Читайте также:
|
|
Батыс Еуропа тарихындағы феодалдық қоғамдық жүйенің біртіндеп орнығуы, варварлық басып енулер терең ішкі қайшылықтардан, өндірістің құл иеленушілік тәсілінің дағдарысы нәтижесінде Рим империясының құлауы, империя жерлерінде V ғасыр аяғында жаңа қоғамдық қатынастарды дамытуға және феодализмге өтуге қажетті жағдайлар жасалған варварлық мемлекеттердің пайда болуы жүйелі қарастырылған.
Орта ғасырда орын алған қоғамдық құрылыс, герман тайпаларының Рим империясы жерлеріне қонстануы нәтижесінде өнім өндіруші көпшілік арасынан ерікті ұсақ жер иеленуші – қауымдардың кең орын ала бастауы, феодалдық қатынастардың әр елдер әр түрлі деңгейде қалыптасуы, ірі – ірі феодалдық жер иеліктердің пайда болуы, ерікті ұсақ материалдық игіліктердің пайда болуы, ерікті ұсақ материалдық игіліктерді өндірушілердің феодалдық – тәуелді шаруаларға айналуы, саяси мекемелердің және феодалдық қоғам идеологисының шығуы – Батыс Еуропада феодалдық қоғамдық – экономикалық жүйенің орнығу үрдістері жан – жақты қарастырылған.
Қазіргі Еуропа халықтары мен мемлекеттерінің тарихи әдебиеттерінде шартты түрде айқындалған «орта ғасырлар» дәуірінен бастау алды. Көне дәуірде Еуропа ұғымы (семиттік тіл төркіні Эреб), географиялық жағынан Батыс деген ұғымда, Азия (түбірі Асу), немесе Шығысқа қарым – қатынасты қолданылды. Еуропа ұғымы шын мәнінде халықтар мен мемлекеттердің территориялық тұтастығын, экономикалық, әлеуметтік – саяси және рухани дамуы тарихының жалпылығын байқатады. Сонымен бірге оның батыс бөлігінің өзіндік ерекшелігі орта ғасырлар дәуірінде айқындалады. Иә, Шыныменде осы орта ғасырлардағы әртүрлі елдердің аттары, саяси-мәдени жағдайы сипатталып, анықталған.
Орта ғасырлар дәуіріндегі Батыс Еуропаның тарихи ұғымына мына елдер: Англия, Франция, Германия, Швейцария, Бельгия және Голландия, Пиреней және Апеннин түбектері мемлекеттеррі, скандинав елдері – Дания, Норвегия, Швеция, сонымен бірге Византия енеді. Соңғы елдің шекаралық жағдайына қарамай, еуропалық өркениет өміріне тигізген үлкен ықпалы оның Батыс және Шығыс тарихына ортақ екенін айқындап берді.
Біздің дәуіріміздің алғашқы ғасырларында Батыс Еуропаның көпшілік бөлігінде едәуір романданған және Рим империясының құрамына енген кельт халықтары орналасқан, оның кейін Ұлы халықтар қоныстануы дәуірінде бұл территорияларға герман тайпалары орналасты, бұл мәселені белгілі тарихшы профессор К.Т.Жұмағұлов жүйелі зерттеген.
Феодализмнің қалыптасуы – ұзақ және көп жақты күрделі процес. Кейінгі көне және варварлық қоғам жағдайында феодалдық қатынастардың қалыптасуының алғы шарттыры пайда боллды. Батыс Еуропада феодализмнің оның әрі қалыптасуы осы екі қоғамның бір – бірімен күресі мен өзара байланысы жағдайында жүрді. Екі қоғамдық жүйенің өзара байланысы элементтерінің синтезі нәтижесінде сапалы жаңа қатынастар туды. Тіптен көне өркениет шебінен алыс жатқан аудан – Скандинавияға тікелей болмаса да жанама түрде ықпал етті. Сауда және континент бөліктірмен саяси байланыстар христиандық шіркеу және көне дәуір қойнауында пайда болған құқық, технологиялық және идеологиялық байланыстар арқылы жүрді.
Варварлар шапқыншылығына ұшырамаған Оңтүстік Италия жағалаулары Прованс, Батыс Жерорта теңізі аралдары туралы да осылай атауға болады. Тікелей варварлар басып алушылығы бұл жерлерде, варварларға тәуелді аудандар арқылы, бұл жерлердегі көне классикалық қоғамдық қатынастары едәуір әлсіреді; бұрынғы экономикалық байланыстардың бұзылуы, әлеуметтік – мәдени, климаттық өзгеруі т.б.
Көне және варвар бастамалары неғұрлым теңескен жерлерде феодалдық синтезі тез жүрді, бұған Солтүстік – Шығыс Галлия дәлел болады. Онда феодализм VІІІ – ІХ ғасырлардың өзінде – ақ қалыптасқанды, феодализмге дейінгі сарқыншақтары рулық және құл иеленушілік белгілері әлсіз күйінде қалды.
Феодалдық синтездің тез жүруі әр түрлі жерлерде көптеген факторларға байланысты болды. Оның ішінде бірінші орынға бір территеориядағы орналасқан варварлар мен римдіктердің өзара қатынастары. Бұрынғы империяның көпшілік провинцияларында германдықтар барлық тұрғындардың 2-3 % құрады. Кебір жерлерде, айталық Испанияның Бургос, Толедо аудандары, Оңтүстік Галлияның Тулуза, Нарбонн, Италияның Павия және Вероныда да германдықтар саны басым болды. Британияда және Токсандрияда, Рейн және жоғары Дунайда германдар басым болды, ол Солтүстік – Шығыс Галлияда галлоримдіктерден шамамен 1:10 қатынаста болды. Тұрғындарының санының азшылығын қарамастын, бұл аймаққа германдықтар ықпалы басым болып феодализм басқа жерлерімен салыстырғанда біршама жақсы дамыды.
Қалыптасып келе жатқан варварлар мемлекетінде, кейінгі Рим мемлекетіндегі сияқты, еріксіз өндіру күші болмады. Герман қауымдарның жағдайы ірі жер иелерінде тәуелді бола тұра, көне заман құлдарының немесе колондарының жағдайына дейін төмен түсе қойған жоқ. Олардың тәуелділігі тәуелділіктің жаңа формасындағы, қаналушы тікелей өндірушілердің өз еңбегіне мүдделі болуы үшін қоғамдық даму қажеттігіне сай біршама икемдірек болды. Жаңа қоғамдық топтардың қалыптасуына, бір жағынан, Рим қоғамның антагонистік топтардың қалдықтары – ірі жер иелері, екінші жағынын, құлдар мен колондар едәуір рөл атқарды. Римнің ірі жер иелерінің бір бөлігі құл иеленушілік қоғамның күйреуімен және варварлардың жаулап алуымен байланысты, олардың жағдайларындағы бүкіл өзгерістерге қарамастан, жүздеген құл мен колондар өңдеп отырған кең байтақ имениелерді әлде иелене берді. Әйтсе де, ірі жер иелерінің сипаты біртіндеп өзгере берді. Герман жаулаушылығы құл иеленушілік шаруашылықтың феодалдық шаруашлыққа айналу поцесін тездетті оның бастамасын тіпті Рим империясында да байқауға болатын еді. Енді ірі имениелер антик заман құлдарын қанауға негізделмеді, еркін емес және тәуелді ұсақ жер иеленушілердің әр түрлі категорияларының еңбегін қанауға негізделді. Римнің көптеген ірі жер иеленушілері германдық әскери қызметтегі ақсүйектермен бірге қалыптасып келе жатқан феодалдар тобы құрамына енді. Дәл сол сияқты тәуелді шаруалар тобы қалыптасуна Римнің де, герман тектес тікелей өндірушілердің де әр түрлі жіктері қатысты. Баяу, бірақ римдік жер иелік феодалдық вотчинаға айнала берді.
Варвар корольдіктерінде мемлекеттік аппарат Рим әкімшілік жүйесінің азды – көпті ықпалымен қалыптасыты. Мемлекеттік аппарат бұрынғы маңызын жойып, корольге толық тәуелділікте болды. Король жоғары әскери, заң шығарушы, әкімшілік және соттық өкімет өкілдігімен пайдаланды. Рим ықпалының нәтижесінде әр түрлі герман тайпаларында рулық және қауымдаық шектеушіліктен ерікті иелік – аллодқа көшуі жүрді. Жергілікті жерлерде әкімшілік, қаржылық және соттық өкімет билігін корольдің лауазымды адамдары жүзеге асырды.
Варвар корольдіктері Рим саяси құрылысының бірқатар белгілерін алғанына қарамастан, олардың Рим империясыныан түбегйлі айырмашылығы болды. Бұл корольдіктер Рим империясындағы құл иеленуші таптың мүддесін емес, жаңа қалыптасқан келе жатқан феодал табының мүддесін көздеді. Олардың әскери құрылымы жалдамалы армияға емес, халық жасағына негізделді. Әкімшілік жүйесінде Римге қарағанда едәуір қарапайым болды. Әкімшілік басқаруда корольдің әр түрлі тапсырмасын орындаған король жасақшылары кеңінен пайдаланды. Король өкіметін ақсүйектер және діни ақсүйектер қолдап отырды. Маңызды істерді айталық, соғыс пен бейбітшілік мәселелерін, жер бөліп беру, зағдар шығаруда король жоғарғы әскери қызметтегі ақсүйектермен және жоғары дін басыларымен бірігіп шешіп отырды.
Кейінгі Рим және бар жатқан алғашқы қауымдық германдық қатынастардың синтезі Батыс Еуропадағы қоғамның экономикалық, әлеуметтік және саяси өмірінде феодалдық қатынсатардың дамуын біршама тездетті. Ұзақ уақыттар бойына еркін шаруалардың, қауымдық қатынастардың біраз қалдықтары сақталып қалды.
Рим және герман қатынастарының жиынтығы, анағұрлым толық жүзеге асырылғанына елдерге қарағанда, ерте орта ғасырдың жағдайында шаруалардың феодалға тәуелділігінің ауыр формасы біршама жеңілдеу болды. Саяси құрылымда ру – тайпалық құрылысы тән басқару ұйымының сарқыншақтары - әскери демократия ұзақ сақталды.
Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 1682 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
А) Моси тайпасы құрған мемлекет | | | Халықтардың Ұлы қоныс аударуы және оның себептері, ықпалы. |