Читайте также:
|
|
Мал терілерін илеудің екі түрлі эдісі бар. Оның бір үлкен күбіге немесе шелекке ашытқы ашытып, теріні соған салып илеу. Мұны малма дейді. Екінші - иді жағып илеу. Ал иді қатықтан, айраннан не езген құрттан не құрттың сары суынан кейде ашытқан көжеден немесе ұнға тұз қосып жасайды.
Теріні малмен илерде оны жібітіп шелдейді де, бір рет суық суға жуып тазалайды. Одан кейін күбідегі иге салып, күн сайын сапсыйды /шайқайды/. Иіге салынған тері иге түгел батырылады. Олай болмаса терінің иіге батпаған жері қара қайыстанып, барысады да, кейін пішіп тігуге жарамайды. Қой, ешкі терілері иде 6-9 күн, ірі қара терілері 15-20 күн жатады. Терінің иі қанғанын білу үшін оны қолмен тырнап қарағанда тері қыртысы қалындап, ет қыртысы көшіп түрады. Иіден шыққан теріні көлеңкеге бір рет кептіріп, сонымен сахармен жуып тазартады. Малмаға терінің жүні ұйысып, білтеленіп қалады. Оны ажырату үшін кепкен соң жұмсақ щыбықпен сабап сілкейді.
Тері бояу. Тері бояудың екі түрлі мақсаты бар. Біріншісі, теріге өң беру, ал екіншісі, теріні неғұрлым ау өтпестей етіп шилықтыру. Тері ұқсатушылардың арасында ең көп тарағаны және теріні ұқсатушының тиімді тәсілі —қабыққа салып бояу. бүған талдың, теректің ыдысы қолайлы. Сондай-ақ жер қынасын, томар бояуды шөп түбірін, шеңгелдің, көк тіккеннің бүрлерін де кеңінен пайдаланады. семіз терілердің майын сорғыту үшін оған ащы аралас былжыр салып кептіріп, артынан уқалап түхіріп тастайды. Кейде қызыл кірпіштің ұнтағын салып бүктеп тастаса да жеткілікті.
Теріні бояудың келесі түрі-томар бояу. Ашылауытқа шығатын қурай тектес жапырақтың өсімдік дәнге басы ақ үрпектенеді. Жапырақтары
сарғайып, қурайдың түбі қызғыш тартады. Шамамен алғанда бұл шілденің аяқ кезі. Осындай кезде қурайдың түбірін қазып, алады да, оны әбден жуып, жақсылап кептіреді. Кепкен түбірді ұнтақтап, қайнатып, жоғарыда айтылған тәсілдер бойынша тері бояуға пайдаланады. Бояу сұйық кезінде ашық сары, қоюланғанда күрең сары тартады. Томар бояумен жүнді де жіпті де бояйды. Сондай-ақ теріні қынамен де бояйды. Қына жазықтары, адырларда, шөптің арасында жерге жабыса өсетін өсімдік. Бүл әсіресе өрістерде көп. Ондайды пайдалану үшін күзгі уақыт қолайлы. Қынаны үйге әкелген соң оны шөп таламнан топырақтан арылтып, сумен бір жуып тастап қайнатады. Он -он бес теріні бояу үшін екі шелек қына қайнатса жеткілікті қынаның басқысына түз, ашутас, немесе мүсәтір қосып, аздап май қүяды. Кейде көк тіккенің қызыл мойылдың бастарын өнер кэсіптен шыққан бояумен араластырып, қына бояуын күрең қызыл етіп түсін ашады. Осы әдіспен боялған теріден әсем киім, түтынуға қолайлы түрлі мүліктер жасайды.
Қой мен ешкі терісінен тон, шалбар, үлкен қолдың терісінен ішік, сесең ішік, лақ терісінен ішік тігіледі. Қойдың, ешкінің, тайлақтың пүшпақтарынан құрап тігілетін ішіктер де бар. Мұндай қүрама киімдерді көбінесе балаларға арнап тігіледі. Олар әрі жылы, әрі жеңіл келеді. Мал терісімен қатар, аң терілерінен де түрлі бас киімдер мен ішіктер тігіледі. Мысалы: қасқыр ішік, түлкі ішік, сусар бөрік, жанат ішік, бүлғын ішік, аң терісінен тігіледі. Кейде мұндай киімдер аң терісінен жонынан, тамағынан немесе пұшпағынан құрап істейді. Бүл киімдер тамақ тішік, тұлпақ бөрік, пұшпақ ішік деп атайды. Аң терілерінен әр түрлі төсеніштер жасайды. Оларды бөстек дейді. Теріден тігілген киімдерді кестелі немесе кестесіз маталармен тыстап, әдіптейді, / күндіз бөрік, қамқа тон т.б./
Теріні бояудың түрлері: Қазақстан жерінде халық арасында негізіне тараған тері бояу- ағаш түбірінен алынған бояу. Томар түбірінен бояуды мынадай жолдармен дайындап жасаған. Томар түбірінің сыртқы қабығы сыдырылып алынып байланып, түбір ұсақ бөлшек бөлінеді.Осы түбірлер 2-2,5 сағат қайнатылады оны қайнатып жатқан сұйық зат бірыңғай түске
бөлініп қомалжыңдалса, онда қайнатуды тоқтатуға болады. Бояудың түрі ұсталы ерітілген түбірдің көлемі тікелей байланысты,неғүрлым суы аз болып томардың түбірі нас болса, солғұрлым басу, қою болады. Ал суы көп болған жағдайда бояу сұйықтау болып әлсіз көрінеді жасалған бояуымыз суығанан кейін ғана оған терілерді толтырамыз. Ыдыс көлеміне қарай терінің бойы өзгеріп отырады. Шамамен бояуды тері 8-10 сағат жатады, сол уақыт аралығында ал сүрғылт -қызғылт түске боялып сүығады. Тері кептіріліп, бетіне қойдың майы жағылып уқаланып, тасқымен созылады. Ескіден келе жатқан, көптен белгілі бояулардың тағы бірі қына. Ол таулы алқаптарда, жайылмдарда шөпті далаларда өседі. Жаз, күз кездерінде қына әбден жетіліп иіскен мерзімде, шамамен тамыз бен шілде айларында тжиналып алынады. Қына жуылып басқа шөптерден тазартып, бірыңғай түске келгенше қайнатылады.
Тері мен былғарыдан басқа қынамен жүнді, ағашты, тағы басқа заттарды бояуға болады. Теріні, былғарыны жасыл түстерге бояу үшін қайын нәрін сәуір, мамыр айларында ағызып асыл, мыс салып, біраз көгілдендіріп сонымен бояған.
Иді дайындау жолдары. Іркіт -майы айырылып, тетіліп, алынған, ашытылған сүттен жасалған сұйық зат. Теріні илеу үшін 80 -100 ал ағаштан жасалған ыдысқа іркіткі қүйып оған түз салып,араластырып дайындайды. Айран - қайнатылған бетінің қаймағын сүзіп алғанан кейін үйытқы, ашытқы қосып ашытылған сүт, айран мен іркіткі түсі ақ, айран іркіткіге қарағанда қою, Іркітсіз майда майлылау болып келеді. Тері илеу үшін бұған да тұз қосылады. Қүрт іркіткі- эбден қайнатып, қапқа құйып, сары суынан айырып, сөреге келтірідатырып алынғанан кеиін пайда болатын, бірте -бірте қатты күйге айналатын зат.
Дайындау қажеттілігін байланысты кейде қосып та жасайды. Қысқы уақыттарда ыстық суға салып езіп, сорлауы қосып не өзін суытып, сусын ретінде ішеді. Теріні илеу үшін қоймалжың қалып жасап, тұз қосып, сырт
жағына жағады. Сары су -іркіті қайнатқаннан кейін қалуа құйып айыратын ашытқан сұйық қышқыл зат. Бұған да тұз, ұн қосып жиі пайдаланады.
Терімен былғары құрақтарының шетін өру: Былғарының шетін біріктіруде ішінен жасалға заттардың шетін өңдеуге өрнектерге қолдануға арналған өрім түрлері көп. Құрақтарды, ал заттардың шетін қорытуға арналған өрімдер қыйындылары біріктіріп, қосумен қатар, оларды әдемілік, әшекей береді. Өрімдердің түрлері, бір - бірінен қыйық заттың шетінде тесіліп ойылған тесіп формаларына, өрімнің өріс, негізіне байланысты өзгеріп отырады. Өрімдер жиі жіңішкелеп, тігіп алынған таспал арқылы іске асырады. Төменде бір таспалы өрім деп заттың шетін әр түсті формалы тесіктермен тесік, ұзындығы өрілетін заттың қырынан екі елі ұзын қылып алынған таспамен өруді айтады. Өру негізінен өрілетін заттың бетін жоғары қаратып сол қолымызға ұқстаймыз да, таспаны бірінші тесіктен өткізіп 1,5 см қалғанша тартыңыз, ал қалған таспаның ұзын екі арасына салып желімдейміз. Екі таспалы қарапайым өрім өргенді, таспаны ұзындығын 6-1 есе артық болады бүл өрімнің бір таспалы өрімнен айырмашылығы - таспа бір тесілген иіні қайталанып өткізілгентаспа бірінші тесіктен өткенен кеиін қалған үшын желіндеп, ары қарай кіріп жүре береміз. Өрім сол бірінші жолғыдай солдан оңға қарай ақырына деййн өріледі. Өру кезінде таспаны алуына деиін қаттырақ татып отырыңдар, сонда өрім бір келкі сұлу болып шығады. Таспаның екі тесігінен дәл келуін ұмытпаңдар, таспаларың жұқа болсын.
Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 306 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Былғарыдан жасалған бұйымдардың формасы мен ою өрнектердің тәсілі. | | | Бұйымды даярлау технологиясының сипаты. |