Читайте также:
|
|
Есебі
Астана 2015 ж.
Практикадан өткен магистрант – Тынысбаева А.М., МТФ-21 тобы.
Зерттеу практикасының жетекшісі – ф.-м.ғ.к., Қайнарбай А. Ж.
Зерттеу практикасының тақырыбы – «LiKSO4 және Li2SO4 кристалдарының молекулалық экситондары».
Зерттеу нысандары – әр түрлі әдістермен сәулелендірілген LiKSO4 және Li2SO4 кристалдарының спектрлері.
Нәтижелерді алу құралдары мен графиктерді өңдеу компьютерлік бағдарламалары – спектрофлуориметр СМ 2203, Jasco V-770 спектрофотометрі, Jasco FT/IR-4700 спектрометрі, Origin 8, Sigma Plot.
Мен, «Техникалық физика» мамандығының 2 курс магистранты Тынысбаева Айым Мукатаевна ғылыми – зерттеу практикасын 19 қаңтар 2015ж. мен 11 сәуір 2015ж. аралығында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Физика – техникалық факультетінің Техникалық физика кафедрасының «Иондық кристалдар спектроскопиясы» лабораториясында ф.-м.ғ.к., доцент А. Ж. Қайнарбайдың жетекшілігімен өттім.
Практика өту барысында осы практиканы өту орнының техникалық қауіпсіздік ережелерімен танысып, жетекшімен орындалатын жұмысқа байланысты нұсқаулықтарды алдым.
Ғылыми – зерттеу жұмысым мен және ғылыми жетекшім Т.Н.Нұрахметовтың құрастырған жоспары бойынша жүргізілді.
Практикадан өту барысында ғылыми – зерттеу жұмысының негізгі тапсырмалары:
· Молекулалық экситондар табиғатын, қасиеттерін, сипаттамаларын қарастыру;
· Сілтілік металдардың сульфаттарын зерттеу әдістерін қарастыру;
· Молекулалық экситондардың сәулелендіру кезіндегі спектрін зерттеу, зерттеу әдістерін салыстыру;
· Кристалдардың фотолюминесценциялық спектрін график арқылы көрсету;
· Алынған нәтижелер бойынша молекулалық экситондарды зерттеудің ен тиімді әдісін көрсету.
· Магистрлік диссертацияның I, II, III бөлімдерін толықтыру, аяқтау.
Ғылыми – зерттеу жұмысының мақсаты: сілтілік металдар сульфаттарын электрон-кемтіктік қармау центрлерін фосфоресценция негізінде тәжірибе жүзінде көрсету.
Магистрлік диссертация тақырыбының өзектілігі: жер-сілтілік және сілтілік металдардың сульфаттары ионды-молекулалық кристалдарға жатады және радиацияға өте сезімтал болып келеді. Сол себепті олар электромагниттік сәулеленудің тіркегіштері ретінде, сонымен қатар қатты денелік дозиметрлер ретінде кеңінен қолданылады.
Электрон- кемтіктік қармау центрлерін алудың жаңа механизмдері табылды. Бірнеше максимумдардың пайда болу себебі әртүрлі сәулелендірулер арқылы зерттеліп, себептері анықталды.
Берілген жұмыста молекулалық экситондарды зерттеу әдістеріне аса көңіл бөлінді.
Ғылыми жаңашылдығы. Тәжірибе жүзінде алынған мәліметтерге сүйеніп әртүрлі әдістермен сәулелендіргенде барлық кристалдардың қозу және сәулелену спектрлерінде аса айырмашылық жоқ деген қорытынды жасалды. Қозу және сәулелену спектрлері SO42- аниондық кешеніндегі электрондық ауысуларға байланысты.
Сәулелену мен қозудың бірнеше жолақтарының пайда болуы кристаллографиялық бағыттарда ерекшеленген анизотропияға ие S=0 ретті және S-0 бірреті байланысқа ие валенттік электрондардың болуымен түсіндіріледі.
Фосфоресценция мен ТСЛ пиктерін өлшеу негізінде ең алғаш рет тәжірибе жүзінде электронды-кемтіктік қармау центрлері (5-6,2)эВ энергияға ие фотондармен сәулелендіргенде пайда болатыны анықталды.
Дата добавления: 2015-09-05; просмотров: 534 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
КОММЕНТАРИЙ | | | КІРІСПЕ |