Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Кіріспе. Технологиялардың қарқынды даму процессіне байланысты қазіргі

Аріптерді белгілеу | Android ОЖ-сі туралы түсініктеме | Android ОЖ-нің пайда болуы | Android ОЖ-нің 2005-2007 жылдардағы эволюциясы | Android ОЖ және Android қосымшалардың жұмыс істеу приципі | Android қосымшасы компоненттері | Android архитектурасы | Осымша құру ортасын дайындау | Java тілінің негізі және қысқаша тарихы | Бай объектілік ортасы |


Читайте также:
  1. КІРІСПЕ
  2. КІРІСПЕ
  3. КІРІСПЕ
  4. Кіріспе
  5. Кіріспе
  6. КІРІСПЕ

 

 

Технологиялардың қарқынды даму процессіне байланысты қазіргі замандағы адамдар өмірін смартфондарсыз, планшеттерсіз көзге елестету мүмкін емес. Мәселен Android операциялық жүйесі Honda, General Motors, Audi мен Hyundai-дың көліктеріне орнатылады. Ақпаратты Google компаниясына сілтеме жасай отырып Nikkei іскер басылымы таратты. Компания жүйені көліктерге өзі орнатып отырады. Оның көмегімен көлік жүргізушілері электронды поштасын тексеріп, карталарды жүктеп, дауыс арқылы көлікті басқара алатын болады. Қазір Google компаниясы көлікті жүргізген кезде ұялы телефонды пайдалануға болатын жүйені жасақтап жатқандығы белгілі болып отыр. Сондай-ақ,с телефон арқылы көліктің компьютеріне ақпарат жіберіп, алмасу қызметі жасақталып жатыр. Оның барлығын дауыс хабарламалары арқылы жасап отыруға болады. Хит әндерді көліктің компьютеріне жүктеу мүмкіндігі де қарастырылған. Биылдан шыққан көліктерде әндер жүктеулі болады. Android операциялық жүйесі 2008 жылы шығып, қазір 80 пайыз ұялы телефондарға орнатылған болып отыр. Оның басқа жүйелерден негізгі артықшылығы компьютерге еркін қосылу мүмкіндіні. Тіпті, жас бүлдіршіндеріміздің өздері еш қиындықсыз кез-келген құрылғыларды тез меңгеруге бейім. Сондықтан Android операциялық жүйесіне арналған «балаларға арналған сөйлейтін әліпби» қосымшасы балалардың смартфондар, планшеттер алдында өткізетін уақытын тиімді пайдаланудың бірден бір әдісі.

Смартфондар мен планшеттерден басқа Android операциялық жүйесі басқа да құрылғыларға орнатыла бастады. 2009 жылдың соңына таман ең алғашқы рет Android операциялық жүйесінде жұмыс жасайтын фоторамка сатылымға шықты. 2011 жылдың шілде айында Blue Sky компаниясы Android операциялық жүйесімен басқарылатын интеллектуалды i’m Watch қол сағатының шыққанын құлақтандырды. 2012 жылдың тамыз Nikon компаниясы әлемде ең алғаш болып Android операциялық жүйесінде жұмыс жасайтын фотокамераны халыққа ұсынды. «Google Nexus» топтамасында да смартфондар мен планшеттер ғана емес, сонымен қатар Android операциялық жүйесінде жұмыс жасайтынNexus Qмедиаплеерін айтсақ болады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. Android операциялық жүйесіне арналған «балаларға арналған сөйлейтін әліпби» қосымшасы интерфейсі арнайы үйретуді талап етпейтін өте қарапайым түрде құрылған. Сол себепті бүлдіршіндеріміз әліппені ата-анасының және басқа да үлкендердің қатысуынсыз, өз бетімен үйренулеріне болады.

Қосымша жаңалықтары. Қосымша құрылымы өзіне тән ерекшеліктерге ие. Қосымша түрлі функцияларды қамтитын бағдарламалық кешеннен тұрады. Яғни, Андроид ОЖ-не арналған электрондық әліппе қосымшасының жаңалығы – бір қосымша құрамында бірнеше қосымшаға тән қасиеттер жинақталған. Қосымшаны іске қосып, қолдану кезінде жас қолданушылар беттер арасында еркін орын ауыстыра алады.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Android операциялық жүйесіне арналған «балаларға арналған сөйлейтін әліпби» мектепке дейінгі бүлдіршіндерге заманауи технологияларды қолдана отырып қазақ әліппесін оңай меңгеруге, қосымша құрамындағы логикалық ойндардың көмегімен логикалық қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Android операциялық жүйесіне арналған «балаларға арналған сөйлейтін әліпби»қосымшасында смартфон экранына жанасу арқылы сурет салу және жеті нотадан тұратын мұзыкалық аспап терезелері қарастырылған. Яғни, Android операциялық жүйесіне арналған «балаларға арналған сөйлейтін әліпби»қосымшасы тек әліппені үйретіп қоймай, бүлдіршіннің суретшілік және музыкалық қабілеттерін арттыруға септігін тигізеді.

Қосымша құрамы. Қосымша бес беттен тұрады. Бірінші бет – негізгі меню. Негізгі менюде әліппені уйрену, сурет салу парағы, ойын ойнау және әуен ойнау беттеріне сілтейтін батырмаларды көруге болады. Екінші бет – әліппені үйрену беті. Негізгі беттегі “әліппені үйрену” батырмасын басу арқылы әліппені үйрену бетіне көшеміз. Бұл бетте қазақ әліпбиінің қырық екі әріпі кесте түрінде орналасқан. Әр әріпті басу арқылы басылған әріптің атауынан және сол әріпке байланысты создерден тұратын аудиожазбаны ести аламыз. Үшінші бет – сурет салу парағы. Бұл бетте бүлдіршін экранға саусақпен жанасу арқылы сурет сала алады. Төртінші бет – ойын ойнау беті. Бұл бетте бүлдіршіннің еске сақтау қабылеттін арттыруға арналған ойын құрастырылған. Бесінші бет – әуен ойнау. Әуен ойнау бетінде жеті нотадан тұратын батырмалы музыкалақ аспап орналасқан. Бүлдіршін бұл бетте өзіне керек аспапты таңдап әуен ойнай алады.

Құрал-жабдықтар құрамы.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кiрiспеден, төрт бөлiмнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

Кiрiспеде тақырыптың өзектiлiгi анықталып, оның зерттелу дәрежесi сипатталады.

Қазақ әліпбиі бөлімінде Қазақстан Республикасында жазу жүйесінің пайда болуы туралы тарихи деректер, қазақ әліпбиінің даму кезеңдері және қазіргі таңдағы күйі қарастырылған.

Андроид операциялық жүйесі бөлімінде андроид операциялық жүйесінің пайда болу тарихы, даму кезеңдері, жұмыс істеу принципі және т.б туралы ақпараттар қамтылған.

Қосымшаның құрылу ортасы. Android операциялық жүйесіне арналған «балаларға арналған сөйлейтін әліпби» қосымшасы Java бағдарламалау тілінде, Eclipse бағдарлама құру ортасын қолдана отырып құрастырылған. Eclipse бағдарлама құру ортасына Android SDK Manager және Android Virtual Devices кірістірілген. Android SDK Manager андроид платформасыны бағдарлама құру мүмкіндігін береді. Android Virtual Devices – андроид операциялық жүйесіне арналған қосымшаларды компьютерде орнатып, іске асыруға арналған виртуалды эмулятор болып табылады.

Қосымшаны құру ортасы бөлімінде қосымшаны құруға қажетті құрал-жабдықтар жиыны, қосымшаны құру әдістері, қосымшаның интерфейсінің құрылуы, қосымша құруға қолданылған әдістер мен қосымша алгоритмі жайлы негігі ақпараттар қамтылған.


Дата добавления: 2015-09-04; просмотров: 264 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Організація правової роботи щодо запобігання та усунення рейдерських захоплень підприємств| Азақ әліпбиінің тарихи кезеңдері

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.012 сек.)