Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кесте-Қазақстан этностарының жастық құрылымы

Читайте также:
  1. Лы Моғол империясының ішкі құрылымы
  2. Программаның құрылымы

 

  барлығы жастағылар
0-9 10-19 20-29 30-39 40-49 50-59 60-тан асқандар
Бәрі   17,8 20,0 16,0 15,4 12,7 7,3 10,8
Қазақтар   22,0 21,9 17,6 16,3 10,7 5,4 6,1
Орыстар   11,6 12,0 14,4 13,7 15,7 9,8 17,0
Украиндар   8,3 21,8 12,1 14,6 14,8 13,5 24,7
Өзбектер   25,6 22,9 16,9 15,1 9,3   6,3
Немістер   24,2 16,6 16,1 13,2 16,0   11,6
Татарлар   11,5 20,8 13,4 16,1 15,2 9,5 17,7
Ұйғырлар   20,5 11,3 17,1 17,0 11,1   7,5
Белорустар   8,4 18,9 11,5 16,7 13,3   23,8
Корейлер   12,4 21,5 15,3 12,7 18,4 10,1 12,2
Әзірбайжандар   22,5 21,5 15,6 18,9 11,0 4,3 6,2
Түріктер   22,6 22,3 15,8 16,8 11,0 3,6 7,9

 

Бала туу көрсеткішіне неке-отбасы қатынасы күшті әсер етеді. Статистика деректері некеге тұру санының азайып бара жатқанын айғақтайды. Мысалы, 1990 жылы неке қиюдың саны 164 мың болған болса, 2002 жылы - 99 мың болып, едәуір азайды.

Ажырасу саны да көп болып отыр. 2002 жылы оның саны 31200 болды. Ең көп ажырасу қалаларда тіркелген, бұл орайда ерлі-зайыптылардың екеуі де өсіп-өнетін жастағылар, мұның өзі бала туудың өсуіне теріс әсерін тигізуде.

Демографиялық жағдайға неке-отбасылық қатынас көп әсер етеді. Неғұрлым белсенді неке жасы қалада және ауылда - 20-24 жас қалаларда некеге тұру ауылға қарағанда 26 процентке жоғары. Қалада ажырасу да жоғары, әсіреме 25-29 жастағы, бірінші некеде тұрған адамдар жиі ажырасады, бұл туудың төмендеуіне әсер етеді. 1994 жылы ажырасудың көбі бір бала бар отбасында (ажырасудың жалпы санының 38,9 проценті); ортақ балалары бар отбасында (37,2 процент) болды және екі және одан көп балалары бар некенің 23,9 проценті бұзылды. Неке құру процесі төмендеп барады. 1991 жылы 166,1 мыңнан 1999 жылы 146,2 мыңға дейін төмендеді. 1996 жылы 100,6 мыңнан 1997 жылы 101,9 мыңға дейін төмендеді. Неке құру коэффиценті 9,8-ден 8,6-ға дейін; 6,4-тен 6,3-ке дейін азайып отырды. Неке құру процесі ауылға қарағанда 1,2 есе көп. Неке құру жасы жасарды. Бұл үрдіс қалаларда кеңінен орын алды. Ажырасу процесінің көрсеткіші төмендеді. 1 мың адамға шаққанда 1993 жылы 2,9 құрады. 1996 жылы 2,7 құрады. 1999 жылы 2,5; 2000 жылы 2,3-ды көрсетіп отыр.

Ажырасу кезеңі ерлер арасында 25-39 жасқа, әйелдер арасында 20-34 жасқа келеді. Ажырасудың 60% осы жастағылар бұл нағыз репродуктивтік жасқа түсіп, табиғи өсімді азайтып отырады. Ажырасу процесі қалада басымды болып келеді. Қазір Қазақстанда әр 3 некеге 1 ажырасу келеді.

Қазіргі заманғы қоғамның ерекшелігі ауылдық аудандарды қысқарту есебінен қалалардың өсу процесі ретіндегі урбанизация болды. Бұл процесті кезінде КСРО-да отандық социологтар терең зерттеді.

Қазір дамыған елдердің қалаларында халықтың 90 процентіне дейін тұрады. Мысалы, АҚШ-та аграрлық секторда халық тек 3-4 проценті ғана тұрады. Қазақстанда қалалық тұрғындар 57 процентті құрайды және урбанизация процесі жалғасуда. Қала халқы бұрынғыша ауылдан келгендер есебінен өсуде. Қалаға көшіп келгендердің негізі – ауыл жастары, олар туған ауылдарын ауылдағы жұмыссыздақтың салдарынан тастап кетуде. Дегенмен, қаланың өзі де ауыртпашылықты бастан кешіруде. Және кезінде сырттан келушілерді қабылдаған дәстүрлі тұрғын үй құрылысы қазіргі уақытта жоқтың қасы және келген жастардың тұрағынның болмауы - әлеуметтік экстремизм және қылмыстың өсу қаупін туғызады. Мамандар ауылдық жастардың бопсалыққа тартылу үрдісі туралы ескертеді.

Жұмыссыздықтардың жалпы саны 37%, ауыл тұрғындарының ішінде 30-50 жас аралығындағы адамдар, 16-30 жастар жұмыссыздықтың 34-7% құрайды. 1997-2001 жылдар аралығында қала тұрғыны 55% құрады, ал ауыл тұрғындары 45%. 2001 жылы халық санағы бойынша қала тұрғындары 56%, ауыл тұрғындары 44%, жастар жұмыс іздеп қалаға шоғырлана бастады. 1994-98 жылдар аралығында ауылдықтар саны 2522-ден 2042-ге дейін азайа түсті. 1999 жылы қала тұрғындарының арасында қазақтар 47%, ауылдардағы қазақ халқының үлес салмағы 60% болды. Белгілі демографтардың айтуынша 2000 жылы қазақ арасында 2-ші өркениеттік бет бұрыс басталды. 1934 жылы қазақ отырықшы этносқа айналсақ, 2000 жылы қазақ урбанизациялық деңгейге жетті. Қазақтардың саны мен сапасын дамыту деңгейінде көріну үшін әр отбасылықтардың әлеуметтік-экономикалық тұрмыстың әлеуметтік жағдайына жасалатын мемлекеттік қамқорлық барынша пәрменді айқын және нақты болуы тиіс. Себебі, кейбір көп балалы отбасыларда әлсіз балалар аурушыл болып өссе халықтың көркеюіне кері әсер етеді.

 


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 487 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Курстық жұмыстың орындалуын бағалау | КІРІСПЕ | Азақстан республикасының демогарафиялық жағдайы 2014 -2015 жж | ОРЫТЫНДЫ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Азақстан халқының демографиялық өсу көрсеткіші| Демографиялық даму еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің басты кепілі

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)