Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сабацтың тацырыбы: Саба түрлері және жасалу жолы.

КІРІСПЕ | Оқушыларды еңбекке даярлаудағы оқытудың ерекшеліктері. | Танымдылық іс-әрекетті активтендірудегі танымдық қызығушылықтың ролі | Теріден жасалынатын қазақ ұлттық бұйымдары. | Бұйымды даярлау технологиясының сипаты. | Ерекшеліктері. | Лттық қолданбалы өнер бұйымдарын үйрету шеберханасы және олардың жабдықталуы. | орытынды |


Читайте также:
  1. A) Құқықтық позициясын ұстануға тараптардың мүмкіндігі және міндеті
  2. Android ОЖ және Android қосымшалардың жұмыс істеу приципі
  3. B) дәлелдеу құралдары мен тәсілдерін таңдаудағы еріктілігі және өзіндігі
  4. B) Талапкер және оның өкілі
  5. C) егерде іс бойынша талапкер бірнеше рет сот мәжілісіне келмеген жағдайда және жауапкер іс бойнша қарастыруды оған қарсылық білдірмесе
  6. C) сот және іске қатысушы тұлғалар
  7. D) Кассациялық және қадағалау инстанцияларында

Сабақтың білімділік мацсаты: Оқушыларға торсықтың түрлері, олардың тігілу ерекшелігі, қолданылуы жайлы сарамандық білім беру.

Дамытушылық мацсаты: оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыта отырып, көргендерін еске сақтап, оны қайта жаңғыртуға үйрету, қол, саусақ қимылдарының шеберлік жұмысын дамыту.

Сабақтың көрнектілігі: эскиздер түрлері, дайын саба, жасау жолдары туралы плакат.

Керекті қүрал жабдықтар: былғары, қайшы,пышақ, ою-өрнек, біз.

Сабақтың өту әдісі: эңгімелесу, сұрақ-жауап, өз беттерінше жұмыс орындау.

П ән аралық байланыс: тарих, геометрия, сурет.

Сабақтың барысы:

Теориялық бөлім.

ұйымдастыру кезеңі. 2.ҮЙ тапсырмасын тексеру.

1. Саба не үшін пайдалынады.

2. Сабаның шығу тарихы туралы қандай түсінік бересіңдер

3. Саба неден жасалады.

4. Теріні өңдеу жолдары туралы не айтасыңдар

5. Сабаның пішіні қандай болады.


жидітіп түсіреді. Малма дегеніміз айранның сары суына ұн, кебек қосып жасалған иі. Терінің иі де жату мерзімі қалындығына байланысты.Мысалы түйе терісі малмада 1-ай жатса, ал түлкі терісі 3-ақ күнде иі болады. Иіден шыққан теріні кермекке салады. Кермекті емен не талдың қабығынан, қарағанның түбін кептіріп, ұнтақтап түйіпдазанға тұздың татына татыта су қүйып, қабық ұнтақты салып қайнатып әзірлейді. Кеде жусаның ерменің бүрін қосады. Содан соң ағаш астауға қотаруға жалаңаш қолдың шынтағын батырғанда шыдайтындай шым- шым кезінде теріні салып, он шақты күндей бетін жауып жылы ұстайды. Он күн өткен соң терінің бетін пышақпен тіліп көру керек. Егер кермектің қызғылт бояуы теріге қалындай түгел сіңсе, кермектің суын сорғытып, көленкеге жайып кептіріледі. Кепкен теріні талқыға салып, біраз жұмсартып алған соң, пішу керек. Кермекке салынған тері қоңыр қызыл түске боялады. Жақсы әрі үлкен деген саба 5- жылқының терісінен жасалады. Зор денелі не етженді адамды «бес биенің сабасындай»екен деген сөз осыдан қалған. Төрт жылқының терісінен сабаның төрт қабырғасы шығады, оны сабаның бойы деп атайды. Сабаның бойы трапеция тәрізді пішіледі. Ал бесінші жылқының терісінен сабаның түбін шаршылап пішеді. Пішіп алғаннан соң төрт боймен түбін қосып, оларды шуда жіппен немесе тарамыспен тігеді. Тігіп болған соң ішіне қүм, күл немесе ағаштың үгіндісін толтырып, сабаның формасы қалыптасқанша ұстайды. Әбден кепкен соң ішіндегісі төгіліп тасталады. Сыйымдылығы 100-литірге дейін болады. Сабаны той думанда және үлкен асарда пайдаланады. Оны семіз жылқының терілерінен тіккен, теріні ашыған сүтпен, іркіт, қүрт немесе қайнатылған талдың қабығының суын жібітіп, содан соң ыстап кептірген.

Сүйретпе: - Қымыз қүюға арналған торсықтан үлкен, сабадан кішіектеу жоғарғы жағы сүйірленіп келген ыдыс. Түйе мен жылқының мойын терісінен тігіледі, сыйымдылығы 20-литр. Қой ешкі сойғанда терісін сыдырып, түсін тарамастан тігіп ыстап қымыз айран қү_йып сүйретпеге ұқсас -мес деген ыдыс жасаған. Сыйымдылығы -30 литр.


Көнек:- Ірі қара бас не мойын шикі терісінен жасалған, бие саууға не қүдықтан су алуға арналған шүмегі бар ыдыс. Бие сауға қолайлы сыйымдылығы -3 литрге деиін. Онымен бие сауғанда бауын білекке іліп алып, түбін тізеге тірей сауады. Көнекті көбінесе жылқының терісінен жэне түйенің мойын терісінен жасайды. Ол үшін жас теріні тігінен арылтып, монақтың кең жағын түптеп, тарамыспен тігеді де, бір бүиіріне теріден шүмек бекітеді. Көнектің ауыз жағынан Ясас тобылғыдай иіп, шеңбер салып, оны сыртына қарай терімен көмкереді. Содан соң көнектің ішіне қүм толтырып, жас тері көлеңкеде әбден кеуіп, көнге айналған соң ішіндегі құмдй төгіп тастайды. Тері кепкенде мүйіз сызғышпен батыра өрнек салынады. Содан соң іші сыртына түздалмаған жылқы майын сіңіре жағып, тобылға арша тэрізді ағаштардан жас бұтақтарын жалындатпай бықсыта жағып, түтініне ыдыстың аузын төңкере іліп бірнеше сағат ыстайды. Ыс сіңген тері қызыл қоңыр түске еніп, әрлене түседі. Әрі оған құйылған тағамның исі де дәміде бабына келеді.

Торсық: Торсықты жылқының көң терісінен әзірлейді. Ол үшін терінің түгін жібітіп, ұстара иен қырып, жуып, жылысуға немесе малмаға 2-3 тәулік салып, жібітіп алып көлеңке жерге іліп қояды. Сэл тобырсыған соң, арнайы үлгілер бойынша пішіп, екі жағын беттестіріп, түйенің шудасынан езілген жіппен немесе тарамыспен қойып тігеді. Одан соң торсықтың ішіне таза қиыршықт құм толтырып аузына ағаш тығып бекітіп, көлеңке жерге іледі. Екі үш тәуліктен соң сүмсір мен бетіне өрнек салуға болады.Осы арада өте мұқият болған жөн. Тері дымқыл болса, немесе қаудырлап қатты кеуіп кетсе, өрнек түспейді. Сондықтан терінің бабы келгенде, кезінше өрнек керек. Теріге өрнек салу әдісін халық шеберлері «батырма» деп атайжы. Өрнек терең, бедерлі тауы үшін сүмсүійрмен өрнек нобайын сызып алып, өрнектің ізін қуалай сұйық маймен майлап, сүмсүірді батыра бірнеше рет ысу қажет. Тері ыдыстың бетіне батырма әдісімен өрнек салғанда қарсы жағындағы өрнекке нұқсан келмеуі үшін, астына жұмсақ жастық төсейді. Өрнек салынған соңы


ыдысты көлеңке жерге үш сөтке кептіпсе ол қатайып, көңге айналады. Содан соң ішіндегі құмын төгіп тастап бір -екі тәулік кептіріп ұстау керек. Теріден,ағаштан жасалған ыдыстарды дүркін-дүркін ыстап отырудың гигиеналық маңызы өте үлкен. Баппен ысталған ыдыс әдемі қоңыр қызыл түске енеді, әрі ысталған ыдыста әр түрлі микроарганизмдер болмайды. Ыс сіңген ыдыста сақталған сүт тағамдарының исі мен дәмі де ерекше жұғымды болады. Әрі ұзақ уақыт бұзылмай сақталады.


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 188 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Мал терісін илеу.| Былғарыдан жасалған бұйымдардың формасы мен ою өрнектердің тәсілі.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)