Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Аммиактың алмасуы. Азоттық алмасудың соңғы өнімдері. Аммиактың залалсыздануы. Мочевинаның биосинтезі.

Читайте также:
  1. Тирозин мен фенилаланиннің алмасуы. Аминоқышқылдар алмасуының тұқымқуалаушы бұзылулары.

Аммиактың негізгі көзі аминоқышқылдардың катаболизмі болып табылады, бірақ аммиак ұлпада басқа да азот құрамды қосылыстардың ыдырауы кезінде де түзілуі мүмкін. (биогендік аминдер, нуклеотидтер).

Аммиактың бір бөлігі ішектегі микрофлораның өмір сүруі (белоктардың шіруі) нәтижесінде ішекте түзіледі және қақпалы вена тамырындағы қанға сіңіріледі.

Аммиактың концентрациясы қақпалы вена тамырындағы қанда жалпы қан ағымымен салыстырғанда жоғары болады.

 

Әртүрлі ұлпалардағы аммиактың шығу көздері және залаласыздану жолдары.

 

Аминоқышқылдардың катаболизмі, сондықтан аммиактың түзілуі барлық ұлпаларда өтеді. Қандағы аммиактың концентрациясы өте аз болады, өйткені ол жасушада тез залалсызданады. Себебі ол улы зат болып табылады. Қандағы аммиактың қалыпты жағдайдағы мөлшері 0,4-0,7 мг/л немесе 25-40 мкмоль /л.

Аммиактың улылығы оның орталық жүйке жүйесіне (ОЖЖ-ға) әсері етуімен байланысты. Сондықтан, жасушаларда түзілетін аммиак залалсыздандырылады және азотық алмасудың соңғы бейтарап өнімі түрінде – мысалы, бауырда мочевина түрінде, ал бүйректерде - аммоний тұздары түрінде синтезделеді де бүйректер арқылы ағзадан зәр құрамында оның қалыпты компоненті ретінде шығарылады.

Әртүрлі ұлпаларда аммиак заласыздануының және шығарылуының бірнеше өзіне ғана тән арнайы жолдары болады.(Сур.2).

Барлық ұлпаларға жуығында аммиакты залалсыздандырудың негізгі реакциясы – бұл глутаминсинтетазаның әсерімен өтетін глутаминнің синтезі болып табылады:

Глутаминсинтетаза аммиакпен байланысуға өте жоғары байланысушылық қабілетте болады. Осы реакцияға байланысты қандағы және ұлпалардағы аммиактың концентрациясы (NH3) қалыпты деңгейдегі жағдайда сақталады.

Глутамин аммиактың тасымалдаушы формасы болып та табылады, өйткені ол бейтарап аминоқышқыл. Сондықтан ол жеңілдетілген диффузия жолымен (глутамат қышқылы болса, энергия қажет ететін активті тасымалдану жолы қажет болады) жасуша мембранасы арқылы өтуге қабілетті. Көптеген мүшелерден глутамин қышқылы қанға түседі, басым түрде бұлшықет пен ми ұлпаларынан.

Ұлпаларда түзілетін глутамин қышқылы бүйрек пен ішектерде түзіледі. Ішек жасушаларында глутамин қышқылынан амидтік топ аммиак түрінде бөлінеді, ал пайда болған глутамат трансаминденіп аланинге айналады.

Энтероциттерде глутамин қышқылының амидтік тобы аммиакқа айналады, ал аминотоптар аланинге айналады.

Бүйректерде глутамин қышқылы глутаминазаның әсеріне түседі де аммиак пен глутаматқа ыдырайды. Глутамат ары қарай реабсорбтелініп қайтадан ұлпа жасушаларына оралады. Бүйректердің глутаминазасы ацидоз кезінде активтенеді. Себебі түзілетін аммиак қышқылдық өнімдердің бейтараптануына пайдаланылады және зәр құрамында экскреттелетін аммоний тұздарының түзілуіне жұмсалады.

Бұл реакция, ағзаны, зәр құрамында аноиондардың артық мөлшерін шығару үшін жұмсалатын натрий, калий иондарын жолғалтудан сақтайды.

Мида және кейбір басқа да ұлпаларда аммиак залалсыздануының тағы бір реакциясына кері реакцияны катализдейтін глутаматдегидрогеназаның a-кетоглутаратты тотықсыздандырып аминдеу реакциясы жатқызылады. Бірақ аммиакты залалсыздандыру жолы ұлпаларда сирек пайдаланылады. Тіптен ары қарай глутаминнің түзілуі жүріп, аммиактың екі молекуласы залалсыздануға түсетін болса да.

Бұлшықеттен және басқа да кейбір ұлпалардан аммиак аланин түрінде шығарылады. Аминоқышқылдардың әртүрлі аминотоптары трансаминдену реакциясы арқылы пируватқа ауыстырылады, оның шығу көзі аминоқышқылдың азотсыз қалдықтары және глюкоза. Үлкен массада болатындықтан, сонымен бірге жұмыс істеуші бұлшықет энергияны аминоқышқыдардың ыдырауынан алатындықтан олардан аланин көп мөлшерде бөлінеді.

Түзілген аланин бауырға түсіп дезаминдену процессіне түседі.

Түзілетін аммиак залалсызданады, ал пируват глюконеогенезге қосылады. Глюкоза бауырдан ұлпаларға түседі және оларда гликолизге түсіп пируватқа дейін тотығады. Бұлшықетте аланиннің түзілуі, оның бауырға тасымалдануы онда глюкозаның синтезделуі және глюкозаның қатадан кері бағытқа тасымалдануы – бұл глюкозо-аланиндік цикл деп аталады.

Бауырда аммиак В печени аммиак карбамоилфосфат пен СО2 –ні түзіп залалсызданады. Реакцияны карбамоилфосфатсинтетаза I катализдейді, оған 2 АТФ молекуласы жұмсалады. Фермент гепатоциттердің митохондрияларында шоғырланған. Реакция өнімі карбамоилфосфат - Кребс-Гензелейттің орнитиндік циклінде мочевина синтезі үшін жұмсалады.

Карбамоилфосфатсинтетаза I-дің жұмысына арналған аммиактың негізгі бөлігі ішектерден түседі. Мұнан басқа аммиак гепатоциттерде аминоқышқылдардың дезаминденуінде немесе глутаминнің гидролизінде де түзіледі.


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 1684 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Белоктардың қорытылуы. Аминоқышқылдардың сіңірілуі. Аминоқышқылдардың ұлпаішілік катаболизмі. | Гистидиндекарбоксилаза | Трансметилдендіру. Цистеин, серин, глициндердің алмасуының ерекшеліктері. Тетрагидрофолий қышқылы және бір көміртекті топтардың синтезі. | Фенилаланин мен тирозин алмасуларының бұзылулары | Биогендік аминдердің инактивтелуі | Креатиннің синтезі. | Цистеиннің алмасуы | Аргининнің алмасуы | Тирозин мен фенилаланиннің алмасуы. Аминоқышқылдар алмасуының тұқымқуалаушы бұзылулары. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Аминоқышқылдардың трансаминдену реакциясы| ОРНИТИНДІК ЦИКЛ

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)