Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мал терісін илеу.

КІРІСПЕ | Оқушыларды еңбекке даярлаудағы оқытудың ерекшеліктері. | Былғарыдан жасалған бұйымдардың формасы мен ою өрнектердің тәсілі. | Теріден жасалынатын қазақ ұлттық бұйымдары. | Бұйымды даярлау технологиясының сипаты. | Ерекшеліктері. | Лттық қолданбалы өнер бұйымдарын үйрету шеберханасы және олардың жабдықталуы. | орытынды |


Мал терілерін илеудің 2 түрлі әдісі бар. Оның бірі үлкен күбіге немесе шелекке ашытқы ашытып, теріні соған салып илеу. Мүны малма дейді. Екіншісі - и жағып илеу. Ал иді қатықтан,айраннан,не езген күрттан не құрттың сары суынан,кейде ашытқан көжеден, немесе ұнға түз қосып та жасайды.

Теріні малмамен илерде оны жібітіп шелдейді де, бір рет суық суға жуыптазартады Одан кейін күбідег і иге салып, күнсайын бірнеше рет сапсиды (шайқайды.) Иге салынған тері иге түгел батырылады. Олай болмаса терінің иге батпағанжері қара қайыстанып, бырысады да, кейін пішіп тігуге жарамайды.Қой, ешкі терілеріииде 6-9 күн, ірі қара терілері 15-20 күнжатады. Терінің иі қанғанын білу үшін оны қолмен тырнап қарағанда тері қыртысы қалыңдап, ет қыртысы көшіп түрады. Иден шыққан теріні көленкеге бір рет кептіріп, соңынан сақармен жуып тазартады. Малмаға салған терінің жүні ұйысып, білтелееніп қалады. Оны ажырату үщін кепкен соң жұмсақ шыбықпен сабап сілкеді. Кейде сирек тісті тарақпен тарайды.Теріні аз тобарсыған соң уқалай отырып, қолдың жылуымен кептірген жақсы.

Иленіп, кептірілген теріні еттейді. Жұмыстың бүл процесін тері қыру дейді. Теріні қыру үшін жұмыр ағаштың бір басын қабырғаға, не діңгекке сүйеп, бір басын көлбете жерге тіреп қояды да, оның үстінен биязды шекпен, не брезент жабады. Оның үстіне ет жағын сыртына қаратып теріні салып қырады. Терінің еті тез көшіп түсуі үшін, оған яе үн, не үнтақталған бор сеуіп қырады. Қырғы шалғы ортақтан немесе жүзді темірден жасалады.

Теріні и жағып та илейді. Ол үшін иленетін заттың көлемі шағын болуы шарт. Сеңсең, елтірі, лақ елтірісі, бота терісі мен ұсақ аң терілерін и жағып илейді. Бұларға жағылатын да жоғарыда айтылған и. Қоян, түлкі, бүлғын, қарсақ, тиін сияқты өңі жүқа аң терілері өте тез иленеді. Оларға и жағылғаннан кейін 1-2-ақ күн түрады. Аң терілері бітеу сойылып, оның жүнін былғамай, өңін шыңылтырландырмай илеп алады. Мұны "сабаулау " деп атайды. Мысалы жаңа сойылған түлкі терісін теріс айналдырып, құрт пен тұз жағады да, ішіне екі сабауды сұғып, кергілеп толғайды. Бұл тасымен ұқсатылған түлкі терісі 7-8 сағат ішінде тымақ тігуге әзір болады. Аң терісін қырғыштамайды, қалың көк еттері мен майларын қолмен алып тастайды.

Тері бояу. Тері бояудың екі түрлі мақсаты бар. Біріншісі, теріге өң беру, ал екіншісі, терінің неғұрлым су өтпестеу етіп ширықтыру. Тері сатушылардың арасында ең көп тараған жэне теріні ұқсатудың тиімді тәсілі -қабыққа салып бояу. Бұған талдың, теректің,еменнің қабықтары қолайлы. Сондай-ақ жер қынасын, томар бояуды шөп түбірін, шеңгелдің, көк тікеннің бүрлерін де кеңінен пайдаланады.Семіз терілердің майын сорғыту үшін оған ащы аралас былжыр салып кептіріп, артынан уқалап түсіріп тастайды.Кейде қызыл кірпіштің ұнтағын салып бүктеп тастаса да жеткілікті.

Теріні қабыққа салып бояу үшін талдың,еменнің, қара мойылдың, кейде май қарғайдың қабықтары да жақсы. Оларды жасамалы ағаштардан күздігүні эзірлейді. Тік түрған ағаштың қабығын сыдыру ағашқа үлкен зиян келтіреді. Сондықтан бояуға алынатын қабықты кесілген ағаштардан жинайды.Жиналған қабықты жылы сумен жуып, кепкен соң темір келіге салып түйеді немесе қол дирменімен тартады. Он бір, он екі қойдың терісінен тігетін үлкен тонды бояу үшін осындай ұнтақталған 4-4,5 килограмм қабықты бір жарым -екі шелек суға салып, тұзын татытып қайнатады. Қайнау мен су алдырудың мезгілін қайнап шыққан қабық бояуының түсуіне жэне қоюлығына қарай белгілейді. Су аз құйылғандықтан бояуы шықпай, қабықтар қүрғақ бара жатса, үстеп су қүяды. Мұның керісінше, кейде оның суы көбейіп, бояуы өте сүйылса, қосымша қабық ұнтағын салып қайнатады. Ал қайнауы қанып, қажетті түсі мен қоюлығы кеткен соң от жағуды тоқтатып,қабықтың үнтағын сүзіп алып тастайды.Қайнатылған бояу тері күйместей қанжылым болған соң теріні бояй беруге болады. Бояудың қою - сүйықтығын бірқалыпты етіп, қыл сыпыртқымен немесе кірі жоқ киіз қырдасын мен теріге жағады.Боялған теріні бояуын бойына сіңіру үшін бір -екі сағат өңін ішіне келтіріп бүктеп қояды. Бүктеулі жатып дегдіген теріні желге, көлеңкеге, ыстық үйге жайып кептіреді. Кептіргенде ол шыңылтырланып құрғап қалмас үшін теріні тобырси бастаған соң - ақ қолмен уқалап созғылайды.

Теріні бояудың келесі түрі - түмар бояу. Ашылауытқа шығатын құрай тектес жапырақтың өсімдік дэнге толған кезде басы ақ үрпіктенеді. Жапырақтар сарғайып, қурайдың түбі қызғылт тартады. Шамамен алғанда бү_л шілденің аяқ кезі.Осындай кезде қурайдың түбірін қызып алады да, оны әбден жуып, жақсылап кептіреді. Кепкен түбірді үнтақтап, қайнатып, жоғарыда айтылған тэсілдер бойынша тері бояуға пайдаланады. Мұны томар бояу дейді. Томар бояуға түз қоспайды. Бояу сүйық кезінде ашық сары, қоюланғанда күрең сары тартады. Томар бояумен жүнді де, жіпті де бояйды. Сондай-ақ теріні қынамен де бояйды. Қына жазықтарда, адырларда,шөптің арасында жерге жабыса өсетін өсімдік. Бұл әсіресе соны өрістерде көп. Оны дайындау үшін күзгі уақыт қолайлы.Қынаны үйге экелген соң оны шөп -шалаңнан, топырақтан арылтып, су мен бір жауып тастап қайнатса жеткілікті.Қынаны басытқысына тұз, ашц дас немесе мүсэтір қосып, аздап май қүяды. Кейде көк тікеннің, қызыл мойылдың бастырын өнеркәсіптен

шыққан бояумен араластырып, қына бояуын күрең қызыл етіп түсін ашады. Қына бояуы үшін жүн жіптерге жақсы қонады. Осы эдіспен боялған теріден әсем киім, тұтынуға қолайлы түрлі мүліктер жасалады. Соның ішінде әсіресе малдың терілерінен көп киім тігіледі. Бүларды өң киімдер деп атайды. Өйткені бұл киімдер өте жылы болады.

Мал терілерін илеп, боып, өң беру ертеден келе жатқан ең жақсы дамыған және жетілген өнер. Илеу қанып,бояуы сінвен былғары су тартып езілмейді. одан жасалған мүлік шегені берік үстайды., тігісіде ыдырамайды, және өзі тұтынуға төзімді. Былғарының бірнеше түрі бар. олар көксауар, опайке, былғары, құрым, көзелек шегірен.

Көксауыр жылқы терісіменсерке терілерінің сауырынан жасалады. Көбінесе ол көкпен, кейде қызылмен, сары жасыл түстермен боялып ең беті жылтырап тұрады.

Ағаш пен теріден жасалатын бұйымдар, қолайлы, жеңіл, жыртылып не сынбайтын болады жан - жақты көзделіп ескерілгенін байқауға болады. Оларды қол өнершілер адам тіршілігінің саласына икемдеп, компазициялық құрылғысымен көркемдеу тәсілін өзінің ерекшеліктерімен түрлі формада істейді.

 

 


Дата добавления: 2015-09-01; просмотров: 1889 | Нарушение авторских прав


<== предыдущая страница | следующая страница ==>
Танымдылық іс-әрекетті активтендірудегі танымдық қызығушылықтың ролі| Сабацтың тацырыбы: Саба түрлері және жасалу жолы.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.013 сек.)