Читайте также: |
|
Егемендікке қол жеткізу, қоғамды демократияландыру және еліміз өмірінің әртүрлі салаларында реформалардың басталуы демографиялық ахуалдың саяси фактор ықпалында болуына себепші болады. Оның демографиялық ахуалға ықпалы, атап айтқанда, еркін кіріп – шығу, әртүрлі үкіметаралық келісімдер Қазақстаннан немістердің және басқа ұлттар өкілдерінің айтарлықтай көп кетіп қалуына мүмкіндік жасады.
Еліміздің демографиялық ахуалына әлеуметтік – экономикалық факторлар тобы да айтарлықтай әсер етті. Бұған, бірінші кезекте, материалдық әл – ауқат, денсаулық сақтау және білім беру деңгейін жатқызған жөн. Жұмыссыздық салдарынан тұрмыс деңгейінің төмендеу, тіршілік етуге қажетті материалдық қаражаттың азаюы, елдегі демографиялық ахуалға айтарлықтай әсер етті, ол соңғы жылдар ішінде бала туудың азаюы, өлімнің көбеюі және халықтың көші – қоны жағдайымен кетіп қалуы салдарынан қолайсыз деп бағаланып отыр.
Алайда еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2003 жылы 4 сәуірдегі Жолдауынан кейін Үкімет мемлекет Басшысының нұсқауын басшылыққа ала отырып, Көші – қон және демография жөніндегі агенттікке үстіміздегі жылы Демографиялық және Көші – қон саясатының 12004 – 2010 жылдарға арналған бірыңғай Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеп, оны 2003 жылдың 3 – тоқсанында ұсынуды тапсырады.
Үкіметтің бұл тапсырмасы өте жоғары жауапкершілікке жүктейді және барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес бірлестіктердің, қоғамдық ұйымдардың күш – жігерін біріктіруді талап етеді. Осы міндетті шешу үшін Агенттік Қазақстан Республикасының Демографиялық және көші – қон дамуының 2004 – 2010 жылдарға арналған бағдарламасының жобасын әзірледі, ол жоба облыстардың әкімдеріне, министрліктерге және басқа мүдделі ұйымдарға ескертпелер мен ұсыныстар енгізу үшін жіберіледі.
Егеменді ел болып, іргемізді бүтіндеп отырған кезде ұзақ жылдар бойы отаршылдық тұзағына түскен ұлттық санамыз қайта жанданып, даму үстінде. Соның бір жарқын көрінісі ұлттық демографиялық мінез-құлқымызда орын алып отырған келесі өзгерістерден айқын байқалады. Кейінгі жылдары демографиялық деректерді білуге деген құлшыныс артып, қазақ ұлтының үрім-бұтағының өсіп-өнуі, сандық және сапалық өркендеуінің ахуалы қалай деген сауал әркімді де ойландыра түсуде. Саны жағынан әлемнің өркениетті дамыған елдерінен қалған қазақ халқы үшін демографиялық ой-сананы жаңа сапалық тұрғыда қалыптастырудың тарихи маңызы аса зор. Ол қазақ ұлысының геополитикалық және демосаяси санасының негізгі өзегі болуға тиіс.
Облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдері мен мәслихаттары осы бағдарлама негізінде демографиялық және көші-қон саясатының аймақтық бағдарламаларын әзірлейтін және іске асыратын болады.
Бағдарламаны толық іске асыру және онда көзделген барлық шараларды қолдану нәтижесінде барлық демографиялық көрсеткіштерді тұрақтандыруға қол жететін болады. Халықтың сан жағынан да, сана жағынан да одан әрі өсуі жүзеге асатын болады. Және сол арқылы Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы қамтамасыз етіледі. Бағдарламаның іске асырылуы 2015 жылға қарай Қазақстан 20 миллионға жетуіне негіз бар.
Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 259 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Демографиялық даму еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің басты кепілі | | | Благодарности |