Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Ашық экономика

Читайте также:
  1. Ағынды суды дайындаудың ашық түрдегі қондырғылары
  2. Глава 14. Экономика прихода
  3. Жарков, В.М. Экономика и организация издательского дела [Текст]: краткий курс /Б.А. Кузнецов, И.Н. Чистова.- М., 2002
  4. Игнорируемая экономика изобилия
  5. Креативная экономика
  6. Лекция. Макроэкономикаға кіріспе.

Лекция жоспары:

1. Валюта бағамы: негізгі түсініктер. Еркін және тағайындалатын валюта бағамдары

2. Атаулы және нақты бағам. Нақты және атаулы бағамға әсер ететін факторлар. Елдің ішіндегі бюджет-салық саясаты. Инвестициялық сұраныстың өсуі. Сыртқы сауда саясатының әсері.

3. Тағайындалатын және еркін айналымдағы баға режимдердегі салыстырмалы тиімділік.

Төлем балансының ішіне елдің барлық жасаған қарым-қатынасының экономикалық жағы, яғни сандық мәні енеді. Ал халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша оның құрамына – операциялар балансы мен капитал қозғалысының балансы жатады. Елдің барлық іс-әрекеттері мен сауда операциялары төлем балансында көрініс алады.

Елдің экспорттық операциялары (тауар экспорты, қызмет экспорты) елдің импортынан артық болған жағдайда төлем балансын активті (оң), ал кем болған жағдайда пассивті (теріс) сальдосы деп атаймыз. Оң төлем балансы импортқа қажет шетел валютасымен қамтамасыз етіледі.

Төлем балансы төмендегідей тармақтардан құралады:

1. ағымдағы операциялар: сауда, табыс қозғалысы, аударымдар (мемлекеттік және жеке тұлғалардың);

2. капитал қозғалысының балансы: ұзақ мерзімдік инвестициялар – тікелей және қоржындық, қысқа мерзімдік капитал қозғалысы;

3. тұрақтандырушы тармақта қорларды қайта бағалау және қозғалысы, ХВҚ (халықаралық валюта қоры) қаражатын қолдану, басқа да қаржы көздері;

4. қорлардың соңғы өзгерісі: алтын, шетел валютасының, несиелердің өзгерісі.

Төлем балансының экономикаға әсері валюта бағамына әсер етуі арқылы жүреді. Шыныда да сальдоның өз алдына тек сандық сипаты және статистикалық мәні болады, оның еш экономикалық мағынасы жоқ. Ал валюта бағамы елдің тауар айналымын жүргізеді. Ол елдің ішіндегі өзінің 5 функциясын орындауына бағамымен әсер етуінде. Себебі қазіргі заманда әлемдік экономикаға қатысу елдің жалпы дамуының негізгі алғы шарттарының бірі.

Валюта бағамы деп бір елдің валютасын екінші елдің валютасына айырбастағандағы валюталардың қатынасын айтамыз. Мысалы: 124 тг = 1$, 5 тг = 1 RR.

Қазіргі заманда валюта бағамын белгілеуде бір-біріне қарама-қарсы екі әдіс бар:

1) валютаның еркін айналымдағы бағамы;

2) тағайындалатын валюта бағам әдісі.

Валютаның еркін айналымдағы бағамы кезінде бағам ұсыныс пен сұраныстың әсерінен қалыптасады. Оны келесі графикте көре аламыз.


1rr=ax1тг валюта бағамы


а' B

‘a A C тапшылықты түзеу

валюта D’

бағамы D

1rr=ax1тг

1-сурет.

 

Теңгенің рубльге айырбасталына алынатын бағам жағдайын қарастырайық. (1 - сурет).

Бірінші жағдай. Рубльге деген сұраныс төмендейді. Соның арқасында қазақстандықтарға рубль арзандап, онымен бірге Ресей тауарларына деген сұранысты өсіреді, ал ол өз барысында сол тауарларды сатып алуға қажет рубльге деген сұранысты өсіреді.

Екінші жағдай. Рубль ұсынысы азаяды. Қазақстандық тауарлар арзан болып, оған сұраныс жоғарылап, теңгеге деген сұраныс та жоғарылайды.

Валютаның еркін айналымдағы бағамына көптеген факторлар әсер етеді. Олар:

· Тұтынушы талғамының өзгеруі. Басқа елдің тауарына деген тұтынушыың талғамы, көзқарасы ол елдің валютасына қатты әсер етеді. Мысалы, америкалық машиналардың беделі артса, онда тұтынушылар оны алуға тырысып, долларға қосымша сұраныс тудырады. Немесе Қазақстанға Ресейден демалушылар көп келсе, онда рубль ұсынысы көбейіп, арзандайды.

· Табыстың салыстырмалы азаюы. Бір елдің ұлттық табысы басқа елдердің ұлттық табысына қарағанда өсімі салыстырмалы жоғары болған жағдайда, ол елдің валюта бағамы төмендейді. Себебі елдің импорты оның табыс деңгейіне қатысты болады.

· Бағаның салыстырмалы өзгеруі. Егер Қазақстанда баға өссе, ал Ресейде қалыпты болса, онда қазақстандықтар ресейліктердің салыстырмалы арзан тауарын тұтынуға тырысып, рубльге қосымша сұраныс тудырады. Ал ресейліктердің керісінше, біздің тауарды тұтынуға деген ынтасы азайып, рубль ұсынысын кемітеді. Бұл екі жағдай бірігіп теңгені құнсыздандырады.

· Салыстырмалы нақты пайыздық өзгеруі. Мынандай жағдайды ойластырайық. Қазақстанда инфляцияны тежеу мақсатында «Қымбат ақша» саясаты жүргізілді. Нәтижесінде инфляцияны есептей отырып алынған нақты пайыздық мөлшерлеме мөлшері басқа елдерге қарағанда жоғары болды. Соның арқасында Қазақстан инвестициялауға өте тиімді елге айналды, ал ол инвесторларды теңгені алуға итермелейді.

· Алыпсатарлық. Қазақстан экоомикасында: а) Ресей экономикасына қарағанда жылдам өсу қарқыны болады деген жорамал бар; ә) басқа елдерге қарағанда инфляция жоғары болады деген қауіп бар; б) төмен мөлшерлеменің пайыздық мөлшері күтілуде. Ондай жағдайда теңгесі бар тұлғалар қолындағы теңгені басқа, қалыпты валютаға айырбастауға ұмтылады. Ал ол сол валютаға сұранысты жоғарылатып, оны теңгеге қарағанда қымбаттатады.

Ал ол әдістің тиімділігіне келетін болсақ, онда оны жақтаушылардың айтатын дәлелі: бұл әдісте валюта бағамы автоматты түрде түзетіліп, соның арқасында төлем балансының тапшылығы мен қалдықтары жойылады. Бұны сұраныс пен ұсыныс функцияларының көмегімен көрсетуге болады (1 – сурет).

Тепе-теңдік валюта бағамы 1 rr = ax 1тг. Жағдайда орнайды және де теріс сальдо балансы жоқ деп есептейміз. Бұл жағдайда Қазақстанның қажет ететін рублі мен Ресейдің қажет ететін теңге көлемі бір-біріне тең деп санаймыз. Енді белгілі бір факторлардың әсерінен қазақстандықтардың рубльге деген сұранысы D-дан D’-ге артты дейік. Қазақстандық экспорттық операциялар елге «аА» көлемде рубльді әкеледі, ал импорттық операциялар «аС» көлемді қажет етеді. Сонда алғашқы бағам бойынша төлем балансының тапшылығы АС қисығына тең болады. Бағам нарық заңдарымен қалыптасқандықтан ол 1rr = a ^ x 1тг. бағамға ауысады. Ал бұл бағам бойыншща ресейліктерге қазақстандық тауарлар арзан болып, қазақстандықтарға керісінше қымбаттап, Қазақстанның экспорты тиімді болып, теңгеге деген сұранысты артады, ал Қазақстандағы экспорты тиімді болып, теңгеге деген сұраныс азаяды. Сондықтан төлем балансы автоматты түрде түзетіледі.

Еркін айналым кемшіліктері:

· Белгісіздік және сауданың нашарлауы. Белгісіздік және қауіп сауда жүргізуде қиыншылықтар туғызады. Мысалы, қазақстандық кәсіпкер АҚШ-тан 90 мың долларға машина алуға шартқа отырды. Ол есептегенде долларды 79 теңгемен санады, ал елдегі жағдайға байланысты төлем уақыты келген кезде доллар 150 тг. болды. Сонда кәсіпкер екі есе көп ақша төлейтін болады.

· Сауда жағдайы. Елдің экономикасы халықаралық нарық валютасының бағамы төмендеген жағдайда нашарлайды. Валюта бағамына тәуелді болады.

· Тұрақсыздық. Ішкі экономикаға жағымсыз әсер етеді.

Тағайындалатын валюта бағамы әдісі. Бұл тәсіл жоғарыда қарастырылған тәсілге қарама-қарсы әдіспен жасалынады. Оның қолданылуы мемлекеттің валюта бағамын тұрақтандырып отыру қажеттілігінің туындауымен қындатылады. Мысалы, жоғарыдағы жағдайда (1-сурет) валюта жетіспеушілігі автоматты түрде жойылады, ал тағайындау жағдайында тапшылықты мемлекет жоюы керек. Осы мәселе тағайындалатын валюта бағамының ең күрделі сұрақтарының бірі. Оны жою жалпы келесі әдістермен жасалады және олар қазіргі замандағы барлық елдерде қолданыла алады:

· Резервтерді қолдану. Бұл валюта бағамын тұрақтандырудың ең бір жеңіл тәсілі. Ол нарыққа мемлекеттің өзінің валюта қорымен әсер ету механизмі. Ал валюта қоры қалай жиналады? Мысал қарастырып отырған еліміз алдыңғы жылы оң сальдосы болып, біраз валютаны иемденіп қалды. Ол қор мемлкеттің иелігінде алтын ретінде сақталып, бағам ауытқулары байқалған кезде қолданылады. Бұл тәсілдің тиімсіз жағы: егерде теріс сальдо ұзақ уақыт байқалатын болса, онда мемлекеттіңғ қоры таусылып, бұл саясаттан бас тартуға мәжбүр болады.

· Сауда саясаты мемлекеттің бағамды бір қалыпта ұстау мақсатындағы импортты шектеу, керісінше экспортты ынталандыру саясаты. Импортты квота, қосымша салық салу арқылы шектеуге болады. Ол жеңіл де, бірақ бұл қолдан жасалған шектеулер экономиканың дамуына кедергі жасайды.

· Валюталық бақылау; оңтайландыру. Тағы да бір балама валюталық бақылау. Оның мәні келесі де: мемлекет өзінің шетке тауар шығарушыларына шетел валютасын тапсыруға міндеттейді. Алынған азын-аулақ шетел валютасын импорттаушыларға бөліп береді. Сонда импорт көлемін елдің экспорт көлеміне байланысты етеді. Бұл жүйенің келесідей кемшіліктері бар:

- сауданың бұзылуы;

- кемсітушілік;

- таңдаманың шектеулілігі;

- Қара базар.

· Ішкі макроэкономикалық реттеулер. Салық және ақша саясаттарын жүргізу көмегімен шетел валютасына деген сұранысты азайтады.

Енді валюталық бағамдарға келетін болсақ, соңғы жылдары валюталық бағамдардың үш түрі қолданылады:

· Алтын стандарт. 1879-1934 жылдар аралығында әлемде «алтын стандарт» аттыжүйе қолданылды. Оның барысы мен құлдырауы тағайындалатын валюта бағамының барлық жақсы және жаман жақтарын көрсетеді.

Ақшаның алтын стандартталуы болуы үшін келесі жағдайлар қажет деп саналды:

1) ұлттық валютаның құрамындағы алтын салмағын белгілеу қажет;

2) алтын қоры мен ішкі ақша көлемі арасында тепе-теңдік қажет;

Әр ел валютасындағы алтын құрамын өзі тағайындайды және алтын салмағының қатынасы валюталық бағамды білдірді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көпшілік елдер өз валютасын, ел өндірген тауарлардың бәсекелестік мүмкіндігін жақсарту мақстаныда девальвацияға (ақшаның құнсыздануына ұшыратты. Себебі ел валютасы басқа валюталарға қарағанда арзан болса, онда тауарлары да арзан болады. Бұл жүйенің ең басты мақсаты – дүниежүзіндегі валюта бағамының тұрақтылығын сақтау болды. Бағамды ХВҚ-ның рұқсатынсыз өзгертуге мүмкіндік берілді. Валютаны қалыпты бағамда ұстау келесі көздерден жүргізіледі:

1) Қорлар. Алдыңғы жылдарда қалыптасқан оң сауда балансының көмегімен жиналған шетел валютасының қоры. Басқаша айтқанда көмекші қор;

2) Алтын қоры. Елдің үкіметі өзінің алтын қорын қажет елдің валютасына сатып, оны өз елінің валютасына жәрдем ретінде қолдануы;

3) ХВҚ-дан қарыз алу. Бреттон-Вуд валюталық жүйесіне енген әр ел өзінің ЖҰӨ-іне, халық санына, сауда көлеміне байланысты жыл сайын төлем жасап тұруы келісілген еді. Сол төлемдерден жиналған қордан әр ел өзіне қажетті мөлшерде қарыз алуға, оны өз валютасымен қайтаруға құқығы бар. Олардан алынған шетел валютасы ішкі нарықта сатылып, қосымша ұсыныс қалыптастырады.

Бұл жүйенің кемшілігі бар. Егерде елдің сальдосы оң, теріс болып өзгеріп отырған жағдайда бір жылдағы тиміділік екінші жылдағы шығындарды жабады. Ал теріс сальдо бірнеше жылдар бойы қайталанып отырса, онда елдің қоры таусылып қалады немесе қарыз алуға мәжбүр болады.

Бұл жүйеге алтын стандарты мен еркін баға жүйелерінің жақсы жақтары тән. Ол тұрақты валюта бағамын қамтамасыз етіп, әлемдік сауданы ынталандырады. ХВҚ-ның көмегімен валюта бағамын тұрақты ұстап тұруда қиыншылықтарға ұшарамауын қамтамасыз етті.

Алтынды қолдану көптеген қиыншылықтар тудырғандықтан доллар баршаға танымал дүниежүзілік валютаға айналды. Оған келесі жағдайлар әсер етті:

1. АҚШ екінші дүниежүзілік соғыстан экономикасы ең сау ел болып шықты.

2. Алтынның үлкен қорын құрап алды.

Осы себептерден доллар ең мықты валютаға айналып, дүниежүзілік ақша рөлін атқарды. Доллар бұл рольді атқару үшін ең алдымен алтынға тұрақты бағаммен жеңіл аударылуы керек. Сондықтан да доллар Бреттон-Вуд жүйесінің ортақ ақша ролін, онымен бірге жалпы жүйенің тіршілігін жойды. Ол Американың бірнеше жылдар бойы теріс сальдоны иемденіп, одан шығу жолдарын таба алмауынан 1971 ж. 15 тамызда доллардың алтынға айналғыштығын тоқтатты.

3. Бұл жүйені «реттеулі ауытқулы валюта бағамы» деп атаған дұрыс болады. Қалыпты валюта бағамын кейбір кезде орталық банк интервенция жасау арқылы ауытқуларды реттеп, елдің саясатын көздейді. Ел экономикасының өзгеруі бағамды реттеу қажет етеді. Ал артықшылық немесе тапшылық пайда болмауы үшін әдетте бағамға сұраныс пен ұсыныс арақатынасынан қалыптасқан нүктеге дейін еркін өзгеріп, автоматты түрде жоюға мүмкіндік туғызады. Соның нәтижесінде Бреттон-Вуд жүйесіне қарағанда баға ауытқулары айқын көрінеді. Бірақ азын-аулақ болып тұратын ауытқулар елдің сауда қатынастарына кедергі жасайды. Сондықтан да Орталық банк анда-санда шетел валютасын сатып алып, оны ішкі нарықта сатады. Екі мысал келтірейік:

Шындығында бұл жүйе жоғарыдағы мысалдардан да күрделі әдістермен жүргізіледі. Оның жақтаушылары да, қарсыластары да бар.

Жақтаушылардың келтіретін дәлелі:

- сауда көлемінің өсуі. Бұл жүйе кезінде сауда нақты көлемінің өсуі байқалды;

- келеңсіз жағдайлардың басқарылуы. Экономикалық қиыншылықтарды өткізу жеңілденді.

Қарсыластары бұл жүйенің келісідей кемшіліктерін айтуда:

- ауыспалылықпен бейімделу. Валюта бағамы экономикалық көрсеткіштер қалыпты болған жағдайдың өзінде де өзгеріп отырды;

- «жүйелі еместігі». Белгіленген нормалардың болмауынан әр ел бағамды өзгерту туралы шешім қабылдайды.

Сонымен бұл жүйе қазіргі кездегі қолданылып келе жатқан бірден-бір жүйе.

Жоғары да айтылған бағам қалыптастыру түрлеріне байланысты мемлекеттің саясаты мен әрекеттері де әр түрлі болады. Төмендегідей негізгі түсініктерді білу қажет.

Экономикадағы бұл түсініктердің қолданылуын қарастырайық.


Дата добавления: 2015-10-31; просмотров: 557 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Толық жұмысбастылық ұғымы | Ынталандырушы жалақы | Лттық табыс: өндіру, бөлу, тұтыну. | Импорттаудың шекті бейімділігі | Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс | Сурет. Жиынтық сұраныс қисығы оңға қарай қозғалады | Сурет. Ұзақ мерзімдік кезеңдегі жиынтық сұраныстың өзгеруі | Тауар және ақша нарықтарындағы макроэкономикалық тепе-теңдік. IS-LM үлгісі. | LM қисығын алгебралық жолмен шешу | Ms↑→R↓→I↑→Y↑→Yd↑→C↑,Xn? |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Баға деңгейінің өзгеруіне байланысты ынталандырушы ақша-несие саясаты| Ақша мен валюта бағамының тепе-теңдік формуласы. Ол үшін келесі формулалар мен түсініктерді анықтайық.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)