Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аргининнің алмасуы

Читайте также:
  1. Аммиактың алмасуы. Азоттық алмасудың соңғы өнімдері. Аммиактың залалсыздануы. Мочевинаның биосинтезі.
  2. Тирозин мен фенилаланиннің алмасуы. Аминоқышқылдар алмасуының тұқымқуалаушы бұзылулары.
  3. Трансметилдендіру. Цистеин, серин, глициндердің алмасуының ерекшеліктері. Тетрагидрофолий қышқылы және бір көміртекті топтардың синтезі.
  4. Цистеиннің алмасуы

Аргинин – жартылай ауыстырлатын аминоқышқыл. Ол бауырда, аспарагин қышқылы мен орнитиннің қатысуымен мочевина синтезі жолында, карбомоилфосфаттан түзіледі. Аргинин бүйректерде креатиннің синтезіне қатысады, гуанидинацетат түзілгенде гуанидин тобының доноры болу арқылы. Белоктардың құрамында аргинин полярлы оң зарядталған аминоқышқыл ретінде иондық байланыстардың түзілуіне және белоктардың гидраттық қабықтарының қалыптасуына қатысады.

 

Дикарбондық аминоқышқылдар – глутамин және аспарагин қышқылдарының алмасуы

Бұл аминоқышқылдар көптеген химиялық реакцияларға (жоғарыда келтірілген) қатысады, сондықтан олар аминоқышқылдар алмасуында маңызды роль атқарады.

1. Олар ауыстырылатын аминоқышқылдардың синтезіне қатысады және белоктардың аминоқышқылдық құрамының коррекциясына, бұл ағза жасушасының аминоқышқылдық құрамының коррекциясына қатысады деген болып табылады.

2. Аммиактың және азоттық алмасудың басқа да улы өнімдерінің залалсыздану реакцияларына қатысады.

3. Альфа-кетоқышқылдарға айналу арқылы (альфа-кетоглутарат және қымыздық-сірке қышқылы (ҚСҚ)), олар белоктар, көмірсулар, майлардың алмасуының өзара байланысына да қатысады.

4. Дикарбондық аминоқышқылдар және олардың амидтері (глутамин және аспарагин) жасушаның бүкіл азотқұрамды қосылыстарының синтезделу реакцияларына (нуклеотидтердің, нуклеин қышқылдарының, аминоқанттардың, липидтердің аминдік туындыларының) қатысады. Олар бұл синтезделу реакцияларында азоттың NН2-тобы түріндегі доноры болып табылады немесе оның бүкіл молекуласы қатысады.

 

Әрбір аминоқышқылдардың жекеленген рольдері:

Глутамин қышқылы

а) тікелей тотығып дезаминденуге түсіп альфа-кетоглутаратты түзеді;

б) трансаминдену реакциясына түседі, оларды спецификалық трансаминазалар катализдейді;

в) глютаминнің синтезі үшін субстрат болады, ол аммиактың тасымалданушы формасы болып табылады және бауырда мочевинаның синтезіне қатысады, сонымен бірге нуклеотидтер мен нуклеин қышқылдарының пуриндік негіздерінің, аминоқанттар мен липидтердің аминдік туындыларының синтезіне қатысады.

г) аминоқышқылдардың жанама дезаминденуіне қатысады;

д) трипептид глютатионның синтезіне қатысады;

е) гамма-аминомай қышқылының түзілуі үшін субстрат болып табылады.

 

Аспарагин қышқылы

а) трансаминдену реакциясына қатысады;

б) мочевина синтезінде NН2-топтың доноры ретінде болады;

в) пиримидиндік негіздердің синтезінде (бүкіл молекуласымен) және пуриндік негіздердің синтезінде NН2-топтың доноры ретінде;

г) аспарагин синтезіне қатысады.

Екі аминоқышқыл да белоктың үшінші және төртінші реттік құрылымын қалыптастыруға және белоктардың гидраттық қабықтарының қалыптасуына қатысады, себебі полярлы зарядталған аминоқышқылдар болып табылады, сонымен бірге бұл аминоқышқылдар ферменттердің активті орталықтарының қалыптасуына қатысады. Аспарагин және глутамин қышқылдарын амидтендіру аспарагиннің және глутаминнің түзілуіне әкеледі, оларда белок синтезі үшін өте қажет.

 


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 329 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Аминоқышқылдардың трансаминдену реакциясы | Аммиактың алмасуы. Азоттық алмасудың соңғы өнімдері. Аммиактың залалсыздануы. Мочевинаның биосинтезі. | ОРНИТИНДІК ЦИКЛ | Гистидиндекарбоксилаза | Трансметилдендіру. Цистеин, серин, глициндердің алмасуының ерекшеліктері. Тетрагидрофолий қышқылы және бір көміртекті топтардың синтезі. | Фенилаланин мен тирозин алмасуларының бұзылулары | Биогендік аминдердің инактивтелуі | Креатиннің синтезі. | Нуклеопротеидтердің қорытылуы және қорытылған өнімдерінің сіңірілуі. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Цистеиннің алмасуы| Тирозин мен фенилаланиннің алмасуы. Аминоқышқылдар алмасуының тұқымқуалаушы бұзылулары.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)