Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

КІРІСПЕ. LiKSO4 кристалдары литий сульфаты мен калий сульфатының химиялық реакциясы

Читайте также:
  1. КІРІСПЕ
  2. КІРІСПЕ
  3. Кіріспе
  4. Кіріспе
  5. Кіріспе
  6. КІРІСПЕ

LiKSO4 кристалдары литий сульфаты мен калий сульфатының химиялық реакциясы негізінде 1: 1 стехиометриялық қатынаста бидистильденген суда еріткенде синтезделіп алынды. Синтез бөлме температурасында жүргізілді. Кристал синтезінің химиялық реакциясы:

 

K2SO4H2O + Li2 SO4 → LiKSO4: H2O

 

Литий калий сульфатының қаныққан ерітіндісі бидистильденген суда ерітілді. Қоспаның ылғалы щаңсыз жағдайда буландырылды. Кристалдардың өсу процесі 25 күнге созылды, нәтижесінде мөлдір және түссіз кристалдар алынды. Кристал сапасын арттыру үшін кристалдар бірнеше рет қайта кристалдандырылды.

LiKSO4 монокристалын рентген сәулелерінің дифракциясы әдісімен зерттеу LiKSO4 кристалының бөлме температурасында P63 кеңістік тобына жататын гексогонал құрылымға ие екенін көрсетті. Қарапайым ұяшықтың өлшемдері a = b = 5,1453 (2) A және c = 8,6342 (7) A. Бұл кристалдың қарапайым ұяшығы екі молекуладан тұрады. Кристал құрылымы келесі суретте көрсетілген:

 

1-кестеде LiKSO4 кристалының элементар ұяшығының фазалық күйіне сәйкес параметрлері көрсетілген.

Байланыс құрылым Кеңістік тобы a 0 b0 c0 Z Әдебиеттер
Na 2SO4              
I Гексагон. Pbnn 5,39   7,25   [104]
III Ортагон. Pddd 5,59 8,91 6,98   [105]
IV Ортагон.   5,85 12,29 9,75   [106]
K 2SO4              
a Гексагон.   5,71   7,85   [107]
b Ортагон. Pmcn 5,77 10,06 7,52   [108]
NaKSO4 Гексагон.   P3m 5,643   7,259   [109]

 

2-сурет. Li 2 SO 4 :H 2 O кристалының қарапайым ұяшығының құрылымы.

3-сурет. Cпектрофлуориметр СМ 2203.

 

 

Вакуумдық ультракүлгін аймақ спектрін өлшеуге арналған қондырғы сызбасы.

 

 

ВМР-2 вакуумдық монохроматорының көмегімен сутегі лампасының жарық сәулесінің қозу спектрін өлшеу кезінде белгілі толқын ұзындығына ие вакуумдық ультракүлгін аймақта жатқан жарық бөлінеді. Бөлінген жарық сәулесі криостаттың кіру терезесі арқылы өтіп, кристал бетіне түседі. Терезе магний фторидінен жасалған. Криостат тоттанбайтын темірден жасалған вакуумдық камера. Оныңоптикалық өлшеулерді жүргізуге арналған үш кварц терезесі бар.

 


Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 298 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
МТФ-21 тобының магистранты А.М. Тынысбаеваның 19 – қаңтар мен 11 – сәуір аралығындағы ғылыми – зерттеу практикасының есебі| Вечерняя гимнастика

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)