Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Биогендік аминдердің инактивтелуі

Ағзада биогендік аминдерді ыдыратуға мүмкіндік беретін реакциядың келесі механизмдері болады.

1. Құрамында окситоптары болатын немесе окситоптарды молекуласына гидроксилденуден кейін қосатын аминдерді окситоптары бойынша метилдендіру реакциясы. Метилдік радикалдың шығу көзі: S-аденозилметионин. Реакцияны О-метилтрансфераза ферменттері катализдейді. Олар метилдік топты оттекке ауыстырып қосады. Себебі, метиониннің күкіртіне АДФ-тің аденилдік қалдығын қосқан кезде оның метилдік тобы қозғалғыш болады да әртүрлі заттарға жеңіл ауыстырылады. Сондықтан окситоптағы оттекке де жеңіл ауысады.

2. Аминді дезаминдеу мақсатында аминотоп бойынша тотықтыру реакциясы.

Бұл биогендік аминдерді инактивтеудің негізгі жолы – оларды аминотопты оксидаза (моноаминооксидаза, МАО) әсерінен тотықтырып бөлу. Нәтижесінде аминнің биологиялық активтілігі жоғалады.

Биогендік аминдердің оксидазалары: моноаминооксидаза (МАО), диаминооксидаза (ДАО), полиаминооксидаза. Оксидазалар екі протон мен екі электронды бөліп алып бірден оттекке береді. Сутек асқынтотығы түзіледі, ал амин иминге айналады. Имин ары қарай фермент қатысуынсыз гидролизденіп альдегидке айналады. Оксидаза ферменттерінің простетикалық тобы ретінде ФАД немесе ФМН болады, немесе олар флавопротеин болып табылады.

Екінші реакция (гидролиз) қайтымсыз. Ары қарай, түзілген альдегид карбон қышқылына дейін оңай тотығады. Карбон қышқылы СО2 мен H2O –ға дейін тотығады. Жасушада МАО ДАО-мен салыстырғанда көп болады.

МАО активтілігін басу биогендік аминдердің ыдырауының баяулауына әкеледі. Мұндай дәрілік препараттар биогендік аминдердің «өмір сүру» кезеңін ұзартады, бұл олардың жетіспеушілігі кезінде өте маңызды болып табылады. Бұл заттар антидепрессанттар қызметін атқарады және бір жағынан шизофренияны емдеу кезінде қолданылады.

Аминоқышқылдар цитоплазмада декарбоксилденеді, ал аминдердің тотығуы митохондрияның сыртқы мембранасында өтеді. Аминоқышқылдардың декарбоксилдену реакциясы және биогендік аминдердің ыдырауы бір мезгілде жүрмейтіндіктен биогендік аминдер біршама уақытқа «өмір сүре» және өзінің биологиялық қызметін орындай алады.


Дата добавления: 2015-07-15; просмотров: 443 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Белоктардың қорытылуы. Аминоқышқылдардың сіңірілуі. Аминоқышқылдардың ұлпаішілік катаболизмі. | Аминоқышқылдардың трансаминдену реакциясы | Аммиактың алмасуы. Азоттық алмасудың соңғы өнімдері. Аммиактың залалсыздануы. Мочевинаның биосинтезі. | ОРНИТИНДІК ЦИКЛ | Гистидиндекарбоксилаза | Трансметилдендіру. Цистеин, серин, глициндердің алмасуының ерекшеліктері. Тетрагидрофолий қышқылы және бір көміртекті топтардың синтезі. | Цистеиннің алмасуы | Аргининнің алмасуы | Тирозин мен фенилаланиннің алмасуы. Аминоқышқылдар алмасуының тұқымқуалаушы бұзылулары. | Нуклеопротеидтердің қорытылуы және қорытылған өнімдерінің сіңірілуі. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Фенилаланин мен тирозин алмасуларының бұзылулары| Креатиннің синтезі.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.005 сек.)