Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Программаның құрылымы

Читайте также:
  1. Дәріс. Процедуралар мен функциялар. Қосалқы программаның сипаттамасы. Параметрсіз процедура. Параметрлі процедура
  2. Кесте-Қазақстан этностарының жастық құрылымы
  3. Лы Моғол империясының ішкі құрылымы

Кез келген Си-программасы негізгі модульдер болып табылатын бір немесе бірнеше «функциядан» құралады. С++ тіліндегі қарапайым программаны қарастырайық. Мұндай мысал С++ тілінде жазылған кез келген программаның негізгі ерекшеліктерін айқындау үшін қажет. Ары қарай әрбір программалық қатарға түсініктеме беретін боламыз, бірақ алдымен программаға қарап, оның не істейтінін түсінуге тырысыңыз.

 

// C++ тілінде жазылған қарапайым программа

#include <iostream.h>

main ()

{

cout << " Ақпараттық технологиялар кафедрасына ";

cout << "қош келдіңіз.\n";

}

Программаның орындалу нәтижесі:

 

Ақпараттық технологиялар кафедрасына қош келдіңіз.

#include <iostream.h> - препроцессор директивасы. Біздің программаға iostream.h атты файлдың қосылуы кіріс (cin) және шығыс (cout) ағымдарын қолдануға мүмкіндік береді, олар туралы кейінірек айтамыз. Кейбір жағдайларда бұл жолды программаға қосу міндетті, ал кейбір жағдайларда міндетті емес. Ол программаға байланысты.

main() – функция аты. С++ тілінде жазылған кез келген программа өзінің негізгі модульдері болып табылатын бір немесе бірнеше функциялардан құралады. Біздің программа бір ғана main() функциясынан тұрады, бұның дөңгелек жақшалары main – функцияның аты екенін көрсетеді (ағыл. main – басты). С++ тілінде жазылған программа әрқашан да main() деп аталатын функциядан бастап орындалады, сондықтан біз осы функциядан басқа барлық функциялардың аттарын өзіміз таңдай аламыз.

Жалпы жағдайда дөңгелек жақшаларда осы функцияға берілетін ақпарат болады. Біздің мысалда ешқандай ақпарат берілмейді, сондықтан біздің жақшалар бос тұр.

{ және } – фигуралы жақшалар функция денесінің басы мен соңын білдіреді. Фигуралы жақшалар сонымен қатар программаның бірнеше операторларын құрамды операторға немесе блокқа біріктіру үшін де қолданылады (Pascal тілінің Begin және End операторлық жақшаларына ұқсас).

Программалық жолдың соңындағы нүктелі үтір онда С++ тілінің операторы бар екенін білдіреді, бұл жерде бұл символ Pascal тіліндегідей операторлардың бөлгіші емес, оператордың бір бөлігі болып табылады.

Анықтама: Түйін сөздер деп программалау тілінің сөйлемдерін құрастыру үшін қолданылатын арнайы сақталып қойған сөздерді айтады.

С++-те мәліметтерді көрсету. Мәліметтер типтері

С++-те негізгі типтер екі топқа бөлінеді: бүтін сандық типтер және жылжымалы нүктесі бар типтер (қысқаша болу үшін оларды жылжымалы типтер деп атаймыз). Бұл арифметикалық типтер.

С++ тілінде арифметикалық типтердің мәндер диапазондарына қойылатын қатаң стандарттар жоқ (тілдің стандартында тек мүмкін болатын ең кіші мәндер айтылады). Негізінде, бұл диапазондар нақты орындалу кезінде анықталады. Әдетте бұл сипаттамалар компьютердің есептеу мүмкіндіктерін қолданудың тиімділігіне байланысты таңдалады. Тілдің программаның орындалуына тәуелділігі салдарынан тасымалдау проблемалары туындайды. С++ тілі машинаға тәуелді тіл болып қала береді.

Бүтін сандық типтерге негізгі типтердің келесі атауларымен берілген типтер жатады:

char

short

int

long

Бүтін сандық типтердің атаулары төмендегі тип модификаторларымен бірге қолданылуы мүмкін:

signed

unsigned

Бұл модификаторлар мәліметтерді көрсету форматын өзгертеді, бірақ жады көлемінің бөлінетін аумағыма әсер етпейді.

Signed типінің модификаторы айнымалының оң мәндерді де, теріс мәндерді де қабылдай алатынын білдіреді. Бұл ретте мәнді сақтау үшін бөлінетін жады аумағымың ең сол жақтағы биті таңбаны көрсету үшін қолданылады. Егер бұл бит 0 болса, айнымалы мәні оң болып саналады. Егер бит 1 болса, онда айнымалының мәні теріс болып саналады

Unsigned типінің модификаторы айнымалының теріс емес мәндерді қабылдайтынын көрсетеді. Бұл ретте мәнді сақтау үшін бөлінетін жады аумағымың ең сол жақтағы биті жады аумағымың басқа биттері тәрізді мәндерді көрсету үшін өолданылады.

Бірқатар жағдайларда тип модификаторларын негізгі типтердің аттары ретінде қарастыруға болады.

Бұл жерде де көп нәрсе нақты орындалу кезінде анықталады. Borland C++ версияларында signed, short және int деп белгіленетін типтердің мәндері жадыда бірдей орын алады.

Негізгі бүтін сандық типтердің арасында enum түйін сөзімен белгіленетін тізімдемелер ерекше орын алады. Тізімдемелер бүтін мәндердің реттелген жиыны болып табылады. Олардың өзіндік синтаксисі және арнайы қолданылу саласы болады. Оларды оқып білу үшін арнайы бөлім арналады.

Мұнда көп нәрсе тағы да нақты орындалуға байланысты. Ең болмағанда, Borland C++ 4.5 үшін бүтін сандық типтердің негізгі сипаттамалары келесідей болады:

 

1.1-кесте

Мәліметтер типі Байттар Биттер Min Max
signed char     - 128  
unsigned char        
signed short     -32768  
enum     -32768  
unsigned short        
signed int     -32768  
unsigned int        
signed long     -2147483648  
unsigned long        

 

Жылжымалы типтерге келесі тип атауларымен, модификаторларының атауларымен және олардың үйлескен атауларымен берілген үш тип жатады:

float

double

long double

Жоғарыдағыдай, тип модификаторы негізгі типтердің атауларына кіреді.

Жылжымалы типтер ондық нүктесі бар жазбалар түрінде, сонымен қатар «ғылыми нотация» түрінде жазылатын нақты сандармен жұмыс істеу үшін қолданылады. Бір нақты санның түрлі нотацияларда жазылуын көрсететін келесі қарапайым мысалдан нотациялардың арасындағы айырмашылық анық көрінеді.

Мысалы:

297.7

2.977*10**2

2.977E2

және тағы бір мысал…

0.002355

2.355*10**-3

2.355E-3

Ғылыми нотацияда Е символының сол жағымда мантисса жазылады, оң жағымда экспонентаның мәні жазылады, ол әрдайым 10-ның дәреже көрсеткішіне тең болады.

Жылжымалы типтердің мәндерін жадыда сақтау үшін нақты сандарды көрсетудің арнайы форматы қолданылады. Бұл формат IEEE форматы деп аталады.

Төменде жылжымалы нүктесі бар мәліметтер типтерінің негізгі сипаттамалары келтірілген (Borland C++ 4.5 үшін):

 

1.2-кесте

Мәліметтер типі Байттар Биттер Min Max
float     3.4E-38 3.4E+38
double     1.7E-308 1.7E+308
long double     3.4E-4932 3.4E+4932

 

Негізгі әдебиет: 1[55-76], 2[47-61], 3[7-61], 5 [14-58]

Қосымша әдебиет:1[3-20].

Бақылау сұрақтары:

1. С++ тілінде программаны орындау үшін өтуге тиісті кезеңдерді атаңыз.

2. С++ тіліндегі қарапайым программаның құрылымын келтіріңіз.

3. Мәліметтердің бүтін сандық типтерін атаңыз.

4.Жылжымалы нүктесі бар мәліметтер типтерін атаңыз.

5.Түрлі типті айнымалыларды баяндауға мысал келтіріңіз.

6.Меншіктеу операторы қалай жұмыс істейді?

 


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 1420 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Пәнді қысқа сипаттау | Модульдер бойынша жүргізілетін аралық бақылауларға арналған сұрақтар тізімі | Келтіру операторлары | Дәріс. Циклдар - басқару операторлар | Дәріс. Массивтер. Бірөлшемді және екіөлшемді массивтерді өңдеуге арналған программаларды құру | Көрсеткішті сипаттау | Дәріс. Массивтер және көрсеткіштер | Ші дәріс. Символдық жолдар және қолданылатын функциялар | Жолдарға қолданылатын операциялардың функциялары | Дәріс. Құрылымдар және мәліметтердің басқа формалары. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Дәрістік сабақтардың конспектілері| Error директивасы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)