Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Дене шынықтыру және музыка.

Мектеп жасына дейінгі балаларды музыкалық-ырғақтық қимылдарға үйрету әдісі | Орта топта балаларды музыкалық - ырғақтық қимылдарға үйрету әдісі | Ересек топтағы балаларды музыкалық ырғақтық қимылдарға үйретудің әдістері | Имылдарға үйрету әдісі. | Балалар аспаптарында ойнау – қызмет түрі | Музыка аспаптары | Дәстүрлі | Бөлім.Балалалрдыңмузыкалық қызметін ұйымдастыру формалары. | Дәстүрлі. | Балабақшада музыкалық сабақтың өтілуін, ұйымдастыруын, безендірілуін бақылау және анализ жасау. |


Читайте также:
  1. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылауға арналған материалдар
  2. Ағымдық, аралық және қорытынды бақылаудың орындалуы бойынша әдістемелік нұсқау
  3. Ақиқаттық кестелерді құру және мәнін анықтау
  4. Ақпараттық дәріс. Экономикалық өсу және экономикалық тепе-теңдік
  5. Ақпараттық экономиканың принциптері. Аутсорсинг әдістемелігі. Электрондық коммерция және жүйелік экономика
  6. Ақпараттық экономиканың тұжырымдамасы. Экономикалық ақпараттың мазмұны және мәселелері. Электрондық Үкімет.
  7. Азақстандағы электронды бизнес: болашағы және кедергілері.

Музыка таңертеңгі гимнастика мен дене шынықтыру сабақтарын сүйемелдей отырып, балаларды ширата түседі, олар орындайтын жаттығлардың сапасын едәуір арттырып, коллективті топтастырады.

Музыкалық шығармалардың орындалуы организмнің жүрек-қан тамыр, бұлшық ет, тыныс алу жүйелерінің жұмыс қабілетін арттырады.Жаттығуларды музыканың сүйемелдеуімен орындағанда өкпе вентиляциясы жақсарады, тыныс қозғалыстарының шайқалу шегі ұлғаяды.

Сонымен қатар осы кезде балалардың музыкалық қабілеті, оның негізгі компонеттері-эмоциялық ықыластылығы, есту қабілеті дамиды.Бала мұнда да музыканы қабылдауға, оның сипатына бейнелеу құралдарымен қарай қозғалуға үйренеді.

Музыкамен сүйемелдеу ерешеліктері. Дене шынықтыру жаттығуларын музыкамен сүйемелдеу белгілі бір талаптарға жауап беруі керек:

Жетекші роль қимыл мақсаттарына беріледі, музыка сипаты қозғалыс сипатына сай болуы тиіс.

Осы жағдайларды қарастырып көрейік.

Таңертеңгілік гимнастика мен дене шынықтыру сабақтарының негізгі міндеттері- баланың организмін нығайтуға әсер ету, қозғалыс іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру, дене шынықтыру сапасын дамыту; төзімділік, қабылдау жылдамдығы, ептілігі және т.б.Музыка сүйемелдеуі осы міндеттердің орындалуына қызмет етеді.Музыканың сүйемелдеуімен негізгі қимылдарды, құрылыс және көркем гимнастика элементтері бар жалпы дамытатын жаттығуларды жасаған жөн.Егер дене шынықтыру жаттығулары барынша күш сала, дербес ырғақта(теңдік сақтау, өрмелеу, нысанаға лақтыру, жоғарыға,ұзындыққа секіру жаттығулары және т.б.)орындалса, онда музыканы пайдаланудың қажеті жоқ.

Әрбір қимылдың өзіндік сипатьыъ болады,сондықтан соған сай музыка сүйемелін табу керек.Мысалы, жалаушаларды сілки серпу, ширақ, күшті музыканы; үздік-создық секіру, бір орында адымдау-жеңіл, ойнақы, музыканы;гүлмен немесе лентамен теңселу-нәзік, әуезді музыканы талап етеді.Сонымен қатар қозғалыстың белгілі бір түрінің өзі әр түрлі сипатқа ие болуы мүмкін.Мысалы, дене шынықтыру немесе таңертеңгілік гимнастиканың бастапқы кезіндегі жүру ширақ та шадыман болуы тиіс, сондықтан бұл қарқынды, жылдам, екпінді марш таңдап алынады. Сабақтың соңында жүру басқа міндет атқарады – физиологиялық салмақты төмендетеді, соған сай марш музыкасы тыныш, бірқалыпты баяу болып келеді. Физкультура мерекелерінде жүру мен музыка салтанатты көтеріңкі сипатқа ие болады.

Дене шынықтыру сабақтарына музыка іріктегенде, балалардың жас ерекшелігін ескерген абзал, өйткені балдырғандардың физиологиялық мүмкіндіктері шектеулі (қысқа адым: демек қозғалыс екпіні баяу және тағы басқа). Жүру, жүгіру, секіруге арналған музыкалық шығармалар жарқын да бейнелі, баяу екпінді, басым, қарама-қарсы сипатты болуы керек. Мысалы,В.Агофонниковтің «Маршында» жайбарақат, ыңғайлы, баяу екпін кіріспесі ұзақ, жүруге дайындалуға мүмкіндік берерліктей. Сондықтан оны бүлдіршіндермен жұмыс істегенде пайдалануға болады. В.Соловьев – Седойдың «Тоқта, кім келе жатыр» деген маршының құрылысы күрделі, кіріспесі қысқа дабыл сияқты қысқа қайырылады, екпіні жылдам, бұл мектеп жасына дейінгі ересектермен жұмыс істегенде ғана пайдаланады.

Таңертеңгілік гимнастикадағы музыка. Таңертеңгі гимнастика көңіл-күйдікөтереді, балалардың организімін қызметтің сан алуан түріне дайындайды. Музыкалық сүйемелдеуді іріктегенде, балалардың физиологиялық салмақ көтеруін, жас ерекшеліктерін, қозғалыс сипатына сайлылығын, балалар бақшасының жағдайын ескерген абзал. Жаттығулардың элементтері сабақтарда (дене шынықтыру, музыка) алдын-ала үйретілуі тиіс.

Мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге жаттығуларды бір қалыпты орындау қиынға соғады. Сондықтан таңертеңгілік гимнастиканы музыка сүйемелдеуімен өткізу балалардың барлық қозғалысты жақсы меңгерген жағдайында ғана жүзеге асырылады.

Егер таңертеңгілік гимнастика далада өткізілсе, онда музыканы пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері бар. Далада дыбыстар бірқалыпты тарамайды және оны бәрі бірдей ести алмайды. Музыка аспабын(магнитафон, аккардтон,баян) орналастыруды күні бұрын ойластырған жөн.

Атап айтатын жай таңғы салқында дене шынықтыру жаттығуларын орындауды біршама тездетіп, ал ыстықта, керісінше, оны баяулату керек. Мұндай жағдайда гимнастиканы музыканы сүйемелдеуінсіз жасаған жақсы.Дайындық тобындағы балаларға арналған жаттығуларды музыкамен сүйемелдеудің жобасы.

1.Б.Афасиевтың «Вальсі» -әуезді, кең жұмсақ дыбысты, шеңберді бастан жоғары асыра көтеру және төменге, еденге түсіру.

Орналасу жағдайы тізерлеп отырып, шеңберді тік ұстайды, еденге сүйенеді.

1-4.Тактілар.Шеңберді бастан жоғары асыра көтеру.

5-8.Тактілар. Бастапқы жағдайға қайта оралу.

9-16.Тактілар.1-8 тактылар қозғалысын қайталау.

Жаттығуды екі рет қайталау керек.

2.Д.Коволевскидің «Көңілді серуені» үздік создық матор сипатты, жылдам екпінді және қолды ашып жұмып жасайтын жұлқыну жаттығулары сүйемелдейді. июлі қалыпта.

1-такт. Июлі қолмен екі рет жұлқыну.

2-такт. Қолдарын тік ұстаған қалыпта жұлқыну.

3-8тактылары. 1-2тактылардағы жаттығулар жасау.

Жаттығуды екі рет қайталау керек.

Дене шынықтыру сабақтарындағы музыка. Дене шынықтыру сабақтарында музыка эпизодты түрде: жүру, жүгіру, секіру, қайта құрылу, кейбір жалпы дамыту сәттерінде ойналуы керек. Сабақтың негізгі бөлігі, әлбетте, музыкасыз өтіледі, әйтсе де кейбір қозғалысты ойындар кезінде музыка сүйемелдеуі қосылады. Сабақ әдетте маршпен аяқталады. Дене шынықтырумен таңертеңгілік гимнастикада өлең айтылмаулары керек, өйткені ол баланың қосымша күш жұмсауын қажет етеді де тыныстың толық қалыптаспауына мүмкіндік бермейді.

Музыка сүймеледеуін пайдаланудың кейбір шарттары. Дене шынықтыру жаттығуларын музыка сүймелдеуімен жүргізу дене шынықтырумен музыка тәрбиесі жақсы жолға қойылған әрі белгілі бір жастағы балдырғандардың бағдарлама талаптарын ойдағыдай меңгерген балалар бақшасында ғана жүргізілуі мүмкін.

Дене шынықтыру жаттығуларына үйрету процесінде музыка сүйемелдеуін қолдану оларды үйрету кезеңдеріне қарай пайдаланылады. Қозғалыс қимылдары мен таныстыру, оны көрсетуде музыка қабылдауды жеңілдетеді. Жаттығуды көрсеткеннен кейін оны сипаттамасы беріледі. Мысалы, тәрбиеші Б.Асофиевтың «Вальсімен»: сүйемелдей отырып, шеңбермен жасалатын жаттығуды көрсетеді де: «Музыка жайбарақат, әуезді, сыпайы, демек қозғалыс қимылдары да жұмсақ салиқалы бірсыдырғы болуы керек» деп түсіндіреді.

Қозғалыстың жеке элементтерін үйрету музыка сүйкмелдеуінсіз жүргізіледі, өйткені осы кезде қозғалыс дағдыларын қабылдауды саналы басқаоуды төмендетіп, оларды механикалық түрде орындауға әкеліп соқтыруы мүмкін.Жаттығу меңгертілгеннен кейін оны музыка сүйемелдеуімен қайтадан жүргізіледі. Үйретудің бұл методикасы қозғалыстардың дәл, айқын, бейнелі болуын арттыра түседі. Қимыл қозғалыстардың негізгі түрлерін сүйемелдеуге халықтық, классикалық музыка, совет және шетел авторларының шығармалары пайдаланады.Шығармалардың дұрыс сапалы орындалғаны жөн, тактылар екпіні орынсыз жекелеген фразаларды қалай болса солай қайталауға, артық паузалар, синкоп жасауға және сол сияқтыларға жол беруге болмайды. Мұның бәрі композиторлық ойын бұрмалайды, шығарманың мазмұнына нұқсан келтіреді және оның көркемдік сапасын төмендетеді.

Сондай-ақ күйтабаққа жазылған әр түрлі музыкалық шығармаға таңертеңгілік гимнастика мен дене шынықтыру сабақтарын сүйемелдеуге ойдағыдай пайдалануға болады. Музыканы дене шынықтыруда, таңертеңгілік гимнастикада пайдалану организмнің нығаюына себін тигізеді.

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 1373 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Сабақтың тақырыбы: Балалардың дербес музыкалық қызметі . Оның бастаулары. Дербес қызметтің түрлері.| Сабақтың тақырыбы: Залды безендіру. Балалар мерекесіне бағдарламалар құру.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)