Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

КІРІСПЕ. Халықтың орналасу проблемаларымен арнайы ғылым – шұғылданады

Читайте также:
  1. Кіріспе
  2. КІРІСПЕ
  3. Лекция. Кіріспе. Ерте орта ғасырлар. Феодалдық қатынастардың тууы.

Халықтың орналасу проблемаларымен арнайы ғылым – шұғылданады. «Демография» терминінің шығу төркіні грекше: «демос» - «халық», «графия» - «жазамын» деген ұғымды білдіреді, бұл термин ХІХ ғасырдың ортасында пайда болды, ол халықтың сандық құрамын, оның қозғалысын, физикалық, ойлау және рухани жағдайын зерттейтін ғылымның атын білдіре бастады.

Демография дербес ғылым ретінде ХХ жүз жылдықтың 20-шы, 30-шы жылдары қалыптаса бастады. Ең басында демографияны тар және кең мағынада пайымдаудың екі тәсілі айқындалды.

Тар мағынада демография немесе тұрғындар статистикасы халықты жынысы, жасы, жұмысы және т.б. бойынша құрылымын және оның қозғалысын, туын, қайтыс болуын, көші-қон үрдісін зерттейді.

Кең мағынада демография туудың, қайтыс болудың, көші-қонның сандық және сапалық заңдылықтарын, әлеуметтік, экономикалық, биологиялық, саяси, медициналық сипаттамалардың үлкен тобының, заңның демографияға әсерін, сондай-ақ демографиялық процестерге байланысты әлеуметтік-экономикалық проблемалардың жиынтығы. Тұрғындар мен ресурстарды, депопуляцияны, отбасын жоспарлауды, мигранттардың жерсінуін, урбанизацияны (латынша «urbaus» - қалалық), еңбек ресурстарын, кірісті қайта бөлуді және т.б. зерттейді.

Демография еңбек ресурстарының іске асырылуына, көшіп-қонушылардың тұрақтауына, отбасын жоспарлаудың саяси процестеріне байланысты әлеуметтік-экономикалық проблемалардың жиынтыған да қорытады. Өмірге бала әкелу дәстүрін реттеу және оны қанағаттандырудағы материалдық мүмкіндігін, отбасының әлеуметтік мәртебесін т.б. зерттейді, соған байланысты мемлекеттік билік ұйымдарына тиісті ұсыныстар жасайды.

Туу, өлім, некеге тұру, ажырасу, қала мен село халқының саны және халықтың әр түрлі аумақтарда алмасуының статистикалық көрсеткіші мына белгілеріне байланысты сипатталады. Жынысы, жасы, отбасы жағдайы, туған, тұрақты жері.

Халықтың жыныстық-жастық көрсеткішінің екі белгісі болады:

Біріншісі – белгілі бір аумақтағы (ел, аудан, қала) немесе еңбек ұжымы құрамындағы ер мен әйелдің;

Екіншісі - әр түрлі жастағы адамдардың қатынасы. Бұл құрылымдар биологиялық кескін ретінде қаралады. Шын мәнісінде еркек пен әйелдің арасындағы, болмаса бала мен арасындағы қатынастың биологиялық негізі де болады. Бірақ адамдардың жынысы және жасына байланысты жыныстық сапалар әлеуметтік дамудың нәтижесі. Биология не себепті өмірге ер бала қыздан көп келеді, ал, кейін өмірде ер балалар қыздан аз болатындығына түсінік бермейді. Мұндай қатыныстар әлемнің әр елінде әр түрлі жастық ерекшеліктер де солай.

Ерлер мен әйелдердің сандық айырмашылықтары, еңбек ұжымдарындағы әр түрлі жыныстық-жастық құрылым әлеуметтік-экономикалық жағдайға, өндірістің кәсіби сипатына, әйелдердің немесе ерлердің еңбегін қажет ететін шаруашылық пен кәсіптік салаларға байланысты.

Сонымен, демография қоғамдағы адам өмірінің қажетті, елеулі сапалық құрылымын, қолзғалысын, оның әлеуметтік-экономикалық өмірмен байланысты зерттеп, қорытады. Демография қоғам өміріндегі өте маңызды құбылыс. Демографияға сүйеніп қоғам өзінің өткен тарихын, қазіргісін, болашағын аңғарады. Демография – ғаламдық проблема.

Халықтың демографиялық санасы көп қатпарлы, ол ұлттық санамыздың бастау алар мәйегі жіне оны өсіре алатын басты дәнекері.

 


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 292 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Азақстан халқының демографиялық өсу көрсеткіші | Кесте-Қазақстан этностарының жастық құрылымы | Демографиялық даму еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің басты кепілі | ОРЫТЫНДЫ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Курстық жұмыстың орындалуын бағалау| Азақстан республикасының демогарафиялық жағдайы 2014 -2015 жж

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)