Читайте также: |
|
Қазақтың ою- өрнегі: Қазақ ою -сызу өрнектеріндегі фон суреттердің түсі компазициялы болып келеді. Дағдыжа ақ түс қара фонға немесе керісінше болып орналасары қазақтарда кейбір түстердің символды мәні бар: көк түс —аспанның символы. Қызыл түс —оттың символы сары түс -ақыл парасаттың, қара түс -жердің символы, жасыл түс -жастықшақтың, көктемнің символы.
Заттың осы түстермен бояп өрнектегенде оған белгілі мән беріледі. Қазақ ою -өрнектерінің сан ғасырлық тарихы бар. Археалогиялық зерттеулер, қазақтың ою-сызу өнерінің ерте заманғы мал бағушы тайпалардың мәдениетімен сабақтас екендігін, Алтай орта Азия халықтарының мәдениетімен өзара байланысып жат —қандығын көрсетеді. Біздің жыл санауымызға дейінгі үлгісін молаларынан шыққан ою -сызу өрнектер 19-ғасырлары ою -өрнегімен ұқсас. Бұл қазақтық ою- өрнек өнерінің ежелгі үлгісін мәдениетінің жалғасы және дамыған түрі екендігін дәлелдейді.
Тұрпаныл безеніліп сағасындағы будда дінінің үңгір / шық үй / ғибадатхан асынның қабырғасына және төбесіне сызылған ою -өрнектерде қазіргі қазақ сырмақтарында салынатын мүйіз оюлардың үлгісі кездеседі. Осы ою -өрнектер қайдан шықты дей келе, біреулер кәдімгі геометриялық
пішімдес құрылыстардан шықты десе, кейбіреулер жан -жануарлардың ішкі - сыртқы көріністерінен, сүйек бітімдерінен шықса керек десті. Тағы біреулер өсімдіктің әр —түрлі көріністеріне / мысалы: сынып жатқан ши, ағаш бүталардың, сүйеулі түрғал сынықтардың бүрыш көріністерінен / шықса керек десті. Ал енді біреулері геометриялық түрлердің шыға бастауы өрнек жасаушылардың өнерлерінің өрістей түсуіне байланысты, оларды ойлап, қиялдауынан туған дейді. Демек ою-өрнектердің шығу тарихы олардың сюжеттік мазмұны мен атаулары туралы мәселе әлі де болса көп зерттеуді талап етеді.
Ғасырлар бойы ұрпақтан -ұрпаққа, бір шебердің ұасталық іскерлік мәнеріне екінші біреуге үнемі ауысып отырғандықтан осы күнге кейбір қошқар мүйіз өрнегі бастапқы бейнесін өзгертіп кеткен. Ертеден келк жатқан халықтық мүраны тазартуды ойласақ алдымен бұрмалаушылықтан арылтып, оны әдемілігіне жеткізеді жаңатүр, жаңа мазмұн дамытуымыз керек.
Ою-өрнек әшәкей жасау шеберлігі бейнелеу өнерінің бір түрі. Бірақ бір есте боларлық жай, маман суретшілер көбінесе заттың сырт ормасын дәлдеп, суреттің неғұрлым сол затқа аумай ұқсап тұру жағынан көбірек назар аударады. Ал ою -өрнек үлгілерін жасаушы шеберлер өз орнектерінде ойлаған затының не сюжетінің сыр сипатын өзін шеттанып, оның дәлме -дәлдігінен гөрі көркем, әшекейлер болу жағынан баса назар аударды. Ескі замандағы ел әдетін, шаруашылық ғұрпын этнографиясын білген адамға мұндай өрнектердің заттың ұғымын жэне олардың неліктен бұлай аталатындығын пайымдау қиын емес. Қазақтың шиге, алашаға, кілемге салынатын «омыртқа» өрнегі алып құрайық бұл Ғани Иляевтің кілем, түскиіз, терме құрауға арнап жасаған өрнегі. Өрнектің аты «омыртқа» ол кілем «сынық мүйіз» өрнегінің элементтерінен қүралған. Сонымен қатар,өрнекте үлы жүз қазақтарының рулық белгісі болған. Мысалы ретінде көне заманнан айбалталарын алайық. Айбалтадағы 2 жүз тек әдемілік үшін ғана жасалған өрнек. Ал балта жүзінің өзі де жарты айбейнесін мезген түр.
Қазақтың өрнегі әшекейімен істелетін түрлері де, атаулары да өте көп.Солардың ішінде халық арасында көбірек тарағаны ою -өрнек. Ою - өрнек ісі тым ерте заманнан бастап -ақ қолөнердің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір бірнәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі заттың ою кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне бедел түсіру деген мағынада жатады. Қазақ көбінесе бір өрнекке салып қиып алған, үлгіні үлгіге салып кескен сырмақтың қиығын, сондай-ақ барлық қошқар мүйіз өрнектерін де ою дейді. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күдіріп жалатып, бояп, батырып, қалыптап ісчтеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді. Ою -өрнектің біздің заманымыздан мыңдаған жылдар бұрынғы халықтарда да соншалық ескі дәуірден бері келе жатқан халықтық өнердің бір түріне саналады.
Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 740 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая страница | | | следующая страница ==> |
Сабацтың тацырыбы: Саба түрлері және жасалу жолы. | | | Теріден жасалынатын қазақ ұлттық бұйымдары. |