Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Келтіру операторлары

Читайте также:
  1. Дәріс. Қайталану операторлары.
  2. Тақырып. Цикл операторлары.

Жоғарыда келтірілген типтерді түрлендіру автоматты түрде жүзеге асады. Қандай да бір шамаға келтіруге қажет мәліметтер типін көрсетуге мүмкіндік бар. Мұндай тәсіл типтерді “келтіру” деп аталады және келесідей түрде қолданылады: берілген шаманың алдындағы домалақ жақшадағы және тип аты бірге “келтіру операциясын” береді. Жалпы түрде ол былай жазылады:

(тип) өрнек

мұндағы, керекті типтің аты “тип” сөзінің орнына қойылады.

Мысал: m - іnt типті болсын.

m=2.7+2.9; - 5

m=(іnt)2.7+(іnt)2.9; - 4

Sqrt кітапханалық программасы double типті аргументке арналған. Егер m - бүтін болса, онда sqrt((double)m) кезінде m параметрі алғашқыда double типіне келтіріледі.

өрнек өз кезегінде операциялардан және операндтардан тұрады. Кейбір өрнектер кіші өрнектерден, яғни өрнекшелерден тұрады. Си тілінде барлық өрнек бір мәнге тең болады.

Мысалдар: C=5+10=15 25+(C=5+10)=40

15>12=1

Қатынас операциялар. Қатынас операторлары екі мәнді тексеру үшін қолданылады. Си тілінде программалау кезінде қолданылатын қатынас операцияларының тізбегін келтірейік.

<, <=, ==, >=, >,!=.

Егер қатынас ақиқат болса, онда шартты өрнектің мәні 1-ге тең; егер жалған болса, онда шартты өрнектің мәні 0-ге тең.

Қарапайым өрнектің шарты қатынас операцияларынан және оның оң жағымда және сол жағымда орналасқан операндтардан тұрады.

Қатынас операцияларының үстемдігі арифметикалық операцияларға +, -, *, / қарағанда төмен және меншіктеу операцияларына қарағанда жоғары болып саналады.

Қатынас операцияларын үстемдіктерінің арналуына сәйкес екі топқа жіктеуге болады: жоғары үстемдікке ие операциялар тобы: <, <=, >=, > және төмен үстемдікке ие операциялар тобы: ==,!=.

Қатынас операциялары солдан оңға қарай орындалады.

Си ++ тілінің операторлары

Меншіктеу операторы V=A;

y=5*x+sqrt(7*x+3);

Дөңгелек жақша ішіндегі кез келген меншіктеу операторы осы меншіктеу нәтижесі болатын белгілі бір мәні бар өрнек болып табылады. Мысалы: ((S=13+12)<=30) өрнегінің мәні ақиқат болады.

Құрылымды операторлар (блоктар). Құрылымды операторлар екі немесе одан да көп жүйелі жақшалармен біріккен операторларды береді; оларды тағы да “блоктар” деп атайды. Құрылымды операторлар шартты және цикл операторларында болады.

Басқару операторлар: тармақталу және шартсыз көшу.

Си ++ тілі таңдау құрылымының үш типін келтіреді. If таңдау құрылымында қайсібір әрекет не орындалады (таңдалады), егер шарт ақиқат болса, не өткізіледі, егер шарт жалған болса. If/else таңдау құрылымында кейбір әрекет орындалады, егер шарт ақиқат болса және басқа әрекет орындалады осы шарт жалған болса. Switch таңдау құрылымында қайсібір өрнектің мәніне байланысты әрекеттер жиынтығының ішінен біреуі орындалады.

If құрылымы жалғыз таңдауы бар құрылым деп аталады, өйткені онда бір әрекет таңдалады немесе өткізіледі. If/else құрылымы екі таңдауы бар құрылым деп аталады, өйткені онда екі альтернативті әрекеттің арасында таңдау орындалады. Switch құрылымы көп таңдауы бар құрылым деп аталады.

If таңдау құрылымының жалпы түрі:

Іf (өрнек) оператор1;

If/else құрылымының жалпы түрі:

Іf (өрнек) оператор1;

Else оператор2;

Егер өрнек мәні ақиқат болса (нөлден өзгеше болса), онда оператор1 орындалады, керісінше жағдайда оператор2 орындалады.

Си тілінде If/else құрылымымен тығыз байланысқан (?:) шартты операциясы қарастырылған. Бұл операторға үш операнд қажетті. Шартты операциясымен бірге операндтар шартты өрнекті құрады. Бірінші операнд шарт болып табылады, екінші операнд барлық шартты өрнектің мәні болады, егер шарт ақиқат болса және үшінші операнд барлық шартты өрнектің мәні болады, егер шарт жалған болса. Мысалы,

x>y? printf(“max=%d\n”, x): printf(“max=%d\n”, y);

If/else бірінің ішіне бірі енген құрылымдар құрамды шарттарды тексеру үшін пайдаланылады, сондай-ақ If/else бір құрылымдар If/else басқа құрылымдардың ішіне орналастырылады.

Келесідей жазылу түрін келтірейік:

Іf (өрнек1) оператор1;

Else іf (өрнек2) оператор2;

Else оператор3;

Егер өрнек1 ақиқат болса, онда оператор1 орындалады. Егер өрнек1 жалған болып, өрнек2 ақиқат болса, онда оператор2 орындалады. Екі өрнек те жалған болған кезде оператор3 орындалады.


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 623 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Пәнді қысқа сипаттау | Модульдер бойынша жүргізілетін аралық бақылауларға арналған сұрақтар тізімі | Дәрістік сабақтардың конспектілері | Программаның құрылымы | Дәріс. Массивтер. Бірөлшемді және екіөлшемді массивтерді өңдеуге арналған программаларды құру | Көрсеткішті сипаттау | Дәріс. Массивтер және көрсеткіштер | Ші дәріс. Символдық жолдар және қолданылатын функциялар | Жолдарға қолданылатын операциялардың функциялары | Дәріс. Құрылымдар және мәліметтердің басқа формалары. |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Error директивасы| Дәріс. Циклдар - басқару операторлар

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)