Читайте также: |
|
Айқал өрім: Айқал жұргізілген таспаларға, өрімді таспа бірінші тесікті баспай аттап екінші тесіктен өтеді. Жұп сандар ретімен жүреді. Өрім солдан оңға қарай жүргізіледі. Екінші жолда оңынан солға қарай жүріп тек бос қаған тесіктерден өткізіледі. Таспаның ұзындығы қыры өріліп жатқан
заттың шеті қырынан 5-6 рет ұзын болуы керек. Әбден біткенде қосу, тэрізді өрілімдер пайда болады.
Шалып алып өру: Шалып алып өруде бірінші тесілген екі рет өтіп мықты белгіленеді, екінші тесіктен өткенен кеиін екі тесіктің ортасынан жалғастырылған таспа өткізіліп келесі тесікте өткізіледі. Осы әдеппен өрімнің ақырына дйиін жеткенше тартып отырып өріледі. Таспаны өрер алдында мұқият жинастырып екі жағына бірдеи тазалап, өрімнің дайындау қажет. Таспа ретінде түсті былғары пайдаларына болады. Таспа өрудің бұл әдістері анықтап көрсететіндігі.
Былғарының шетін тесу: Тесу - былғарының шетін қырларының өңдеуде өте маңызды орын адады.Тесуді әр түрлі формалы төрт бүрышты, үшбұрышты, сопақ, дөңгелек эр түрлі болаттан жасалған тескіштермен жүргізіледі. Былғарының шеттерін тесудің тағыда бір мақсаты — ол, жеке — жеке бөлшектерден қүралған заттарды біріктіріп қосу. Тесу сонымен қатар былғарыда жасалған заттардың беттерін бедерлі әшекейлеуге, тесіктер арқылы ою -өрнектер жасап мэнерленуі қажет. Тесу алқылы көптеген заттар әшекейлеген, олардың арасында белдік, тоқым және басқа да бұйымдар бар. Халық шаруашылығында былғары жасалған көптеген заттар осы әдіспен әшекейленеді. Тесуді жақсы жүргізу үшін шеберханада әр сан қилы тескіштер жасап алу керек. Олардың ұлтары / жүздері / өткір болуы керек. Былғарыны бірнеше рет тескішпен шетін ұштары жұқалап, өтпей қалуы ықтимал. Тескіш жасауда У- 1-8 болаттардың пайдаланылады, ұштарын маймен не су мен суарып қатайтуын ұмытпау қажет.
Теріден жасалатын бұйымдар: Қазақ халық теріден үй тұрмыс тіршілігіне, шаруашылық қажетіне жарайтын ерлердің сыртқы киім-кешкгі, ер-тұрман, құрал -сайман, айыл әбзелдерін азық -түлік салатын қаптарды, сұйық сусын сақтайтын ыдыстарды жасаған. Әсіресе, көнек, торсықтар өзіне лайық үлгілермен безендірілген. Теріге басылатын күрделі оюлар өсімдік тектес алуан түрлі де, не ыдыстың түріне қарай түйықталған шағында болады. Көнен көнек жасау, жабдық жасау, даярлауда үлкен табысқа жетіп, көркем -өнерге бірсыпырма үлес қосқан шеберлерді айрықша атауға болады.
Бұлқынақ: Жылқы терісінен жасалған ыдыс. Бұлқыншақ жасау үшін жылқы сойғанда артқы санын шашасына дейін мес қылып бітеу сылып алады. Содан соң терінің көк бетімен шелін тазартып, сан жағын арасынан шүберек салып тігеді. Оны «үшын» деп атайды. Тарамыспен немесе жылқыны құйрық қылымен тігіледі. Тігісін бұлкъшшақтың түп жағына келеді. Терінің сыйрақ тұсына келетін тар жағына лайық ағаштан тығын жасалады да, ішіне күл толтырып тығындап көлеңкеге кептіреді. Бүл ыдыс малшы қауымның ыстық күндерде айран, шалап, қойыртпақ құймына мейлінше қолайлы.
Қамшы: Қамшыгерлер өлшемі мұнымен шектелмейді. Терінің иленуі, таспаның ерекше қасиеттері деп аталады. Қалай өрілуі, өрімен саптың өзара ұзын - қысқалық салыстырмасы, қамшының алақаны, алақанның ұзындығы -қысқалығы, қатқыл не жұмсақтылығы шарт болып айтылады. Қамшыгерлер өз дағдысы, өз есебі бойынша қалағанын өздері жасап алады немесе өрімшілерге арнайы тапсырма беріп өргізеді. Қамшыгерлер мамандығы ұмытылып, жоғалып барады. Әлі де халық арасында бар жұрнағын қайта тірілту, қалпына келтіру қажет. Бүл қамшыдан көз жаза бастаған бүгінгі жастардың сезімінімен сенімін орнықтыруға тиіс.
Қамшы —ат көлік, мал айдауға арналғант жабдық. Қамшы қоғануға, қарсыласын үрып жығуға жайпатып салатын мамандық.Қамшы әр бір малшының қолында жүретін еңбек құрал және елеусіз сұйық қару. Бірақ қолында қамшы жүргенімен, оны қару ретінде пайдалану көрінгеннің қолында жүре бермейді. Ал қамшыгерлер өздерін елеусіз қаруға иемін деп санайды. Халықтың салт - заңында қамшыгерлердің қарапайым адамды қамшымен ұруына тиім салынған. Қамшыны үйге алып кіруге болмайды, Оны, сыртта, қалдыру керек. Қамшы арқылы жауынан қорғана алатын не жайратып салатын адамдар қамшыгер аталады. Жастайынан қамшыгерлікке құмарту не жастайынан қамшыгерлікке баулыну, тәрбие алу, қамшыгер
мамандардан үйрену, қамшыны ұстай білу, қамшымен ұра білу, бәрін білу шарт. Қамшы көп сәттерде ат үсті шалқастың қаруы. Жабдық және қару ретінде қару ретінде ұсталған қамшының ұрылуы мен тиілуіне қарай -қамшы үйіру, қамшы білеу қамшымен жасқау, сипай қамшылау, батыра қамшылау тағы басқалар сияқты атаулар арқылы ұруға қамшыны қалай ұруға байланысты тиген зардабын білдіреді. Қамшыгерлікте ертегі спорт түрінде сайысқа, бэс – бәйгеге, егес намысқа түсетін мамандықтың бірі болған. Қазақстанда қамшыгерлік спорты ұмыт қалған. Қазақ халқы ерте кезде қамшыкерлік өнерін ел -жүртқа үйрету жэне дәріптеу мақсатында арнайы жарыс өткізіп отырған. Қамшының түрлері: ат қамшы, дырау, дайыр, күдері, жартуыл, білеу, ұзын, шолақ киелі, қасиетті қамшы тағы сол сияқты атаулармен аталады. Қамшы төрт таспа, бес таспа, алты, сегіз, он- екі таспа, он-алты таспа деп аталады. Таспаны тіліп, қырнап, сыдырып, өңдеу арқылы жуан жіңішке болып өріледі. Көп таспалар мен ішіне өзек салып өргендері әрі жуандатылады. Өрілгеннен кейінгі үлгісі жұмыр, төрт қылы, бес, алты қырлы борлып шығады. Сапталмай тұрып түрлі-түрлі ысқыдан өткізіледі. Қамшының сабынан өрімі қысқа түрлі,өрімнен сабы тең түрі, сабынан ұзындау түрлері де бар. Ерлерге арналған, әйелдерге арналған түрлері моландау кезігеді. Жастармен жігіттер, жігіт ағалары ұстайтын қамшылардың өлшемі, алты түман ат қамшы, жеті тұман жар қамшы деп аталады. Өткірлік жағынан өлшемі алты тұман, өрімі жеті тұман дұрысырақ саналады.
Жұмыс жасау үшін қажетті құрал - жабдықтар мен көрнекі құрал-саймандар да шеберханада өз орнын таба білу керек. Шеберханада жұмыс жасау үшін ең бірінші қауіпсіздік ережесімен таныс болу шартты. Осы мэселені ескере отырып шеберхананы жабдықтау да қабырғаның бүрышынан қауіпсіздік ережесі орын алғаны дүрыс.
Кабинетте тақта жанында «бүгін сабақта» атты қабырға сынентінің жартысы магнитті болғаны дүрыс. Екінші «кабинеттің жүмысы» атты
қабырға стенді де, сабақ, үйірме, факультатаив үзіліс кеселері жэне эр сынып бойынша ассистент, консультанттар тізімі жазылады.
Тақтаның жоғарғы жағына «өнерлі қол пішуге жақсы, өткір қайшы кесуге жақсы», «Шеберлік шегі жоқ байлық», «Өнерлі өрге жүзеді», т.б. Сөздерді жазуға болады.
Кабинеттің қосымша бөлмесінде сабаққа қажетті құрал- жабдықтарды сақтау үшін арнайы текшелі шкаф болуы қажет.
Кабинетте ауыспалы бір стенді балалар жұүмысының көрмесіне арналады. Көрме ұйымдары тоқсан сайын немесе күрделі бір тақырып біткен сайын өзгертіп отырады.
• Кабинеттің іші құрғақ, жарық, жылы жэне желдетіліп, ауасын
тазартып тұруға ықшамды болу қажеті керек.
• Кабинеттің ауданы 10 адам сабақ өтетіндей кең болуы керек.
• Кабинеттің ішінде аспаптар сақтайтын, оқушылардың бітпеген
жұмыстарын және көрнекі құралдарын сақтайтын шкафтар дұрыс
орналасуы керек.
• Әкелінген материалдарды кабинетке кіргізуге оңай болу үшін,
кабинет бірінші қабатта орналасқаны дұрыс.
• Кабинеттің қабырғасы ашық түспен сыланғаны дұрыс.Бұл көзге
жақсы әсер етеді және кабинетті жарықтандыра түседі.
• Кабинетке сызбалардың түрлерін, көрнекі құралдары және т. б.
Көрсету үшін тақта қажет.
• Кабинет қабырғаларына қазақтың ұлттық ою- өрнектері салынған
плакаттарды ілу тиіс
3.3. Құрал- жабдық дайындаудың технологиялық
Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 213 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Теріден жасалынатын қазақ ұлттық бұйымдары. | | | Ерекшеліктері. |