаналы ваготомия;

E) Пилоропластикамен селективті проксимальді ваготомия;

 

23 жасар әйелде стресстен кейін дисфагия, тамақ ішкеннен кейін төс артындағы ауру сезімі, лоқсу пайда болды. Анамнезінен: 3 ай ауырған. Науқаста төмендегі болжам диагноздардың қайсысы анағұрлым ықтимал?

A) Өңеш обыры;

+B) Кардия ахалазиясы;

C) Өңеш дивертикулы;

D) Диафрагма жарығы;

E) Гастроэзофагеальді ауру;

 

Ер адам 56 жаста, бірнеше жыл бұрын 12 елі ішектің ойық жара ауруының асқынуы себебінен операция - селективті проксимальді ваготомия болған. Қазіргі кезде эпигастрий аймағында тұрақты ауру сезімі мазалайды. Эндоскопиялық зерттеу кезінде ойық жара рецидиві бар. Бұл науқаста қандай ота түрі анағұрлым орынды?

A) Гастродуоденоанастомоз;

B) Гастроеюноанастомоз;

+C) Асқазанның 2/3 бөлігінің резекциясы;

D) Антрумэктомия;

E) Гастрэктомия;

 

Ер адам 72 жаста, хирургиялық бөлімшеге сол шап аймағында түзілістің барына шағымданып түсті. Қарап тексергенде: шап аймағында түзіліс өлшемдері 5,0х4,5 см, жұмсақ эластикалық консистенциялы, жөтел түрткісі оң. Ертеретк сол қиғаш шап жарығы себебіне операция жасалған. Осы жағдайда науқаста қандай пластика әдісін қолдану анағұрлым орынды?

A) Напалков;

B) Мартынов;

+C) Лихтенштейна;

D) Руджи-Парлавеччио;

E) Жирар – Спасокукоцкий;

 

Әйел П., емханаға хирургқа дефекация акті кезінде тік ішектің түсуіне шағымданып келді. Анамнезінен: ұзақ уақыт бойы терапевт дәрігеріне қаралып жүр. Науқас хирургиялық бөлімшеге жатқызылды.Төмендегі оталардың қайсысы осы ауруға анағұрлым орынды?

A) Тирш операциясы;

B) Уайтхед операциясы;

+C) Клюммель-Зренин операциясы;

D) Сфинктеролеватеропластика;

E) Жамбас түбінің бұлшықеттерін қатайту;

 

Науқас С. 56 жаста, хирургиялық бөлімшеге 1 ай ішінде эпигастрий аймағындағы жиі ауру сезіміне шағымданып жатқызылды.Асқазанның ойық жара ауруымен 9 жыл бойы ауырады. Анамнезінде 2 жыл бұрын қан кету болған. Түскен кезде соңғы ай бойы тұрақты ауру сезімі мазалайтыны айтты. Эндоскопиялық зерттеуде асқазан бұрышы аймағында диаметрі 2,0х1,5 см созылмалы ойық жара анықталды. Биопсияда: атипия анықталған жоқ. Науқасқа қандай ота түрі көрсетілген?

A) Антрумэктомия;

B) Асқазан ойық жарасын кесіп алу;

+C) Асқазанның 2/3 бөлігінің резекциясы;

D) Проксимальді селективті ваготомия;

Е) Асқазанның проксимальді резекциясы;

 

Науқас П. 59 жаста, асқазанның созылмалы каллезді ойық жарасы анықталды. Осы жағдайда қандай анағұрлым тиімді операция түрі көрсетілген?

+A) Асқазан резекциясы Бильрот–1 бойынша;

B) Асқазан резекциясы Бильрот–2 бойынша;

C) Проксимальді асқазан резекциясы;

D) Асқазанды өшіруге бағытталған резекция;

E) Сатылы асқазан резекциясы;

 

56 жасар ер адамда диафрагма жарығы себебінен болған операция кезінде жарық қақпаларының жоқтығы, диафрагма ығысқан мүшелерден жоғары тұрғаны анықталды. Осы жағдайда қандай диагноз анағұрлым ықтимал?

A) Диафрагманың өңештік тесігінң жарығы;

B) Параэзофагеальді жарық;

C) Ларрей-Морганьи жарығы;

+D) Диафрагма релаксациясы;

E) Бохдалек жарығы;

 

Әйел У., 28 жасар кардиоспазмның IV сатысы. Ұзақ консервативті терапия нәтижесіз. Науқас хирургия бөлімшесіне оперативті емге жатқызылған. Осы науқаста қандай ота түрі анағұрлым орынды?

A) Эзофагофундопексия;

B) Диафрагмокрурорафия;

C) Ниссен бойынша фундопликация;

D) Айналмалы өңеш-асқазандық анастомоз;

+E) Өңеш резекциясы және одан кейінгі пластикасы;

 

Ер адам 42 жаста, диафрагманың өңештік тесігінің жарығымен шақырылған рефлюкс-эзофагитті ұзақ уақыт бойынша консервативті ем қабылдауда, соңғы уақытта нәтижесіз. Анамнезінде қан кету болған. Осы жағдайда науқасқа қандай операция көрсетілген?

A) Бағаналы ваготомия;

B) Эзафагофундоанастомоз;

+C) Ниссен бойынша фундопликация;

D) Асқазан резекциясы Бильрот-1 бойынша;

E) Проксимальді асқазан резекциясы;

 

 

Ер адам 47 жаста, дисфагияға, төс артындағы ауру сезіміне шағымданады. Анамнезінде: 2 күн бұрын тамақ ішіп отырып байқаусызда сүйек жұтып қойған. Динамикада жағдайы нашарлаған. Өңештің зақымдануын диагностикалау үшін қандай зерттелуі анағұрлым мәліметті?

A) Торакоскопия;

B) Эзофагоскопия;

C) Кеудеаралық томографиясы;

D) Шолу рентгенографиясы;

+E) Контрастпен рентгеноскопия;

 

Әйел С., 45 жаста проктология бөлімшесіне артқы тесік аймағындағы ауру сезіміне, тік ішектен іріңді бөліністің болуына шағымданып түсті. Ректальді зерттеу кезінде – созылмалы парапроктит белгілері. Анамнезінде: 2 ай бұрын жедел парапроктит бойынша операция жасалған. Төмендегілердің қайсысы үрдістің созылмалыға ауысудың анағұрлым ықтимал себебі болады?

+A) Ішектен іріңдік қуысына баратын жыланкөздің болуы;

B) Көршілес шелмай кеңістікке іріңнің жарылуы;

C) Іріңді қуыстың жеткіліксіз санациясы;

D) Сфинктердің жеткіліксіздігі;

E) Қуыстың ерте жабылуы;

 

Науқас К. 48 жаста, проктологиялық бөлімшеге жуан ішектің дивертикулезіне күмән туғызған науқас түсті. Түскен кезде ішек бойымен ауру сезіміне шағымданып, іш қату болып тұратынын айтты. Жуан ішектің дивертикулезін верификациялау үшін науқасқа қандай зерттеу әдісін жүргізу керек?

A) Аноскопия;

+B Ирригоскопия;

C) Ректороманоскопия;

D) Компьютерлі томография;

E) Ультрадыбыстық зерттеу;

Әйел 54 жаста, емханадағы хирургке іштегі орташа ауру сезіміне, әлсіздікке, күшінің жоқтығына, дене салмағының жоғалуына шағымданып келді. Ауырғанына бір жыл болды. Қарап тексергенде: оң мықын аймағында ауру сезімді, тығыз өлшемдері 8,0х5,0 см, аз қозғалмалы түзіліс анықталды. Қан анализінде: эритроциттер 3,0х1012 , гемоглобин 103 г/л, гематокрит 29%, лейкоциттер 6,0х109 дене температурасы 36,70 С. Төмендегі диагноздардың қайсысы анағұрлым ықтимал?

A) Аппендикулярлы инфильтрат;

B) Соқыр ішектің бұралуы;

+C) Соқыр ішек обыры;


Дата добавления: 2015-08-10; просмотров: 81 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Хирургиялық инфекция 6 страница | Хирургиялық инфекция 7 страница | Хирургиялық инфекция 8 страница | Хирургиялық инфекция 9 страница | Торакальная хирургия 1 страница | Торакальная хирургия 2 страница | Торакальная хирургия 3 страница | Торакальная хирургия 4 страница | Торакальная хирургия 5 страница | Торакальная хирургия 6 страница |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Жоспарлы хирургия 1 страница| Жоспарлы хирургия 3 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.048 сек.)