Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

КІРІСПЕ.

Танымдылық іс-әрекетті активтендірудегі танымдық қызығушылықтың ролі | Мал терісін илеу. | Сабацтың тацырыбы: Саба түрлері және жасалу жолы. | Былғарыдан жасалған бұйымдардың формасы мен ою өрнектердің тәсілі. | Теріден жасалынатын қазақ ұлттық бұйымдары. | Бұйымды даярлау технологиясының сипаты. | Ерекшеліктері. | Лттық қолданбалы өнер бұйымдарын үйрету шеберханасы және олардың жабдықталуы. | орытынды |


Читайте также:
  1. КІРІСПЕ
  2. КІРІСПЕ
  3. Кіріспе
  4. Кіріспе
  5. Кіріспе
  6. КІРІСПЕ

Мазмұны

 

Кіріспе.......................................................................................................... 3
1. ІХ-Х сыныптардағы еңбекке үйрету сабағында, былғары өндеуді ұйымдастыру әдістері. 1.1 Оқушыларды еңбекке даярлаудағы оқытудың ерекшіліктері................................................................................................. 9
1.2 Танымдылық іс-әрекетті активтендірудегі» танымдылық қызығушылықгың рөлі.............................................................................. 28
1.3 Сәндік қолданбалы өнер элементтері негізіндегі былғары өңдеу технологиясында "тері бүйымдарын модельдеуді" оқытудың әдістері мен формалары......................................................... 32 2. Еңбек сабағында былғарыны өңдеуге үйретуде оку-әдістемелік ерекшеліктері......................................................................................................... 2.1. Үйірме жұмыстарында сабақ түрлері және жасалу жолдарын оқушыларға үйрету.................................................................................... 40
2.2. Тандаған бүйымның техникалық нобайымен сырт көрінісін суреттеу......................................................................................................... 43    
2.3. Былғарыдан жасалған бүйымдардың формасы мен ою- өрнектерінің тәсілі..................................................................................... 46
3. Техникалық-технологиялық мәліметтер 3.1. Теріден жасалатын қазақ ұлттық бұйымдары............................... 49 3.2. Бұйымды даярлау технологиясының сипаты............................... 54 3.3. Құрал-жабдық дайындаудың технологиялық ерекшеліктері 3.4. Ұлттық қолданбалы өнер бұйымдарын үйрету шеберханасы және олардың жабдықгалуы................................................................... 58
Қорытынды................................................................................................. 65
Қолданылған әдебиеттер.......................................................................... 66

 

КІРІСПЕ

Қазіргі жастардың көпшілігі қазақ халқының ұлттық мәдени мұрасына енетін үй жиьазы бұйымдарының дүкендерден, көрмелерден кездестіріп, олар жөнінде кітаптардан оқып, суреттерін көргені болмаса, олардың жасау әдістерін біле бермейді.

Оның себебі кезінде мектеп өміріне, еңбекке баулуда қолөнерін үйрету қолға алмағандықтан болып табылады.

Адамзат дамуының қай саласында болсын қоғаммен бірге дамыған қол өнері әр дәуірде өзінің өшпес ізін қалдырып, әлеуметтік көркемдік жағынан дәуір тынысына қалт жібермей әсерін тигізіп отырады. Көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері де өз халқының дэстүрлі көркемдік. мүрасын сақтап қалған.

Соңғы уақыттарда Республикадағы көптеген ғылыми зерттеулер халықтың қолданбалы қолөнері жастарға тәрбие беруде ерекше маңызға ие болатынын дәлелдеуде. Барлық халықтар сияқты қазақ халқының да қолөнерінің өзіне тэн өсу жолы, ерекшеліктері, даму тарихы бар. Ол тарих сонау ерте заманнан, өз тұрмыс-тіршілігіне қажетті құрал-саймандар, бұйымдар жасаудан басталады. Табиғаттағы әртүрлі шикізаттарды түрмыс-тіршілікке пайдалану атадан балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, дами келе өнер туындыларына айналып, бүгінгі күнге дейін жетіп отыр.

Қазақ қолөнерінің бүгінгісі мен болашағын айтар болсақ, оның өткеніне назар аудармай кете алмаймыз. Ұлттық өнердің өзіндік ерекшелікпен қалыптасуына үлкен әсер етеді. Демек, күнделікті тұрмысқа қажетті қолөнер бұйымдары көшіп-қонуға ыңғайлы, пайдаланылатын орнына сәйкес сыртқы формасын тауып, әр шебердің талғамына, ой-өрісіне тән өрнек оюмен нақышталып беріліп отырады. Алдымен бұйымның мықтылығы, өнімділігі қарастырылады десек те, олардың болу әсемдігі жағынан табиғи үндестік байқалады.

Қазақтың сәндік қолөнері біздің ұлттық мәдениетіміздің құрамды бөлігі. Оны дамыта отырып, жер-жерде халық шеберлерінің өнегелі істерін жас ұрпақтарға насихаттау, қолөнер бұйымдарының сапасын арттыра беру аса қүрметті және игілікті іс болып табылады.

Ою - халқымыздың ұлттық өнерінің жер-жерге ерте кезден көбірек тараған үлгісінің бір түрі. Ол іскерлік, зергерлік өнермен терезесі тең, қатар дамыған. Мұны сонау жазу-сызу шыға қоймаған ерте заманда адам өз ойын тасқа, сүйекке, ағашқа ойып-қашап түсіріп отырғанынан байқауға болады.

Ұлттық үлгіде бүйымдар жасаудың технюлогиясын жетілдіріп, бүл жұмыстар негізінде машинаның атқаруына жүктелгенімен өрнек үлгісін сызу, біріне-бірі ұқсамайтын әсем нақышты оюлар ойылған түс-киіздер, сырмақтар, текемет, алаша, сандық т.б. киіз үй жасаулары мен тұтыну бұйымдары күні бүгінге дейін өзінің қолмен жасалу маңызын жоғалтпай келеді. Алдағы уақытта да оның қиындығы мен қызықшылығы мол қолөнер саласындағы еңбек жемісті болуына кәміл сенеміз.

Киіз үйді сәулеттендіріп, оған салтанатты сипат беру, оның әр бөлшегінің бір-бірінің ұнасым табуы, сәндеу халық шеберлерінің машықтанған ісіне айналған. Ғасырлар бойы қалыптасқан мұраның бүгінгі күнге жетуіне халық шеберлерінің қосқан үлесі айтарлықтай. Және де қолөнерінің түрлерімен, оларды дайындау технологиясына даму тарихына қалам тартқан зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне тоқталмасқа болмас.

С. Қасимановтың «Қазақ халқының қол өнері» /Алматы, Қазақстан 1995 жыл толықтырылып шыққан/ атты кітабы. Кітапта қолөнерінің барлық түріне: киіз басу, өрмек, кілем өнері, қайыс өнері, тас өнеріне, зергерлік өнеріне, сондай-ақ материалдарды өңдеу, бұйымдарды әсемдеу түрлеріне, ою-өрнектермен, олардың түстерінің мәніне тоқталып өтеді. Соңында автор қолөнерінің түрлеріне байланысты кейбір атаулардың түсіндірме сөздігін береді.

Ә. Тәжімүратовтың «Шебердің қолы ортақ» /Алматы, Қазақстан, 1997. ж./ атты кітабы. Бүл кітапта автор қолөнерінің барлық салаларына қалам тартқан. Сондай-ак әр ғасырдағы туындылармен толықтырылған. «Шебердің қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ»,-дейді халық. Бүл кітапта санғасырлар сынынан өтіп шираған. Қазақ халқының табиғи дарынымен өзектес, халық өнерімен, түрмысымен бірге өсіп, бірге қайнасып келген қолөнерінің әсем үлгі-нұсқалары, өнер байлығы әсерлі әңгімеленеді.

Қ. Арғынбаевтың «Қазақ халқының қолөнері» /Алматы. Өнер, 1987 жылы/ атты ғылыми зерттеу кітабында қол өнерінің қызықты да маңызды салалары: ағаш, металл, тас өңдеу мен тері, мүйіз, сүйек ұқсату шеберлігінің туын қалыптасу мэселелері төңірегінде кеңірек баяндалған. Автор кітапты иллюстрациялық материалдармен толықтырып, этнографиялық материалдармен, архивтік жэне жазба әдебиеттер негізінде жазған.

Қазіргі кезде халықтың қолөнерін оқыту мәселесі республикамызда етек алып, толығымен бүгінгі күн талабына сай шешілді деуге болмайды. 1993 жылдың 21 қаңтарындағы жарық көрген Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері оқушыларын еңбекке оқыту мен тәрбиелеу тұжырымдамасында «... оқушыларың еңбекке дайындау ісіндегі тағы бір өзекті кемшілік қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан қосалқы көркем өнерін, халық зергерлерінің мүрасын, мал-шаруашылығын үйрету кеңінен өріс алған жоқ» деп біздің мектеп өміріндегі осал жақтарды көрсетеді.

Қолөнерін үйретуде соңғы оншақты жылдың көлемінде бағдарламалар, оқулықтар мен әдістемелік құралдардың жарық көруі ұлттық қол өнердің мектеп өнерінің жандануына себепші болады. Олардың бірі:. С.Жолдасбекованың «¥лттық сәндік - қолтаңбалы өнерге үйрету» бағдарламасы І-ІУ сыныптарға арналған бағдарлама, осы мақсаттарды жүзеге асыруға айтарлықтай үлес қосуға бағытталады.

Балаларды қолөнер шығармаларымен таныстыру олардың өз туған жеріне, халқына, табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастырады, эстетикалық сезіміне әсер етіп, талғамын жетілдіреді, әсем дүниелер жасайтын зергерлердің немесе оюшының өзіндік қол таңбасын, ғажап шеберлігін айыра білуіне көмектеседі.

Ұлттық қолөнердің негізіне сәндік қолтанбалы өнер туындылары жатады.


1992 жылы жарық көрген «Тұрмысқа қызмет көрсету» бағдарламасының мазмұны негізінен оқушыларды іс жүзінде жүмыс істеуге бағытталады, ол үшін берілген уақыттың 75-80 % дейін жұмсалғаны орынды, қалған уақыт теориялық мақсатқа жеткілікті.

Іс- жүзінде жүргізілген жүмыстардың маэмұны қазақтың қолтаңбалы өнеріне баулу, мамандыққа қажетті еңбек дайындығын шыңдауға, түрлі заттарды: жүн, мата, ши, т.б. қолмен немесе машинамен өңдеуге жэне одан пайдалы өнім шығаруға жүмсалады. Бағдарлама оқушылардың шығармашылық және танымдық қабілетін, эстетикалық сезімін шыңдауға бағытталған.

Ш. Әбдуалиеваның «Халық қолөнері» атты әдістемелік құралы У-ІХ сыныптарды еңбекке баулу пәні мүғалімдеріне арналған. Бүл әдістемелік құралда сәндік қолтаңбалы өнер сабақтарын өткізу әдістемесі мен ұйымдастырудың жалпы жағдайлары жазылған. Сондай-ақ сәндік-қолтаңбалы өнер сабақтарын өткізудің жылдық үлгі жоспарлары берілген.

Құрастырушылыр: С.А. Жолдасбекова мен А.А. Жолдасбековтың «Ұлттық сәндік-қолтаңбалы өнерге үйрету» атты әдістемелік нұсқауда бастауыш сынып оқушыларын қолтаңбалы өнер түрлерін үйрету жөнінде сабақ және сыныптан тыс жүмыстар жүргізу жөнінде мысалдар келтірілген.

Оқушылар нұсқау бойынша ою-өрнек, бастырмалау, тігіс тігу жэне кестелеу, қүрақ құрау, қуыршақ жасау, зергерлік жүмыстар, өру жүмыстарын жасайды.

Мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу мәселелеріне жазылған әдебиеттер қазіргі уақытта көптеп саналады. Солардың бірі Ю.К. Бабанскийдің, А.Н. Ильинаның «Педагогика» атты педагогикалық институттарының студенттеріне арналған, педагогика курсы бойынша бағдарламаға сай жазылған оқу қүралы. Оқулық мектептегі оқушылардың


оқу-тәрбие жүмыстарын ұйымдастыру, жоспарлаудың әдістемелік жэне теориялық негіздерін ашып көрсетеді.

Жалпы білім беретін мектептерде еңбекке және кәсіпке баулудың формалары мен әдістерін, мазмұнына, принциптеріне, оқушыларды еңбекке дайындау процесіндегі оларды дамыту, тәрбиелеу мен оқытудың бірлігіне жету құралдары мен жолдарына қалам тартқан педагогтардың /В.А.Поляковтың, Д.А.Тхоржевскийдің, С.А.БатЬішевтің т.б./ еңбектері студенттер мен /еңбекке баулу пәні/ оқытушылардың қолынан түспейтін оқулықтар.

Соңғы уақытта халықтық педагогиканы мектеп өміріне негіз ету көп сөз болып барады. Халықтың педагогикалық тәрбие мэселелері туралы қарастырған студенттерге оқу қүралы ретінде үсынылған кітаптың бірі -Қ. Жарықбаевтың, С. Қалиевтың «Қазақ тэлім-тэрбиесі» атты /Алматы, «Санат», 1995 ж./ кітабы. Авторлар мүнда қазақтың ұлттық тәлім-тәрбиесі туралы ой қозғап, тебірене әңгімелейді.

Жоғарыдағы еңбектердің маңыздылығын тұжырымдамадағы көрсетілген кемшіліктерді ескере келіп, бйымдарды дайындауды үйретуді қолға алу мақсатында, біздер дипломдық жүмыстың тақырыбын: «Үйірме сабағында теріден ұлттық бұйымдар жасаудың технологиясы» деп алуды жөн көрдік.

Зерттеудің мақсаты: Үйірме сабағында теріден ұлттық бұйымдар жасаудың технологиясын дайындауды үйрету мазмұнын, тиімді әдістері мен формаларын анықтау.

Зерттеу объектісі - жоғары сынып оқушыларын еңбек сабағында ұлттық қолөнерге баулу.

Зерттеу нысанасы - ұлттық қолөнердегі теріден жасалатын бұйымдарды дайындаудың технологиясы, әдіс-тәсілдері, формалары.


Зерттеу міндеттері:

1. Педагогикалық, әдістемелік және ұлттық қолтанбалы өнерге
арналған арнайы оқу құралдарына шолу.

2. Қолөнер бұйымдарының тәрбиелік мәнін анықтау.

3. Еңбекке баулудағы теріден бүйымдарды дайындауды үйрету
мазмұнын анықтау.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 401 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
и ветеринарно-санитарная| Оқушыларды еңбекке даярлаудағы оқытудың ерекшеліктері.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)