Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Азақстан халқының демографиялық өсу көрсеткіші

Читайте также:
  1. Азақстан республикасының демогарафиялық жағдайы 2014 -2015 жж
  2. Демографиялық даму еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің басты кепілі
  3. Күн тәртібі: Қазақстан Республикасының ұлттық саясаты. Тіл саясатының негізгі принциптері
  4. Кесте-Қазақстан этностарының жастық құрылымы
  5. Ортағасырлық Қазақстандағы халық, сиқырлық және ғылыми медицина
  6. Шыңғысханның Қазақстан, Орта Азия және Кавказ жерін жаулап алуы

Қазіргі кезеңде халықтың, ел-жұрттың денсаулығын сақтау, ауруларды бәсеңдету немесе болдырмау тікелей экономикалық, әлеуметтік обьективтік факторларға байланысты. Ең бастысы, өндіріс, шаруашылық орындарының жұмысын жандандыру, олардың тиімділігін арттыру және осындай жолдармен халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету, олардың материалдық-тұрмыстық жағдайын ұдайы жақсартуғ табиғи қоршаған ортаның бүлінуін тоқтату, денсаулық сақтау мекемелерінің жұмыстарындағы кемшіліктерін жойып, жақсарту қажет.

Көші-қон қозғалысының шырқау шыңы – республикадан 480,8 мың адам көшіп кетіп, небәрі 70,4 мың адам көшіп келген 1994 жыл екені белгілі. 1995 жылдан бастап халықтың көші-қон белсенділігі бәсеңси бастады, 1997 жылдың өзінде көші-қон сальдосы - 261,4 мың адам болса, ал 2000 жылы бұл көрсеткіш - 123,2 мың адамға тең болды. 2001 жыл ішінде көші-қон сальдосы - 94,249 мың адам болды, бұл 2000 жылмен салыстырғанда 28591 адамға аз. Эмигранттар құрамында ТМД шегінен тыс жерге кетушілер едәуір азайды, көшіп келуде байырғы емес ұлттар өкілдері санының көбеюі байқалды.

Халықтың эмиграциясы біріншіден, халықтың жалпы санын азайтады, екіншіден, еңбек және генеративтік әлеуетті төмендетеді, өйткені эмиграцияға кетушілердің үштен екісі – жас және еңбекке қабілетті жастағы адамдар.

Сондықтан демографиялық процестерді дамытуда сыртқы және ішкі көші-қон шешуші рөл атқарады.

Эмигранттар саны азайып келе жатыр, Қазақстаннан көшіп кетушілер саны 1994 жылмен салыстырғанда 2002 жылы 360,7 мың адамға азайып, ол 120,1 мың адам болды. Сыртқы көші-қонның маңызды бөлігін Қазақстанның геосаяси және экономикалық жағдайынан туындаған көшіп келу құрайды. Егер өткен жылдарда көшіп келушілердің негізгі легі-оралмандар болса, енді қайта көшіп келушілер (эмигранттар) көбейіп келеді№ 2002 жылы республикаға көшіп келгендердің саны 57965 адам болды, бұл 2001 жылғымен салыстырғанда 8 пайызға көп.

Миграция негізінен Ресей аймақтарына қарай жүруде, себебі осы монофункционалдық қалалардың халқының көп бөлігі – орыстар. Тек 1994 жылы ғана (халық ағылып көшкен сәт) Қазақстаннан тысқары жерлерге 480839 адам, оны ішінде жақын шетелге 375806 адам, алыс шетелге 105033 адам көшіп кетеді. Миграция процесі көптеген ұлттың өкілдеріне қатысты болды, бірақ көп бөлігі орыстар, немістер және еврейлер.

Эмиграцияның құлдырауы байқалса да, талдаушылардың қортындысы бойынша халықтың эмигранттар және депуляция есебінен жыл сайынға кемуі азды-көпті лидер миллион адамды құрайды (жыл сайын 250-270 мың адам, мысалы, 1997 жылы ҚР тысқары 234 мың адам көшіп кетті). Қазақстанның өзінің ішкі табиғи өсуі (негізінің әліде онтайлы орташа балалы болу сақталып отырған шығыс этностары есебінен) кеткен халықтың (1995-1999 жылдары 110-170 мың, 200-2005 жылдары 175-135 мың) жалпы санының 1/3-ін ғана жабады.

Көп миллион халқы бар Қытай мен халқы жылдам өсетін Орта Азиямен көршілес Қазақстанның күрделі геостратегиялық жағдайы өзіне назар аударады.

Көші-қонға байланысты Республикада орыстардың табиғи өсімі күрт төмендеді. Ол 1989 ж 45,6 мың. 1990 жылы 35,2, 1191 жылы 16 мың, ал 1995 жылы 2-6 мыңнан асқан жоқ. Сөйтіп қазақ халқы санының артуына негіз болып отыр. Бірақ қазақ отбасыларындағы балалар санының да біртіндеп азайып келе жатқандығы байқалады. Егерде 1972 жылы орта есеппен әрбір қазақ отбасында 5 бала дүниеге келген болса, 200жылдары әр отбасында 2 бала дүниеге келген.

Сырт елдерден келгендер республиканың түкпір-түкпіріне орналасты. 1991-1995 жылдары Қарағанды облысына 5900, Павлодар облысына 4429, Көкшетау облысына 2429, Ақмола облысына 1500, Жезқазған облысына 1924, Торғай облысына 1508, Солтүстік Қазақстан облысына 16500 адам көшіп келеді.

Егделену мәселесі барлық елдерге де тән. Әсіресе, дамыған елдерде бұл проблема өткір. Оны 60-тан асқандардың «үшінші кезең» мәселесі деп атап жүр. Соңғы он жылда Қазақстанда 60 жастан асқандар 9,2 пайыздан 10,5 пайызға көтірілді. Жер шарында 65 жастан асқандар 1989 жылы 5,5 пайыз болса, 1999 жылы 6,7 пайызға жетті.

БҰҰ демографтарының жіктемесі бойынша, қай елде 65 жастан асқандар жұртшылықтың 4 пайызын құраса, сол ұлт «жас»деп есептеледі, қарттары 4-7 пайыз аралығындағы елдер «егделікке жақындаған» мемлекет болады, 7 пайыздан асқан ұлттар «егделенген этнос» болып есептеледі. Дүниежүзілік жүктеме қазақстан Халқы «егделенген» жұрт есебінде.

Қазақстанда үшінші кезең проблемасы зейнетақы реформасын жүргізу барысында қаржыландыру жағынан өз шешімін тауып келеді. Соңғы жылдарда қарттардың зейнетақысы уақытында төленіп жүр. Бюджеттік қаржыландыруда пәлендей қиындықтар болған жоқ. Егде адамдары көп орыс, украин, белорус, неміс жұртшылығы Ресей, Израиль, Грекия және Гермония елдеріне аттанды, қартаң адамдардың біразы соңғы бес-алты жылда (әсері сезілді) дүние салды.

 

 


Дата добавления: 2015-07-08; просмотров: 292 | Нарушение авторских прав


Читайте в этой же книге: Курстық жұмыстың орындалуын бағалау | КІРІСПЕ | Демографиялық даму еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің басты кепілі | ОРЫТЫНДЫ |
<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Азақстан республикасының демогарафиялық жағдайы 2014 -2015 жж| Кесте-Қазақстан этностарының жастық құрылымы

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)